Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
FALCON 9 2022 ЖЫЛЫ 48 РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ — ЖАҢА ӘЛЕМ РЕКОРДЫ 🏆

20 қазандағы Starlink 4.36 миссиясы SpaceX Falcon 9 Block 5 FT зымыранының биылғы 48-ші ұшырылымы болды. Тарихтағы еш зымыранның нақты бір модификациясы бір жыл ішінде орбитаға одан жиі көтерілген емес. Бұрынғы рекорд Союз-У зымыранына тиесілі еді: 1979 жылы 47 ұшырылым (45-і сәтті).
🔥1
КҮН ТҰТЫЛУЫНА БІР КҮН ҚАЛДЫ

Ауа райы болжамы бойынша, ертең еліміздің біраз аумағында аспан ашық болмайтын сияқты. Сонда да ірі қалалардағы тұтылу максимумы уақыты (жергілікті уақытпен) мен сол сәттегі Күн дискі көрінісін жариялап қояйық. Толығырақ — арнадағы арнайы роликте: https://youtu.be/antshLfRY6k
🥰1
Алматы мен Астана үмітсіз емес
🙏3
КҮННІҢ ЖАРТЫЛАЙ ТҰТЫЛУЫ ДЕГЕН НЕ?

Бүгін, 2022 жылы 25 қазанда Күн жартылай тұтылады. Бұл құбылыс, Күн, Ай, Жер мінсіз сап түземей, Жер бетіне алакөлеңке немесе пенумбра, яғни ай көлеңкесінің жарықтау сыртқы бөлігі түскенде бақыланады. Толық және сақина тәрізді тұтылулар кезінде де бақылаушылардың көбі жартылай тұтылуды көретінін ескерген жөн.

Бірақ бұл жолы таза жартылай тұтылу бақыланады, яғни Жер шарының еш нүктесінде Ай Күн бетін толық тасаламайды. Ресейдің Нижневартовск қаласында тұтылу 82% болса, Қазақстанда Күн 65%-тен (Маңғыстау) 80%-ке (солтүстік аймақтар) дейін көлегейленеді.
🌚3🤯1
1990 ж. 25 ҚАЗАНДАҒЫ ПЛАНЕТАЛАР ШЕРУІ

1990 жылғы 25 қазанда, Егемендік Декларациясы қабылданған кеште*, Сатурн, Нептун, Уран планеталары Мерген шоқжұлдызына топтасқан екен. Оларға дәл бірінші ширектегі жарты Ай да қосылыпты. Біздің Құс Жолы галактикасының орталығы осы Мерген шоқжұлдызы бағытында екені белгілі.

* Қазақ ССР халық депутаты В. Вороновтың естелігінше, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация Алматы уақытымен 20:00 шамасында қабылданған.
#астродерек
🤔2
Алматыдағы жартылай Күн тұтылуы. 25 қазан 2022 жыл.
Фото: Максим Золотухин
🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 UQ1 ЖЕРМАҢЫ АСТЕРОИДЫ ЖАСАНДЫ НӘРСЕ БОЛЫП ШЫҚТЫ

16 қазанда Жерден 2700 километрде өткен 2022 UQ1 жермаңы астероидын ATLAS желісінің телескопы екі күннен соң байқады. Зерттеушілер өлшемі 10 метр деп бағаланған астероидтың орбитасын анықтап, оны Атондар тобына жатқызды. Алайда астрономдар Билл Грей мен Давиде Фарноккья дененің тура бір жыл бұрын, 2021 ж. 16 қазанда да Жер маңында болғанын анықтады. Бұл күндері не болып еді, есіңізге түсті ме?

Былтыр қазанның 16-на ұшырылған Lucy зонды, биыл дәл сол күні Жерге қайта жақындап өткенін таяуда жаздық. 2022 UQ1-дің орбитасын мұқият зерттеу, оның Люсиді ұшырған Atlas V 401 зымыранының "Центавр" үдеткіш блогы екенін көрсетті. Кіші планеталар орталығы жалған "астероидты" өз тізбесінен алып тастады.

Анимация: @tony873004 / Twitter
👍1🤣1
ЭД СТОУН ВОЯДЖЕР ЖЕТЕКШІЛІГІНЕН КЕТТІ

Вояджер миссиясының ғылыми жетекшісі Эдвард Стоун зейнет демалысына кетті. 86 жастағы астрофизик бұл қызметті жарты ғасыр атқарды: НАСА тарихындағы теңдессіз жағдай. Стоун ғылыми жетекшілікке қос Вояджер ұшырылардан бес жыл бұрын, 1972 жылы тағайындалған. Оның басшылығымен зондтар барлық төрт алып планетаның тұсынан ұшып өтіп, жұлдызаралық кеңістікке шыққан адам қолының алғашқы туындылары атанды. Стоун Вояджер бағдарламасының алғашқы командасынан қалған соңғы мүше еді.

Астрофизик ретіндегі қызметін 1961 жылы бастаған Эдвард Стоун мыңнан астам ғылыми еңбек жазған. 1964 жылдан бастап Калифорния технологиялық институтының (Калтех) оқытушысы, 1976 жылдан бері — физика профессоры. 1983–88 жж. Калтехтің физика, математика және астрономия кафедрасын басқарған. 1988–2007 жж. — Кек обсерваториясы директорлар кеңесінің төрағасы. 1991–2001 жж. Стоун НАСА-ның Калтех басқаруындағы даңқты бөлімшесі — Реактивті қозғалыс зертханасының директоры болды. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1984), 2003–2009 жж. — Халықаралық астронавтика академиясының президенті.

Ғалым Ұлттық Ғылыми медальмен (1991), Магеллан сыйлығымен (1992), Карл Саган атындағы сыйлықпен (1999), Филип Класс сыйлығымен (2007), НАСА-ның "Қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін" медалімен (2013), Говард Хьюз атындағы сыйлықпен (2014), азиялық Нобель — Шао сыйлығымен (2019), Бенджамин Франклин медалімен (2022) марапатталған. 1996 жылы №5841 астероидқа Стоунның аты берілді.

Эд Стоунның орнын планетолог, Кассини миссиясының соңғы ғылыми жетекшісі Линда Спилкер басты. Ол Вояджер миссияларына да атсалысқан. Вояджер-1 23,7 млрд км, Вояджер-2 19,7 млрд км қашықтықтан әлі күнге хабар жіберіп тұр. Радиоизотоптық генераторлар беретін қуат 2025 жылға дейін жетуі мүмкін.
🕊1
ЖАРАТЫЛЫС ҰСТЫНДАРЫ!
ЕНДІ ОРТА ИНФРАҚЫЗЫЛ ТОЛҚЫНДА

Мына үрейлі көріністі Уэбб ғарыштық телескопының MIRI орта инфрақызыл аспабы алған. Алып құбыжықтың әр саусағының ұзындығы 5 жарық жылындай! Әрине, бұл —Жаратылыс Ұстындары! Бүркіт тұмандығының осы аймағы инфрақызыл жарықта тарихтағы ең жоғары ажыратыммен түсірілді.

Орта инфрақызыл диапазонда тозаң мен газ жақсы бақыланады. Ең қою сұр түсті аймақтар — тозаңның барынша тығыз шоғырланған тұсы, ал жоғарыдағы қызыл облыста тозаң сейіліп, салқындаған. Алаң болмаңыздар, таяуда жарияланған кескіндегі жұлдыздар жоғалып кеткен жоқ, олар орта инфрақызыл жарықта онша көрінбейді. MIRI жас жұлдыздарды — ұстындардың шетіндегі қызыл шарларды, сондай-ақ кәрі көкшіл жұлдыздарды байқаған.
Credits: NASA, ESA, CSA, STScI; Joseph DePasquale (STScI), Alyssa Pagan (STScI)
2🤩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 49-шы ұшырылым
28 қазан 07:14. Ванденберг, SLC-4E. Starlink 4.31 миссиясы — 53 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1063.8 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
👍1
SPACEX VS. ҚАЛҒАН ӘЛЕМ — ТАҒЫ ДА 2:1

BryceTech мәліметінше, SpaceX компаниясы 2022 жылдың 3-тоқсанында орбитаға шығарған ғарыш аппараттарының жалпы массасы 212 496 кг болған екен. Бұл БҮКІЛ дүние жүзіндегі мемлекеттік ғарыш агенттіктері мен басқа ғарыш компаниялары шығарған ЖИЫНТЫҚ массадан (91 859 кг) ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ!

Басқаша айтқанда, 3-тоқсанда дүние жүзі бойынша орбитаға шығарылған пайдалы жүктеменің үштен екісін бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясы көтерген.

Бұл үш айда орбитаға шығарылған 808 ғарыш аппаратының 705-н SpaceX көтерген. Оның 701-і — Starlink жерсеріктері. Қалғандары: Cargo Dragon жүк кемесі, Sherpa LTC-2 платформасы, BlueWalker-3 байланыс жерсерігі, Danuri корей айсерігі.

Компания шілде-қыркүйекте 16 ұшырылым жасады, 2-орында Қытай әуе-ғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) — 15. Жалпы дүние жүзі бойынша 3-тоқсанда 50 ұшырылым жүзеге асты.
Инфографика: BryceTech
🔥1