Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
АЛҒАШ РЕТ 33 RAPTOR V3 ТҰТАНДЫРЫЛДЫ!

SH B19 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы толық статикалық тұтандыру сынағынан өтті. V3 нұсқадағы бірінші үдеткіш жаңа үлгідегі Raptor 3 қозғағыштарымен жабдықталған. Одан кейін толтыра отын құю (WDR-тест) да тексерілді. SH B19 старт тағанынан түсірілді.
👍1
BLUE ORIGIN NG-3 МИССИЯСЫ СӘТСІЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ

AST SpaceMobile (жерсеріктің операторы):
"NG-3 миссиясы кезінде біздің BlueBird 7 жерсерігіміз жоспарланғаннан төмен орбитаға шығарылды. Аппарат зымыранның 2‑ші сатысынан бөлініп, іске қосылды. Алайда ол тым төмен болғандықтан, борттық қозғағыштар көмегімен көтеріле алмайды және орбитадан құлайды. Жерсеріктің құнын сақтандыру компаниясы өтейді деп күтілуде."

Blue Origin компаниясы New Glenn зымыранын әдемі ұшырып, 1-сатысын баржаға әдемі қондырғанымен, тасығыштың 2-сатысы негізгі міндетті — клиенттің жерсерігін белгіленген орбитаға шығаруды орындай алмады. 460 км-ге көтеріле алмаған 6 тонналық ауыр жерсерік атмосферада жанып кетеді. New Glenn 3 миссияда бірінші сәтсіздікке ұшырап отыр. 1-сатыны қондырудың үш әрекетінің екеуі табысты болды.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Never Tell Me The Odds 1-сатысы Jacklyn баржасына бұл жолы да сәтті қонды
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX 600-ШІ ЗЫМЫРАН САТЫСЫН СӘТТІ ҚОНДЫРДЫ

Біреулер зымыран сатысын екінші рет қондырып жатқанда, SpaceX компаниясы мұны 600-ші рет жасады (612 әрекеттен) 🔔
2026 жылғы 47-ші миссия — 19 көкектегі Starlink-17.22 сәтті өтті, жерсеріктер тиісті орбитаға шығарылды.
#ғарыштарихы
1👍1
22 КӨКЕК 2026 — ЖАРТЫ АЙ МЕН ЮПИТЕР

Сәрсенбінің кешінде Егіздер шоқжұлдызында Жарты Ай мен жарқыраған Есекқырған кездеседі.
#астрокүнтізбе
👍31
EXOMARS РОВЕРІ 2028 ЖЫЛЫ ҰШЫРЫЛАДЫ

Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) Rosalind Franklin роверінің НАСА-ның қолдауымен 2028 жылдың аяғында ұшырылатынын тағы қуаттады. Бұл жағдайда ол Марстағы Оксия Жазығына 2029-да қонады. Миссияның басты міндеті — Қызыл Планетадан ежелгі тіршілік белгілерін іздеу. Ровер екі метрлік бұрғысы бар бұрғылау құрылғысымен және органикалық молекулалардың хиралдығын анықтайтын спектрометрмен жабдықталған. Бұл — биоген органиканы абиоген заттан ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі әдіс.

«Розалинд Франклин» мен ресейлік «Казачок» лендерінен тұратын ExoMars миссиясы 2022 жылғы қыркүйекте Байқоңырдан Протон-М зымыранымен ұшырылуы тиіс еді. ESA Роскосмоспен әріптестікті үзген соң, миссияға басқа тасығыш, жаңа лендер мен оған қону қозғағыштары қажет болды. Және ровер Марстағы суық түнде қатып қалмауы үшін радиоизотоптық жылытқыш керек, ал ESA ресейлік жылытқыштан бас тартты.

Лендерді, яғни қонатын платформаны Airbus Defence and Space компаниясы жасайтын болды. Қарапайым лендерге ешқандай ғылыми аспаптар қойылмайды. Ал қалған мәселелер НАСА-ның көмегімен шешілді. NASA радиоизотоптық жылытқыштар мен лендердің тежегіш қозғағыштарын береді және ровер орнатылған платформаны Марсқа ұшыратын Falcon Heavy зымыранының ақысын төлейді.

Ровер бортындағы химиялық зертхананың Марс жыныстарын қалай талдайтыны жайлы біздің арнадағы роликте егжей-тегжейлі әңгімеленеді
👍2
КУРУДАҒЫ «СОЮЗ» ДӘУІРІ АЯҚТАЛДЫ: РЕСЕЙЛІК СТАРТ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ЖАРЫП ЖІБЕРІЛДІ

2026 жылғы 24 көкекте Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) Куру ғарыш айлағындағы ресейлік «Союз-СТ» зымырандарына арналған ұшыру кешенін бөлшектеуге кірісті. Бұл он жылдан аса созылған ауқымды халықаралық ынтымақтастықтың нүктесі ресми түрде қойылғанын білдіреді.

2011 жылдан 2022 жылға дейін Еуропа мен Ресей Оңтүстік Америкадағы айлақтан бірлесе жерсерік ұшырып, нарықтық бәсекеге араласты. Союз-СТ зымыраны 27 ұшырылым аясында орбитаға 90-нан астам аппарат шығарды.

Негізгі жүктердің қатарында:
🛰 Galileo (28 жерсерік): Еуропалық навигациялық жүйенің негізгі тобы осы «Союз» зымырандарымен қалыптасты.
🛰 OneWeb (көптеген топтамалар): Жаһандық интернет желісіне арналған ондаған шағын жерсеріктер бір ұшырылымда топ-тобымен (34-36 данадан) жіберілді.
🛰 Sentinel-1A және 1B: Жерді қашықтықтан зондтауға арналған маңызды еуропалық аппараттар.
🛰 Gaia: Құс жолы галактикасындағы миллиардтаған жұлдыздардың картасын жасауға арналған ғарыштық телескоп.
🛰 Cheops: Экзопланеталарды зерттеуге арналған телескоп.
🛰 Басқа елдердің серіктері: БАӘ-нің Falcon Eye жерсерігі және Францияның әскери аппараттары.

Алайда Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы мен геосаяси жағдайдың шиеленісуі бұл серіктестікті біржола тоқтатты.

Бұрынғы ресейлік ұшыру алаңы енді еуропалық жекеменшік ғарыш секторына беріледі. Мұнда Maiaspace (ArianeGroup стартапы) компаниясының ішінара қайта қолданылатын жеңіл зымырандарын ұшыру көзделген. Алғашқы старт 2027-ге жоспарланған.

Видео: Christian Lardier
#ғарыштарихы
👍1👀1
ЖЕКСЕНБІ, 26 КӨКЕКТЕ БАЙҚОҢЫРДАН ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШАДЫ

Куру космодромынан «Союз» зымырандары енді ешқашан ұшпайтынын кеше жазған едік. Ал ертең, 2026 жылғы 26 көкекте Қазақстан аумағынан екі бірдей «Союз» көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Таңғы 3:21-де Байқоңырдағы №31 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыраны «Прогресс МС-34» жүк кемесін ХҒС-қа аттандырады. Бір ай бұрын ғана осы алаңнан «Прогресс МС-33» ұшқан, ол қарашада алаң істен шыққандықтан 3 айға кешіккен еді.

16:00-де «Бәйтерек» ұшыру кешенінен (бұрынғы №45 алаң) фотодағы «Союз-5» немесе SUNKAR орташа зымыраны алғаш көтеріледі. Жаңа машинаның тұсаукесері бірнеше айдан бері шегеріліп келеді.
1👍1
БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОГРЕСС МС-34» ЖҮК КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ

2026 жылғы 26 көкекте таңғы 3:22-де Роскосмос Байқоңырдағы №31 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыранын сәтті ұшырды. Ол «Прогресс МС-34» жүк кемесін ХҒС-қа аттандырды.

Бортта 2518 кг жүк, соның ішінде 700 кг отын, 420 кг су, 50 кг оттегі, 1,3 т құрғақ жүк бар. Стансаға ашық ғарышқа шығуға арналған «Орлан-МКС» №8 жаңа скафандры, «Нейроиммунитет», «Коррекция», «Биодеградация», «Сепарация» эксперименттеріне қажет жабдықтар жеткізіледі. Кеменің ХҒС-пен түйісуі 28-не қараған түнге жоспарланған.

Ал күндізгі төртте «Бәйтерек» кешенінен алғашқы «Союз-5» зымыраны ұшырылуы тиіс.

Фото: Роскосмос
#зымыранұшыру #хғс
👍21
БҮГІН 19:21-ДЕ 12-ШІ FALCON HEAVY ҰШЫРЫЛАДЫ

SpaceX компаниясы 2026 жылғы 27 көкекте, Алматы уақытымен 19:21-де Кеннеди ғарыш орталығындағы LC-39A ұшыру алаңынан 12-ші Falcon Heavy аса ауыр зымыранын ұшырады. Ол 6,4 тонналық ViaSat-3 байланыс жерсерігін геостационар орбитаға шығаруы тиіс.

🚀🚀🚀 Зымыран B1075 (22-ші ұшу), B1072 (2-ші ұшу) қапталдағы үдеткіштері мен жаңа B1098 орталық үдеткіштен тұрады. Қапталдағы үдеткіштер Флоридадағы LZ-2, LZ-40 алаңдарына қонуға тырысады, орталық саты қайтарылмайды.

Алдыңғы, 11-ші Falcon Heavy 2024 жылы 14 қазанда Europa Clipper аппаратын Юпитер жүйесіне аттандырған еді. 6 тонналық зондқа 45648 км/сағ жылдамдық беру үшін үш үдеткіш те шығындалған.

Credit: SpaceX
👍1
CREW-13 МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

НАСА Crew-13 экипажының құрамын жариялады:
Джессика Уоткинс — командир (NASA) 🇺🇲
Люк Делани — ұшқыш (NASA) 🇺🇲
Джошуа Кутрик — миссия маманы (CSA) 🇨🇦
Сергей Тетерятников — миссия маманы (Роскосмос) 🇷🇺

Уоткинс ғарышқа екінші рет ұшпақ, ол 2022 жылы Crew-4 миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен ХҒС-қа барып қайтқан. Қалған үшеуі орбитаға алғаш шығайын деп отыр. Crew-4 ұшырылымы 2026 жылғы қыркүйектің ортасына жоспарланған.
👍3