Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
712 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Кескінде: Orion капсуласынан қарағандағы Жер көрінісі, 2022 жылғы 16 қараша, старттан шамамен 9 сағаттан кейін
Credit: NASA TV
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SLS-тің алғашқы ұшырылымынан тағы 1-2 видео
Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Orion ғарыш кемесінің екінші сатыдан ажырауы
ORION: ЕКІНШІ ТӘУЛІК ҚАЛЫПТЫ ӨТТІ

НАСА-ның ұшқышсыз Orion ғарыш кемесі Artemis I миссиясы аясында Айға сапарын жалғастырды. 17 қараша, Алматы уақытымен 17:32-де ол еуропалық қызметтік модульдегі көмекші қозғағыштарды қосып, траекториясын екінші рет түзетті. Оптикалық бағдарлау камерасымен ақ-қара суреттер түсірілді. Экипаж кабинасындағы Callisto демонстраторы іске қосылды. Ол болашақ алыс ғарыш сапарларында қолданылатын дауыстық және видеотехнологияларды сынақтан өткізуге арналған.

Кескін: Жер Орионның бағдарлау камерасы көзімен
👍1
SLS — ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЕҢ ҚУАТТЫ ЗЫМЫРАН (ӘЗІРШЕ)

Сонымен, 2022 жылдың 16 қарашасынан бастап, НАСА-ның SLS Block 1 тасығышы қазір қолданылатын ең қуатты зымыран атанды. Ол төмен жермаңы орбитаға (LEO) 95 тонна жүктеме шығара алады. Екінші орынға ығысқан Falcon Heavy зымыраны, еш сатысы кері қайтарылмаған жағдайда, LEO-ға 63,8 т көтереді. SpaceX компаниясының бұл зымыраны 2018 жылдан бері төрт рет ұшырылып үлгерді.

Қазір дүние жүзі бойынша аса ауыр зымыран санатына кіретін тек осы екі машина бар. НАСА жіктелімі бойынша, бұл санатқа LEO-ға 50 тоннадан артық жүктеме шығаратын зымырандар енеді. Төмен жермаңы орбитасы басқа зымырандармен салыстыру үшін алынған. Мұндай қуатты тасығыштар жүктемесін әдетте геостационар орбитаға көтереді, не Айға, тіпті басқа планеталарға аттандырады.

Көп мәрте қолданылатын нұсқасы 100–150 т көтеретін SpaceX Starship зымыраны орбитаға алғаш рет келесі жылдың басында ұшуы мүмкін. Starship-тің екі сатысы да қайтарылмаса, 250 т (!) көтеру мүмкін болмақ. SLS-тің болашақ Block 1B нұсқасы 105 т, Block 2 нұсқасы — 130 т жүктеме шығарады.

Тарихта бұлардан басқа екі-ақ аса ауыр зымыран сәтті ұша алды. НАСА-ның Saturn V машинасы (140 т) 1969–1973 жылдары 13 рет ұшырылса, кеңестік Энергия (100 т) 1987-1988 жж. екі рет көтерілді. Қытай 140 т көтеретін Чанчжэн-9 тасығышын жасап жатыр.
😱1
ОРИОН ЖАРТЫ ЖОЛДАН АСТЫ

НАСА-ның ұшқышсыз Orion ғарыш кемесі Artemis I миссиясының үшінші күнін өткерді. Жұма күні басқарушылар күн панелінің төрт қанатындағы камераларға кеменің сыртқы жағын толық суретке түсіріп шығуға нұсқау берді. Бұл Орион Жер орбитасындағы ғарыштық қоқыс қалың белдеуден өткен соң жасалып отыр. НАСА Джонсон орталығындағы басқару командасы суреттерді талдап, кемеге соғылған микрометеороид не орбиталық қоқыс іздерін қарайды. Қайтар жолда да осындай тексеріс өткізіледі.

Алғашқы күндері кеменің жұлдыздық трекерлерінен түсініксіз дерек алынған еді, бірақ қазір бәрі қалыпқа келді. Жұлдыздық трекерлер — Орион айналасындағы жұлдызды аспанды суретке түсіретін өте сезімтал камералар. Орионның борттық компьютері суреттерді өз жадындағы жұлдыз картасымен салыстырып, кеменің бағдарын анықтайды.

Orion осы сәтте Жерден гөрі Айға жақынырақ.
👍1
СИ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА ЕСЕЛІК ЖӘНЕ ҮЛЕСТІК БІРЛІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросының (BIPM) 2022 жылы 15–18 қарашада Версальда өткен XXVII Бас конференциясы (CGPM) СИ Халықаралық бірліктер жүйесіне жаңа еселік және үлестік бірліктер енгізу туралы қарар қабылдады.

Енді негізгі бірліктен 10^27, яғни 1 000 000 000 000 000 000 000 000 000 есе үлкен бірліктің алдына "ронна" (ronna, қысқаша R) деген, 10^30 есе үлкен бірліктің алдына "кветта" (quetta, Q) деген қосымшалар жалғанады. Мысалы, 1 кветтаметр = 10^30 метр.

Сәйкесінше негізгі бірліктің 10^–27, яғни 0,000 000 000 000 000 000 000 000 001 үлесінің алдына "ронто" (ronto, r), 10^–30 үлесінің алдына "квекто" (quecto, q) қосымшалары жалғанады. Мысалы, 1 ронтоВатт = 10^–27 Ватт.

Жаңа қосымшалар ретінде көне грекше "эннеа" — "тоғыз" және "дека" — "он" сөздеріне ұқсас сөздер таңдалды, ал олардың Rr мен Qq әріптерінен басталуы — бұл екеуі СИ жүйесінде қолданылмаған соңғы латын әріптері еді.

Бұған дейінгі жаңа еселік және үлестік бірліктер 1991 жылы бекітілді: 10^21 — зетта, 10^24 — иотта, 10^–21 — зепто, 10^–24 — иокто.
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
21 ҚАРАША, 18:44-ТЕ ORION АЙ ТҰСЫНАН ҰШЫП ӨТЕДІ

Орион ғарыш кемесі 20 қараша, 17:12-де көмекші қозғағыштарын алты секундқа қосып, траекториясын 3-ші рет түзетті. 21-не қараған түні кеме Айдың ықпал аясына енді, сөйтіп қазір оған Жердің емес, Айдың тарту күші көбірек әсер етіп тұр.

Алматы уақытымен 18:44-те Орион орбиталық маневр жүйесіның қозғағышын 2 минут 30 секундқа қосып, үдейді де, Ай гравитациясы күшін пайдаланып, қашық ретроград орбитаға бағыт алады. 18:57-де Orion Ай бетінен барынша жақын, 128 километрде ұшып өтеді. Ай маңындағы бірінші гравитациялық маневр барысын НАСА тікелей эфирде таратады.
🔥1
ORION АЙ БЕТІНЕН 130 КМ-ДЕ ӨТТІ

2022 жылы 21 қарашада НАСА-ның Орион ғарыш кемесі бірінші рет Ай бетіне жақындады. Orion траекториясын төртінші рет түзеген соң, аспан денесінен 130 километр биіктікте өтті. Бұл оқиға Алматы уақытымен 17:57-де болды. Кеме сондай-ақ Apollo-11, 14, 12 кемелері қонған орындардың үстімен ұшып өтті.

Орион енді тағы бір маневр жасаған соң, 25 қарашада Ай маңындағы қашық ретроград орбитаға шығады. Бұл орбитада бір апта ұшқан кеме содан соң Ай тұсынан екінші рет жақын өтеді де, Жерге бет түзейді.
Фото: Айдың арғы беті Orion ғарыш кемесінің көзімен
Credit: NASA
🤩1
«Жердің батуы». Artemis I түсірген фото, 21 қараша 2022
Credit: NASA
🤩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 53-ші ұшырылым
23 қараша 08:57. Канаверал, SLC-40. Eutelsat 10B миссиясы — 4500 кг франциялық байланыс жерсерігін геостационар орбитаға шығару
Falcon 9 B1049.11 1-сатысы қайтарылған жоқ
АЙДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІНЕ ТЫҢ КӨЗҚАРАС

НАСА-ның Эймс атындағы зерттеу орталығы мен Дарем университетінің жаңа симуляциясы Айдың пайда болуының тың теориясын ұсынады — Ай бір-бірімен соқтығысқан Жер мен Марс шамалас дененің заты орбитаға шашылысымен санаулы сағаттарда түзілген болуы мүмкін. Бұрын Айдың пайда болуына айлар-жылдар кетті деп саналатын.

Бұл зерттеуде қолданылған модельдеу — осындай симуляциялардың ең егжей-тегжейлісінің бірі және ең жоғары ажыратымдысы. Ол COSMA суперкомпьютерінде SPH With Inter-dependent Fine-grained Tasking (SWIFT) бағдарламасымен жасалған. Ескі модельдерде 10^5–10^6 бөлшек есептелетін болса, жаңа симуляцияда олардың саны 10^8-ге жеткізілді.

Қазіргі басым гипотеза бойынша, Ай осыдан 4,5 млрд жыл бұрын, Жер мен үлкендігі Марспен шамалас Тейя атты протопланетаның соқтығысуы нәтижесінде пайда болған. Соққы нәтижесінде екі планетаның ядролары қосылып кетсе, ғарышқа шашылған мантиялардың бір бөлігінен Ай қалыптасады. Алып соққы теориясы Жер — Ай жүйесінің көптеген сипатын жақсы түсіндіргенімен, оның осал тұстары да бар. Кілтипан негізінен Ай қыртысындағы кейбір химиялық элементтердің ара қатынасы мен изотоптық құрамында.

Дарем университеті ғалымдарының пікірінше, Ай бұрын ойлағаннан әлдеқайда тез түзілді деп топшыласақ, бұл проблеманың көбі шешіледі. Олар соқтығысудың бұрышы мен жылдамдығын, Жер мен Тейяның массасы мен үйірілу параметрлерін өзгерте отырып, жүздеген сценарийді модельдеді. Ғалымдар бұрынғы стандарт ажыратыммен жасалатын симуляциялар көптеген маңызды жәйттерді ескермей, Ай түзілуінің жаңсақ картинасын қалыптастырады деген тұжырымға келді.

Зерттеушілер COSMA суперкомпьютерінде Жер мен Тейяның соқтығысуының әлдеқайда егжей-тегжейлі моделін жасады. Жаңа симуляция Айдың жермаңы орбитадағы сынықтардан біртіндеп қалыптаспай, соққыдан соң бірден түзілуі мүмкіндігін көрсетті. Бұл өте маңызды, өйткені Айдың аз балқығанын білдіреді, демек оның сыртқы қабаттары жер минералдарына бұрын болжанғаннан әлдеқайда бай деген сөз. Мұның өзі Айдың изотоптық құрамы мен ішкі құрылымына байланысты біраз жұмбақты шешеді.

Жаңа модель сондай-ақ жаңа түзілген серік Жерге жақын келгенде, толысу күштері оны қиратып тастамағанын көрсетті. Керісінше, Жер гравитациясы Айды кеңірек орбитаға лақтырып жіберген. Бұрынғы модельдер мұндай оқиға мүмкіндігін қарастырмайтын.

Симуляцияны арнадағы жаңа роликтен көре аласыз: https://youtu.be/YG_-cnTygjg
👍1
ТҮНГІ УКРАИНА ҒАРЫШТАН
23 қараша 2022 — энергетикалық инфрақұрылымға жасалған жаппай зымыран соққысынан кейінгі алғашқы түн. 27 қаңтарда түсірілген кескінмен салыстырыңыз.
😱2