ОСЫ ТҮНІ STARSHIP V3 ҰШАДЫ
Жұма, 2026 жылғы 22 мамырға қараған түні, Қазақстан уақытымен 3:30-да Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 3-ші нұсқасы алғаш ұшырылады. Жалпы Старшип жүйесі 12-ші рет ұшу сынағынан өтпек. Кеше Starship S39 кемесі SH B19 үдеткішінің үстіне орнатылды.

👍1
22 МАМЫР 2026, 3:30 — СТАРШИПТІҢ 12-ШІ СЫНАҒЫ
⏰ Старт: 22 мамыр 2026 жыл, 3:30 (Алматы уақыты)
Ұшыру алаңы: Pad 2, Starbase, Техас
Миссия: Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 12-ші сынақ ұшырылымы, Starship Flight 12
Мақсаттар:
— Starship жүйесінің жаңа V3 нұсқасы мен старт инфрақұрылымын тестілеу
— үдеткіштің суға қонуы
— кеме бортынан жерсерік симуляторларын суборбитаға шығару
— кеменің қызу қорғанышын сырттан байқау
— кеменің Raptor 3 қозғағышын ғарышта қайта қосу
— қону маневрі кезінде қозғағыштардың тізбекпен сөндірілуін сынау
— кемені суға жұмсақ қондыру
🚀 Starship V3 жүйесінің прототиптері :
— 1-саты: Super Heavy B19 үдеткіші (1-ші ұшу)
— 2-саты: Starship S39 кемесі (1-ші ұшу)
Пайдалы жүктеме: 22 дана Starlink жерсерігінің симуляторы (20 V3 + 2 басқарылатын V2)
Не қайтарылады:
— Үдеткіш Мексика шығанағы суына қонады
— Кеме Үнді мұхиты айдынына, Аустралия маңына қонуға тырысады
📌 Starship V3 жүйесінің алғаш ұшырылуы
📌 Pad 2 ұшыру алаңынан жасалатын бірінші старт
Credit: SpaceX
#жұлдызкеме

STARSHIP FLIGHT 12: ТОЛЫҚ ЖОСПАР
Starship-тің 12-ші сынақ ұшуы 22 мамырға межеленіп отыр. Ұзақтығы 1,5 сағаттық старт терезесі Алматы уақытымен таңғы 3:30-да ашылады.
Алғашқы ұшу Starbase ғарыш айлағындағы жаңа старт алаңынан аттанатын, келесі буын Raptor 3 қозғағыштарымен жабдықталған Starship ғарыш кемесі мен Super Heavy үдеткішінің келесі буындарының дебюті болмақ.
Ұшу сынағының негізгі мақсаты — жүйеге енгізілген әр жаңартуды алғаш рет нақты ұшу жағдайында тексеру. Жүйе компоненттерін жасау мен сынаудың көпжылдық тәжірибесі негізінде Starship архитектурасының әрбір элементі толық және жылдам қайта қолдануды қамтамасыз ету үшін айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Сынақтың негізгі міндеті — көтерілуді, ұшуды, сатылардың ажырауын, қайта оралу маневрін және Мексика шығанағы суына сәтті қонуды орындау. Бұл айтарлықтай модернизацияланған жүйенің алғашқы ұшуы болғандықтан, үдеткішті стартқа қайтарып, қармап алу әрекеті жасалмайды.
Starship кемесі ғарышта және атмосфераға ену кезінде бірнеше тапсырма орындайды, соның ішінде Starlink жерсеріктерінің 22 симуляторын шығару бар. Олардың екеуі кеменің жылудан қорғайтын қалқанын тексеріп, суреттер жіберуі тиіс. Бірнеше плитка түсіп қалған плиткаларды имитациялау үшін әдейі ақ түске боялды. Starlink симуляторлары Starship-пен бірге суборбиталық траекторияда болады. Сондай-ақ ғарышта бір Raptor 3 қозғағышын қайта іске қосу жоспарланған. Старшиптің атмосфераға кіруін сынау үшін бір плитка әдейі алынып тасталды, сөйтіп көрші плиткаларға түсетін аэродинамикалық жүктеме өлшенеді. Ақыры, кеме артқы қанаттардың шекті сипаттамаларын сынайтын бірнеше эксперимент пен болашақ миссияларда Starbase-ке қайта оралу кезіндегі ұшу траекториясын салатын динамикалық қисаю маневрін орындайды.
Ұшырылым таймлайны (циклограмма):
(сағ:мин:сек)
– 00:50:00 - Старталды сұрау салу, отын құюға дайындықты тексеру
– 00:38:53 - Кемеге сұйық оттегін құя бастау
– 00:35:00 - Үдеткішке сұйық оттегін құя бастау
– 00:34:43 - Үдеткішке сұйық метан құя бастау
– 00:32:59 - Кемеге сұйық метан құя бастау
– 00:21:30 - Үдеткіш пен кеме қозғағыштарын салқындату
– 00:02:50 - Үдеткішке отын құюдың аяқталуы
– 00:02:10 - Кемеге отын құюдың аяқталуы
– 00:00:30 - GO for launch! командасы
– 00:00:17 - Старт тағанының су жүйесінің қосылуы
– 00:00:03 - Үдеткіштің 33 Raptor қозғағышы ретімен қосыла бастайды
00:00:02 - Көтерілу!
00:00:45 - MAX-Q (зымыранға барынша динамикалық күш түсетін сәт)
00:02:22 - Үдеткіш қозғағыштарының көбінің өшірілуі (MECO)
00:02:24 - Кеменің үдеткіштен ыстықтай ажырауы (кеме қозғағыштарының тұтануы)
00:02:30 - Үдеткіш Booster Boostback Burn манёвріне кіріседі
00:03:30 - Booster Boostback Burn манёврінің аяқталуы
00:06:34 - Үдеткіш қозғағыштарының қону үшін қайта қосылуы
00:06:59 - Үдеткіш қозғағыштарының өшірілуі
00:08:11 - Кеме қозғағыштарының өшірілуі
00:17:37 - Пайдалы жүктеме шығару демонстрациясы
00:27:15 - Пайдалы жүктеме шығарудың аяқталуы
00:38:37 - Raptor қозғағышының ғарышта қайта қосылуы
00:47:47 - Кеменің атмосфераға оралуының басы
01:02:29 - Кеме жылдамдығы дыбыс жылдамдығы маңында (0,8–1,2)
01:03:08 - Кеме жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен
01:05:06 - Кеме қозғағыштарының қону үшін қосылуы
01:05:08 - Қону маневрі
01:05:17 - 3 қозғағыштан 2-не өту
01:05:24 - 2 қозғағыштан 1-не өту
01:05:26 - Кеменің суға қонуы
#жұлдызкеме #зымыранұшыру

👍2
Өткен түні Старшип ұшпай қалғаны белгілі. Қызмет көрсету мұнарасының жебесін ұстап тұрған гидравликалық штифттің бірі жиналмай қалған. Ақау жөнделсе, біздің уақытпен алдағы 23 мамырға қараған түні, 3:30-да ұшуға келесі әрекет жасалады.
Әзірше Старшиптің 12-ші сынағының мақсаттары мен толық жоспары жайлы алдыңғы постарымызды оқи отырыңыздар.

STARSHIP V3 ЕНДІ ОСЫ ТҮНІ ҰШУҒА ТЫРЫСАДЫ
Мына гидравликалық штифт (бірінші мұнарадағысы) кемеге жалғанған SQD (Ship Quick Disconnect) тұтқасын ұстап тұрады да, оның күшті желден шайқалып, түйісу тораптарын зақымдауына жол бермейді. Starship ұшқан кезде, 33 Raptor-дың зор қуатынан зардап шекпес үшін SQD бір жағына бұрылады (бұл үшін штифт жоғары көтерілуі тиіс). Алайда ол көтерілмей қалып, тұтқаны босата алмады, сол себепті ұшырылым шегерілді.
SpaceX компаниясы екінші ұшыру әрекеті осы 23 мамырға қараған түні, Қазақстан уақытымен 3:30-да жасалатынын хабарлады. Қосалқы дата — 27 мамырға қараған түні, 3:30.

СТАРШИПТІҢ 12-СЫНАҒЫ: ҮДЕТКІШ ҚОНА АЛМАДЫ; КЕМЕ МАКЕТТЕРДІ СӘТТІ ШЫҒАРЫП, ТІК ҚОНДЫ
SpaceX компаниясы Қазақстан уақытымен 2026 жылғы 23 мамыр күні Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 12-ші ұшу сынағын өткізді. Бұл Super Heavy үдеткіші мен Starship кемесінің V3 нұсқалары мен Raptor 3 қозғағыштарының алғаш қолданылуы еді, сондай-ақ Pad 2 алаңынан бірінші рет зымыран ұшты.
3:30-да Super Heavy B19 үдеткіші барлық 33 Raptor 3 қозғағышын тұтандырып, тағаннан көтерілді. Алайда старттан 1 минут 42 секунд өткенде олардың бірі сөніп қалды. Содан кейін Starship S39 кемесі 6 Raptor қозғағышын қосты да, сатылар ыстықтай ажырады. Үдеткіш төңкерілу маневрін жасап, сөнбеген бесеуінен басқа қозғағыштарын қайта қосуға әрекеттенді. Бірақ тиісті агрегаттардың кейбірі қайта тұтанбады. Boostback Burn маневрі ерте аяқталды. Су бетіне жақындағанда Super Heavy қону маневрі үшін қозғағыштарын тағы қоспақ болды (нешеуі тұтанғаны белгісіз), алайда Мексика шығанағына жұмсақ қона алмай, қирап қалды.
Ажырағаннан 30 секунд өте, Starship кемесінің бір вакуумдық Raptor 3 қозғағышы істемей қалды, десе де S39 жоспарланған суборбиталық траекторияға шыға білді. Starlink жерсеріктерінің барлық 20 симуляторы мен кемені сыртынан видеоға түсіретін 2 өзгертілген Starlink кемеден ойдағыдай бөлінді. Олар кемемен бірдей суборбиталық траекторияға шықты. SpaceX сынақ жоспарындағы Raptor 3 қозғағышын ғарышта қосып көру әрекетінен бас тартты.
Starship S39 кемесі Жер атмосферасына оралып, өзінің жылудан қорғау қалқаны мен конструкциясының беріктігі жайлы құнды мәліметтер алды. Соңғы минуттарда Starship төменгі қанаттарының беріктігінің шегін тексеруге қажет маневрлерді, соның ішінде кеменің болашақта старт алаңына қайту траекториясын имитациялайтын динамикалық қисаюды (крен) орындады. Ақыры кеме Үнді мұхитындағы межеленген ауданға бет алып, екі қозғағышпен қону маневрін жасады. S39 суға тік әрі жұмсақ жанаса алды. Кейін, ол, әрине, суға құлап түсіп, бакта қалған отын кемені жарып жіберді, бірақ бұл сәтсіздік емес.
#жұлдызкеме #зымыранұшыру #ғарыштарихы