22 КӨКЕК 2026 — ЖАРТЫ АЙ МЕН ЮПИТЕР
Сәрсенбінің кешінде Егіздер шоқжұлдызында Жарты Ай мен жарқыраған Есекқырған кездеседі.
#астрокүнтізбе

👍3❤1
EXOMARS РОВЕРІ 2028 ЖЫЛЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) Rosalind Franklin роверінің НАСА-ның қолдауымен 2028 жылдың аяғында ұшырылатынын тағы қуаттады. Бұл жағдайда ол Марстағы Оксия Жазығына 2029-да қонады. Миссияның басты міндеті — Қызыл Планетадан ежелгі тіршілік белгілерін іздеу. Ровер екі метрлік бұрғысы бар бұрғылау құрылғысымен және органикалық молекулалардың хиралдығын анықтайтын спектрометрмен жабдықталған. Бұл — биоген органиканы абиоген заттан ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі әдіс.
«Розалинд Франклин» мен ресейлік «Казачок» лендерінен тұратын ExoMars миссиясы 2022 жылғы қыркүйекте Байқоңырдан Протон-М зымыранымен ұшырылуы тиіс еді. ESA Роскосмоспен әріптестікті үзген соң, миссияға басқа тасығыш, жаңа лендер мен оған қону қозғағыштары қажет болды. Және ровер Марстағы суық түнде қатып қалмауы үшін радиоизотоптық жылытқыш керек, ал ESA ресейлік жылытқыштан бас тартты.
Лендерді, яғни қонатын платформаны Airbus Defence and Space компаниясы жасайтын болды. Қарапайым лендерге ешқандай ғылыми аспаптар қойылмайды. Ал қалған мәселелер НАСА-ның көмегімен шешілді. NASA радиоизотоптық жылытқыштар мен лендердің тежегіш қозғағыштарын береді және ровер орнатылған платформаны Марсқа ұшыратын Falcon Heavy зымыранының ақысын төлейді.
Ровер бортындағы химиялық зертхананың Марс жыныстарын қалай талдайтыны жайлы біздің арнадағы роликте егжей-тегжейлі әңгімеленеді

YouTube
ExoMars ровері Марстағы тіршілік белгілерін қалай іздейді?
Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) «Розалинд Франклин» роверінің 2028 жылы ұшырылып, Марстағы Оксия Жазығына 2029-да қонатынын хабарлады. ExoMars миссиясы аясында аттанатын аппараттың бортында химиялық зертхана бар. Миссияның басты міндеті — Қызыл Планетадан ежелгі…
👍2
КУРУДАҒЫ «СОЮЗ» ДӘУІРІ АЯҚТАЛДЫ: РЕСЕЙЛІК СТАРТ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ЖАРЫП ЖІБЕРІЛДІ
2026 жылғы 24 көкекте Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) Куру ғарыш айлағындағы ресейлік «Союз-СТ» зымырандарына арналған ұшыру кешенін бөлшектеуге кірісті. Бұл он жылдан аса созылған ауқымды халықаралық ынтымақтастықтың нүктесі ресми түрде қойылғанын білдіреді.
2011 жылдан 2022 жылға дейін Еуропа мен Ресей Оңтүстік Америкадағы айлақтан бірлесе жерсерік ұшырып, нарықтық бәсекеге араласты. Союз-СТ зымыраны 27 ұшырылым аясында орбитаға 90-нан астам аппарат шығарды.
Негізгі жүктердің қатарында:
🛰 Galileo (28 жерсерік): Еуропалық навигациялық жүйенің негізгі тобы осы «Союз» зымырандарымен қалыптасты.
🛰 OneWeb (көптеген топтамалар): Жаһандық интернет желісіне арналған ондаған шағын жерсеріктер бір ұшырылымда топ-тобымен (34-36 данадан) жіберілді.
🛰 Sentinel-1A және 1B: Жерді қашықтықтан зондтауға арналған маңызды еуропалық аппараттар.
🛰 Gaia: Құс жолы галактикасындағы миллиардтаған жұлдыздардың картасын жасауға арналған ғарыштық телескоп.
🛰 Cheops: Экзопланеталарды зерттеуге арналған телескоп.
🛰 Басқа елдердің серіктері: БАӘ-нің Falcon Eye жерсерігі және Францияның әскери аппараттары.
Алайда Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы мен геосаяси жағдайдың шиеленісуі бұл серіктестікті біржола тоқтатты.
Бұрынғы ресейлік ұшыру алаңы енді еуропалық жекеменшік ғарыш секторына беріледі. Мұнда Maiaspace (ArianeGroup стартапы) компаниясының ішінара қайта қолданылатын жеңіл зымырандарын ұшыру көзделген. Алғашқы старт 2027-ге жоспарланған.
Видео: Christian Lardier
#ғарыштарихы

👍1👀1
ЖЕКСЕНБІ, 26 КӨКЕКТЕ БАЙҚОҢЫРДАН ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШАДЫ
Куру космодромынан «Союз» зымырандары енді ешқашан ұшпайтынын кеше жазған едік. Ал ертең, 2026 жылғы 26 көкекте Қазақстан аумағынан екі бірдей «Союз» көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Таңғы 3:21-де Байқоңырдағы №31 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыраны «Прогресс МС-34» жүк кемесін ХҒС-қа аттандырады. Бір ай бұрын ғана осы алаңнан «Прогресс МС-33» ұшқан, ол қарашада алаң істен шыққандықтан 3 айға кешіккен еді.
16:00-де «Бәйтерек» ұшыру кешенінен (бұрынғы №45 алаң) фотодағы «Союз-5» немесе SUNKAR орташа зымыраны алғаш көтеріледі. Жаңа машинаның тұсаукесері бірнеше айдан бері шегеріліп келеді.

❤1👍1
БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОГРЕСС МС-34» ЖҮК КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ
2026 жылғы 26 көкекте таңғы 3:22-де Роскосмос Байқоңырдағы №31 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыранын сәтті ұшырды. Ол «Прогресс МС-34» жүк кемесін ХҒС-қа аттандырды.
Бортта 2518 кг жүк, соның ішінде 700 кг отын, 420 кг су, 50 кг оттегі, 1,3 т құрғақ жүк бар. Стансаға ашық ғарышқа шығуға арналған «Орлан-МКС» №8 жаңа скафандры, «Нейроиммунитет», «Коррекция», «Биодеградация», «Сепарация» эксперименттеріне қажет жабдықтар жеткізіледі. Кеменің ХҒС-пен түйісуі 28-не қараған түнге жоспарланған.
Ал күндізгі төртте «Бәйтерек» кешенінен алғашқы «Союз-5» зымыраны ұшырылуы тиіс.
Фото: Роскосмос
#зымыранұшыру #хғс

👍2❤1
БҮГІН 19:21-ДЕ 12-ШІ FALCON HEAVY ҰШЫРЫЛАДЫ
SpaceX компаниясы 2026 жылғы 27 көкекте, Алматы уақытымен 19:21-де Кеннеди ғарыш орталығындағы LC-39A ұшыру алаңынан 12-ші Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырады. Ол 6,4 тонналық ViaSat-3 байланыс жерсерігін геостационар орбитаға шығаруы тиіс.
🚀🚀🚀 Зымыран B1075 (22-ші ұшу), B1072 (2-ші ұшу) қапталдағы үдеткіштері мен жаңа B1098 орталық үдеткіштен тұрады. Қапталдағы үдеткіштер Флоридадағы LZ-2, LZ-40 алаңдарына қонуға тырысады, орталық саты қайтарылмайды.
Алдыңғы, 11-ші Falcon Heavy 2024 жылы 14 қазанда Europa Clipper аппаратын Юпитер жүйесіне аттандырған еді. 6 тонналық зондқа 45648 км/сағ жылдамдық беру үшін үш үдеткіш те шығындалған.
Credit: SpaceX

👍1
CREW-13 МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
НАСА Crew-13 экипажының құрамын жариялады:
Джессика Уоткинс — командир (NASA) 🇺🇲
Люк Делани — ұшқыш (NASA) 🇺🇲
Джошуа Кутрик — миссия маманы (CSA) 🇨🇦
Сергей Тетерятников — миссия маманы (Роскосмос) 🇷🇺
Уоткинс ғарышқа екінші рет ұшпақ, ол 2022 жылы Crew-4 миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен ХҒС-қа барып қайтқан. Қалған үшеуі орбитаға алғаш шығайын деп отыр. Crew-4 ұшырылымы 2026 жылғы қыркүйектің ортасына жоспарланған.

👍3
АУЫР ЗЫМЫРАНДАР: 108-ШІ ATLAS V СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2026 жылғы 28 көкекте ULA операторының Atlas V 551 ауыр зымыраны 29 дана Amazon LeoSat интернет-жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығарды. Канаверал базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан аттанған LA-06 миссиясы әйгілі зымыранның биылғы екінші, жалпы 108-ші ұшуы болды.
Атлас-5-тің енді 8 данасы қалды. Екі Atlas V 551 зымыраны 22 мамыр мен маусымда екі Amazon Leo миссиясын көтереді, ал N22 нұсқадағы алты тасығыш Boeing Starliner ғарыш кемесін ұшыруға бөлінген. Келесі Старлайнер ХҒС-қа жүк кемесі (!) ретінде ұшады. Ол сәтті барып қайтса, НАСА үш ұшқышты миссияға тапсырыс бермек. Ал қосымша екі ұшқышты миссия 2030 жылы ХҒС жұмысы аяқталғанша үлгере ме, белгісіз.
Ал екінші рет ұшырылатын еуропалық Ariane 64 ауыр зымыраны да LE-02 миссиясы аясында 32 дана Amazon Leo интернет-жерсерігін шығаруы тиіс. Ariane 6 тасығышының төрт үдеткіші бар ауыр нұсқасы Куру космодромынан 30 көкек, 13:08-де көтеріледі.
27-не жоспарланған 12-ші Falcon Heavy старты 29 көкек, 19:13-ке шегерілді. SpaceX компаниясының аса ауыр зымыраны ViaSat-3 байланыс жерсерігін геостационар орбитаға шығаруы тиіс. Оның қапталдағы үдеткіштері LZ-2, LZ-40 алаңдарына қонуға тырысады, орталық сатысы қайтарылмайды.
#зымыранұшыру

Rocket Launch: Amazon Leo 6
ULA's Atlas V rocket will deliver another batch of satellites into low Earth orbit for Amazon Leo, the broadband constellation. Amazon Leo's mission is to provide fast, reliable internet to customers around the world, including those in unserved and underserved…
👍1
«СҰҢҚАР» 30 КӨКЕКТЕ ҰША АЛА МА?
«Союз-5»-тің алғашқы старты енді 2026 жылғы 30 көкек, 16:00-ге шегерілді. Бұл ол ұшады деп белгіленген мерзімдегі соңғы дата.
Самарадағы «Прогресс» кәсіпорны жасаған «Союз-5» — бұрын Украинада құрастырылған «Зенит» орташа зымыранының аналогы. «Зенит» бөлшектерінің 70–85%-і Ресейде өндірілетін.
Жаңа тасығыштың ұшу-конструкторлық сынағы аясында төрт ұшырылым жоспарланған. Керосиннің нафтил деген сортын жағатын екі сатылы зымыран төмен жермаңы орбитаға 17,4 т («Союз-2»-ден 2 есе көп), гелиосинхронға — 9 т, геоөтпеліге — 6 т, геостационарға — 2,5 т жүктеме шығара алады.
1-саты тартымы 800 тк РД-171МВ, 2-саты — РД-0124МС қозғағыштарымен жабдықталған. Зымыранның биіктігі 58,8 м немесе 65,2 м; диаметрі — 4,1 м; старттағы массасы — 526-531 тонна. Ұшырылым құны 55 млн доллар (тоннасына 300 000 рубль).
«Сұңқардың» сынақ ұшырылымының циклограммасы:
T+180 с — 1-ші және 2-ші саты блоктарының ажырауы (1-саты Свердловск облысына құлайды)
T+185 с — жүктеме қақпақтарының тасталуы (Ханты-Манси округінің Конда ауданына құлайды)
T+570 с — 2-саты қозғағышының өшірілуі
T+572 с — пайдалы жүктеме макетінің 2-сатыдан ажырауы (2-саты мен макет Тынық мұхит айдынына құлайды).

«СОЮЗ-5» / «СҰҢҚАР» БҮГІН ДЕ ҰШПАДЫ
«Союз-5» орташа зымыранының талай рет шегерілген алғашқы сынақ миссиясы ақыры 2026 жылғы 29 көкекке белгіленгенін жазған едік. Алайда ұшырылым 2-сатының тотықтырғыш багындағы қысымның түсіп кетуіне байланысты 30-на қалды. Бірақ зымыран бүгін де ұшпады, бұл тасығыш пен старт кешені құрылғыларын қосымша тексеру қажеттігімен түсіндіріліп отыр.
«Сұңқардың» ұшыру операторы болып «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны саналады, ал іс жүзінде онымен, әрине, Роскосмос айналысатын шығар. «Союз-5» Роскосмостың Самарадағы «Прогресс» кәсіпорнында жасалады. Енді бұл зымыран жайлы ол ұшып жатса бір-ақ жазамыз.

Ресми дереккөздер:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos/projects/details/297?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos?lang=kk
https://bayterek.kz/news

www.gov.kz
GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы, өмірлік жағдайлар, пайдалы ақпарат
👍1
СҮЙІНШІ, «СҰҢҚАР» ҰШТЫ!
2026 жылғы 30 көкек, 23:00-де Байқоңырдағы «Бәйтерек» кешенінен (№45 ұшыру алаңынан) «Союз-5» / «Сұңқар» орташа зымыраны тұңғыш рет көтерілді. Роскосмос алғашқы сынақ ұшырылымның сәтті өткенін хабарлады. Пайдалы жүктеме макетін суборбиталық траекторияға шығаруға 9,5 минут кетті. Зымыранның 1-ші, 2-ші сатылары ойдағыдай жұмыс істеді. Макет Тынық мұхит айдынындағы алдын-ала белгіленген ауданға құлады.
Самарадағы «Прогресс» кәсіпорны жасаған «Союз-5» — бұрын Украинада құрастырылған «Зенит» орташа зымыранының аналогы. Оның ұшу-конструкторлық сынағы аясында төрт ұшырылым жоспарланған. Керосиннің нафтил деген сортын жағатын екі сатылы зымыран төмен жермаңы орбитаға 17,4 т («Союз-2»-ден 2 есе көп), гелиосинхронға — 9 т, геоөтпеліге — 6 т, геостационарға — 2,5 т жүктеме шығара алады.
«Сұңқардың» ұшыру операторы болып «Бәйтерек» бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны саналады, іс жүзінде оны Роскосмос жасап, ұшырады. Роскосмос 2014 жылдан бергі бірінші жаңа ресейлік ғарыш зымыраны ұшырылды деп жатыр. «Бүгін ерекше ұшырылым өтті — бұл әлемдегі ең қуатты сұйық отынды зымыран қозғағышымен жабдықталған ресейлік жаңа «Союз-5» зымыранының алғашқы старты. Оның басты ерекшеліктерінің бірі — пайдалы жүкті жермаңы орбитаға шығарудың жоғары дәлдігі», — деді корпорация басшысы Дмитрий Баканов.
«Бәйтерек» кешені (бұрынғы №№42, 45 алаңдар) жоғарыда айтылған бірлескен кәсіпорынның басқаруында және Роскосмосқа жалға берілген Байқоңыр ғарыш айлағының құрамына кірмейді. Кешенді қайта құруға Қазақстан 233 млн доллар жұмсады. Ал Ресей тарапы зымыран жасауды мойнына алды.
#зымыранұшыру #ҚазақстанҒарышта

👍1🔥1