Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
FALCON HEAVY'ДІҢ ТӨРТІНШІ СТАРТЫ — 1 ҚАРАША, 19:40-ТА

Жұртшылық екі жаңа аса ауыр зымыранның алғашқы ұшырылымын тағатсыздана тосып отырғаны белгілі. НАСА-ның SLS машинасының старты 14 қарашаға белгіленіп тұр. SpaceX компаниясының Starship зымыраны орбитаға желтоқсанның екінші жартысында шығуы мүмкін.

Ал қолданыстағы әзірше жалғыз аса ауыр зымыранның жағдайы қалай? SpaceX Falcon Heavy үш рет ұшырылғаны мәлім. Алайда оның соңғы көтерілгеніне 3,5 жылдай болды. Енді, міне, ұзақ үзілістен соң Ауыр Сұңқар тағы самғамақшы. Оның 27 Merlin қозғағышының 27 қазандағы статикалық тұтандыру сынағы сәтті өтті (суретте).

Falcon Heavy зымыранының USSF-44 миссиясы 1 қараша, Алматы уақытымен 19:40-қа жоспарланған. Мақсат — АҚШ Ғарыш күштерінің құпия ауыр жерсерігі мен TETRA-1 атты микрожерсерігін геостационар орбитаға шығару. Жүктеменің жалпы массасы 3700 кг. Тасығыштың B1066 орталық сатысы мен қапталдағы B1064, B1065 үдеткіштері жаңа, бұрын қолданылмаған.

Зымыран Кеннеди ғарыш орталығының тарихи LC-39A ұшыру алаңынан көтеріледі. Орталық саты кері қайтарылмай, мұхитқа құлап түседі. Үдеткіштер құрлыққа, LZ-1, LZ-2 қону алаңдарына қонуы тиіс. Қос саты қатар қонатын керемет көріністен құр қалмауға тырысайық. Ресми тікелей эфирдің сілтемесі әзірше жарияланған жоқ.
Credit: SpaceX
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon Heavy'дің тіктелуі. Старт — 19:41-де
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 50-ші ұшырылым (Falcon Heavy — 1-ші)
1 қараша 19:41. КҒО, LC-39A. USSF-44 миссиясы — АҚШ Ғарыш күштерінің екі жерсерігін геостационар орбитаға шығару
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon Heavy зымыранының көтерілуі. Орталық саты қайтарылмайды, сондықтан оған торкөз рульдер мен қону тіреулері орнатылмаған
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екінші сатының ажырауы. Жүктеме құпия болғандықтан, екінші сатының ұшуы көрсетілген жоқ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1064.1, B1065.1 үдеткіштерінің LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы
👍1
ҚЫТАЙ ҒАРЫШ СТАНСАСЫ ҚҰРАСТЫРЫЛЫП БІТТІ

Мэньтянь зертханалық модулі 2022 жылы 31 қазанда, 12:37-де Чанчжэн-5B ауыр зымыранымен Вэньчань ғарыш айлағынан ұшырылды. 1 қараша, 02:27-де ол Тяньхэ базалық модулінің алдыңғы торабына түйісті. Стансадағы ғарышкерлер 3 қараша күні 07:32-де Мэньтянді тұрақты орнына, Тяньхэнің оң жағына қайта түйістірді. Осылайша Қытайдың Тяньгун ғарыш стансасы құрастырылып бітті.

Мэньтяннің сипаттары станса құрамына шілдеде енген Вяньтян модулімен бірдей: ұзындығы 17,9 м, диаметрі 4,2 м, массасы 23 т. Модуль үш бөліктен тұрады: тұрғынжай, зертхана бөлімі, шлюз камерасы. Мэньтянь де шағын робоқол — манипулятормен жабдықталған. Модульде салмақсыздықтағы сұйықтар мен жану физикасы саласында, сондай-ақ ультрасуық атомдармен ғылыми эксперимент жүргізетін стендтер бар.
ІРІ ҒАРЫШТЫҚ ҚОҚЫС 7 МЛРД АДАМНЫҢ БІРІНІҢ БАСЫНА ТҮСУІ МҮМКІН

Қытай 31 қазанда Тяньгун ғарыш стансасының соңғы, үшінші модулін ғарышқа ұшырды. Демек Чанчжэн-5B (Long March 5B, CZ-5B, Ұлы Жорық-5B) ауыр зымыранының негізгі сатысы тағы да бақылаусыз құлайды деген сөз. Зымырандардың көбі жұмысын аяқтасымен, бірден мұхит не құрлықтағы алдын-ала белгіленген қауіпсіз аймаққа құлайтындай етіп жобаланған. Чанчжэн-5B-тің негізгі сатысы болса, төмен жермаңы орбитаға шығып кетеді де, сирек атмосфераға тежеліп, қайта төмендей бастайды.

21 тонналық зымыран корпусының траекториясы картада сары және көк сызықтармен көрсетілген. Ол өз жолы бойындағы кез келген нүктеге құлауы мүмкін. Қауіпті аймақта 7 миллиард кісі, яғни адамзаттың 88%-і тұрады. Бақытқа орай, саты Қазақстан аумағы үстімен ұшпайтыны көрініп тұр.

Биыл шілдеде стансаның екінші модулін ұшырған тасығыштың 5–9 тонналық сынығы Жер атмосферасын көктей өтіп, Үнді мұхитына құлады. 2021 жылы көкекте бірінші модульді көтерген зымыран қалдығы да осы мұхитқа түсті. Ал 2020 жылы Чанчжэн-5B алғаш ұшырылғанда, оның бір бөлшегі Кот-д'Ивуар жеріне құлағаны есімізде (суретте).
🥴1
Карта: The Aerospace Corporation
Falcon Heavy'дің қапталдағы үдеткіштерінің қатар қонуы:
1. 2018-02-06. Falcon Heavy Demo Flight миссиясы
2. 2019-04-11. Arabsat-6A миссиясы
3. 2019-06-25. STP-2 миссиясы
4. 2022-11-01. USSF-44 миссиясы
🔥1
УЭББ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ОПТИКАСЫ

Уэбб телескопының 6,5 метрлік негізгі айнасы бұрын-соңды ғарышқа шығарылған ең үлкен айна екені белгілі. Бетіне 50 грамм алтын жалатылған негізгі айна жайлы кейбір деректер төмендегі инфографикада берілген.

Әрине, телескоптың оптикалық жүйесі бұл теңдессіз айнамен шектелмейді. Осы күрделі де нәзік жүйе туралы арнамыздағы жаңа роликте әңгімеленеді.
#қазақшаинфографика
ЧАНЧЖЭН-5B ЗЫМЫРАНЫ ТЫНЫҚ МҰХИТҚА ҚҰЛАДЫ

Қытай ғарыш стансасының соңғы модулін ұшырған Чанчжэн-5B зымыранының негізгі сатысы 4 қараша, 16:01-де Тынық мұхиттың орталық тұсына құлады. 21 тонналық сатының орбитадан басқарусыз түсуі үлкен алаңдаушылық туғызды. Франция, Италия және Испания тіпті әуе қозғалысын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды.

Басқа зымырандардай емес, Чанчжэн-5B-тің негізгі сатысы төмен жермаңы орбитаға шығып кетеді де, сирек атмосфераға тежеліп, қайта төмендей бастайды. Ол екі рет Үнді мұхитына түссе, алғашқысы Атлант мұхиты мен батыс Африкаға құлаған еді. Орбитадан басқарусыз түскен тарихтағы ең ауыр алты нысанның төртеуі дәл осы сатылар болды. Қалған екеуі істен шыққан ғарыш стансалары еді: 77 тонналық америкалық Скайлэб (1979 жылы) пен 40 тонналық кеңестік Салют-7 (1991).

Чанчжэн-5B енді 2023 жылдың аяғында ұшырылуы мүмкін. Ол Тяньгун ғарыш стансасымен бір орбитада айналатын Сюньтянь ғарыштық телескопын көтереді.

Кескін: aa_aeroespacial / Twitter
👍2