Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
BLUE ORIGIN ЕКІНШІ МӘРТЕ ҰШЫРЫЛҒАН ЗЫМЫРАН САТЫСЫН ҚАЙТА СӘТТІ ҚОНДЫРДЫ

2026 жылғы 19 көкекте Blue Origin компаниясы Канаверал базасындағы SLC-36 старт алаңынан New Glenn ауыр зымыранын үшінші мәрте ұшырды. NG-3 миссиясының мақсаты — BlueBird Block 2 FM2 жаңа буын байланыс жерсерігін 460 км, 49,4° төмен жермаңы орбитаға шығару еді. Алайда зымыранның 2-сатысы екінші мәрте қосыла алмай, жүктемені қате орбитаға шығарды. Миссия ішінара сәтсіз деген статус алды, демек жерсерік тиісті орбитаға өз күшімен көтеріле алатын болса керек.

Былтыр NG-2 миссиясын сәтті орындаған Never Tell Me The Odds 1-сатысы қайта ұшырылды, дегенмен оның барлық 7 қозғағышы жаңаларына ауыстырылды. Бұл саты бүгін де Jacklyn баржасына ойдағыдай қонды! Сөйтіп, Blue Origin компаниясы SpaceX-тен кейін екінші болып сұйық отынды орбиталық зымыранның 1-сатысын сәтті қайта қолдана алды.

Фото: John Kraus Photos
#ғарыштарихы #зымыранұшыру
👍1
C/2025 R3 (PanSTARRS) кометасы, 10 көкек 2026 жыл
Фото авторы: Łukasz Remkowicz
👍1
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Starship S39 кемесінің барлық 6 қозғағышының толық статикалық тұтандыру сынағы өткізілді. Бұл жаңа V3 нұсқадағы кемелердің алғашқы осындай тесті болды. Өндіріс алаңына қайта әкелінген Starship S39 бірнеше аптадан кейін ұшуға әзірленіп жатыр.

Credit: SpaceX
#жұлдызкеме
👍1
АЛҒАШ РЕТ 33 RAPTOR V3 ТҰТАНДЫРЫЛДЫ!

SH B19 үдеткішінің барлық 33 қозғағышы толық статикалық тұтандыру сынағынан өтті. V3 нұсқадағы бірінші үдеткіш жаңа үлгідегі Raptor 3 қозғағыштарымен жабдықталған. Одан кейін толтыра отын құю (WDR-тест) да тексерілді. SH B19 старт тағанынан түсірілді.
👍1
BLUE ORIGIN NG-3 МИССИЯСЫ СӘТСІЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ

AST SpaceMobile (жерсеріктің операторы):
"NG-3 миссиясы кезінде біздің BlueBird 7 жерсерігіміз жоспарланғаннан төмен орбитаға шығарылды. Аппарат зымыранның 2‑ші сатысынан бөлініп, іске қосылды. Алайда ол тым төмен болғандықтан, борттық қозғағыштар көмегімен көтеріле алмайды және орбитадан құлайды. Жерсеріктің құнын сақтандыру компаниясы өтейді деп күтілуде."

Blue Origin компаниясы New Glenn зымыранын әдемі ұшырып, 1-сатысын баржаға әдемі қондырғанымен, тасығыштың 2-сатысы негізгі міндетті — клиенттің жерсерігін белгіленген орбитаға шығаруды орындай алмады. 460 км-ге көтеріле алмаған 6 тонналық ауыр жерсерік атмосферада жанып кетеді. New Glenn 3 миссияда бірінші сәтсіздікке ұшырап отыр. 1-сатыны қондырудың үш әрекетінің екеуі табысты болды.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Never Tell Me The Odds 1-сатысы Jacklyn баржасына бұл жолы да сәтті қонды
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX 600-ШІ ЗЫМЫРАН САТЫСЫН СӘТТІ ҚОНДЫРДЫ

Біреулер зымыран сатысын екінші рет қондырып жатқанда, SpaceX компаниясы мұны 600-ші рет жасады (612 әрекеттен) 🔔
2026 жылғы 47-ші миссия — 19 көкектегі Starlink-17.22 сәтті өтті, жерсеріктер тиісті орбитаға шығарылды.
#ғарыштарихы
1👍1
22 КӨКЕК 2026 — ЖАРТЫ АЙ МЕН ЮПИТЕР

Сәрсенбінің кешінде Егіздер шоқжұлдызында Жарты Ай мен жарқыраған Есекқырған кездеседі.
#астрокүнтізбе
👍31