GAIA ОБСЕРВАТОРИЯСЫ JWST ТЕЛЕСКОПЫН СУРЕТКЕ ТҮСІРДІ
18 ақпанда Еуропа ғарыш агенттігінің Gaia телескопы, жұлдызды аспанның кезекті жолағын шолу кезінде, Уэбб ғарыштық телескопын да түсіріп алған екен. Екі обсерватория да Күн—Жер жүйесінің Жерден 1,5 млн км алыс L2 Лагранж нүктесі маңындағы гало-орбиталарда жұмыс істеп тұр. Сурет түсірілген сәтте телескоптар бір-бірінен 1 миллион километрде болған.
Credit: ESA / Gaia / DPAC

🔥4
УЭББ ОПТИКАСЫН ДӘЛДЕУДІҢ БЕСІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
2022 жылы 11 наурызда телескоптың оптикалық жүйесін дәлдеудің бесінші кезеңі сәтті аяқталды. Алдымен негізгі айна сегменттерін теңестірудегі қателер үш рет анықталып, түзетілді. Және NIRCam инфрақызыл аспабын баптаудың негізгі жұмысы өткізілді. Ол негізгі айнаның жаңа селфиін түсірді.
Сегменттер еш ластанбаған және қалыпты жұмыс істеп тұр. Мұның дәлелі ретінде HD 84406 жұлдызының алыс галактикалар фонындағы тағы бір сынақ кескіні жарияланды. Оны да NIRCam алған.
Алдағы алты аптада дәлдеудің соңғы екі кезеңі өткізіледі. Оптикалық жүйе әр ғылыми аспап үшін арнайы бапталады. Ақыры, айна сегменттерінің қалып қойған кез келген кішкене қателері түзетіледі.
Credit: NASA

🔥3
ARTEMIS 1 МИССИЯСЫ БАС ЖАТТЫҒУҒА ДАЙЫН
Артемида-1 миссиясына арналған SLS аса ауыр зымыраны мен Orion ғарыш кемесі Тік жинау ғимаратынан LC-39B ұшыру алаңына шығарылды. Кеннеди ғарыш орталығы, 17 наурыз 2022.
Бас жаттығу кезінде зымыранға толық мөлшерде отын құйылып, старттық кері санақ операциялары пысықталады. Содан соң мамандар жинақты қайтадан Тік жинау ғимаратына енгізіп, соңғы дайындық жұмыстарына кіріседі. Айға аттану — мамырда.

🔥2
ҚАЗАҚСТАНДА АСТРОЛОГ МАМАНДЫҒЫ БАР ЕКЕН!
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көру қабілеті бойынша 2-3 топ мүгедектеріне астролог (адам туған сәттегі планеталардың орналасуына қарап, оның тағдырын болжаушы), хиромант (алақанға қарап бал ашушы), гадалка (балгер), медиум (о дүниелік аруақтармен байланыс орнатушы) мамандықтарын игеруге кеңес береді. Бақсы, жауырыншы, құмалақшы сияқты төл кәсіптеріміздің ескерусіз қалғаны қынжылтады.
https://www.enbek.kz/pdf/atlas-of-recommended-professions-and-occupations-for-persons-with-disabilities-ru.pdf

😁3
20 НАУРЫЗ — КӨКТЕМГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ
2022 жылғы 20 наурызда, Алматы уақытымен 21:33-те Күн аспан экваторын — Жер экваторы үстіндегі аспандағы ойша сызықты оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтеді. Бұл күні Жерге ғарыштан қарасақ, Жер терминаторы полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасады. Бұл астрономиялық оқиға Наурыздағы күн теңелуі деп аталады, өйткені осы сәтте Солтүстік жартышарда астрономиялық көктем басталса, Оңтүстік жартышарда күз түседі.
Бұл датада күн мен түн тең, яғни 12 сағаттан болады деп саналады. Алайда күннің шығуы мен батуы оның центрінің емес, жиегінің көкжиектен көтерілуі / түсуі бойынша анықталатындықтан және атмосферадағы күн сәулесінің сынуы (атмосфералық рефракция) әсерінен, шын мәнінде күн түнге қарағанда ұзағырақ болады. Бұл датаның басты ерекшелігі — Күннің дәл шығыста шығып, тура батыста батуында.
Қосымша ақпарат — роликте: https://youtu.be/1vbNfjrmL8k

👍3
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
КҮН ХИЖРАСЫ БОЙЫНША 1401 ЖЫЛ БАСТАЛДЫ
2022 жылғы 21 наурызда, Күн хижрасы күнтізбесі бойынша жаңа, 1401 жыл басталды. Күн хижрасы немесе Шамси хижра (SH деп белгіленеді) — Иран мен Ауғанстанның ресми күнтізбесі. Оның жылы наурыздағы күн теңелуімен басталып, 365 немесе 366 тәуліктен тұрады. Күнтізбенің санақбасы (эрасы) ретінде хижра — Мұхаммед пайғамбардың Мекеден Мәдинаға қоныс аударуы (грегорианша 622 ж. 16 шілде) алынған. Күн хижрасы бойынша бүгінгі 1401 жылдың 1 Хамал / 1 Фарвардин жұлдызы Ай хижрасы бойынша 1443 жылғы Шағбан айының 17-не сәйкес келіп тұр. Өйткені Ай хижрасы 354 не 355 тәуліктен тұратындықтан, он төрт ғасырда 42 жылға озып кетті.
Шамси хижраның Юлиан немесе Грегориан күнтізбелерінен артықшылығы, оның жаңа жылы нақты астрономиялық оқиғаға — Солтүстік жартышардағы Көктемгі күн теңелуіне байланған. Дәлірек айтқанда, жыл күн теңелуіне дейінгі және кейінгі екі талтүстің арасындағы түнортасында басталады. Мысалы, биыл күн теңелуі 20 наурызда 21:33-те болды, демек кешегі талтүс өткен жылдың соңғы күніне, ал бүгінгі талтүс жаңа жылдың алғашқы күніне жатады. Ал жаңа жыл 20-нан 21-не қараған түнортасында басталды. Жыл басы, өзіміз жақсы білетіндей, парсыша Nowruz деп аталады.
Күн хижрасы жылында 12 ай бар, бұлар Зодиак шоқжұлдыздарына сәйкес келетіндіктен, оларды қазақ дәстүрімен "жұлдыз" деп атаған жөн. Мысалы, бүгін Хамал (Амал) жұлдызының бірінші күні (айдың бірінші жұлдызы емес). Солтүстік жартышарда астрономиялық көктем мен жаз мезгілдері күз бен қыстан ұзақ (неге?), сондықтан алғашқы алты жұлдыз 31 күннен, 7–11 жұлдыздар 30 күннен, ал соңғы жұлдыз 29 не 30 күннен тұрады. 366 күндік кібісе жылдар 4-5 жылда бір келіп тұрады.
Бұл жұлдыздар (Хамал, Сәуір, Зауза, Саратан, Әсет, Сүмбіле, Мизам, Ақырап, Қауыс, Жәді, Дәлу, Хұт) Грегориан күнтізбесі айларына (Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Көкек, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан) сәйкес келмейді. Бір өкініштісі, азаматтық күнтізбеге қазақша ай аты көкектің орнына сәуір деген жұлдыз аты қате енгізіліп кетті. Бұл екеуі синоним емес, өйткені сәуір (Taurus) көкектің (April) 20–21-не басталады.
Бұл жерде ескеретін нәрсе, азаматтық күнтізбенің 30–31 күндік, шартты түрде "ай" деп аталатын бөліктері Ай фазаларымен байланысын жоғалтып алды. Себебі Жаңа Ай шамамен 29,5 тәулікте туады. Сондықтан нағыз ай деп әр Жаңа Ай фазасынан басталатын Ережеп, Рамазан сияқты Ай хижрасы бөліктерін айтуға болады. Бірақ бұл күнтізбе, астрономиялық жыл мезгілдеріне қатысты 10–12 тәулікке сырғып отыратындықтан, азаматтық қолданысқа ыңғайсыз. Шамси Хижрада мұндай ыңғайсыздық жоқ.
Алдағы бірнеше Күн хижрасы жылдарының басталу, аяқталу даталары:
1401 — 21 наурыз 2022 — 20 наурыз 2023
1402 — 21 наурыз 2023 — 19 наурыз 2024
1403* — 20 наурыз 2024 — 20 наурыз 2025
1404 — 21 наурыз 2025 — 20 наурыз 2026
1405 — 21 наурыз 2026 — 20 наурыз 2027
1406 — 21 наурыз 2027 — 19 наурыз 2028
1407 — 20 наурыз 2028 — 19 наурыз 2029
1408* — 20 наурыз 2029 — 20 наурыз 2030
* кібісе жыл
#астродерек

👍1
Қара құрдым сияқты аса ауыр денелер үйірілгенде, өзімен бірге маңындағы кеңістік-уақытты да еліктіреді. Лензе–Тирринг эффекті деп аталатын құбылыстың мысалы — Аққудағы V404 қосар жүйесінен атқылап жатқан джет бағытының тез өзгеруі.
Толығырақ — арнада кеше жарияланған роликте: https://youtu.be/M_siVF3s4UQ

😱1
2021 ЖЫЛҒЫ АСПАН
Нидерландта орнатылған арнайы камера 2021 жыл бойы әр 15 минут сайын аспанды суретке түсіріп тұрған. Алынған кескіндерді біріктіру арқылы мына кеограмма жасалды: қаңтар жоғарыда, желтоқсан төменде, түн ортасы — орталық тік сызықтың сол жағында.
Кеограммадан не көреміз? Әрине, аспан күндіз көгілдір, түнде қараңғы. Түнгі аспандағы 12 жарық жолақты жарқыраған Ай салған. Қара құмсағаттың ең жіңішке жері жазғы күн тоқырауына, ең жалпақ тұсы — қысқы күн тоқырауына сәйкес. Олардың арасында күн мен түннің ұзақтығы теңесетін көктемгі және күзгі күн теңелулері орналасқан.
Image Credit & Copyright: Cees Bassa

🤯5
ҚЫСҚЫ ЖҰЛДЫЗДАРМЕН ҚОШТАСУ
Наурыздың аяғында, қараңғы түсісімен бірден оңтүстікке бет бұрсаңыз, Қысқы Дөңгелек және оның ішіндегі Қысқы Үшбұрыш астеризмдерін көруге соңғы мүмкіндік бар. Қосымша ақпарат бейнероликтерде: https://youtu.be/26sL_EKp8rM және https://youtu.be/RFTmqlKKhy8

🤯2👏1
ЖЕТІНШІ ЭКИПАЖДЫ ЖАСМИН БАСҚАРАДЫ
НАСА Crew-7 экипажының командирі етіп ғарышқа әлі ұшпаған астронавт Жасмин Могбелиді тағайындады. Жасмин 1983 жылы Германияда, ирандық босқындар отбасында дүниеге келген, бірақ өзінің туған жері деп Нью-Йорк штатындағы Болдуин қаласын санайды. Массачусетс технологиялық институтын, АҚШ Әскери-Теңіз Күштері академиясын, Әскери-теңіз сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірген, аэроғарыш техникасының магистрі.
Могбели — АҚШ Теңіз жаяу әскерінің сынаушы-ұшқышы, подполковник. 25-тен астам ұшақ типі мен Super Cobra тікұшағын меңгерген. Әуеде 2000 сағаттан артық болып, 150 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшқан. Жасмин 2017 жылы НАСА астронавтары қатарына қабылданып, екі жылдық дайындық курсынан өтті. Ол сондай-ақ Айға ұшатын Artemis командасының да мүшесі.
Crew-7 2023 жылдың аяғында ұшуы тиіс. Миссия ұшқышы болып ЕҒА өкілі, Данияның алғашқы ғарышкері (2015 жылы ХҒС-қа ұшқан) Андреас Могенсен таңдалды. Алдағы көкек айында ХҒС-тағы Crew-3 экипажын келесі Crew-4 алмастырады.

👏3
ТИТАННЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 367 ЖЫЛ: ТИТАН ЖАЙЛЫ 12 ДЕРЕК
1. Сатурнның ең үлкен серігі Титанды 1655 жылы 25 наурызда нидерланд ғалымы Христиан Гюйгенс ашты. Бұл Галилей Юпитердің төрт серігін ашқаннан кейінгі екінші осындай жаңалық еді.
2. Радиусы 2 576 км Титан Күн жүйесі планеталарының серіктері арасында Ганимедтен кейінгі екінші орында. Титан тіпті Меркурийден үлкен!
3. Титан орбитасының радиусы 1 221 870 км, ол Сатурнды барлық сақиналардың сыртымен айналады. Бір айналымға 15 жер тәулігі және 22 сағат 41 минут кетеді.
4. Титанның айналу және үйірілу периодтары тең, яғни ол, біздің Ай сияқты, өз планетасына үнемі бір жағымен қарап тұрады. Мұндай жағдай толысу күштері әсерінен қалыптасқан.
5. Титан — Күн жүйесіндегі тығыз атмосферасы бар жалғыз серік. 98,4% азоттан және 1,6% метаннан тұратын атмосфераның қысымы Жердегіден 1,5 есе артық.
6. Титан — бетінде сұйық бар Жерден басқа жалғыз дене. Әрине, Титан беті тым суық (−180 °C) болғандықтан, ондағы көлдер су емес, сұйық метан мен этанға толы.
7. Титан жартылай су мұзынан, жартылай тастан құралған, ал оның қойнауында нағыз тұзды су мұхиты жасырынып жатуы мүмкін.
8. Толысу күштері әсерінен Титанның қатты тас ядросы ыстық күйде, және серік геологиялық белсенді. Ондағы криовулкандардан су-аммиак қоспасы атқылайды.
9. Титан — бетіне ғарыш аппараты жұмсақ қонған сыртқы Күн жүйесіндегі жалғыз дене. НАСА-ның Кассини миссиясымен бірге аттанған еуропалық Гюйгенс зонды оған 2005 жылы 14 қаңтарда қонды.
10. Төмендеу барысында атмосферадан сынамалар алған Гюйгенс зонды Титан бұлттарының жоғарғы бөлігі метан мұзынан, төмен жағы сұйық метан мен азоттан тұратынын анықтады.
11. Титандағы көмірсутек көлдерінде қарапайым тіршілікке қолайлы жағдай болуы ықтимал. Титан беті — бүкіл Күн жүйесіндегі Жерге ең ұқсас орын.
12. Сатурнның қарсы тұрысы кезінде апертурасы 60–70 мм әуесқой телескоппен, планета дискі және сақиналарымен бірге, Титанды да көруге болады. Гюйгенс оны 57 мм телескоппен ашқан.

👍2
5005 ЭКЗОПЛАНЕТА
2022 жылы 21 наурызда НАСА Экзопланеталық архивіндегі белгілі экзопланеталар саны 5000-нан асты. Арнадағы жаңа роликте Күн жүйесінен тыс планеталардың ашылу жылнамасы берілген: https://youtu.be/kaF7qXLK6G8 Роликте әр экзопланетаның аспан картасындағы орны, ашылу әдісі, салыстырмалы орбитасы мен айналу жылдамдығы жайлы ақпарат бар.
Қосымша ақпарат — роликтің сипаттамасында, соның бір үзіндісі:
Радиусы белгілі экзопланеталар — 3881
R ≤ 1.25 R_Жер 490
1.25 < R ≤ 2 R_Жер 1009
2 < R ≤ 6 R_Жер 1677
6 < R ≤ 15 R_Жер 525
15 R_Жер < R 180
Массасы белгілі экзопланеталар — 1176
M ≤ 3 M_Жер 61
3 < M ≤ 10 M_Жер 184
10 < M ≤ 30 M_Жер 136
30 < M ≤ 100 M_Жер 112
100 < M ≤ 300 M_Жер 259
300 M_Жер < M 424

YouTube
5000 экзопланета
2022 жылы 21 наурызда НАСА Экзопланеталық архивіндегі белгілі экзопланеталар саны 5000-нан асты. Бұл анимация мен оның дыбыстық сүйемелдеуі көмегімен Күн жүйесінен тыс планеталардың ашылу жылнамасын қадағалай аласыз.
Әр экзопланета ашылғанда, оның аспандағы…

🤯4
INGENUITY БІР АПТАДА ЕКІ РЕТ ҰШТЫ
2022 жылы 24 наурызда НАСА-ның Ingenuity дрон-тікұшағы 23-ші рет Марс әуесіне көтерілді. Ол 129,1 секундта солтүстік-батысқа қарай 358 метр ұшып өтті. Ол бұған дейін наурыздың 20-на әуелеген еді.
"Тапқырлықтың" нысанасы — Езеро кратеріндегі ежелгі өзен атырауының орны. Ол осы жерде әуеден барлау жұмыстарын жүргізеді. Дельтада үшкір жартастар, олардың сынықтары, қойтастар көп болғандықтан, дрон Perseverance роверіне қауіпті аймақтарды анықтайды. Ровер ежелгі көлге құйған ежелгі өзен шөгінділерінен Марстағы бағзы тіршілік іздерін табуға тырысады.
Суретте: кез келген ұшақ не тікұшақ сияқты, Ingenuity'дің де әр ұшудың жай-жапсары тіркелетін борттық журналы бар. Бір ғана ерекшелік: "Тапқырлықтың" аға ұшқышы Ховард Грип оны Жерде отырып толтырады.
Credit: NASA/JPL-Caltech

SOLAR ORBITER КҮННІҢ ТЕҢДЕССІЗ ПОРТРЕТІН ТҮСІРДІ
Еуропа Ғарыш агенттігі (ЕҒА, ESA) Solar Orbiter зонды 2022 жылы 7 наурызда түсірген Күннің бірнеше кескінін жариялады. Бұл суреттер — жұлдызымыздың бұрын-соңды алынған ең егжей-тегжейлі портреттері.
Зерттеушілер жоғары ажыратымды EUI (Extreme Ultraviolet Imager) камерасы алған Күн бетінің 25 жеке кескінін біріктіріп, шамшырақтың теңдессіз портретін жасады. Онда Күннің 17 нм толқын ұзындығындағы (экстремал ультракүлгін) түрі бейнеленген. 83 млн пикселдік кескіннен Күннің фотосфера деп аталатын көрінетін бетіндегі нәрселерді, сондай-ақ атылып жатқан протуберанецтерді көреміз. Масштаб түсінікті болу үшін, портретке Жер кескіні де қосылған (оң жақ жоғарыда).
ЕҒА SPICE спектрометрі алған бірнеше кескінді де жариялады. Олар Күн атмосферасындағы түрлі элементтерді көрсетеді. Күлгін түс 10 000 °C-қа дейін қызған сутегіне, көгілдір түс — көміртегіне (32 000 °C), жасыл түс — оттегіне (320 000 °C), сары түс — неонға (630 000 °C) сәйкес.
2020 жылы ұшырылған Solar Orbiter гелиосфераның ішкі бөлігі мен күн желін зерттеуге, сондай-ақ Күннің Жерден көрінбейтін поляр облыстарын бақылауға арналған. Зонд 2020 ж. 15 маусымда Күннен 77 млн километрде өтсе, биыл 26 наурыздағы екінші перигелиінде жұлдызға 50 млн километрге дейін жақындауы тиіс еді. Ол күні түсірілген суреттер көкектің ортасында жарияланады. Миссияның қысқаша сипаттамасы: https://youtu.be/g_QvK-Ez-40
Credit: ESA

2020 ж 10 ақпанда Solar Orbiter Күн миссиясы ұшырылады
Тікелей эфир: https://youtu.be/-X-p5C4SLVo (NASA) https://youtu.be/LpVal-Gajwo (Alpha Centauri)2020 жылы 10 ақпанда Алматы уақытымен 10:03-те ULA компаниясын...
🤯2👍1
СОЮЗ МС-19 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
2022 жылы 30 наурызда Союз МС-19 ғарыш кемесінің қону капсуласы Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 147 километрдегі жоспарлы орынға аман-есен қонды. Кемемен Роскосмос космонавтары Антон Шкаплеров, Петр Дубров және НАСА астронавты Марк Ванде Хай Жерге оралды. 18 наурызда Халықаралық ғарыш стансасына бұл экипаждың орнына ресейліктер Олег Артемьев, Денис Матвеев, Сергей Корсаков келген еді.
Ғарышта 355 күн болған Ванде Хай (фотода) НАСА-ның бір ғарыш сапары ұзақтығы рекордын жаңартты. Ал тарихтағы ең ұзақ ғарыш сапарын ресейлік Валерий Поляков жасады. Ол 1994–1995 жж. Союз ТМ-18 кемесі мен Мир стансасында 437 тәулік 18 сағат болған.