Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
FALCON HEAVY #12: ЖҮКТЕМЕ ҚАҚПАҚТАРЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ViaSat-3 F3 миссиясын орындаған Falcon Heavy зымыранының екі жүктеме қақпағы да судан шығарылып, Канаверал портына жеткізілді. SpaceX компаниясы оларды осымен 942-ші рет (482 миссия аясында) қайта қолданып отыр. Бір қақпақ 3 млн доллар тұрады деген ақпарат бар, демек компания $2,8 млрд үнемдеген. Әрине, оларды судан алып шығып, келесі ұшуға дайындауды ескергенде, бұл сан біршама азаятын шығар.

Бір жүктеме қақпағының қайта қолданылу рекорды 36-ға жетті. Төбесі жабылмайтын Dragon кемелерін санамағанда, биылғы миссиялардың барлығында кемі бір бұрын ұшып келген қақпақ пайдаланылды.
👍21
FALCON HEAVY #12: ҰШЫРЫЛЫМ КӨРІНІСТЕРІ

Falcon Heavy-дың 2026 жылғы 29 көкектегі стартының тағы біраз тамаша фотолары
👍1
FALCON HEAVY #12: ОРБИТАДАН КӨЗҚАРАС

Falcon Heavy-дың самғауы төмен жермаңы орбитадағы жерсерік көзімен
фотокөрме #зымыранұшыру
👍1
37 Credit Fabian Ramirez.jpg
1.2 MB
SUPER HEAVY B19: ТОЛЫҚ ТҰТАНДЫРУ ТЕСТІ

SH B19 үдеткішінің толық ұзақтықтағы тұтандыру тесті жасалды. Барлық 33 қозғағыш 14 секундқа қосылды.

Credit: Fabian Ramirez
👍1
АЛҒАШҚЫ STARSHIP V3 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Старбейстегі Pad B ұшыру алаңында SH B19 үдеткіші мен Starship S39 кемесі біріктірілді. Сөйтіп, алғаш рет Starship V3 жүйесі құрастырылып отыр. 12-ші сынақ ұшырылым 16 мамыр 3:30-дан ерте өтпейді.
#жұлдызкеме
👍2