Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
STARBASE, 21 МАМЫР 2026 ЖЫЛ

Техас штатындағы SpaceX компаниясының Starbase ғарыш кешені. Pad 2 ұшыру алаңында 12-ші сынаққа қатысқан Starship зымыраны тұр.

Алғашқы он бір Старшип самғаған Pad 1 ұшыру алаңындағы "отырғыш" атанып кеткен старт тағаны қазір жоқ, бұзылып тасталды. Бірақ аса ауыр зымыран үдеткішін тарихта бірінші болып "қолмен қармаған" мұнара орнында.

Әріректе Starbase қаласы мен өндіріс алаңдары, соның ішінде зымыран детальдарын шығаратын Starfactory фабрикасы орналасқан. Биік MegaBay 1, MegaBay 2 ғимараттарында дайын бөлшектерден алып үдеткіштер мен кемелер құрастырылады. Ал былтыр сүрілген Highbay ангарының орнында әлдеқайда үлкен Gigabay тұрғызылып жатыр.

Түсініктірек болу үшін аймақтың картасын да жариялап қояйық.
👍1
Юпитер мен Шолпан, 8 маусым 2026 жыл. Әл Аламейн, Мысыр
Фото авторы: Петр Калмыков
👍1
12/13 МАУСЫМ 2026 — ҮШ КЕШКІ, ЕКІ ТАҢҒЫ ПЛАНЕТА

Кешке бұрынғыша жарқыраған Шолпан мен Есекқырған батыс аспанның сәнін келтіріп тұр. Олардың оң жағынан және төменірек, Егіздердің арасынан Меркурий де көрінеді.

Ал 13 маусымда таңғы елең-алаңда шығыс көкжиек үстінен жіңішке Ай орағының қасындағы қызыл Марс байқалады. Бұлардан жоғарырақ Сатурн көзге шалынады.

#астрокүнтізбе
👍1
Есекқырған мен Шолпан, 9 маусым 2026 жыл
Эйвбери, Ұлыбритания

Image Credit & Copyright: Josh Dury
#фотокөрме #nasa_apod
👍2
НЕГІЗГІ ЖАПОН ЗЫМЫРАНЫНЫҢ H3-30S НҰСҚАСЫ АЛҒАШ ҰШЫРЫЛДЫ

Жапониялық H3 зымыранының қапталдағы үдеткіштері жоқ H3-30S конфигурациясындағы алғашқы ұшырылымы сәтті өтті: орбитаға жүктеменің масса-габарит макеті мен 7 кубсат шығарылды. H3-30S нұсқасы төмен жермаңы орбитаға (ТЖО) 4 тоннаға дейін жүк шығара алады және егер ұшыру құны жеткілікті төмен болса, коммерциялық сұранысқа ие болуы мүмкін.

H3 қазіргі қолданыстағы зымырандар арасында таза сутегі отынымен ұшатын жалғыз тасығыш, демек экологиялық жағынан ең тазасы да. 2026 жылғы 12 маусымдағы старт Жапонияның негізгі зымыранының былтыр желтоқсандағы H3‑22S нұсқасының апатынан кейінгі бірінші, ал жалпы 8-ші ұшырылымы (6-ы сәтті) болды.

H3 1-сатыдағы LE-9 қозғағыштары саны (2 немесе 3), қапталдағы қатты отын жағатын SRB-3 үдеткіштері саны (0, 2 не 4) және жүктеме қақпағының өлшеміне қарай (S - қысқа, L - ұзын, W - кең) төрт конфигурацияда құрастырылуы мүмкін.

#зымыранұшыру #ЖапонияҒарышта
👍1
КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН КОНГО — ЕКІ БӨЛЕК ЕЛ

Ойлағанымыздай-ақ, біздің футбол журналистері мен блогерлері Конго Демократиялық Республикасын (бұрынғы Заир, астанасы Киншаса) Конго дей бастады. Конго деп негізі басқа мемлекетті — Конго Республикасын (астанасы Браззавиль) атайтынын білу бұлар үшін жаңалық болар еді. Ал құрамасы FIFA Әлем кубогында Өзбекстанмен бір топта ойнайтын елді қысқаша Конго ДР, КДР деген жөн.

Бір қызығы, Киншаса мен Браззавиль Конго өзенінің қарама-қарсы жағаларында орналасқан. Өзеннің төменгі ағысын еуропалықтар Заир деп те карталаған. Қазіргі Конго ДР елі Мобуту Сесе Секоның билігі тұсында, 1971-1997 жылдары ресми түрде Заир атауын иеленген еді.

#геодерек #саужой
👍1
Falcon 9 зымыраны туғызған үш соққы толқыны дақтары бар Күн фонында

Image Credit & Copyright: John Winkopp (WAI Media)
#фотокөрме #nasa_apod
🏆1
17 МАУСЫМ 2026 — АЙ ОРАҒЫ ҮШ ПЛАНЕТАМЕН БІР САПТА

2026 жылғы 17 маусымда қараңғы түсе, батыстан ерекше жарық Шолпан (-4,0m) мен Есекқырғанның (-1,8m) арасынан жіңішке Ай орағын (Ф= 0,07+) көре аламыз. Меркурий (+0,7m) де олармен бір сызық бойында дерлік (яғни эклиптика жазықтығында), бірақ біршама төмен орналасады. Босағаның сол жақтауын құрайтын Егіздердің екі жарық жұлдызы да осы маңда.

Ал 18 маусымға қараған түні 01:00—03:43 аралығында Ай Шолпанмен тоғысады. Құбылыс қос Америка құрлығынан бақыланады, бізде олар бұған дейін батып кетеді. Есекқырған мен Меркурийдің кешкі көріну кезеңдері аяқталуға жақын, аспан ашық болса, бақылап қалыңыз.

#астрокүнтізбе
👍1
Ақмола облысындағы қараусыз қалған Заозёрный кентін 3D-аралау (уран өнеркәсібіне қатысты "№3 Объект").
Евгений Волковтың жұмысы.

Заозёрный Астанадан 270 км қашықтықта, Бурабай бағытында екен.
#геодерек
👍1
ПЛАНЕТАЛАРДЫҢ КІШІ ШЕРУІ

Жоғарыдан төмен қарай: Шолпан, Есекқырған, Меркурий және Ай орағы, 16 маусым 2026
1. Солтүстік жартышардан көрініс
2. Оңтүстік жартышардан көрініс
Фото авторлары: m_iashh_a, Вадим

Бүгін, шерудің екінші күні, Ай орағы Шолпан мен Есекқырғанның арасынан байқалады
👍1
ПЛАНЕТАЛАРДЫҢ КІШІ ШЕРУІ: ЕКІНШІ КЕШ

Жоғарыдан төмен қарай сап түзеген Шолпан, Ай, Есекқырған, Меркурий, 17 маусым 2026 жыл
Фото авторы: DreamerAndrey
#фотокөрме
👍1
Шолпан мен Ай, 17 маусым 2026
Фото авторы: Ekamag
👍1