Starship S24 және SH B7 прототиптері біріктірілді. Старбейс, Бока-Чика, Техас.
Credit: SpaceX
Credit: SpaceX
❤🔥2🏆1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ДИМОРФТАҒЫ ЖАСАНДЫ КРАТЕРДІҢ ЖАҢА СУРЕТІ
Италия ғарыш агенттігі (ASI) LICIACube кубсаты соққыдан кейін түсірген Дидим мен Диморфтың жаңа суреттерін жариялады. Диморфтағы DART зонды жасаған соққы кратері байқалады. Кратер маңында шашылған заттың жарық сәулелері көрініп тұр. Дидим—Диморф жүйесіне 2026 жылдың аяғында жететін еуропалық Hera миссиясы осы кратерді жақыннан зерттейді.
Credit: ASI/NASA

❤1🔥1
ARTEMIS I МИССИЯСЫ 14 ҚАРАШАҒА МЕЖЕЛЕНДІ
НАСА Artemis I миссиясының жаңа датасын белгіледі. 69 минуттық ұшу терезесі 2022 жылы 14 қарашада, Алматы уақытымен 11:07-де ашылады. SLS зымыраны өзінің алғашқы стартында ұшқышсыз Orion ғарыш кемесін Айға аттандырмақ. Кеме бұл күні ұшса, Жерге 9 желтоқсанда оралуы тиіс. Қосалқы терезелер: 16 қараша, 12:04 — 14:04 және 19 қараша, 12:45 — 14:45.
21 қыркүйектегі қосымша сынақ сәтті өткен соң, НАСА зымыранды Иен дауылынан сақтау үшін Тік жинау ғимаратына қайтарған еді. Ол Кеннеди ғарыш орталығының SLC-39B ұшыру алаңына 4 қарашада шығарылады. SLS пен Orion-ның негізгі бөліктері жайлы бейнероликті көріңіздер: https://youtu.be/mLnGp9umFeI

YouTube
Artemis I: SLS зымыраны мен Orion ғарыш кемесі
НАСА-ның алғаш ұшырылғалы отырған Space Launch System (SLS) аса ауыр зымыраны ұшқышсыз Orion ғарыш кемесін Айға жөнелтеді. Айды ерекше ретроград орбитамен айналып келген кеме Тынық мұхит айдынына қонуы тиіс. SLS астробиологиялық, сондай-ақ Айды, астероидтарды…
👍2
ҚОСАР ЖҰЛДЫЗДАҒЫ «ЖЫЛДЫҚ САҚИНАЛАР» /УЭББ САҚИНАЛАРЫ-4/
Уэбб ғарыштық телескопы Жерден 5600 жарық жылында, Аққу шоқжұлдызында орналасқан WR 140 қосар жұлдызы айналасындағы ерекше жарық сақиналарды суретке түсірді. Оларды қосар компоненттерінен атқылаған жұлдыз желі мен тозаң туғызған.
WR "Wolf-Rayet" дегенді білдіреді. Вольф-Райе жұлдызы — өз ғұмырының кейінгі кезеңдеріндегі, Күннен кемінде 25 есе ауыр O-типті шырақ. Сондықтан олар сутегіге кедей, ал гелийге бай және өте күшті жұлдыз желін шашады.
WR 140 жүйесіндегі жұлдыздар бір-бірін эллипс бойымен айналады. Олар шамамен 1,3 а.б. дейін барынша жақындасқан сәтте, екеуінің қуатты желдері соқтығысады. Зат суи келе, түзілген тозаң біртіндеп сыртқа үрленеді.
Қосардағы жұлдыздар сегіз жер жылы сайын жақындасады, әр кездесу нәтижесінде кезекті тозаң сақинасы пайда болады. Уэбб алған кескінде 17 сақина бар, демек олардың ең сыртқысының жасы 136 жылдан аспайды. Таңғажайып сақиналар 10 триллион километрге созылып жатыр.

🔥2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
14 қазан 2022, 22:05. Crew-4 миссиясының Crew Dragon C212 Freedom ғарыш кемесі ХҒС-тан ажырады. Атлант мұхитына қону — 15 қазан, 02:50-де
🔥1👏1
CREW-4 ЭКИПАЖЫ ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
2022 жылы 15 қазанда Алматы уақытымен 02:52-де Crew Dragon C212 Freedom ғарыш кемесінің капсуласы Атлант мұхиты айдынына аман-есен қонды. Капсула Megan кемесі бортына көтеріліп, Crew-4 экипажының мүшелері Челл Линдгрен, Боб Хайнс, Джессика Уоткинс, Саманта Кристофоретти тысқа шықты. Ғарышта 170 тәулік болып, Жерді 2720 рет айналып шыққан ғарышкерлердің денсаулығы қалыпты.
Credit: NASA
2022 жылы 15 қазанда Алматы уақытымен 02:52-де Crew Dragon C212 Freedom ғарыш кемесінің капсуласы Атлант мұхиты айдынына аман-есен қонды. Капсула Megan кемесі бортына көтеріліп, Crew-4 экипажының мүшелері Челл Линдгрен, Боб Хайнс, Джессика Уоткинс, Саманта Кристофоретти тысқа шықты. Ғарышта 170 тәулік болып, Жерді 2720 рет айналып шыққан ғарышкерлердің денсаулығы қалыпты.
Credit: NASA
🔥1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 47-ші ұшырылым
15 қазан 11:22. Канаверал, SLC-40. Eutelsat Hotbird 13F миссиясы — Eutelsat компаниясының 4500 кг байланыс жерсерігін геостационар орбитаға шығару

🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1069.3 1-сатысы JRTI платформасына қонды
VULCAN ЗЫМЫРАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҰШЫРЫЛЫМЫ — 2023 ЖЫЛЫ ҚАҢТАРДА
Lockheed Martin мен Boeing корпорациялары бірлесіп құрған United Launch Alliance (ULA) ұшыру операторы қазір Delta IV Heavy мен Atlas V зымырандарын қолданып жүр. Өндірісі тоқтатылған тасығыштардың сәйкесінше 2 және 20 данасы қалды (15 қазан 2022). Олардың бәрінің не ұшыратыны жайлы келісімшарттар жасалып тұр.
ULA қолданатын жаңа Vulcan ауыр зымыранының алғашқы ұшырылымы желтоқсаннан 2023-тің қаңтарына шегерілгені белгілі болды. Бұған клиенттің — Astrobotic компаниясының өтініші себеп. Astrobotic НАСА-ның CLPS бағдарламасы аясында Айға қондырылатын Peregrine лендерін тағы бір тексеріп алмақ.
Екі сатылы Вулканның бірінші сатысында Blue Origin компаниясы жасайтын екі BE-4 қозғағышы пайдаланылады. Метан мен сұйық оттегін жағатын қозғағыштың алғашқы данасы жақында ULA-ның қолына тиді. Екінші BE-4 қарашада жеткізілсе, тұтандыру сынақтары желтоқсанда өтетін шығар. АҚШ Қарулы күштері жүктемелерін ғарышқа шығара бастамас бұрын, Vulcan екі рет сәтті ұшырылуы тиіс.

👍1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖАРТЫЛАЙ КҮН ТҰТЫЛУЫНА 9 КҮН ҚАЛДЫ
Күн мен Ай аспанда шығыстан батысқа қарай жүретінін бәріміз білеміз. Олай болса, күн тұтылуы кезінде Жер бетіне түскен Ай көлеңкесі неліктен батыстан шығысқа жылжиды?
Мұның себебі «Балаларға ғылым туралы» арнасындағы жаңа роликте түсіндіріледі