ЭД СТОУН ВОЯДЖЕР ЖЕТЕКШІЛІГІНЕН КЕТТІ
Вояджер миссиясының ғылыми жетекшісі Эдвард Стоун зейнет демалысына кетті. 86 жастағы астрофизик бұл қызметті жарты ғасыр атқарды: НАСА тарихындағы теңдессіз жағдай. Стоун ғылыми жетекшілікке қос Вояджер ұшырылардан бес жыл бұрын, 1972 жылы тағайындалған. Оның басшылығымен зондтар барлық төрт алып планетаның тұсынан ұшып өтіп, жұлдызаралық кеңістікке шыққан адам қолының алғашқы туындылары атанды. Стоун Вояджер бағдарламасының алғашқы командасынан қалған соңғы мүше еді.
Астрофизик ретіндегі қызметін 1961 жылы бастаған Эдвард Стоун мыңнан астам ғылыми еңбек жазған. 1964 жылдан бастап Калифорния технологиялық институтының (Калтех) оқытушысы, 1976 жылдан бері — физика профессоры. 1983–88 жж. Калтехтің физика, математика және астрономия кафедрасын басқарған. 1988–2007 жж. — Кек обсерваториясы директорлар кеңесінің төрағасы. 1991–2001 жж. Стоун НАСА-ның Калтех басқаруындағы даңқты бөлімшесі — Реактивті қозғалыс зертханасының директоры болды. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1984), 2003–2009 жж. — Халықаралық астронавтика академиясының президенті.
Ғалым Ұлттық Ғылыми медальмен (1991), Магеллан сыйлығымен (1992), Карл Саган атындағы сыйлықпен (1999), Филип Класс сыйлығымен (2007), НАСА-ның "Қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін" медалімен (2013), Говард Хьюз атындағы сыйлықпен (2014), азиялық Нобель — Шао сыйлығымен (2019), Бенджамин Франклин медалімен (2022) марапатталған. 1996 жылы №5841 астероидқа Стоунның аты берілді.
Эд Стоунның орнын планетолог, Кассини миссиясының соңғы ғылыми жетекшісі Линда Спилкер басты. Ол Вояджер миссияларына да атсалысқан. Вояджер-1 23,7 млрд км, Вояджер-2 19,7 млрд км қашықтықтан әлі күнге хабар жіберіп тұр. Радиоизотоптық генераторлар беретін қуат 2025 жылға дейін жетуі мүмкін.

🕊1
Стоун мырза Вояджер миссиясы жайлы әңгімелейді: https://youtu.be/Ae15qvzHc_8
YouTube
Вояджерге 40 жыл: Жұлдыздарға саяхат жалғасуда
Бүгін НАСА-ның Вояджер-1 ғарыш кемесін ұшырғанына 40 жыл толады. Жерден ең алысқа ұзаған ғарыш аппараты, өзінің егізі Вояджер-2 сияқты, әлі күнге Күн жүйесінің алыс аймақтарынан ғылыми мәліметтер хабарлап тұр.
Түпнұсқа: https://youtu.be/C1UBg4TPqX4
Қазақшалаған…
Түпнұсқа: https://youtu.be/C1UBg4TPqX4
Қазақшалаған…
🕊1
ЖАРАТЫЛЫС ҰСТЫНДАРЫ!
ЕНДІ ОРТА ИНФРАҚЫЗЫЛ ТОЛҚЫНДА
Мына үрейлі көріністі Уэбб ғарыштық телескопының MIRI орта инфрақызыл аспабы алған. Алып құбыжықтың әр саусағының ұзындығы 5 жарық жылындай! Әрине, бұл —Жаратылыс Ұстындары! Бүркіт тұмандығының осы аймағы инфрақызыл жарықта тарихтағы ең жоғары ажыратыммен түсірілді.
Орта инфрақызыл диапазонда тозаң мен газ жақсы бақыланады. Ең қою сұр түсті аймақтар — тозаңның барынша тығыз шоғырланған тұсы, ал жоғарыдағы қызыл облыста тозаң сейіліп, салқындаған. Алаң болмаңыздар, таяуда жарияланған кескіндегі жұлдыздар жоғалып кеткен жоқ, олар орта инфрақызыл жарықта онша көрінбейді. MIRI жас жұлдыздарды — ұстындардың шетіндегі қызыл шарларды, сондай-ақ кәрі көкшіл жұлдыздарды байқаған.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 49-шы ұшырылым
28 қазан 07:14. Ванденберг, SLC-4E. Starlink 4.31 миссиясы — 53 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1063.8 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
👍1
SPACEX VS. ҚАЛҒАН ӘЛЕМ — ТАҒЫ ДА 2:1
BryceTech мәліметінше, SpaceX компаниясы 2022 жылдың 3-тоқсанында орбитаға шығарған ғарыш аппараттарының жалпы массасы 212 496 кг болған екен. Бұл БҮКІЛ дүние жүзіндегі мемлекеттік ғарыш агенттіктері мен басқа ғарыш компаниялары шығарған ЖИЫНТЫҚ массадан (91 859 кг) ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ!
Басқаша айтқанда, 3-тоқсанда дүние жүзі бойынша орбитаға шығарылған пайдалы жүктеменің үштен екісін бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясы көтерген.
Бұл үш айда орбитаға шығарылған 808 ғарыш аппаратының 705-н SpaceX көтерген. Оның 701-і — Starlink жерсеріктері. Қалғандары: Cargo Dragon жүк кемесі, Sherpa LTC-2 платформасы, BlueWalker-3 байланыс жерсерігі, Danuri корей айсерігі.
Компания шілде-қыркүйекте 16 ұшырылым жасады, 2-орында Қытай әуе-ғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) — 15. Жалпы дүние жүзі бойынша 3-тоқсанда 50 ұшырылым жүзеге асты.

2022 жылы 30 қазанда Марс тоқырап, тура қозғалыстан кері шегіне қозғалысқа өтеді. Бұл не деген сөз? Арнамызда жарияланған жаңа роликтен біліңіз: https://youtu.be/W3VzZCqYgWY
YouTube
Марстың ретроград қозғалысы. Сыртқы планетаның кері шегіне қозғалысын түсіндіру
2022 жылы 30 қазанда Марс тоқырап, тура қозғалыстан кері шегіне қозғалысқа өтеді. Бұл нені білдіреді?
Планеталардың кері шегіне (ретроград) қозғалысы — жұлдыздар фонында, Жерден қарағанда аспан сферасымен шығыстан батысқа қарай қозғалуы.
Құбылыстың себебі…

👍2
ЖЕР МЕН АЙ ЛЮСИ ЗОНДЫНЫҢ КӨЗІМЕН
НАСА-ның Lucy зонды таяуда Жерге сәлем беріп кеткенін білеміз. Мына суретті ол 13 қазанда, 1,4 млн км қашықтықтан түсірген. Жердің өз серігінен қаншалықты жарығырақ екеніне назар аударыңыз.
Ай түнгі аспанда жарқырап көрінгенімен, оның бетінің шағылдыру қабілеті (альбедо) — 0,12. Яғни Ай беті өзіне түскен күн жарығының 12%-н ғана шағылдырады. Жер альбедосы болса, бұлт жамылғысына байланысты 0,30-дан 0,36-ға дейін өзгереді. Демек планетамыз күн сәулесінің үштен бірін ғарышқа қайтарады деген сөз.
Credit: NASA/Goddard/SwRI

👍2😍1
HIP 65426 b — ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАНҒАН АЛҒАШҚЫ ЭКЗОПЛАНЕТА
Орналасуы: Оңтүстік аспанда, Кентавр шоқжұлдызында
Қашықтығы: 385 жарық жылы / 3,64 квадриллион км
Типі: газды алып (оттекке бай, көміртекке кедей)
Орбитасы: жұлдызынан 100 астрономиялық бірлік қашықтықта (15 млрд км)
Массасы: 7,1 Юпитер массасы
Ауа температурасы: 1667K / 1394°C
Оның бақылануы Уэбб өзінің болжанған номинал сипаттамасынан 10 есе асатынын көрсетті. Уэбб телескопы мынандай планеталарды көре алады деген сөз:
— негізгі тізбек жұлдызынан 100 а.б. қашықтықтан — 0,3 Юпитер массасындай;
— M-типті жұлдыздан 10 а.б. қашықтықтан — Сатурн массасындай;
— M-типті жұлдыздан 100–200 а.б. қашықтықтан — Нептун массасындай.
Credit: NASA/ESA/CSA, A Carter (UCSC), the ERS 1386 team, and A. Pagan (STScI)

FALCON HEAVY'ДІҢ ТӨРТІНШІ СТАРТЫ — 1 ҚАРАША, 19:40-ТА
Жұртшылық екі жаңа аса ауыр зымыранның алғашқы ұшырылымын тағатсыздана тосып отырғаны белгілі. НАСА-ның SLS машинасының старты 14 қарашаға белгіленіп тұр. SpaceX компаниясының Starship зымыраны орбитаға желтоқсанның екінші жартысында шығуы мүмкін.
Ал қолданыстағы әзірше жалғыз аса ауыр зымыранның жағдайы қалай? SpaceX Falcon Heavy үш рет ұшырылғаны мәлім. Алайда оның соңғы көтерілгеніне 3,5 жылдай болды. Енді, міне, ұзақ үзілістен соң Ауыр Сұңқар тағы самғамақшы. Оның 27 Merlin қозғағышының 27 қазандағы статикалық тұтандыру сынағы сәтті өтті (суретте).
Falcon Heavy зымыранының USSF-44 миссиясы 1 қараша, Алматы уақытымен 19:40-қа жоспарланған. Мақсат — АҚШ Ғарыш күштерінің құпия ауыр жерсерігі мен TETRA-1 атты микрожерсерігін геостационар орбитаға шығару. Жүктеменің жалпы массасы 3700 кг. Тасығыштың B1066 орталық сатысы мен қапталдағы B1064, B1065 үдеткіштері жаңа, бұрын қолданылмаған.
Зымыран Кеннеди ғарыш орталығының тарихи LC-39A ұшыру алаңынан көтеріледі. Орталық саты кері қайтарылмай, мұхитқа құлап түседі. Үдеткіштер құрлыққа, LZ-1, LZ-2 қону алаңдарына қонуы тиіс. Қос саты қатар қонатын керемет көріністен құр қалмауға тырысайық. Ресми тікелей эфирдің сілтемесі әзірше жарияланған жоқ.
Credit: SpaceX

🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon Heavy'дің тіктелуі. Старт — 19:41-де
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 50-ші ұшырылым (Falcon Heavy — 1-ші)
1 қараша 19:41. КҒО, LC-39A. USSF-44 миссиясы — АҚШ Ғарыш күштерінің екі жерсерігін геостационар орбитаға шығару

🔥1