Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Канавералдағы LC-36 ұшыру алаңының жағдайымен танысуға НАСА басшысы Джаред Айзекман өзі келді. Ол Blue Origin компаниясының қожасы Джефф Безоспен және бас директоры Дэйв Лимппен кездесті.
👍1
БОСАҒА, ЮПИТЕР, АЙ ОРАҒЫ, ШОЛПАН

Кешке батысқа қарасаңыз, Босаға жұлдызөрнегін құрайтын төрт жұлдыз анық көрінеді. Босағаның сол жақтауының астында Есекқырған, ортада — Ай орағы мен Шолпан жарқырап тұр. Фото 2026 жылғы 18 мамырда түсірілген.

Фото авторы: Константин Григорьев
#астрокүнтізбе #фотокөрме
👍1
130. УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ 3I/ATLAS ЖҰЛДЫЗАРАЛЫҚ КОМЕТАСЫНАН МЕТАН ТАПТЫ

Джеймс Уэбб ғарыш телескопы 3I/ATLAS жұлдызаралық кометасының құрамынан метан газын (CH4) анықтады. Күн жүйесінен тыс аспан денесінен метан алғаш рет табылып отыр. NASA мен Еуропа ғарыш агенттігінің астрономдары бұл жаңалық басқа жұлдыз жүйелеріндегі химиялық эволюция мен органикалық қосылыстардың түзілу процесін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін айтады.

Комета Күнге жақындаған кезде, оның бетіндегі мұз қабатының булануы нәтижесінде бөлінген газдарды телескоптың инфрақызыл аспаптары тіркеген. Спектрді талдау 3I/ATLAS кометасынан бөлінген метанның үлесі біздің Күн жүйесіндегі кометалармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екенін көрсетті. Бұл аталған жұлдызаралық нысанның өте суық және көміртегіне бай ортада қалыптасқанын дәлелдейді.

Уэбб телескопының көмегімен жүргізілген химиялық талдау барысында кометадан метанмен қатар су мен көмірқышқыл газы (CO2) да анықталды. Ең қызықтысы — осы заттардың өзара қатынасы. 3I/ATLAS кометасындағы метанның су мен көмірқышқыл газына шаққандағы арақатынасы Күн жүйесінде түзілген кометалардағыдан бірнеше есе асып түседі. 3I/ATLAS пайда болған өзге жұлдыз жүйесіндегі протопланеталық диск біздікінен мүлдем өзгеше жағдайда дамыса керек.

Уэбб телескопының орта инфрақызыл аспабы (MIRI) комета Күнді айналып өтіп, Күн жүйемізден шығып бара жатқан кезеңде екі бақылау жүргізген. Алғашқысы 2025 жылғы 15-16 желтоқсанда, комета Күннен шамамен 329 миллион километр қашықтықта болғанда, ал екіншісі — 27 желтоқсанда (379 млн км) жасалды.

Жұлдызаралық кометадан табылған көміртегі мен сутегінің қарапайым қосылысы ғарыш кеңістігіндегі күрделі органикалық молекулалардың бастау бұлағы болуы мүмкін. Қазір халықаралық зерттеу тобы Уэбб телескопы алған өзге де мәліметтерді өңдеуде. Олар 3I/ATLAS құрамында басқа ұшқыш заттар мен күрделі органикалық молекулалар бар-жоғын анықтауды жоспарлап отыр. Бұл зерттеулер ғарышта тіршілік пайда болуының алғышарттарын зерделеуге септігін тигізеді.

#ғылымижаңалық
👍2
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI, M. Belyakov (Caltech), I. Wong (STScI), Image Processing: A. Pagan (STScI)
👍1
ЕСЕКҚЫРҒАН МЕН ШОЛПАН

Аспандағы ең жарық екі планета 2026 жылғы 10 маусымға қараған түні 1,6°-қа дейін жақындасады. Дегенмен олар бүгін кешке-ақ Егіздер шоқжұлдызынан қатар көрінеді. Қараңғы түсе батысқа бет бұрыңыз.

#астрокүнтізбе
👍2
SPACEX БІР ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 35-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД!

SpaceX компаниясы 2026 жылғы 8 маусымда Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан Starlink-10.35 миссиясын ұшырды. Кезекті 29 дана Starlink V2 Mini жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарған Falcon 9 зымыранының B1067 нөмірлі 1-сатысы 35-ші рет ұшырылып, әлем рекордын жаңартты! 🏆

B1067.35 сатысы ASOG жүзбе платформасына сәтті қонды. Алдыңғы 11 рекорд (24–34) та осы сатының еншісінде болатын. Бұл үдеткіш алғаш тура бес жыл бұрын, 2021 жылғы 3 маусымда қолданылған.

Илон Маск 2020 жылы мынадай дерек келтірген еді: "бірінші сатыны қайтару Falcon 9-дың пайдалы жүктемесін <40%-ке азайтады, оны қондыру мен қайта ұшуға дайындау жаңа сатының құнының 10%-нен кем. Демек шамамен екі миссиядан кейін нөлге шығуға болады, ал үшіншісінен бастап саты пайда әкеле бастайды."

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру #ғарыштарихы
👍1
9/10 МАУСЫМ 2026 — ЕСЕКҚЫРҒАН МЕН ШОЛПАННЫҢ ЖАҚЫНДАСУЫ

2026 жылғы 10 маусымға қараған түні, 1:00 шамасында Шолпан (-4,0m) Есекқырғаннан (-1,9m) небәрі 1,6°-та өтеді. Ең жарық екі планетаны бірге көру үшін бүгін, 9 маусымда қас қарая батысқа қараңыз. Олардан төменірек, Егіздердің арасынан Меркурийді (0m) де байқауға болады.

#астрокүнтізбе
🔥2👍1
РЕКОРДШЫ B1067 ҮДЕТКІШІ: САНДАР СӨЙЛЕЙДІ

Falcon 9 B1067 1-сатысы:
35 сәтті миссия және 35 рет сәтті қону
Халықаралық ғарыш стансасына аттандырылған 8 ғарышкер (Crew-3 пен Crew-4 миссиялары)
ХҒС-қа жіберілген 1 жүк кемесі (CRS-22 Cargo Dragon)
Ғарышқа ұшырылған 1358 аппарат (1215 Starlink, 140 мемлекеттік немесе коммерциялық жерсерік, 3 Dragon кемесі)
Орбитаға шығарылған 312 000 кг пайдалы жүктеме
5 жыл белсенді жұмыс (3.06.2021 — 8.06.2026)
Қызмет жалғасады...

#ғарыштарихы
👍1
SpaceX Falcon 9 үдеткіштер флотының 10 көшбасшысы
👍1
STARBASE, 21 МАМЫР 2026 ЖЫЛ

Техас штатындағы SpaceX компаниясының Starbase ғарыш кешені. Pad 2 ұшыру алаңында 12-ші сынаққа қатысқан Starship зымыраны тұр.

Алғашқы он бір Старшип самғаған Pad 1 ұшыру алаңындағы "отырғыш" атанып кеткен старт тағаны қазір жоқ, бұзылып тасталды. Бірақ аса ауыр зымыран үдеткішін тарихта бірінші болып "қолмен қармаған" мұнара орнында.

Әріректе Starbase қаласы мен өндіріс алаңдары, соның ішінде зымыран детальдарын шығаратын Starfactory фабрикасы орналасқан. Биік MegaBay 1, MegaBay 2 ғимараттарында дайын бөлшектерден алып үдеткіштер мен кемелер құрастырылады. Ал былтыр сүрілген Highbay ангарының орнында әлдеқайда үлкен Gigabay тұрғызылып жатыр.

Түсініктірек болу үшін аймақтың картасын да жариялап қояйық.
👍1
Юпитер мен Шолпан, 8 маусым 2026 жыл. Әл Аламейн, Мысыр
Фото авторы: Петр Калмыков
👍1
12/13 МАУСЫМ 2026 — ҮШ КЕШКІ, ЕКІ ТАҢҒЫ ПЛАНЕТА

Кешке бұрынғыша жарқыраған Шолпан мен Есекқырған батыс аспанның сәнін келтіріп тұр. Олардың оң жағынан және төменірек, Егіздердің арасынан Меркурий де көрінеді.

Ал 13 маусымда таңғы елең-алаңда шығыс көкжиек үстінен жіңішке Ай орағының қасындағы қызыл Марс байқалады. Бұлардан жоғарырақ Сатурн көзге шалынады.

#астрокүнтізбе
👍1
Есекқырған мен Шолпан, 9 маусым 2026 жыл
Эйвбери, Ұлыбритания

Image Credit & Copyright: Josh Dury
#фотокөрме #nasa_apod
👍2