Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Кеме қанатының жұмысы
Бірінші жерсерік симуляторының шығарылуы
Плазма құшағындағы кеме
Симуляторлар атмосферада жанып жатыр
Сын сағаты
S39 қанаттарын 7 Мах жылдамдықта басқарып отыр
Кеменің қонуға дайындығы
👍1
12-ші Старшиптің самғауының көріністері.
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Старшиптің көтерілуі. 33 Raptor 3 туғызған қуатты дыбыс соққы толқындары көрініп тұр.

Дыбыс қалай көрінеді? Соққы толқынының шебінің артынан қысым кенет түсетін аймақ ілесіп келе жатады. Осы сиреген зонада температура кенет төмендейді де, су буы лезде конденсацияланып, соққы толқынының таралу сызығын бейнелейді.

Балама түсіндіру: соққы толқыны дегеніміз — қысымның кенет өзгерісі. Әртүрлі қысымдағы ауаның тығыздығы да әртүрлі, сондықтан жарық жылдамдығы да өзгереді. Осы орталардың ортасында жарық сынады. Сынудың кеңістікте жылжуы соққы толқынының қозғалысын көрсетеді.
👍2🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
СТАРШИПТІҢ 11-ШІ ЖӘНЕ 12-ШІ СЫНАҚТАРЫН САЛЫСТЫРУ

(Видео үдеткіш қозғағыштарының тұтану сәті бойынша синхрондалған, ол видеосигналдың кешігуіне байланысты телеметриямен бірнеше секундқа сәйкес емес)

V3 жүйесі қозғағыштар іске қосылғаннан кейін старт тағанынан 11-ші сынаққа қарағанда 3 секундқа ерте көтерілді. Сондай-ақ ол 100 км/сағ жылдамдық пен 1 км биіктікке де 3 секунд ерте жетті.

Жүйенің жаңа нұсқасы дыбыс жылдамдығына 10 секунд ерте, 2 Мах жылдамдыққа — 15 секунд ерте, 3 Махқа — 25 секунд ерте жетті, ал 4 Мах жылдамдықты (11-ші сынақта зымыран оған жете алмаған еді) V3 жүйесі 2 минут 7 секундта бағындырды.

Кеме қозғағыштарының қосылуы мен ыстықтай ажырау 17 секундқа ерте орындалды, осы сәттегі жылдамдық 11-ші ұшумен салыстырғанда 1043 км/сағ-қа артық болды.

Осы айтылған жәйттер кеменің бір вакуумдық қозғағышының сөніп қалуын компенсациялап, оның есептелген ұшу траекториясына шығуына және миссиясының сәтті өтуіне септігін тигізді.
#жұлдызкеме
👍2
12- ші сынақтың және көріністері.
👍2
Starship S39 кемесінің қону маневрі
Credit: SpaceX
NEW GLENN СЫНАҚ КЕЗІНДЕ ЖАРЫЛЫП КЕТТІ

Blue Origin компаниясының New Glenn зымыраны статикалық тұтандыру сынағы барысында жарылып кетті. Оқыс оқиға 2026 жылғы 28 мамырда Флоридадағы LC-36 ұшыру алаңында болды. Жаңа "No, It's Necessary" 1-сатысы бар зымыран таяу күндері 48 дана Amazon Leo жерсерігін орбитаға шығаруы керек еді. Сынақ кезінде жерсеріктер тасығышқа тиелмеген.

Бұл Канаверал мүйісінде бұрын-соңды болған ең ірі зымыран жарылысы және 1969 жылғы Байқоңырдағы Н-1 жарылысынан кейінгі космонавтика тарихындағы ең жойқынының бірі. LC-36 ұшыру алаңы — New Glenn ғарышқа аттанатын жалғыз орын. Оны жөндеуге бір жыл кетуі мүмкін.

#ғарыштарихы #ғарышоңайемес
👍1
36-ШЫ АЛАҢНЫҢ ХАЛІ

2026 жылғы 28 мамырда Канаверал базасындағы LC-36 ұшыру алаңында тұтандыру сынағынан өтіп жатқан New Glenn зымыраны жарылып кеткенін білесіздер. Қопарылыс қуаты 0,8–1,0 килотонна тротил баламасы деп бағаланып отыр, бұл Канаверал мүйісінде бұрын-соңды болған ең ірі зымыран жарылысы, сондай-ақ АҚШ тарихындағы ең қуатты ядролық емес жарылыстың бірі. Статикалық сынақ кезінде зымыран бактары толық толтырылған болса, оған шамамен 200 тоннадай метан, 800 тоннадай сұйық оттегі, 25–30 тоннадай сұйық сутегі құйылуы мүмкін еді.

Blue Origin компаниясы үшін ұшуға дайын тұрған New Glenn зымыранынан айрылу өте өкінішті екені анық, дегенмен оны ұшыратын жалғыз алаңның қирауының зардабы әлдеқайда ауыр. Старт тағаны, тасымалдау-ұшыру құрылғысы, старт инфрақұрылымының бір бөлігі жоқ болды, жайтартқышы бар мұнара құлады. Жалпы алаң, отын құю жүйелері, старт кешеніндегі түрлі нысандар елеулі зақымданды, тағы бір мұнара құлайын деп тұр дейді.

Косможурналист Эрик Бергердің айтуынша, Blue Origin НАСА-ның Artemis ай бағдарламасынан бір жылға шығып қалды. Яғни алаңды қалпына келтіруге сонша уақыт кетеді деген сөз. Ай бетіне қонатын ұшқышсыз Blue Moon Mk 1 лендері осы таяуда, бесінші New Glenn-мен аттандырылуы керек еді.

Blue Origin Ванденберг базасындағы SLC‑14 ұшыру алаңын жалға алып қойған. Сол жерде New Glenn ұшатын екінші орын жабдықталмақшы, бірақ жұмыс әлі басталмады. Сондай-ақ LC-36-ға көрші LC-36B алаңы да осы мақсатпен жалға алынған. Апат болған алаңды қирандыдан тазартып, сосын қалпына келтіру тез бе, әлде жаңа старт құру оңай ма — компания ойланып көретін шығар. Сондай-ақ Blue Origin қолданыстағы New Glenn 7x2 ауыр зымыранын жасауды тоқтатып, бірден аса ауыр New Glenn 9×4 нұсқасына көшеді деген болжамдар да айтылуда.
👍1
ЗЫМЫРАН ЖАРЫЛЫСЫНЫҢ AMAZON LEO ЖЕРСЕРІК БАЙЛАНЫСЫНА ЗИЯНЫ

Blue Origin New Glenn зымыранының апатынан Джефф Безостың өзінің Amazon Leo интернет тарататын компаниясы өте үлкен зардап шекті. АҚШ Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) компанияға төмен жермаңы орбитаға 3236 жерсерік шығаруға рұқсат берген еді. Және солардың жартысы, яғни 1618-і 2026 жылдың 30 шілдесіне дейін іске қосылуы міндеттелген. Қазір орбитада 302 жұмысшы аппарат бар (салыстыру үшін, OneWeb топтамасы 600 шамасында, ал SpaceX Starlink жерсеріктерінің саны 10 000-нан асып кетті). FCC Амазонның лицензиясын алып қойса, тіпті қызық болады.

New Glenn күшімен 24 Amazon Leo миссиясын (LN-01...LN-24) ұшыру жоспарланған болатын. Жарылып кеткен зымыран солардың алғашқысын атқаруға дайындалып жатқан.

ULA операторының Vulcan Centaur тасығышы қапталдағы үдеткіштердің өртенуі проблемасын шешкенше жыл соңына дейін ұшырылмайды. Демек 2026-27 жылдары ұшуы тиіс 38 LV миссиясының бәрі орындалып үлгеруі екіталай.

ULA-ның ардагер тасығышы Atlas V кеше жетінші LA миссиясы аясында 29 жерсерікті көтеріп берді, бірақ оның бір-ақ ұшырылымы қалды. Жалпы орбитадағы 302 Амазон Леоның 197-сін Атлас-5 шығарған.

Еуропалық Ariane 64 екі топтама шығарды және 2026-27 жылдарға тағы 16 LE миссиясына келісімшарт жасалған. ArianeSpace 1,5 жылда мұнша зымыран өндіре ала ма, сұрақ бар.

Сонда қалатын жалғыз сенімді оператор — әрине, SpaceX. Starlink жүйесінің иесі бәсекелесінің үш топ жерсерігін ұшырып берді және биыл тағы 10 LF миссиясын көтеруі керек.
👍1