Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1071.5 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
ДИМОРФ АСТЕРОИДЫ СОҚҚЫДАН СОҢ ҰЗЫН ҚҰЙРЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ

SOAR (Southern Astrophysical Research) телескопы Диморф астероидының тозаң мен сынықтардан құралған ұзын құйрығын көрді. Ұзындығы 10 000 километрдей құйрық астероидқа DART зонды соғылған соң түзілген.

1996 жылы ашылған Диморфтың диаметрі 170 метр, ол 780 метрлік Дидим астероидын айналады. 27 қыркүйектегі соққыдан екі күн өткенде, оны Чилидегі Серро-Тололо америкааралық расытханасының 4,1 метрлік SOAR телескопы бақылады. Астероид бетінен ұшқан қалың тозаң мен сынықтар шоғырын күн сәулесінің қысымы жіңішке ұзын желіше созған. Комета құйрығына ұқсас шлейфтің ұзындығы кемінде он мың километр.

Бақылау деректері ғалымдарға соққыдан қанша зат ұшқанын, оның қандай жылдамдықпен шашылғанын және тозаң бұлтындағы бөлшектер өлшемін бағалауға көмектеседі. Бұл, өз кезегінде, Жерге қауіпті астероидтарды соққымен бұрып жіберу процесін дәлірек модельдеуге мүмкіндік береді.

Credit: CTIO / NOIRLab / SOAR / NSF / AURA
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Crew Dragon C210 Endurance ғарыш кемесінің ХҒС-қа жақындауы
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
7 қазан 03:08. Crew-5 миссиясының Crew Dragon C210 Endurance ғарыш кемесі ХҒС-тың Harmony модуліне түйісті
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Екі сағаттан соң люктер ашылып, Николь Манн, Джош Кассада, Коичи Ваката, Анна Кикина стансаға енді. ХҒС-та оларды Челл Линдгрен, Боб Хайнс, Джессика Уоткинс, Саманта Кристофоретти, Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин мен Франсиско Рубио қарсы алды. Сөйтіп, қазір ХҒС-та қайтадан 11 ғарышкер бар.

Қытайлық Тяньгун стансасындағы ғарышкерлерді қосқанда, қазір Жер орбитасында 14 адам ұшуда, бұл — бұрынғы рекордтың тағы бір қайталануы. Дегенмен адамзат басқа жетістікке қол жеткізді: алғаш рет ғарышта бір мезгілде бес әйел жүр.
👏3👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Crew Dragon-ның ХҒС-қа түйісуі: таңдаулы көріністер
💯2👍1
НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН КЛИК-ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР АЛДЫ

2022 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы Каролин Бертоцци (Carolyn R. Bertozzi), Мортен Мельдаль (Morten P. Meldal) мен Барри Шарплесске (K. Barry Sharpless) "клик-химия мен биоортогонал химияны дамытқаны үшін" берілді. Дат химигі Мельдаль (1954) Копенгаген университетінің профессоры болса, екі америкалықтың бірі Каролин ханым (1966) — Стэнфорд профессоры. Шарплесс (1941) асимметриялық тотығу реакциялары үшін 2001 жылы да химиялық Нобельді иеленген еді. Ол — тарихтағы бесінші екі мәрте нобельдік лауреат.

Клик-химия — жекелеген молекулаларды біріктіру тәсілдерін іздейтін ғылым саласы. Ұшақ орындығындағы белбеудің екі жағын сырт еткізіп бекіткендей, молекулаларды мықтап қосу қажет. Белбеу тоғасының рөлін өзара әсерлесіп, берік, орнықты химиялық байланыс түзетін сыртқы атомдар атқарады. Бұл жердегі қиындық — байланыс абсолют бейтарап, яғни пайда болған қосылыстың химиялық қасиеттеріне еш ықпал етпейтін болуы тиіс.

Мортен Мельдаль мен Барри Шарплесс, 2002 жылы бір-бірінен тәуелсіз жариялаған мақалаларында, бұл үшін көміртек-азот байланысын қолдануды ұсынды. Қосылатын молекуланың біріне үш азот атомының тізбегі (азид), екіншісіне — үштік көміртегі–көміртегі байланысы бар зат (алкин) тіркеледі. Катализатордың (мыс иондары) қатысуымен, "тоғаның" екі бөлігі орнықты триазол сақинасын түзіп, ілініседі де, екі молекуланы мықтап біріктіреді. Реакция тез әрі өте өнімді болып шықты.

Шарплесс осындай тағы бірнеше реакция түрін тапты. Бұлардың бәрі мынадай тамаша қасиеттерге ие:
— реагенттердің барлық атомы керек қосылысқа өтеді, бөгде затқа шығындалмайды;
— қажет емес заттар түзілмейді;
— еріткішсіз өткізуге болады;
— шығымы 100%-ке жақын.
Шарплесс органиктер "арманындай" мұндай реакцияларды клик-реакция деп атауды ұсынды. Атау белбеу "сырт" немесе ағылшынтілділер айтатындай "click" етіп, ыңғайлы әрі мықты бекіген сәттегі қанағат сезімін сипаттайды.

Екі жылдан соң Каролин Бертоцци клик-химияны жаңа деңгейге көтерді. Ол азид-алкин циклоқосылысы реакциясын катализаторсыз өткізу әдісін тауып, оны биологияда нақты қолдану жолын көрсетті. Циклооктин атты алкинның қатысумен өтетін реакция биоортогонал, яғни тірі жасушадағы биологиялық процестерге кедергі келтірмейтін болып шықты.

Клик-химия әдістері арқасында химиктер молекула "кірпіштерін" тез әрі оңай біріктіруге мүмкіндік алды. Биоортогонал реакциялар жасушаларды зерттеу мен биологиялық процестерді бақылауда кең қолданыс тапты. Әдіс жаңа үлгідегі дәрілерді зақымдалған жасушаға дәл бағыттауға көмектеседі.
#Нобель
❤‍🔥2👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
INGENUITY МАРСҚА ҚОҚЫС ТАСТАДЫ

Ingenuity дроны 24 қыркүйекте 33-ші рет ұшты. Тікұшақ 55 секундта 111 метр қашықтыққа барып қонды. Ingenuity Езеро кратеріндегі көне өзен атырауына сапарын жалғастырды. Басында бір ай жұмысқа есептелген "Тапқырлық" бір жарым жыл ішінде, жалпы алғанда, 7,4 км жол ұшып өтті.

Дронның бағдарлау камерасы алған кескіндер ашық жарияланатындықтан, оларды кез келген адам талдай алады. Туиттер қолданушылары бір тіреуге жабысып тұрған әлденені байқады, кейін оны жел ұшырып әкетті. Бұл пластик немесе дронның тежегіш жүйесінің бөлшегі болуы мүмкін.

Жарты ғасыр ішінде Марсқа қонған аппараттардың жалпы массасынан (9979 кг) қазір жұмыс істеп тұрғандарының массасын (2860 кг) азайтсақ, Қызыл планета бетінде 7119 кг жер қоқысы жатыр.

NASA, @LarsTheWanderer / twitter.com
🥰1
ICEYE — УКРАИНАНЫҢ «ХАЛЫҚ ЖЕРСЕРІГІ»

Украиналық "Сергей Притула қоры" "Халық Байрақтары" жобасы аясында отандастарынан 600 млн гривна ($17 млн) жинаған еді. Алайда түркиялық Baykar компаниясы үш TB2 дронын тегін беретінін мәлімдеген соң, 18 тамызда бұл қаржыға бір ICEYE фин жерсерігі сатып алынды. 29 қыркүйекте Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников ICEYE алғашқы екі жұмыс күнінде-ақ жаудың 60-тан астам әскери техникасын тауып бергенін айтты. Жойылған техниканың құны жерсеріктің бағасынан асып түскен.

Финляндиялық аттас компания шығаратын ICEYE жерсерігі апертурасы синтезделген радар (SAR) технологиясын қолданады. Оның оптикалық жерсеріктен басты артықшылығы — кез келген уақытта және кез келген ауа райында жер бетінің сапалы кескінін түсіре алуы. Яғни оған түн де, бұлт та, орман да, түтін де кедергі емес. Бірақ радар алған кескіннің ажыратымы, әдетте, оптикамен салыстырғанда нашар болады. Десе де ICEYE суреттері, қамтыған ауданына қарай, пикселіне 50–100 сантиметр ажыратымға ие. Бір сурет 225 шаршы километрге дейінгі ауданды қамтуы мүмкін. Басқа дерекке сәйкес, жерсерік 5 х 5 км аумақты пикселге 50 см ажыратыммен түсіре алады, кей жағдайда сапа 25 см-ге жетеді.

Батыс елдері Украинаға өз оптикалық жерсеріктері алған деректі беретіні белгілі. Бірақ бұл кескіндер Украина аумағын ғана қамтиды. 200 шамалы коммерциялық жерсерік түсірген суреттер кешікпей, 15–30 минутта беріледі. Ал әскери жерсеріктер алған ажыратымы жоғары суреттердің түпнұсқасы берілмейді, тек өңделіп, қорытылған ақпарат хабарланады. Бұған бірнеше сағаттар кетуі мүмкін.

ICEYE Украинаның меншігінде болғандықтан, ел Қарулы күштері өздері қалаған аумақтың қалаған форматтағы және спектрдегі кескінін барынша тез ала алады. Енді украин жағы басқыншы елдің аумағындағы көріністі де, мысалы, теміржол не автокөлік қозғалысын, өз күшімен бақылауға қабілетті. Сондай-ақ Украина үшін барлық 16 ICEYE жерсерігі жинаған ортақ деректер қоры да қолжетімді. Ресейде мұндай бірде-бір жерсерік жоғы мәлім.
🔥2
CAPSTONE КУБСАТЫ БАҒДАРЫН ТҮЗЕДІ

28 маусымда Айға ұшырылған CAPSTONE кубсаты 8 қыркүйектегі түзету маневрінен соң қиындыққа душар болғанын жазғанбыз. Кеңістіктегі бағдарын жоғалтқан аппарат өз білігінен бей-берекет үйіріле бастаған. Салдарынан Жермен байланысу қиындап, энергия жетіспеушілігі туған. Ақаудың себебін анықтап, оны жоюға мамандар бір ай жұмсады.

Кубсаттың сегіз бағдарлау қозғағышының біріндегі клапан толық жабылмайтын болып шықты. Қозғағышқа қысым берілгенде, клапаннан аққан отын қосымша реактивті тартым туғызып, аппараттың бағдарын өзгертеді екен. Басқару командасы кубсатқа жартылай ашық клапан әсерін ескеретін жаңа бағдарлама жүктеді. Нәтижесінде, соңғы телеметриялық деректер CAPSTONE үйірілуін доғарып, өз бағдарын толық бақылай бастағанын көрсетіп отыр.

Команда аппараттың жағдайын қадағалай отырып, алда жасалуы тиіс маневрлерге түзетулер енгізеді. CAPSTONE Жер-Ай жүйесінің L2 Лагранж нүктесі айналасындағы түзу сызықтық дерлік гало-орбитаға 13 қарашада шығады деп жоспарланған. Кубсаттың басты міндеті — болашақ Gateway аймаңы стансасы жұмыс істейтін осы теңдессіз гало-орбитаның орнықтылығын тексеру. CAPSTONE миссиясы жайлы толығырақ — біздің арнадағы бейнероликте: https://youtu.be/UiMOYgKM3p8
👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 46-шы ұшырылым
9 қазан 05:05. Канаверал, SLC-40. Intelsat G-33/G-34 миссиясы — Intelsat компаниясының екі байланыс жерсерігін геостационар орбитаға шығару
Credit: Trevor Mahlmann
👍21
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұшырылым сәтінде Crew-5 миссиясының B1077.1 1-сатысы тұрған JRTI платформасы Канаверал портына кіріп келе жатқан
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зымыран медузасы мұхиттағы ASOG платформасы бортынан
3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1060.14 1-сатысы ASOG платформасына қонды. Ол 14 рет қолданылған екінші үдеткіш
👏3
ЖАРТЫЛАЙ КҮН ТҰТЫЛУЫНА 15 КҮН ҚАЛДЫ

2022 жылы 25 қазандағы Күннің кезекті жартылай тұтылуы Қазақстанның барлық аумағынан бақыланады. Осыған орай, бұл құбылысты түсіндіретін роликті толықтырып, «Балаларға ғылым туралы» арнасында қайта жариялап қойдық: https://youtu.be/mVYQXHHLBuc

Ролик балаларға арналғанымен, оны ересектер де көруіне болады. Бейнеде ерекше астрономиялық оқиғаның себебі мен түрлері жайлы қысқа да нұсқа ақпарат бар. Соңында Қазақстаннан 2022, 2027, 2030, 2032 жж. бақыланатын келесі төрт тұтылу картасы берілген.

Қазақтілді ғылыми-танымдық контент танымал болсын десеңіз, роликті міндетті түрде көріңіз. Уақыт тауып, арнадағы басқа да роликтерді қарап шығыңыз. Арнаға жазылу жеткіліксіз, жазылушылар саны арнаны пәлендей көтермейді, көрілім саны әлдеқайда маңызды.
👍3