This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon Heavy зымыранының көтерілуі. Орталық саты қайтарылмайды, сондықтан оған торкөз рульдер мен қону тіреулері орнатылмаған
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екінші сатының ажырауы. Жүктеме құпия болғандықтан, екінші сатының ұшуы көрсетілген жоқ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1064.1, B1065.1 үдеткіштерінің LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы
👍1
ҚЫТАЙ ҒАРЫШ СТАНСАСЫ ҚҰРАСТЫРЫЛЫП БІТТІ
Мэньтянь зертханалық модулі 2022 жылы 31 қазанда, 12:37-де Чанчжэн-5B ауыр зымыранымен Вэньчань ғарыш айлағынан ұшырылды. 1 қараша, 02:27-де ол Тяньхэ базалық модулінің алдыңғы торабына түйісті. Стансадағы ғарышкерлер 3 қараша күні 07:32-де Мэньтянді тұрақты орнына, Тяньхэнің оң жағына қайта түйістірді. Осылайша Қытайдың Тяньгун ғарыш стансасы құрастырылып бітті.
Мэньтяннің сипаттары станса құрамына шілдеде енген Вяньтян модулімен бірдей: ұзындығы 17,9 м, диаметрі 4,2 м, массасы 23 т. Модуль үш бөліктен тұрады: тұрғынжай, зертхана бөлімі, шлюз камерасы. Мэньтянь де шағын робоқол — манипулятормен жабдықталған. Модульде салмақсыздықтағы сұйықтар мен жану физикасы саласында, сондай-ақ ультрасуық атомдармен ғылыми эксперимент жүргізетін стендтер бар.

ІРІ ҒАРЫШТЫҚ ҚОҚЫС 7 МЛРД АДАМНЫҢ БІРІНІҢ БАСЫНА ТҮСУІ МҮМКІН
Қытай 31 қазанда Тяньгун ғарыш стансасының соңғы, үшінші модулін ғарышқа ұшырды. Демек Чанчжэн-5B (Long March 5B, CZ-5B, Ұлы Жорық-5B) ауыр зымыранының негізгі сатысы тағы да бақылаусыз құлайды деген сөз. Зымырандардың көбі жұмысын аяқтасымен, бірден мұхит не құрлықтағы алдын-ала белгіленген қауіпсіз аймаққа құлайтындай етіп жобаланған. Чанчжэн-5B-тің негізгі сатысы болса, төмен жермаңы орбитаға шығып кетеді де, сирек атмосфераға тежеліп, қайта төмендей бастайды.
21 тонналық зымыран корпусының траекториясы картада сары және көк сызықтармен көрсетілген. Ол өз жолы бойындағы кез келген нүктеге құлауы мүмкін. Қауіпті аймақта 7 миллиард кісі, яғни адамзаттың 88%-і тұрады. Бақытқа орай, саты Қазақстан аумағы үстімен ұшпайтыны көрініп тұр.
Биыл шілдеде стансаның екінші модулін ұшырған тасығыштың 5–9 тонналық сынығы Жер атмосферасын көктей өтіп, Үнді мұхитына құлады. 2021 жылы көкекте бірінші модульді көтерген зымыран қалдығы да осы мұхитқа түсті. Ал 2020 жылы Чанчжэн-5B алғаш ұшырылғанда, оның бір бөлшегі Кот-д'Ивуар жеріне құлағаны есімізде (суретте).

🥴1
Falcon Heavy'дің қапталдағы үдеткіштерінің қатар қонуы:
1. 2018-02-06. Falcon Heavy Demo Flight миссиясы
2. 2019-04-11. Arabsat-6A миссиясы
3. 2019-06-25. STP-2 миссиясы
4. 2022-11-01. USSF-44 миссиясы

🔥1
УЭББ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ОПТИКАСЫ
Уэбб телескопының 6,5 метрлік негізгі айнасы бұрын-соңды ғарышқа шығарылған ең үлкен айна екені белгілі. Бетіне 50 грамм алтын жалатылған негізгі айна жайлы кейбір деректер төмендегі инфографикада берілген.
Әрине, телескоптың оптикалық жүйесі бұл теңдессіз айнамен шектелмейді. Осы күрделі де нәзік жүйе туралы арнамыздағы жаңа роликте әңгімеленеді.
#қазақшаинфографика

ЧАНЧЖЭН-5B ЗЫМЫРАНЫ ТЫНЫҚ МҰХИТҚА ҚҰЛАДЫ
Қытай ғарыш стансасының соңғы модулін ұшырған Чанчжэн-5B зымыранының негізгі сатысы 4 қараша, 16:01-де Тынық мұхиттың орталық тұсына құлады. 21 тонналық сатының орбитадан басқарусыз түсуі үлкен алаңдаушылық туғызды. Франция, Италия және Испания тіпті әуе қозғалысын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды.
Басқа зымырандардай емес, Чанчжэн-5B-тің негізгі сатысы төмен жермаңы орбитаға шығып кетеді де, сирек атмосфераға тежеліп, қайта төмендей бастайды. Ол екі рет Үнді мұхитына түссе, алғашқысы Атлант мұхиты мен батыс Африкаға құлаған еді. Орбитадан басқарусыз түскен тарихтағы ең ауыр алты нысанның төртеуі дәл осы сатылар болды. Қалған екеуі істен шыққан ғарыш стансалары еді: 77 тонналық америкалық Скайлэб (1979 жылы) пен 40 тонналық кеңестік Салют-7 (1991).
Чанчжэн-5B енді 2023 жылдың аяғында ұшырылуы мүмкін. Ол Тяньгун ғарыш стансасымен бір орбитада айналатын Сюньтянь ғарыштық телескопын көтереді.
Кескін: aa_aeroespacial / Twitter

👍2
8 ҚАРАША 2022 — ТОЛЫҚ АЙ ТҰТЫЛУЫ
2022 жылы 8 қарашада Ай толық тұтылады. Жартылай + толық тұтылу 3 сағат 40 минутқа созылады: Алматы уақытымен 15:09 — 18:49. Толық тұтылу 1 сағат 25 минут: 16:16 — 17:41.
Қазақстанның батысында ай тұтылуы көрінбейді. Дәлірек айтқанда, алакөлеңке тұтылудың соңғы кезеңі бақыланады, бірақ оны әдеттегі толған айдан ажырату іс жүзінде мүмкін емес. Орталықта жартылай тұтылу ғана, оның өзі кешке Ай туысымен, азғана уақыт бақыланады. Шығыс облыстарда толық тұтылудың соңы мен жартылай тұтылу ең ұзақ дегенде екі сағат көрінеді.
Тұтылу кестесі (Алматы уақытымен):
14:02 — алакөлеңке тұтылудың басы
15:09 — жартылай тұтылудың басы
16:16 — толық тұтылудың басы
17:41 — толық тұтылудың соңы
18:49 — жартылай тұтылудың соңы
19:56 — алакөлеңке тұтылудың соңы
Айдың шығуы (Алматы уақытымен):
16:49 Өскемен
16:57 Семей
17:04 Павлодар
17:20 Талдықорған
17:25 Петропавл
17:28 Қарағанды
17:30 Астана
17:30 Алматы
------------------------
17:46 Жамбыл
17:55 Жезқазған
17:59 Қостанай
18:05 Шымкент
18:05 Түркістан
18:13 Қызылорда
18:30 Ақтөбе
-------------------------
18:51 Орал
19:02 Атырау
19:14 Ақтау

👏1
Айдың толық тұтылуы Флоридадан.
8 қараша 2022 жыл
Фото: John Kraus Photos
8 қараша 2022 жыл
Фото: John Kraus Photos
❤4👍1
ARTEMIS I МИССИЯСЫ 16 ҚАРАШАДА АТТАНАДЫ
НАСА Artemis I миссиясын қарашаның 14-нен 16-на шегерді. Екі сағаттық ұшу терезесі Алматы уақытымен 12:04-те ашылады. SLS зымыраны өзінің алғашқы стартында ұшқышсыз Orion ғарыш кемесін Айға аттандырмақ. Кеме бұл күні ұшса, Жерге 11 желтоқсанда оралуы тиіс. Қосалқы терезе — 19 қараша, 12:45 — 14:45.
Миссия Флоридаға Николь дауылының жақындап қалуына байланысты кейінге қалдырылды. Кеннеди ғарыш орталығының SLC-39B ұшыру алаңына 4 қарашада шығарылған зымыран тропиктік дауылдың өтіп кетуін сонда күтеді. Мамандар арнайы қорғау шараларын жасап жатыр. Олардың есебінше, жылжымалы старт платформасы мен зымыран күшті желге төтеп беруі тиіс.
Credit: John Kraus Photos