Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SPACEX VS. ҚАЛҒАН ӘЛЕМ — ТАҒЫ ДА 2:1

BryceTech мәліметінше, SpaceX компаниясы 2022 жылдың 3-тоқсанында орбитаға шығарған ғарыш аппараттарының жалпы массасы 212 496 кг болған екен. Бұл БҮКІЛ дүние жүзіндегі мемлекеттік ғарыш агенттіктері мен басқа ғарыш компаниялары шығарған ЖИЫНТЫҚ массадан (91 859 кг) ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ!

Басқаша айтқанда, 3-тоқсанда дүние жүзі бойынша орбитаға шығарылған пайдалы жүктеменің үштен екісін бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясы көтерген.

Бұл үш айда орбитаға шығарылған 808 ғарыш аппаратының 705-н SpaceX көтерген. Оның 701-і — Starlink жерсеріктері. Қалғандары: Cargo Dragon жүк кемесі, Sherpa LTC-2 платформасы, BlueWalker-3 байланыс жерсерігі, Danuri корей айсерігі.

Компания шілде-қыркүйекте 16 ұшырылым жасады, 2-орында Қытай әуе-ғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) — 15. Жалпы дүние жүзі бойынша 3-тоқсанда 50 ұшырылым жүзеге асты.
Инфографика: BryceTech
🔥1
ЖЕР МЕН АЙ ЛЮСИ ЗОНДЫНЫҢ КӨЗІМЕН

НАСА-ның Lucy зонды таяуда Жерге сәлем беріп кеткенін білеміз. Мына суретті ол 13 қазанда, 1,4 млн км қашықтықтан түсірген. Жердің өз серігінен қаншалықты жарығырақ екеніне назар аударыңыз.

Ай түнгі аспанда жарқырап көрінгенімен, оның бетінің шағылдыру қабілеті (альбедо) — 0,12. Яғни Ай беті өзіне түскен күн жарығының 12%-н ғана шағылдырады. Жер альбедосы болса, бұлт жамылғысына байланысты 0,30-дан 0,36-ға дейін өзгереді. Демек планетамыз күн сәулесінің үштен бірін ғарышқа қайтарады деген сөз.

Credit: NASA/Goddard/SwRI
👍2😍1
HIP 65426 b — ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАНҒАН АЛҒАШҚЫ ЭКЗОПЛАНЕТА

Орналасуы: Оңтүстік аспанда, Кентавр шоқжұлдызында
Қашықтығы: 385 жарық жылы / 3,64 квадриллион км
Типі: газды алып (оттекке бай, көміртекке кедей)
Орбитасы: жұлдызынан 100 астрономиялық бірлік қашықтықта (15 млрд км)
Массасы: 7,1 Юпитер массасы
Ауа температурасы: 1667K / 1394°C

Оның бақылануы Уэбб өзінің болжанған номинал сипаттамасынан 10 есе асатынын көрсетті. Уэбб телескопы мынандай планеталарды көре алады деген сөз:
— негізгі тізбек жұлдызынан 100 а.б. қашықтықтан — 0,3 Юпитер массасындай;
— M-типті жұлдыздан 10 а.б. қашықтықтан — Сатурн массасындай;
— M-типті жұлдыздан 100–200 а.б. қашықтықтан — Нептун массасындай.

Credit: NASA/ESA/CSA, A Carter (UCSC), the ERS 1386 team, and A. Pagan (STScI)
FALCON HEAVY'ДІҢ ТӨРТІНШІ СТАРТЫ — 1 ҚАРАША, 19:40-ТА

Жұртшылық екі жаңа аса ауыр зымыранның алғашқы ұшырылымын тағатсыздана тосып отырғаны белгілі. НАСА-ның SLS машинасының старты 14 қарашаға белгіленіп тұр. SpaceX компаниясының Starship зымыраны орбитаға желтоқсанның екінші жартысында шығуы мүмкін.

Ал қолданыстағы әзірше жалғыз аса ауыр зымыранның жағдайы қалай? SpaceX Falcon Heavy үш рет ұшырылғаны мәлім. Алайда оның соңғы көтерілгеніне 3,5 жылдай болды. Енді, міне, ұзақ үзілістен соң Ауыр Сұңқар тағы самғамақшы. Оның 27 Merlin қозғағышының 27 қазандағы статикалық тұтандыру сынағы сәтті өтті (суретте).

Falcon Heavy зымыранының USSF-44 миссиясы 1 қараша, Алматы уақытымен 19:40-қа жоспарланған. Мақсат — АҚШ Ғарыш күштерінің құпия ауыр жерсерігі мен TETRA-1 атты микрожерсерігін геостационар орбитаға шығару. Жүктеменің жалпы массасы 3700 кг. Тасығыштың B1066 орталық сатысы мен қапталдағы B1064, B1065 үдеткіштері жаңа, бұрын қолданылмаған.

Зымыран Кеннеди ғарыш орталығының тарихи LC-39A ұшыру алаңынан көтеріледі. Орталық саты кері қайтарылмай, мұхитқа құлап түседі. Үдеткіштер құрлыққа, LZ-1, LZ-2 қону алаңдарына қонуы тиіс. Қос саты қатар қонатын керемет көріністен құр қалмауға тырысайық. Ресми тікелей эфирдің сілтемесі әзірше жарияланған жоқ.
Credit: SpaceX
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon Heavy'дің тіктелуі. Старт — 19:41-де
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 50-ші ұшырылым (Falcon Heavy — 1-ші)
1 қараша 19:41. КҒО, LC-39A. USSF-44 миссиясы — АҚШ Ғарыш күштерінің екі жерсерігін геостационар орбитаға шығару
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon Heavy зымыранының көтерілуі. Орталық саты қайтарылмайды, сондықтан оған торкөз рульдер мен қону тіреулері орнатылмаған
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қапталдағы үдеткіштердің ажырауы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Екінші сатының ажырауы. Жүктеме құпия болғандықтан, екінші сатының ұшуы көрсетілген жоқ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1064.1, B1065.1 үдеткіштерінің LZ-1, LZ-2 алаңдарына қонуы
👍1
ҚЫТАЙ ҒАРЫШ СТАНСАСЫ ҚҰРАСТЫРЫЛЫП БІТТІ

Мэньтянь зертханалық модулі 2022 жылы 31 қазанда, 12:37-де Чанчжэн-5B ауыр зымыранымен Вэньчань ғарыш айлағынан ұшырылды. 1 қараша, 02:27-де ол Тяньхэ базалық модулінің алдыңғы торабына түйісті. Стансадағы ғарышкерлер 3 қараша күні 07:32-де Мэньтянді тұрақты орнына, Тяньхэнің оң жағына қайта түйістірді. Осылайша Қытайдың Тяньгун ғарыш стансасы құрастырылып бітті.

Мэньтяннің сипаттары станса құрамына шілдеде енген Вяньтян модулімен бірдей: ұзындығы 17,9 м, диаметрі 4,2 м, массасы 23 т. Модуль үш бөліктен тұрады: тұрғынжай, зертхана бөлімі, шлюз камерасы. Мэньтянь де шағын робоқол — манипулятормен жабдықталған. Модульде салмақсыздықтағы сұйықтар мен жану физикасы саласында, сондай-ақ ультрасуық атомдармен ғылыми эксперимент жүргізетін стендтер бар.
ІРІ ҒАРЫШТЫҚ ҚОҚЫС 7 МЛРД АДАМНЫҢ БІРІНІҢ БАСЫНА ТҮСУІ МҮМКІН

Қытай 31 қазанда Тяньгун ғарыш стансасының соңғы, үшінші модулін ғарышқа ұшырды. Демек Чанчжэн-5B (Long March 5B, CZ-5B, Ұлы Жорық-5B) ауыр зымыранының негізгі сатысы тағы да бақылаусыз құлайды деген сөз. Зымырандардың көбі жұмысын аяқтасымен, бірден мұхит не құрлықтағы алдын-ала белгіленген қауіпсіз аймаққа құлайтындай етіп жобаланған. Чанчжэн-5B-тің негізгі сатысы болса, төмен жермаңы орбитаға шығып кетеді де, сирек атмосфераға тежеліп, қайта төмендей бастайды.

21 тонналық зымыран корпусының траекториясы картада сары және көк сызықтармен көрсетілген. Ол өз жолы бойындағы кез келген нүктеге құлауы мүмкін. Қауіпті аймақта 7 миллиард кісі, яғни адамзаттың 88%-і тұрады. Бақытқа орай, саты Қазақстан аумағы үстімен ұшпайтыны көрініп тұр.

Биыл шілдеде стансаның екінші модулін ұшырған тасығыштың 5–9 тонналық сынығы Жер атмосферасын көктей өтіп, Үнді мұхитына құлады. 2021 жылы көкекте бірінші модульді көтерген зымыран қалдығы да осы мұхитқа түсті. Ал 2020 жылы Чанчжэн-5B алғаш ұшырылғанда, оның бір бөлшегі Кот-д'Ивуар жеріне құлағаны есімізде (суретте).
🥴1
Карта: The Aerospace Corporation
Falcon Heavy'дің қапталдағы үдеткіштерінің қатар қонуы:
1. 2018-02-06. Falcon Heavy Demo Flight миссиясы
2. 2019-04-11. Arabsat-6A миссиясы
3. 2019-06-25. STP-2 миссиясы
4. 2022-11-01. USSF-44 миссиясы
🔥1