АЙ ТҰСЫНАН ТАҒЫ ҰШЫП ӨТКЕН ORION ҚАЙТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
2022 жылғы 5 желтоқсан, Алматы уақытымен 21:43-те Orion ғарыш кемесі Айға екінші рет жақындады. НАСА кемесі Ай бетінен 129,7 км биіктікте ұшып өтті. Еуропалық қызметтік модульдегі негізгі қозғағыш 3 минут 27 секундқа қосылып, кеме жылдамдығын 1054 км/сағатқа (293 м/с) өзгертті. Бұл — сынақ миссия барысындағы соңғы ірі маневр, енді тек орбита сәл түзетіліп отырады.
Ай тұсынан өткен соң, Орион өз траекториясының Жерге оралатын бөлігіне шықты. Ғарыш кемесі Тынық мұхитқа, Калифорния жағалауы маңына желтоқсанның 11-нен 12-не қараған түні 00:06-да қонуы тиіс. USS Portland мұхит кемесі бастаған құтқару флоты Орионды судан шығарып алу жұмысын жақында тағы пысықтап шықты. Orion парашютпен су бетіне қонысымен, моторлы қайықпен жеткен сүңгуірлер оған темір арқандар бекітеді. Орион шығыр көмегімен USS Portland бортына көтеріліп, арнаулы бесікшеге қойылады.
Artemis I миссиясы барысында 3650 кг отын жұмсалды, бұл есептелгеннен 81 кг аз. Кеме бактарында жоспарланған маневрлерге жұмсалатыннан басқа 941 кг артық отын қалды. 6 желтоқсан, түнгі 04:29-да Orion Жерден 393 692 км, Айдан 26 684 км қашықтықта, 1075 км/сағат жылдамдықпен қозғалып бара жатты.

2022 жылғы 8 желтоқсанда сирек астрономиялық оқиға — толған Айдың қарсы тұрыстағы Марспен тоғысы бақыланады. Мұндай тұтылыс XXI ғасырда үш-ақ рет қайталанады.
Қазақстан тұрғындары желтоқсанның 7-нен 8-не қараған түні, әсіресе, таңға жуық, Торпақ шоқжұлдызынан толған Ай мен жарқыраған Марстың ерекше тығыз жақындасуын көре алады. Батыс облыстар мен оңтүстік облыстардың кей жерінде аспан ашық болады деген болжам бар.
Толық Айдың жарқыраған Марсты тұтуы жайлы толығырақ — арнадағы жаңа бейнероликте:
https://youtu.be/PKXNNessFOA

YouTube
7/8 желтоқсан 2022 — Толған Айдың қарсы тұрыстағы Марспен тоғысы
8 желтоқсанда түнгі аспан көз алдымызда өзгеретін сирек керемет оқиғаның бірі бақыланады. Ол Айдың тоғысы деп аталады. Ай қызыл планета Марстың бер жағынан өтіп, оны жауып қалады.
Астрономиялық оқиға Солтүстік Америка, Еуропа мен Африканың кей аймақтарынан…

🔥1
ORION ҚАЙТАР ЖОЛДА
Orion ғарыш кемесі Ай тұсынан ұшып өткеннен бір күннен кейін, 6 желтоқсан, 12:29-да Ай гравитациясының ықпалы басым аядан шықты. Енді Орионға әсер етіп тұрған негізгі күш — Жердің тарту күші. 16:43-те Орион қайту траекториясын төртінші рет түзетті. Бұл үшін реактивті басқару жүйесінің қозғағыштары 5,7 секундқа қосылды.
Экипаж кабинасы мен еуропалық қызметтік модульдің жылудан қорғау жүйелері сыртқы камералармен суретке түсірілді. Бұл — олардың халін бағалау үшін жасалатын үш тексерістің екіншісі. Орионды судан шығарып алатын команда Калифорния жағалауында дайындықтарын жалғастырды. Ғарыш кемесі Тынық мұхитқа желтоқсанның 11-нен 12-не қараған түні, Алматы уақытымен 00:06-да қонуы тиіс.
7 желтоқсан, түнгі 04:30-да Orion Жерден 392 680 км, Айдан 127 138 км қашықтықта, 805 км/сағат жылдамдықпен қозғалып бара жатты.
Айдың арғы жағының фотосы 2022 ж. 5 желтоқсанда, күн панелінің ұшындағы камерамен түсірілген
Credit: NASA

👍1
АЙДЫ АЙНАЛЫП КЕЛЕТІН dearMoon МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Жапон миллиардері Юсаку Маэдзава dearMoon миссиясы аясында Айды айналып келетін Starship ғарыш кемесіндегі барлық орынды сатып алғаны белгілі. Юсаку өзімен бірге шығармашыл тұлғаларды алып ұшатынын мәлімдеген еді. Миссияға қатысуға миллионнан астам адам өтінім берді. Бір жарым жылға созылған іріктеуден соң, 2022 жылы 7 желтоқсанда экипаж мүшелері белгілі болды.
Олар:
🇯🇵 Yusaku Maezawa — кеме командирі, кәсіпкер, Союз ғарыш кемесімен ХҒС-қа барып қайтқан
🇺🇸 Steve Aoki — миссия ұшқышы, DJ, музыкалық продюсер
🇺🇸 Tim Dodd — Everyday Astronaut ретінде танымал ғарыш насихатшысы
🇨🇿 Yemi A.D. — суретші, хореограф, перформер
🇬🇧 Karim Iliya — фотограф
🇮🇪 Rhiannon Adam — фото-суретші
🇺🇸 Brendan Hall — режиссер
🇮🇳 Dev D. Joshi — актер
🇰🇷 T.O.P. (Choi Seung-hyun) — музыкант
Қосалқы мүшелер:
🇯🇵 Miyu — биші
🇺🇸 Kaitlyn Farrington — сноубордшы

🕊1
11 ЖЕЛТОҚСАН, 13:38-ДЕ HAKUTO-R ЛЕНДЕРІ АЙҒА АТТАНАДЫ
11 желтоқсанда, Алматы уақытымен 13:38-де SpaceX Falcon 9 зымыраны 2022 жылғы төртінші ай миссиясын ұшырады. Алдыңғы үшеуінің мақсаты Ай орбитасына жету еді. Америкалық CAPSTONE кубсаты Ай айналасындағы тік сызықтық дерлік гало-орбитаға шықты. Корейдің Danuri айсерігі Ай орбитасына 16 желтоқсанда жетуі тиіс. НАСА-ның Айды екі айналып қайтқан Orion ғарыш кемесі 11 желтоқсан, 23:39-да Жерге оралады.
Бұл жолы ұшырылатын аппараттар болса, Айдың бетіне қонады. Жапондық ispace компаниясының HAKUTO-R лендері экватор маңындағы Қиялдар Көліне табан тіреген соң, одан Біріккен Араб Әмірліктерінің Rashid ровері түседі. Олармен бірге Ай орбитасына НАСА-ның Lunar Flashlight кубсаты да аттанады.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 56-шы ұшырылым
11 желтоқсан 13:38. Канаверал, SLC-40. HAKUTO-R M1 миссиясы — жапониялық HAKUTO-R лендері мен БАӘ-нің Rashid роверін Ай бағытына жөнелту