Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
8 қарашадағы ай тұтылуы "Зымырандар бағы" үстінде. Starbase ғарыш кешені, Техас.
🔥1
ATLAS V БАТЫС ЖАҒАЛАУДАН СОҢҒЫ РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ

АҚШ-тың Шығыс жағалауында Николь хураканы буырқанып тұрғанда, Батыс жағалаудан ауа райын қадағалайтын жерсерік ұшырылды. 2022 ж. 10 қараша, 15:49-да ULA операторының Atlas V зымыраны Ғарыш күштерінің Ванденберг базасындағы SLC-3E ұшыру алаңынан 17-ші және соңғы рет көтерілді. Ол АҚШ Ұлттық мұхит пен атмосфера басқармасының (NOAA) JPSS-2 метеорологиялық жерсерігі мен НАСА-ның LOFTID үрмелі баяулау прототипін гелиосинхрон орбитаға шығарды.

Атлас-5 өзінің 97-ші (96-сы сәтті) ұшырылымын жасады. Бұл оның "401" конфигурацияда соңғы көтерілуі еді. Биыл "511", "541", "421", "531" нұсқалары да ақырғы мәрте қолданылған болатын. Atlas V-тің қалған 19 ұшырылымы Канаверал ҒК базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан "551" және "N22" (CST-100 Starliner ғарыш кемесімен) конфигурацияларда атқарылады.

Қыркүйекте ULA-ның Delta IV Heavy ауыр зымыраны Батыс жағалаудан соңғы рет самғағанын жаздық. Дельтаның да соңғы екі данасы ғарышқа Шығыс жағалаудағы Канавералдан аттанады.
КАНАВЕРАЛ МҮЙІСІНДЕГІ ЖАҒДАЙ

НАСА мен SpaceX ХҒС-қа жіберілетін Dragon Cargo жүк кемесінің CRS-26 миссиясын 21 қарашаға шегерді. Бұл Кеннеди ғарыш орталығы үстімен өткен Николь хураканы салдарын бағалап, қалыпты жұмысқа оралу шараларымен байланысты.

НАСА стихия кезінде далада, SLC-39B ұшыру алаңында тұрған SLS зымыраны жайлы ресми мәлімдеме жасады: "Алаңдағы аспаптар жел ең қатты ұйытқыған сәттерде 132 км/сағ жылдамдықпен соққанын көрсетті. Зымыран 137 км/сағ желге шыдайтыны белгілі. Зымыран мен старт инфрақұрылымын бастапқы тексеру нәтижесінде болымсыз зақым анықталды. Мүмкіндік туысымен бірден мұқият тексеру жүргізіліп, 16 қарашадағы ұшырылымға дайындық басталады."

Алайда 39B-дағы сенсорлар желдің ең жоғары тұрақты орташа жылдамдығы 137 км/сағ болғанын, ал барынша ұйтқыған сәттерде 160 км/сағатқа жеткенін көрсеткен деген дерек бар. 4 миллиард доллар тұратын зымыранның шынайы халі белгісіз. Стартқа бес-ақ күн қалды!

Дауылға дейін түсірілген фотода: SLS зымыраны мен Orion ғарыш кемесі 39B ұшыру алаңында
👍1
ҮШ ЖЫЛДА АЛҒАШ РЕТ FALCON 9 КЕРІ ҚАЙТАРЫЛМАДЫ!

2022 жылы 12 қарашада SpaceX компаниясы Intelsat G-33/G-34 миссиясы аясында екі байланыс жерсерігін ұшырды. Бұл — ұшыру операторының биылғы 52-ші миссиясы. Falcon 9 зымыранының B1051 нөмірлі 1-сатысы 14 рет қолданылған үшінші үдеткіш болды.

Алайда ол қайта қондырылған жоқ! Бұған әлдебір сәтсіздік кінәлі емес, солай жоспарланған. Сатыға торкөз рульдер мен қону тіреулері орнатылған да жоқ. Falcon 9 үдеткіші соңғы үш жылда алғаш рет кері қайтарылмай отыр. 1 қарашада Falcon Heavy-дің жаңа B1066 орталық сатысы ауыр жерсерікті бірден геостационар орбитаға көтеріп тастауға бар отынын жұмсағандықтан қондырылмағаны белгілі.

Falcon 9 B1051.14 болса, компания флоты қатарынан біршама ескіріп қалғандықтан шығарылды. Ардагер сонау 2019 жылдың 2 наурызындағы бірінші стартында алғашқы Crew Dragon ғарыш кемесін (Demo-1 миссиясы) ХҒС-қа аттандырды. Саты кейін RCM, SXM-7 жерсеріктері мен он Starlink миссиясын ғарышқа көтерді. B1051 алғаш болып 8-ші, 9-шы, 10-шы, 11-ші, 12-ші рет ұшып, бірнеше рекорд жасады.
🕊1
X-37B ҚҰПИЯ КОСМОПЛАНЫ 908 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

2022 жылы 12 қарашада АҚШ Ғарыш күштерінің Boeing X-37B ұшқышсыз космопланы Кеннеди ғарыш орталығының қону жолағына сәтті қонды (фотода). Ол ғарышқа 2020 жылы 17 мамырда көтерілген еді. Сөйтіп, орбитада 908 күн болған X-37B өз рекордын тағы жаңартты.

Бұған дейін кезек ұшатын екі X-37B кемесі орбитада 22.04.2010 – 03.12.2010 (224 тәулік), 05.03.2011 – 16.06.2012 (469 тәулік), 11.12.2012 – 17.10.2014 (675 тәулік), 20.05.2015 – 07.05.2017 (718 тәулік), 07.09.2017 – 27.10.2019 (780 тәулік) аралығында болып қайтқан. Космоплан орбитаға зымыранмен шығарылады. Алты миссияның бесіншісін Falcon 9, қалған бесеуін Atlas V ұшырды. Ал жерге оралғанда, X-37B кәдімгі ұшақша жолаққа қонады.

Боинг корпорациясы жасаған кемелердің ұзындығы 8,9 м, биіктігі 2,9 м, қанат құлашы 4,5 м. Ұшу массасы 5 тонна, орбитаға 900 кг-ға дейін пайдалы жүктеме шығарып, қайтара алады. X-37B бір Рокетдайн AR-2/3 қозғағышымен, күн элементтері және аккумуляторлармен жабдықталған.

Құпия космоплан барлау мақсаттары мен жаңа технологияларды сынақтан өткізуге арналған деген болжам бар. 200–750 км биіктікте ұшатын ғарыштық ұшақ орбитасын тез өзгертіп, шұғыл маневр жасауға қабілетті. Бұл жолғы сапарында ол жүк бөлімінен FalconSat 8 микросерігін, сондай-ақ тағы бір нысанды орбитаға шығарды. Алғаш қолданылған қызметтік модульдің арқасында, бұрынғыдан көбірек эксперимент өткізу жоспарланған еді.

Қытайда да құпия космоплан бары мәлім. Ол 2020 жылы қыркүйекте орбитада екі-ақ тәулік болып қайтса, екінші ұшу биылғы 4 тамыздан бері жалғасуда. Ғарыштық ұшақ қазанда орбитасын 597 х 608 км-ге дейін көтерді, кейін одан бір нысан ажырады. Тасығыш зымыранның жүктеме қақпағының пішіні мен өлшемі бойынша, қытай космопланының X-37B-ға қатты ұқсайтыны болжанғанын жазғанбыз.
😱2
Фото: Staff Sgt. Adam Shanks / US Space Force / Boeing
🔥2
CAPSTONE КУБСАТЫ АЙ ОРБИТАСЫНА ШЫҚТЫ

14 қараша күні таңғы 06:39-да CAPSTONE кубсаты Ай маңындағы орбитасына келіп жетті. Кубсат қозғағышын қосып, орбитаға шығу маневрін орындады.

CAPSTONE қазір түзу сызықтық дерлік гало-орбитада (NRHO). Нақты осы орбитада болашақ Gateway аймаңы ғарыш стансасы жұмыс істемек. CAPSTONE — NRHO-ға шыққан алғашқы ғарыш аппараты және Айға жеткен бірінші кубсат.

CAPSTONE алдағы бес күнде қосымша екі маневр жасап, орбитасын дәлдейді. Кубсат пен оның ерекше орбитасы жайлы толығырақ арнамыздағы бейнероликтен біле аласыздар.

https://youtu.be/UiMOYgKM3p8
🔥2
ARTEMIS I ЕРТЕҢ ҰШЫРЫЛАДЫ

Artemis I командасы жексенбі мен дүйсенбідегі талқылау нәтижесінде ұшырылым уақытын өзгертпейтін болып шешті. Басқосуларда Николь дауылының салдарынан туған екі проблема талқыланған еді.

1) Орион ғарыш кемесінің апаттық құтқару жүйесі мен экипаж кабинасы адаптерінің жігінде үш метрдей тығыздауыш жұлынып кеткен. Тығыздауыш — қалыңдығы 5 мм дейінгі өте жұқа материал. Мамандарды жүктеме қақпағындағы жіктің өзі емес, старт кезінде тығыздауыштың одан әрі жұлынып, зымыранға түсу мүмкіндігі алаңдатады. Мәселені ұшыру алаңында шешу мүмкін емес: зымыранды не жөндеуге әкету керек, не осылай ұшыра беру қажет. Инженерлер жағдайды мұқият зерделей келе, изоляцияның одан әрі ажырауы да ұшуға қатер төндірмейді деген қорытындыға келді.

2) Қызмет көрсету мұнарасының сутегі құятын шлангісіндегі электр жалғағыштың ақауы. Бұл сыммен стартқа қатысты көптеген ақпарат алынады. Техниктер жалғағыштың бір бөлшегін алмастырғанымен, ақау толық жөнделмеді. Алайда басқа қосалқы желілер арқылы деректер артығымен келетіндіктен, бұл да ұшуға кедергі емес.
Сонымен, НАСА-ның SLS аса ауыр зымыраны алғаш рет сәрсенбі, 16 қарашада көтерілуі тиіс. Екі сағаттық ұшу терезесі Алматы уақытымен 12:04-те ашылады. Кері санақ басталып та кетті. Қосалқы дата — 19 қараша, 12:45 — 14:45.

Artemis I миссиясы құрамдастары мен олардың сипаттамасы жайлы толығырақ — бейнероликте: https://youtu.be/mLnGp9umFeI
Стартқа 3 минут
👏3
ARTEMIS I МИССИЯСЫ СӘТТІ БАСТАЛДЫ

T (2022 ж. 16 қараша, Алматы уақытымен 12:47:44) — Кеннеди ғарыш орталығының LC-39B ұшыру алаңынан SLS зымыраны көтерілді
T+00:02:12 — негізгі тартым берген қапталдағы қос үдеткіш жұмысын аяқтап, ажырады
T+00:03:30 — апаттық құтқару жүйесі бөлінді
T+00:08:30 — зымыранның негізгі және жоғарғы сатылары ажырап, Orion ғарыш кемесін көтерген екінші саты бастапқы орбитаға шықты
T+00:51:00 — екінші сатының қозғағышы 20 секундқа қосылып, орбитаның перигейін көтерді

-------осы кезеңдеміз------

T+01:37:00 — 18 минутқа созылатын екінші импульс кемені Айға бағытталған траекторияға шығарады
T+02:05:00 — 3738 км биіктікте Орион ғарыш кемесі жоғарғы сатыдан ажырап, Айға бет алады
Ұшудың 3–8 сағаттары аралығында кемеден 10 шағын кубсат бөлінеді. Олардың кейбірі жермаңы орбитада қалып, кейбірі Айға, ал біреуі астероидқа аттанады
🔥1