Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
21 МАУСЫМ — ЖАЗҒЫ КҮН ТОҚЫРАУЫ

2026 жылы 21 маусымда 13:24-те Күн аспандағы жолының ең солтүстік нүктесіне жетеді. Әр күн сайын биігірек доға сызып өтетін Күн, бір орында тоқтағандай көрінеді, сондықтан құбылыс "Маусымдағы күн тоқырауы" деп аталады. Енді Күннің аспандағы жолы күн санап төмендей береді.

Маусымдағы күн тоқырауы сәтінде Солтүстік жартышарда астрономиялық жаз, ал Оңтүстік жартышарда қыс басталады. Бұл күні Солтүстік жартышарда ең ұзақ күн мен ең қысқа түн бақыланса, Оңтүстік жартышарда — керісінше.

Ақтауда 2026 жылғы 21 маусымда Күн 5:53-те шығып, 21:20-да батады, демек күннің ұзақтығы 15 сағат 26 минут 41 секунд, ал түннің ұзақтығы 8:33:19. Салыстыру үшін, 21 желтоқсандағы қысқы күн тоқырауында күннің ұзақтығы 8:55:38, түннің ұзақтығы 15:04:22.

#астрокүнтізбе
👍2
Шолпан мен Ай, 17 маусым 2026
Фото авторы: dyubois
👍1
БІР ДЕ ТӨРТ
👍1
ҚЫТАЙ ОРБИТАЛЫҚ ЗЫМЫРАН САТЫСЫН СЫМДАР ЖҮЙЕСІНІҢ КӨМЕГІМЕН СӘТТІ ҚАРМАП АЛДЫ!

2026 жылғы 10 шілдеде сағат 9:15-те Қытайдағы Вэньчан ғарыш айлағынан «Long March 10B» зымыранының алғашқы орбиталық ұшырылымы өтті. Демонстрациялық миссия аясында оның бірінші сатысы басқарыла отырып қайта оралды да, аралық бөлімдегі өртке қарамастан, «Ling Hang Zhe» теңіз платформасында керілген сымдар жүйесінің көмегімен ауада сәтті қармап алынды!

📌 CASC орбиталық зымыранның 1-сатысын сәтті қайтарып, жұмсақ қондыруға / қармап алуға қабілетті әлемдегі үшінші оператор (SpaceX пен Blue Origin-нен кейін) атанды!

Ұшырылым сәтті өтті деп танылды.

Бұл саты бірінші әрекеттен-ақ қармалды, ал 2025 жылы CASC «Long March 12A» сатысын құрлыққа қайтара алмаған болатын. Осылайша, ол ұшырылым операторы ретінде орбиталық зымыран сатысын «Blue Origin» сияқты екінші әрекеттен сәтті қайтара алды.

«Long March 10B» (Чанчжэн-10B, CZ-10B) — керосин мен оттегімен жұмыс істейтін, төмен жермаңы орбитаға 16000 кг-ға дейін жүк шығаруға қабілетті, ішінара қайта қолданылатын орта сыныпты зымыран. Оны Қытай мемлекеттік әуе-ғарыш ғылыми-техникалық корпорациясы (CASC) жасап, ұшырады.

#ҚытайҒарышта #зымыранұшыру #ғарыштарихы
👍1
ЗЫМЫРАН САТЫСЫН ҚАЙТА ҚОЛДАНУ РЕКОРДЫ 36-ҒА ЖЕТТІ!

Ал SpaceX компаниясы 2026 жылғы 9 шілдеде Falcon 9 зымыранының B1067 нөмірлі 1-сатысын 36-шы рет сәтті ұшырып және қондырып, әлем рекордын тағы жаңартты! 🏆

#ғарыштарихы
👍1