STARSHIP V3 — ТАРИХТАҒЫ ЕҢ ҰЗЫН ЗЫМЫРАН
Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 3-ші нұсқасының биіктігі яки ұзындығы 124,4 м. Ол Starship V1-ден 4,9 метр ұзын.
#жұлдызкеме

👍1🔥1
190 ЖЫЛ БҰРЫН БЕЙЛИ МОНШАҚТАРЫ СИПАТТАЛДЫ
1836 жылғы 15 мамырда толық күн тұтылуын бақылаған ағылшын астрономы Фрэнсис Бейли ерекше құбылысты байқап, сипаттады.
«Бейли моншақтары» (Baily's beads) — күн тұтылуының толық фазасының басында не соңында, екінші жанасудан кейін бірден немесе үшінші жанасудың дәл алдында пайда болатын оптикалық эффект. Ол ай жиегі бойындағы жарық нүктелер сияқты көрінеді. Құбылыс күн дискі ай дискінің ар жағына толық жасырынуға шақ қалғанда, ай жиегіндегі таулардың арасынан немесе кратерлер ортасындағы ойықтардан күн сәулесі жылтырап көрінгенде байқалады.
Тұтылудың толық фазасының басында не соңында байқалатын «Гауһар жүзік» эффекті айтылған құбылысқа өте ұқсас. Жарық нүктелер хромосферада болғандықтан, лағыл-қызыл (рубин) түсті болуы мүмкін. Бейли моншақтары дүрбі не телескоппен бақыланады.

👍1👀1
STARSHIP FLIGHT 12 СЫНАҒЫ 20 МАМЫРҒА ҚАРАҒАН ТҮНГЕ, 3:30-ҒА БЕЛГІЛЕНДІ
SpaceX компаниясы Starship-тің 12-ші ұшу сынағының нақты уақытын ресми бекітті: ол Қазақстан уақытымен 2026 жылғы 20 мамырға қараған түні, 3:30-да өтеді.
Бұл мүлдем жаңа V3 нұсқасындағы зымыранның (екі сатысы да жаңартылған), жаңа Raptor V3 қозғағыштарының дебюті және Starbase ғарыш айлағындағы жаңа Pad 2 (Pad B) алаңынан жасалатын алғашқы старт болмақ. V3 модификациясы алдыңғы нұсқадан биік әрі ауыр — осылайша, тарихтағы ең үлкен (биіктігі 124,4 м), ең ауыр (старттағы массасы 6350 т) және ең қуатты (бірінші сатыдағы барлық қозғағыштың жалпы тартымы шамамен 8000 т) зымыранның тұсауы кесіледі.
Шынын айтқанда, Старишиптің V1, V2 нұсқалары толыққанды тасығыш зымыран емес еді, өйткені олар орбитаға айтарлықтай пайдалы жүк шығара алмайтын (мұндай алып үшін жоспарланған 35 тонна түк емес), іс жүзінде өз-өзін ғана көтеретін. Тек V3 нұсқасы ғана толық көп мәрте қолданыста төмен жермаңы орбитаға 100 тоннадан астам жүктеме шығаруға қабілетті нағыз тасығышқа айналады.
🚀 Бірінші саты — SH B19 үдеткіші Мексика шығанағына суға қонады. Оны қызметтік мұнарадағы манипуляторлармен («Мехазилламен») қармау әрекеті жасалмайды.
🚀 Екінші саты — Starship S39 кемесі Аустралияға жақын маңда су бетіне қонады.
Егер бәрі жоспарланғандай өтсе, келесі, 13-ші ұшуда екінші саты — Ship 40 ақыры орбитаға шығып, толыққанды ғарыш аппаратына айналады, алайда кейін бәрібір мұхитқа құлайды. 2-сатының жаңа нұсқасы екі рет сәтті ұшқаннан кейін барып оны қармап алу әрекеті жасалады. Екі сатының екеуі де сәтті қармалса, Starship тарихтағы алғашқы толық қайта қолданылатын зымыранға айналады.

❤1👍1
18 МАМЫР 2026 — АЙ ОРАҒЫ ЖЕТЕКШІДЕ, ШОЛПАННЫҢ ҚАСЫНДА
2026 жылғы 18 мамырда қараңғы түсе жіңішке Ай орағын Жетекші шоқжұлдызындағы Доңғалақ астеризмінің дәл астынан көруге болады. Айдың сол жағында Шолпан жарқырап тұр.
Одан әрі, Егіздер шоқжұлдызында, бұрынғыша Есекқырған көз тартады. Бұлардың бәрінің үстінен Жетекші мен Егіздердің ең жарық жұлдыздарынан құралған қазақтың Босаға астеризмі байқалады.
#астрокүнтізбе

🔥2👍1
19 МАМЫР 2026 — АЙ ШОЛПАН МЕН ЮПИТЕРДІҢ АРАСЫНДА
2026 жылғы 19 мамырда Ай орағын жарық екі планетаның — Шолпан мен Есекқырғанның дәл ортасынан көруге болады. Қараңғы түсе сала батысқа көз тігіңіз.
Кескін: Astronomy Now/Greg Smye-Rumsby

👍1
STARSHIP FLIGHT 12 СЫНАҒЫ — 22 МАМЫРҒА ҚАРАҒАН ТҮНІ, 3:30-ДА
Starship V3 жүйесінің толық отын құю тестінен кейін SH B19 үдеткіші мен Starship S39 кемесі Pad 2 ұшыру алаңындағы старт тағанынан түсіріліп, өндіріс алаңдарына қайтарылған еді. Кеме содан кейін Мэсси алаңқайына апарылып, кейбір тесттерден өтті де, өндіріс алаңына қайтты. 19 мамырда SH B19 қайтадан стартқа жеткізіліп, тағанға орнатылды, ал бірнеше сағат бұрын Starship S39 да ұшыру алаңына әкелінді.
Старшиптің 12-ші ұшу сынағының жаңа мерзімі — 2026 жылғы 22 мамырға қараған түні, Қазақстан уақытымен 3:30.

20 МАМЫР 2026 — АЙДЫҢ ЮПИТЕРМЕН ТОҒЫСЫ
Дәл қазір, 2026 жылғы 20 мамырда кешке, батысқа бет бұрыңыз. Егіздердің сол жағында Ай орағы мен Есекқырған жақын орналасады. Олардың астында Шолпан жарқырап тұр.

ОСЫ ТҮНІ STARSHIP V3 ҰШАДЫ
Жұма, 2026 жылғы 22 мамырға қараған түні, Қазақстан уақытымен 3:30-да Starship аса ауыр зымыран жүйесінің 3-ші нұсқасы алғаш ұшырылады. Жалпы Старшип жүйесі 12-ші рет ұшу сынағынан өтпек. Кеше Starship S39 кемесі SH B19 үдеткішінің үстіне орнатылды.