Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
X-37B ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНЫ 908 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

2022 жылы 12 қарашада АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланы Кеннеди ғарыш орталығының қону жолағына сәтті қонды (фотода). Ол ғарышқа 2020 жылы 17 мамырда көтерілген еді. Сөйтіп, орбитада 908 күн болған X-37B өз рекордын тағы жаңартты.

Бұған дейін кезек ұшатын екі X-37B кемесі орбитада 22.04.2010 – 03.12.2010 (224 тәулік), 05.03.2011 – 16.06.2012 (469 тәулік), 11.12.2012 – 17.10.2014 (675 тәулік), 20.05.2015 – 07.05.2017 (718 тәулік), 07.09.2017 – 27.10.2019 (780 тәулік) аралығында болып қайтқан. Космоплан орбитаға зымыранмен шығарылады. Алты миссияның бесіншісін Falcon 9, қалған бесеуін Atlas V ұшырды. Ал жерге оралғанда, X-37B кәдімгі ұшақша жолаққа қонады.

Боинг корпорациясы жасаған кемелердің ұзындығы 8,9 м, биіктігі 2,9 м, қанат құлашы 4,5 м. Ұшу массасы 5 тонна, орбитаға 900 кг-ға дейін пайдалы жүктеме шығарып, қайтара алады. X-37B бір Рокетдайн AR-2/3 қозғағышымен, күн элементтері және аккумуляторлармен жабдықталған.

Құпия космоплан барлау мақсаттары мен жаңа технологияларды сынақтан өткізуге арналған деген болжам бар. 200–750 км биіктікте ұшатын ғарыштық ұшақ орбитасын тез өзгертіп, шұғыл маневр жасауға қабілетті. Бұл жолғы сапарында ол жүк бөлімінен FalconSat 8 микросерігін, сондай-ақ тағы бір нысанды орбитаға шығарды. Алғаш қолданылған қызметтік модульдің арқасында, бұрынғыдан көбірек эксперимент өткізу жоспарланған еді.

Қытайда да құпия космоплан бары мәлім. Ол 2020 жылы қыркүйекте орбитада екі-ақ тәулік болып қайтса, екінші ұшу биылғы 4 тамыздан бері жалғасуда. Ғарыштық ұшақ қазанда орбитасын 597 х 608 км-ге дейін көтерді, кейін одан бір нысан ажырады. Тасығыш зымыранның жүктеме қақпағының пішіні мен өлшемі бойынша, қытай космопланының X-37B-ға қатты ұқсайтыны болжанғанын жазғанбыз.
😱2
Фото: Staff Sgt. Adam Shanks / US Space Force / Boeing
🔥2
CAPSTONE КУБСАТЫ АЙ ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ

14 қараша күні таңғы 06:39-да CAPSTONE кубсаты Ай маңындағы орбитасына келіп жетті. Кубсат қозғағышын қосып, орбитаға шығу маневрін орындады.

CAPSTONE қазір түзу сызықтық дерлік гало-орбитада (NRHO). Нақты осы орбитада болашақ Gateway аймаңы ғарыш стансасы жұмыс істемек. CAPSTONE — NRHO-ға шыққан алғашқы ғарыш аппараты және Айға жеткен бірінші кубсат.

CAPSTONE алдағы бес күнде қосымша екі маневр жасап, орбитасын дәлдейді. Кубсат пен оның ерекше орбитасы жайлы толығырақ арнамыздағы бейнероликтен біле аласыздар.

https://youtu.be/UiMOYgKM3p8
🔥2
ARTEMIS I ЕРТЕҢ ҰШЫРЫЛАДЫ

Artemis I командасы жексенбі мен дүйсенбідегі талқылау нәтижесінде ұшырылым уақытын өзгертпейтін болып шешті. Басқосуларда Николь дауылының салдарынан туған екі проблема талқыланған еді.

1) Орион ғарыш кемесінің апаттық құтқару жүйесі мен экипаж кабинасы адаптерінің жігінде үш метрдей тығыздауыш жұлынып кеткен. Тығыздауыш — қалыңдығы 5 мм дейінгі өте жұқа материал. Мамандарды жүктеме қақпағындағы жіктің өзі емес, старт кезінде тығыздауыштың одан әрі жұлынып, зымыранға түсу мүмкіндігі алаңдатады. Мәселені ұшыру алаңында шешу мүмкін емес: зымыранды не жөндеуге әкету керек, не осылай ұшыра беру қажет. Инженерлер жағдайды мұқият зерделей келе, изоляцияның одан әрі ажырауы да ұшуға қатер төндірмейді деген қорытындыға келді.

2) Қызмет көрсету мұнарасының сутегі құятын шлангісіндегі электр жалғағыштың ақауы. Бұл сыммен стартқа қатысты көптеген ақпарат алынады. Техниктер жалғағыштың бір бөлшегін алмастырғанымен, ақау толық жөнделмеді. Алайда басқа қосалқы желілер арқылы деректер артығымен келетіндіктен, бұл да ұшуға кедергі емес.
Сонымен, НАСА-ның SLS аса ауыр зымыраны алғаш рет сәрсенбі, 16 қарашада көтерілуі тиіс. Екі сағаттық ұшу терезесі Алматы уақытымен 12:04-те ашылады. Кері санақ басталып та кетті. Қосалқы дата — 19 қараша, 12:45 — 14:45.

Artemis I миссиясы құрамдастары мен олардың сипаттамасы жайлы толығырақ — бейнероликте: https://youtu.be/mLnGp9umFeI
Стартқа 3 минут
👏3
ARTEMIS I МИССИЯСЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

T (2022 ж. 16 қараша, Алматы уақытымен 12:47:44) — Кеннеди ғарыш орталығының LC-39B ұшыру алаңынан SLS зымыраны көтерілді
T+00:02:12 — негізгі тартым берген қапталдағы қос үдеткіш жұмысын аяқтап, ажырады
T+00:03:30 — апаттық құтқару жүйесі бөлінді
T+00:08:30 — зымыранның негізгі және жоғарғы сатылары ажырап, Orion ғарыш кемесін көтерген екінші саты бастапқы орбитаға шықты
T+00:51:00 — екінші сатының қозғағышы 20 секундқа қосылып, орбитаның перигейін көтерді

-------осы кезеңдеміз------

T+01:37:00 — 18 минутқа созылатын екінші импульс кемені Айға бағытталған траекторияға шығарады
T+02:05:00 — 3738 км биіктікте Орион ғарыш кемесі жоғарғы сатыдан ажырап, Айға бет алады
Ұшудың 3–8 сағаттары аралығында кемеден 10 шағын кубсат бөлінеді. Олардың кейбірі жермаңы орбитада қалып, кейбірі Айға, ал біреуі астероидқа аттанады
🔥1
ICPS екінші сатысының RL-10 қозғағышы 18 минутқа екінші рет қосылып, Orion кемесін Айға бағытталған траекторияға шығара бастады
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
16 қараша 2022, 12:47:44. КҒО, LC-39B
SLS зымыраны Artemis I миссиясы аясында Айға аттанатын Orion ғарыш кемесін көтерді
ОРИОН ЖОҒАРҒЫ САТЫДАН АЖЫРАП, АЙҒА БЕТ АЛДЫ
Orion ғарыш кемесі ICPS екінші сатысынан ажырап, Айға жолға шықты (графиктегі 7-нүкте). Екінші сатының жұмысы әлі аяқталған жоқ. Кеме қауіпсіз қашықтыққа ұзаған соң, одан он кубсат бөлінеді (A, B, C). Олардың кейбірі жермаңы орбитада қалып, кейбірі Айға, ал біреуі астероидқа аттанады.

Орион болса, 8 күнде Айға жетіп (10), периселенийде Ай бетінен 111 километрде ұшып өтеді де, оның айналасындағы алыс ретроград орбитаға шығады (11). Кеменің осы орбитамен Айды екі айналуы кезінде оның барлық жүйелері сыналып, тексеріледі.

Содан соң Ай үстімен тағы бір ұшып өткен (12) Orion қайтар жолға шығады (13-14). Миссия Орион кемесі экипаж капсуласының қызметтік модульден ажырап (15), атмосфераға енуі (16) және Тынық мұхит айдынына қонуымен (17) аяқталады. Бұл 11 желтоқсанға жоспарланған. Artemis I миссиясы 25,5 тәулікке созылады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Айға жол тартқан Орион ғарыш кемесінен Жерге көзқарас
Польшаның Пшеводов қыстағындағы зымыран түскен орын Киев ендігінде және Львов бойлығында орналасқан екен — 50,47099 с.е. және 23,93432 ш.б. Бұл туралы Visegrád 24 басылымы хабарлады. Басылым зымыранға нысана координаталарын енгізу кезінде қате кетуі мүмкіндігін жазды.

Агентство. Новости телеграм-арнасы көрсетілген бойлықта Львов теміржол стансасы маңындағы қоймалар, ал ендікте Киевтегі „Кузня на Рибальському“ зауыты орналасқанына назар аударды.
#геодерек
🤬1
ORION ТРАЕКТОРИЯСЫН БІРІНШІ РЕТ ТҮЗЕТТІ

16 қарашада 25,5 тәуліктік миссиясын бастаған Orion ғарыш кемесі Алматы уақытымен 20:32-де еуропалық қызметтік модульдің негізгі қозғағышы көмегімен траекториясын бірінші рет сәтті түзетті. Операцияны НАСА-ның Джонсон атындағы ғарыш орталығының Хьюстондағы Ұшуды басқару орталығы диспетчерлері жүзеге асырды. Сапар барысында осындай бірнеше түзету жоспарланған.

Орион Айға сапарын бастаған кезде, SLS зымыранының жоғарғы сатысына орнатылған адаптерден 10 кубсат ажырады. Әр кубсаттың өз басқарушы операторымен байланыс кестесі бар.

Диспетчерлер Орионның күн панельдерін басқаратын құрылғылар кеме қозғалысына сай әрекет ете білетінін тексерді. Инженерлер оптикалық бағдарлау жүйесін калибрлеп, кеме камералары көмегімен кескін алды. Orion инженерлік мақсаттағы, сондай-ақ жұртшылықты миссия барысынан хабардар етуге арналған бірнеше камерамен жабдықталған.

Бейсенбіде траекторияны екінші рет түзету жоспарланған. Бұл, осындай коррекциялардың көбі сияқты, көмекші қозғағыштармен жасалады.
🔥1
Кескінде: Orion капсуласынан қарағандағы Жер көрінісі, 2022 жылғы 16 қараша, старттан шамамен 9 сағаттан кейін
Credit: NASA TV
👍2