STARSHIP V3 ЕНДІ ОСЫ ТҮНІ ҰШУҒА ТЫРЫСАДЫ
Мына гидравликалық штифт (бірінші мұнарадағысы) кемеге жалғанған SQD (Ship Quick Disconnect) тұтқасын ұстап тұрады да, оның күшті желден шайқалып, түйісу тораптарын зақымдауына жол бермейді. Starship ұшқан кезде, 33 Raptor-дың зор қуатынан зардап шекпес үшін SQD бір жағына бұрылады (бұл үшін штифт жоғары көтерілуі тиіс). Алайда ол көтерілмей қалып, тұтқаны босата алмады, сол себепті ұшырылым шегерілді.
SpaceX компаниясы екінші ұшыру әрекеті осы 23 мамырға қараған түні, Қазақстан уақытымен 3:30-да жасалатынын хабарлады. Қосалқы дата — 27 мамырға қараған түні, 3:30.

👍2
СТАРШИПТІҢ 12-СЫНАҒЫ: ҮДЕТКІШ ҚОНА АЛМАДЫ; КЕМЕ МАКЕТТЕРДІ СӘТТІ ШЫҒАРЫП, ТІК ҚОНДЫ
SpaceX компаниясы Қазақстан уақытымен 2026 жылғы 23 мамыр күні Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 12-ші ұшу сынағын өткізді. Бұл Super Heavy үдеткіші мен Starship кемесінің V3 нұсқалары мен Raptor 3 қозғағыштарының алғаш қолданылуы еді, сондай-ақ Pad 2 алаңынан бірінші рет зымыран ұшты.
3:30-да Super Heavy B19 үдеткіші барлық 33 Raptor 3 қозғағышын тұтандырып, тағаннан көтерілді. Алайда старттан 1 минут 42 секунд өткенде олардың бірі сөніп қалды. Содан кейін Starship S39 кемесі 6 Raptor қозғағышын қосты да, сатылар ыстықтай ажырады. Үдеткіш төңкерілу маневрін жасап, сөнбеген бесеуінен басқа қозғағыштарын қайта қосуға әрекеттенді. Бірақ тиісті агрегаттардың кейбірі қайта тұтанбады. Boostback Burn маневрі ерте аяқталды. Су бетіне жақындағанда Super Heavy қону маневрі үшін қозғағыштарын тағы қоспақ болды (нешеуі тұтанғаны белгісіз), алайда Мексика шығанағына жұмсақ қона алмай, қирап қалды.
Ажырағаннан 30 секунд өте, Starship кемесінің бір вакуумдық Raptor 3 қозғағышы істемей қалды, десе де S39 жоспарланған суборбиталық траекторияға шыға білді. Starlink жерсеріктерінің барлық 20 симуляторы мен кемені сыртынан видеоға түсіретін 2 өзгертілген Starlink кемеден ойдағыдай бөлінді. Олар кемемен бірдей суборбиталық траекторияға шықты. SpaceX сынақ жоспарындағы Raptor 3 қозғағышын ғарышта қосып көру әрекетінен бас тартты.
Starship S39 кемесі Жер атмосферасына оралып, өзінің жылудан қорғау қалқаны мен конструкциясының беріктігі жайлы құнды мәліметтер алды. Соңғы минуттарда Starship төменгі қанаттарының беріктігінің шегін тексеруге қажет маневрлерді, соның ішінде кеменің болашақта старт алаңына қайту траекториясын имитациялайтын динамикалық қисаюды (крен) орындады. Ақыры кеме Үнді мұхитындағы межеленген ауданға бет алып, екі қозғағышпен қону маневрін жасады. S39 суға тік әрі жұмсақ жанаса алды. Кейін, ол, әрине, суға құлап түсіп, бакта қалған отын кемені жарып жіберді, бірақ бұл сәтсіздік емес.
#жұлдызкеме #зымыранұшыру #ғарыштарихы

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ыстықтай ажыраудың баяулатылған видеосы. Үдеткіштің сәтсіздікке ұшырайтыны осы сәтте анықталған сияқты.
👍1
Кеме қанатының жұмысы
Бірінші жерсерік симуляторының шығарылуы
Плазма құшағындағы кеме
Симуляторлар атмосферада жанып жатыр
Сын сағаты
S39 қанаттарын 7 Мах жылдамдықта басқарып отыр
Кеменің қонуға дайындығы
Бірінші жерсерік симуляторының шығарылуы
Плазма құшағындағы кеме
Симуляторлар атмосферада жанып жатыр
Сын сағаты
S39 қанаттарын 7 Мах жылдамдықта басқарып отыр
Кеменің қонуға дайындығы
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Старшиптің көтерілуі. 33 Raptor 3 туғызған қуатты дыбыс соққы толқындары көрініп тұр.
Дыбыс қалай көрінеді? Соққы толқынының шебінің артынан қысым кенет түсетін аймақ ілесіп келе жатады. Осы сиреген зонада температура кенет төмендейді де, су буы лезде конденсацияланып, соққы толқынының таралу сызығын бейнелейді.
Балама түсіндіру: соққы толқыны дегеніміз — қысымның кенет өзгерісі. Әртүрлі қысымдағы ауаның тығыздығы да әртүрлі, сондықтан жарық жылдамдығы да өзгереді. Осы орталардың ортасында жарық сынады. Сынудың кеңістікте жылжуы соққы толқынының қозғалысын көрсетеді.

👍2🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
СТАРШИПТІҢ 11-ШІ ЖӘНЕ 12-ШІ СЫНАҚТАРЫН САЛЫСТЫРУ
(Видео үдеткіш қозғағыштарының тұтану сәті бойынша синхрондалған, ол видеосигналдың кешігуіне байланысты телеметриямен бірнеше секундқа сәйкес емес)
V3 жүйесі қозғағыштар іске қосылғаннан кейін старт тағанынан 11-ші сынаққа қарағанда 3 секундқа ерте көтерілді. Сондай-ақ ол 100 км/сағ жылдамдық пен 1 км биіктікке де 3 секунд ерте жетті.
Жүйенің жаңа нұсқасы дыбыс жылдамдығына 10 секунд ерте, 2 Мах жылдамдыққа — 15 секунд ерте, 3 Махқа — 25 секунд ерте жетті, ал 4 Мах жылдамдықты (11-ші сынақта зымыран оған жете алмаған еді) V3 жүйесі 2 минут 7 секундта бағындырды.
Кеме қозғағыштарының қосылуы мен ыстықтай ажырау 17 секундқа ерте орындалды, осы сәттегі жылдамдық 11-ші ұшумен салыстырғанда 1043 км/сағ-қа артық болды.
Осы айтылған жәйттер кеменің бір вакуумдық қозғағышының сөніп қалуын компенсациялап, оның есептелген ұшу траекториясына шығуына және миссиясының сәтті өтуіне септігін тигізді.
#жұлдызкеме