VULCAN ЗЫМЫРАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҰШЫРЫЛЫМЫ — 2023 ЖЫЛЫ ҚАҢТАРДА
Lockheed Martin мен Boeing корпорациялары бірлесіп құрған United Launch Alliance (ULA) ұшыру операторы қазір Delta IV Heavy мен Atlas V зымырандарын қолданып жүр. Өндірісі тоқтатылған тасығыштардың сәйкесінше 2 және 20 данасы қалды (15 қазан 2022). Олардың бәрінің не ұшыратыны жайлы келісімшарттар жасалып тұр.
ULA қолданатын жаңа Vulcan ауыр зымыранының алғашқы ұшырылымы желтоқсаннан 2023-тің қаңтарына шегерілгені белгілі болды. Бұған клиенттің — Astrobotic компаниясының өтініші себеп. Astrobotic НАСА-ның CLPS бағдарламасы аясында Айға қондырылатын Peregrine лендерін тағы бір тексеріп алмақ.
Екі сатылы Вулканның бірінші сатысында Blue Origin компаниясы жасайтын екі BE-4 қозғағышы пайдаланылады. Метан мен сұйық оттегін жағатын қозғағыштың алғашқы данасы жақында ULA-ның қолына тиді. Екінші BE-4 қарашада жеткізілсе, тұтандыру сынақтары желтоқсанда өтетін шығар. АҚШ Қарулы күштері жүктемелерін ғарышқа шығара бастамас бұрын, Vulcan екі рет сәтті ұшырылуы тиіс.

👍1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖАРТЫЛАЙ КҮН ТҰТЫЛУЫНА 9 КҮН ҚАЛДЫ
Күн мен Ай аспанда шығыстан батысқа қарай жүретінін бәріміз білеміз. Олай болса, күн тұтылуы кезінде Жер бетіне түскен Ай көлеңкесі неліктен батыстан шығысқа жылжиды?
Мұның себебі «Балаларға ғылым туралы» арнасындағы жаңа роликте түсіндіріледі

🔥1
SWIFT ПЕН FERMI ТЕЛЕСКОПТАРЫ АСА КҮШТІ ГАММА-ЖАРҚЫЛДЫ ТІРКЕДІ
2022 жылы 9 қазанда аса жоғары энергиялы сәулелену импульсі Жерге жетті. Оны гамма-жарқыл (GRB) — Әлемдегі ең қуатты энергия көзі туғызған. Бүкіл Күн жүйесін көктей өткен рентген- және гамма-сәулелену ағынын НАСА-ның Fermi және Swift ғарыштық обсерваториялары, Wind ғарыш аппараты мен басқа да аспаптар тіркеді. Бүкіл дүние жүзі астрономдары телескоптарын жарқыл көзіне қарай бұрды.
Жебе шоқжұлдызынан шыққан сигнал бізге дейін 1,9 млрд жыл жүрген. Жарқылға жаңа туған қара құрдым кінәлі. Ол термоядролық реакциялар сөнісімен, өз салмағы коллапсқа ұшыратқан ауыр жұлдыздың орталығында түзілген. Жаңа пайда болған қара құрдым жылдамдығы жарық жылдамдығына жақын бөлшектердің қуатты ағымын шашады. Бұл джеттер жұлдызды басып өткенде, рентген- және гамма-сәулелену туғызады.
GRB 221009A жарқылы ғалымдарға жұлдыз коллапсы, қара құрдымдардың тууы, жылдамдығы жарыққа жақын заттың әрекеті, алыс галактикадығы жағдай, т.б. жөнінде мол ақпарат береді. Мұншалықты қуатты гамма-жарқыл бірнеше онжылдықта бір тіркелуі мүмкін.
Анимация: Fermi гамма-телескопының аспанның GRB 221009A жарқылы шыққан бөлігін 10 сағат бақылауы. Құс Жолы галактикамыздың гамма-сәулеленуі жалпақ диагональ жолақ түрінде көрінеді. Кескіннің ені 20° шамасында.

Credit: NASA/DOE/Fermi LAT Collaboration
АСА ҚУАТТЫ GRB 221009A ЖАРҚЫЛЫ SWIFT ОБСЕРВАТОРИЯСЫ КӨЗІМЕН-1
Swift-тің рентген телескопы GRB 221009A-ның кейінгі жарықтануын бір сағаттан кейін байқады. Жарық сақиналар — біздің галактикадағы тозаң қабаттары шағылдырған рентген-сәулелену.
Credit: NASA/Swift/A. Beardmore (University of Leicester)
НАСА-ның Neil Gehrels Swift обсерваториясы 585 х 604 км геоцентр орбитаға 2004 жылы 20 қарашада ұшырылған. Оның бортында BAT гамма-жарқылдар детекторы, XRT рентген телескопы, UVOT ультракүлгін/оптикалық телескопы орнатылған. Екі жыл істейді деп жоспарланған миссияға жақында 18 жыл толады.

🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АСА ҚУАТТЫ GRB 221009A ЖАРҚЫЛЫ SWIFT ОБСЕРВАТОРИЯСЫ АСПАПТАРЫ КӨЗІМЕН-2
Swift-тің ультракүлгін/оптикалық телескопы көрінетін спектрде түсірген суреттер GRB 221009A жарқылының кейінгі жарықтануы 10 сағатта біртіндеп бәсеңдегенін көрсетеді. Жарқыл Жебе шоқжұлдызында, 1,9 млрд жыл бұрын болған. Кескіннің ені 4 бұрыштық минуттай.
Credit: NASA/Swift/B. Cenko

😱1
ХАББЛ ТЕЛЕСКОПЫ ҒАЖАЙЫП СПИРАЛЬ ГАЛАКТИКАНЫ ЗЕРТТЕДІ
«Жас келсе, іске» дегендей, Уэбб ғарыштық телескопы жұмысқа кіріскелі бері, спектрлер мен ғылыми деректерден басқа, Жерге небір тамаша кескіндер ағынын жіберуде. Олардың біразын жарияладық. Алайда әйгілі ардагер телескоп — Хаббл да өз қызметін жалғастырып отыр. Сонымен, бүгін Хабблдан бір әдемі сурет болсын.
NGC 1961 галактикасы 180 млн жарық жылы қашықтықта, Керік шоқжұлдызында орналасқан. Хаббл ғарыштық телескопы алған мына кескіннен оның керемет спираль салаларын көреміз. Галактиканың жарық орталық облысын орай жатқан шаңды спираль салаларда жас көгілдір жұлдыздар жарқырайды.
Белсенді галактика ядросына (БГЯ) ие NGC 1961 — аралық спираль галактика. Олар жіктелім бойынша қосқышы бар және қосқышы жоқ спираль галактикалар аралығында. Аралық галактиканың орталығында айқын анықталған жұлдыздар жолағы болмайды.
БГЯ галактикалардың орталығы өте жарық, олар кейбір толқын ұзындығында галактиканың қалған бөлігінен әлдеқайда көп сәуле шығарады. Мұндай галактикалар орталығында, олардың дамуына әсері мол күшті джеттер мен бөлшектер ағысын туғызатын аса ауыр қара құрдым болуы ықтимал. NGC 1961 — төмен энергиялы зарядталған бөлшектер шығаратын БГЯ-ның жиі кездесетін типі.

👏1
УЭББ ЖАРАТЫЛЫС ҰСТЫНДАРЫН СУРЕТКЕ ТҮСІРДІ!
НАСА-ның Уэбб ғарыштық телескопы аңызға айналған Жаратылыс Ұстындарының таяу инфрақызыл диапазондағы кескінін алды. Жылан шоқжұлдызындағы алып Бүркіт тұмандығының осы аймағы бізден 6500 жарық жылы қашықтықта. Мұндағы тығыз тозаң мен газ бұлттарында сансыз жұлдыздар түзіліп жатыр.
NIRCam камерасы түсірген суреттегі ашық-қызыл шарлар — жаңа пайда болған жұлдыздар. Газ-тозаң бұлтының гравитация тығыздаған түйнектерінен жаңа жұлдыз түзіле бастайды. Кей ұстындардың шетіндегі жарқыраған ашық-қызыл ирек сызықтар ше? Бұл — әлі түзілу барысындағы жұлдыз лақтырған зат.
Уэбб кескіндерінде әдетте алыс галактикалар көрініп тұрады. Бірақ бұл суретте емес.
Құс Жолы дискінің ең тығыз бөлігіндегі жұлдызаралық орта, яғни жартылай мөлдір газ бен тозаң қабаты, ар жақты шымылдықша бүркеп тұр. Сахна төріне енді жұлдыздар шықты.
Жаратылыс Ұстындарын алғаш 1995 жылы Хаббл ғарыштық телескопы көрген. Уэбб алған жаңа кескін, зерттеушілерге жаңа туған жұлдыздар саны мен аймақтағы газ бен тозаң мөлшерін әлдеқайда дәл анықтау арқылы, жұлдызтүзілу моделін жаңартуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, осынау тозаң бұлттарынан жұлдыздар қалай түзіліп, қалай жарып шығатынын жақсырақ түсінеміз.

🔥2
ЖАРАТЫЛЫС ҰСТЫНДАРЫ — ХАББЛ МЕН УЭББ СУРЕТТЕРІН САЛЫСТЫРУ
Жаратылыс Ұстындарын НАСА-ның Хаббл ғарыштық телескопы 1995 жылы түсірген алғашқы сурет әйгіледі. Хаббл 2014 жылы бұл аймақтың көрінетін жарықтағы анығырақ және ауқымдырақ жаңа кескінін алды (сол жақта).
Уэбб ғарыштық телескопы таяу инфрақызыл диапазонда түсірген сужаңа суретте (оң жақта) тозаң қоюырақ. Жуан қоңыр ұстындар инфрақызыл жарықта селдірлеу көрінетіндіктен, түзіліп жатқан қызыл жұлдыздар молая түскендей.
Credits:
Science: NASA, ESA, CSA, STScI, Hubble Heritage Project (STScI, AURA)

😍1
20–22 ҚАЗАН — ОРИОНИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫ
Орионидалар метеор ағыны биыл шыңына қазанның 20-нан 21-не немесе 21-нен 22-не қараған түні жетеді деп күтіліп отыр. Биыл сағатына 20 аққан жұлдызға дейін бақылануы мүмкін. Ағынды Галлей кометасынан қалған бөлшектер туғызады, радианты — түн ортасы ауа шығатын Орион шоқжұлдызында.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аспан ашылды, кеміп бара жатқан Ай онша кедергі келтірмейді, түн де қатты суық емес. Жарық, әдемі, тез (66 км/сек) және айқын із қалдыратын ағын жайлы — арнайы бейнероликте: https://youtu.be/JpMVKUoJ8Rg

YouTube
20–22 қазан 2022 — Орионидалар метеор ағыны
Қазан мен қарашада белсенді Орионидалар метеор ағыны шыңына қазанның 21-і мен 22-не қараған түндері жетеді. Ол — ашық, қараңғы аспанда әдетте сағатына 10–20 метеор беретін орташа жұлдыз жауыны. Бақылауға қолайлы уақыт — түн ортасынан таң атқанша. 20%-тік…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 48-ші ұшырылым
20 қазан 20:50. Канаверал, SLC-40. Starlink 4.36 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару

Falcon 9 B1062.10 1-сатысы ASOG платформасына қонды
ЖАРТЫЛАЙ КҮН ТҰТЫЛУЫНА ҮШ КҮН ҚАЛДЫ
Дәстүр бойынша, 25 қазандағы Күн тұтылуының да еліміздің кейбір қалаларындағы көрінісін жариялап қойдық. Роликте сондай-ақ Қазақстан мен дүние жүзіндегі тұтылу бақыланатын аймақтар карталары бар.
https://youtu.be/antshLfRY6k

2022 ж. 25 қазандағы Күннің жартылай тұтылуының визуализациясы
КҮН ТҰТЫЛУЫ ДЕГЕН НЕ? https://youtu.be/mVYQXHHLBuc
ЕСКЕРТУ: КҮННІҢ ЖАРТЫЛАЙ ТҰТЫЛУЫН КӨЗДІ ҚОРҒАЙТЫН ҚҰРАЛДАРСЫЗ БАҚЫЛАУҒА БОЛМАЙДЫ! КҮНГЕ ТІКЕ ҚАРАУ КӨЗГЕ ӨТЕ ҚАУІПТІ!
Тікелей эфир: https://www.timeanddate.com/live/eclipse-solar-2022-october-25
2022 жылы…

FALCON 9 2022 ЖЫЛЫ 48 РЕТ ҰШЫРЫЛДЫ — ЖАҢА ӘЛЕМ РЕКОРДЫ 🏆
20 қазандағы Starlink 4.36 миссиясы SpaceX Falcon 9 Block 5 FT зымыранының биылғы 48-ші ұшырылымы болды. Тарихтағы еш зымыранның нақты бір модификациясы бір жыл ішінде орбитаға одан жиі көтерілген емес. Бұрынғы рекорд Союз-У зымыранына тиесілі еді: 1979 жылы 47 ұшырылым (45-і сәтті).

Telegram
Физика және Ғарыш
2022 жылғы 48-ші ұшырылым
20 қазан 20:50. Канаверал, SLC-40. Starlink 4.36 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
20 қазан 20:50. Канаверал, SLC-40. Starlink 4.36 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
🔥1
КҮН ТҰТЫЛУЫНА БІР КҮН ҚАЛДЫ
Ауа райы болжамы бойынша, ертең еліміздің біраз аумағында аспан ашық болмайтын сияқты. Сонда да ірі қалалардағы тұтылу максимумы уақыты (жергілікті уақытпен) мен сол сәттегі Күн дискі көрінісін жариялап қояйық. Толығырақ — арнадағы арнайы роликте: https://youtu.be/antshLfRY6k

🥰1