‼️
Алматы уақытымен 2:30-да басталатын мәслихатқа НАСА-ның ғылыми директоры Томас Зурбухен, НАСА директорының ұшқышты миссиялар жөніндегі орынбасары Кэти Людерс, Хаббл телескопы бағдарламасының менеджері Патрик Кроуз, SpaceX-тің клиенттермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Джессика Дженсен және Polaris Dawn миссиясының жетекшісі Джаред Айзекман қатысады.
Хаббл телескопы мен SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесімен ұшатын Polaris Dawn миссиясы жайлы маңызды жаңалық хабарлануы мүмкін.

🔥1🤔1
SPACEX ХАББЛ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЗАРТАДЫ
Кешегі мәслихатта не айтылды?
НАСА мен SpaceX Хаббл ғарыштық телескопының орбитасын Dragon кемесі көмегімен көтеру идеясын талдау жөнінде келісімге келген екен. Идеяны SpaceX пен Polaris бағдарламасы бірлесіп ұсынған. Миссияны SpaceX өзі қаржыландырады, НАСА-дан шығын шықпайды. Талдау алты айға созылуы мүмкін. Телескопқа қалай қауіпсіз жақындау, онымен түйісу және орнықты орбитаға көтеру мәселелері қарастырылады. Dragon кемелерінің ХҒС-қа түйісу тәжірибесі де пайдаланылады.
1990 жылы ұшырылған Хаббл Жерді 539 км биіктікте айналады, орбита уақыт өте біртіндеп төмендеуде. Кроуздың айтуынша, телескопты 600 км биіктікке көтеру оның жұмысын 15–20 жылға ұзартар еді. Идея жүзеге аспаса, НАСА 20-шы жылдардың аяғында, телескопты орбитадан түсіріп, атмосферада қауіпсіз жою үшін басқа миссия жөнелтеді.
Миллиардер Джаред Айзекман былтыр Inspiration4 жекеменшік миссиясын басқарып, Crew Dragon кемесімен ғарышқа ұшып қайтқан еді. Осы жылдың аяғында ол Polaris Dawn миссиясының командирі ретінде тағы ұшады. Айзекман Polaris бағдарламасы үшін SpaceX-тан тағы 3 ғарыш сапарын сатып алғаны белгілі, соның бірі Хабблға бағытталуы мүмкін. Хаббл орбитасын ұшқышсыз автоматты миссия көтеруі де ықтимал. SpaceX пен Polaris талдауы эксклюзив емес, НАСА басқа ғарыш компанияларын да ұсыныс беруге шақырып отыр.

🔥1
JUNO ЕВРОПА БЕТІНЕН 352 КМ-ДЕ ӨТТІ
2022 жылы 29 қыркүйекте НАСА-ның Juno ғарыш аппараты Юпитердің серігі Европа бетінен небәрі 352 километр биіктікте ұшып өтті. Бұл 2000 жылы Галилео аппараты жасаған рекордтан бір-ақ километр жоғары. Juno ұшу барысында Европа бетін пикселіне 1 км ажыратыммен суретке түсіріп, серіктің ішкі құрылымы мен экзосферасы жайлы мәлімет жинады. Ұшып өту аппаратқа Юпитерді айналу периодын 43-тен 38 тәулікке дейін азайтуға да мүмкіндік берді.
Алынған кескіндерден серіктің жарықтар, жоталар мен ойыстар басқан мұзды беті көрінеді. Бір суреттегі дөңгелек құрылым бұзылған соққы кратері болуы мүмкін. Европа бетінде кратерлердің аздығы оның геологиялық тұрғыдан жас екендігін білдіреді.
Диаметрі 3122 км Европа біздің Айдан сәл кіші. Қойнауында жаһандық су мұхиты бар серік астробиологтарды ерекше қызықтырады. Мұхиттың қатпауына Юпитер гравитациясы туғызған толысу күштерінің әсері себеп. Су жарықтар арқылы Европа бетіне шығып, гейзерлерден шашылады. Мұхит суының қасиеті онда тіршіліктің, мысалы, бактериялардың жасауына жарамды деп болжанады.
Сондықтан жақын болашақта оны зерттеуге бірнеше ғарыш аппараты жіберіледі. НАСА-ның Europa Clipper миссиясы 2024-тің қазанында ұшырылып, Европа орбитасына 2030 жылы көкекте шығады деп жоспарланған. Europa Lander аппараты SLS зымыранымен 2025-те ұшырылса, Юпитер жүйесіне 2030-да жетіп, мұзды серік бетіне 2032 жылы қонуы мүмкін. Ал 2023-ке шегерілген еуропалық JUICE миссиясы басты назарын Ганимедке аударып, Европа тұсынан 2032 жылы екі-ақ рет ұшып өтеді. НАСА сондай-ақ SWIM жобасы аясында, Европаның жерасты мұхитына жүзетін микророботтар үйірін түсіруді ойластыруда. Олар мұхитқа мұзды ерітетін криобот көмегімен жетеді.

SPACEX VS. ҚАЛҒАН ӘЛЕМ — 2:1
BryceTech мәліметінше, SpaceX компаниясы 2022 жылдың 2-тоқсанында орбитаға шығарған ғарыш аппараттарының жалпы массасы 158 666 кг болған екен. Бұл БҮКІЛ дүние жүзіндегі мемлекеттік ғарыш агенттіктері мен басқа ғарыш компаниялары шығарған ЖИЫНТЫҚ массадан ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ!
Басқаша айтқанда, 2-тоқсанда дүние жүзі бойынша орбитаға шығарылған пайдалы жүктеменің үштен екісін бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясы көтерген.
#космодерек

🤯1
SOFIA ӘУЕ РАСЫТХАНАСЫ СОҢҒЫ РЕТ ҰШТЫ
2022 жылы 28 қыркүйекте SOFIA (Stratospheric Observatory for Infrared Astronomy) стратосфералық инфрақызыл обсерваториясы соңғы рет көкке көтерілді. НАСА мен Герман әуе-ғарыш орталығы (DLR) жарақтандырған ұшақ ғылыми жұмысын 2010 жылы бастаған. Тарихтағы екінші стратосфералық расытхана енді мұражайға, Койпер әуе обсерваториясының жанына қойылады.
SOFIA — бортына 2,7 метрлік инфрақызыл телескоп пен жеті ғылыми аспап орнатылған Boeing 747 SP ұшағы. Ол ИҚ-сәулеленуді жұтатын атмосферадағы су буының көп бөлігінен жоғарырақ, 11–13 км биіктікке көтеріліп, бақылау жүргізетін. Соның арқасында спектрдің бұл диапазонының 85%-ін көруге мүмкіндік бар.
SOFIA Әлемдегі бірінші молекула — HeH+ иондарының ғарыш кеңістігінде барын дәлелдеді. Обсерватория белсенді жұлдызтүзілу аймақтарын, супержаңа қалдықтары мен Құс Жолы орталығын зерттеп, қара құрдымдарды іздеді. SOFIA Күн жүйесі денелерін де бақылады. Атап айтқанда, ол Марс атмосферасын зерттеді, комета құйрықтарының химиялық құрамын талдады және Айдың бергі бетіндегі кратерден су молекуласын тапты.
Жоба қымбаттығы мен тиімсіздігі себепті жабылып отыр. НАСА SOFIA жұмысына жылына 85 млн доллар жұмсайды, бұл Хабблдан басқа кез келген астрофизикалық миссиядан көп. Алайда обсерваторияның ғылыми өнімділігі аз болды. Және оның міндетін енді Уэбб ғарыштық телескопы атқара алады.

FIREFLY ALPHA ЗЫМЫРАНЫ АЛҒАШ РЕТ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2022 жылы 1 қазанда, Алматы уақытымен 13:01-де Firefly Aerospace компаниясы өзінің Alpha зымыранын алғаш рет сәтті ұшырды. Ванденберг ғарыш айлағының SLC-2W ұшыру алаңынан көтерілген зымыран екі 3U-кубсатты және бес 8P-покеткуб салынған PicoBus платформасын төмен жермаңы орбитаға шығарды.
Бұл — компанияның екінші ұшырылым әрекеті, 2021 жылы қыркүйекте зымыран 1-саты жұмысы кезеңінде жарылып кеткен еді. Сөйтіп, Firefly Aerospace орбитаға пайдалы жүктеме шығара алған бесінші америкалық жекеменшік ғарыш компаниясы болды. Келесі старт 29 қарашаға жоспарланған. 2023 жылы Alpha тағы бес рет ұшырылады. Ал 2024 жылы компания қуатты Beta зымыранын алғаш ұшырмақ. Сол жылы Firefly Aerospace НАСА-ның CLPS бастамасы аясында Айға Blue Ghost лендерін жөнелтуі тиіс. Қайта қолданылатын Gamma зымыраны осы онжылдық біткенше сыналып қалар.
Ұзындығы 29 м, диаметрі 1,82 м, массасы 54 т Alpha — аса жеңіл екі сатылы зымыран. 1-сатыда керосин-сұйық оттегін жағатын төрт Reaver қозғағышы, 2-сатыда бір Lightning қозғағышы тұр. Тасығыш төмен жермаңы орбитаға 1170 кг, ал гелиосинхрон орбитаға 745 кг пайдалы жүктеме шығара алады. Компания 1 кг жүк шығаруға нарықтағы ең төмен баға — 15 000 000 доллар — сұрап отыр. Жеті Miranda қозғағышымен жабдықталатын Beta зымыраны бұл орбиталарға сәйкесінше 13 000 кг және 11 600 кг шығаруы мүмкін.

👏1
МАНГАЛЬЯН МАРС ОРБИТЕРІ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ
Жердегі стансалар Қызыл планета орбитасындағы Мангальян аппаратымен байланысты жоғалтып алды. Бұл миссияның аяқталғанын білдіреді. Үндістан ғарыш зерттеулері ұйымы (ISRO) өкілдерінің мәлімдеуінше, байланысты қалпына келтіру енді мүмкін емес.
Mangalyaan (Mars Orbiter Mission, MOM) — Марсқа жөнелтілген алғашқы үнді аппараты. Ол 2013 жылы 5 қарашада ұшырылып, Марс айналасындағы орбитаға келесі жылы 24 қыркүйекте шыққан. Алты айға есептелген орбитер тура сегіз жыл жұмыс істей алды. Құны 55 миллион доллар, құрғақ массасы 482 кг аппарат қуатты күн панелінен алатын. Оның бортында жалпы массасы 15 кг бес ғылыми аспап орнатылған: атмосферадағы метан концентрациясын анықтайтын аспап, түсті фотокамера, экзосфера бөлшектерін талдаушы масс-анализатор, спектрометр, атмосферадағы сутегі мөлшерін өлшейтін фотометр. Миссия пәлендей маңызды ғылыми жаңалық ашқан жоқ, үнді ғалымдары мұны аспаптардың аздығымен түсіндірді. Мангальян Марстың бүкіл дискін бір-ақ суретке түсіретін және Деймостың Марстан көрінбейтін арғы бетінің кескінін алатын жалғыз орбитер еді.
Байланыс 2022 жылы 27 қыркүйекте жоғалды. Бұған не себеп болғаны белгісіз. Аппараттың маневр жасайтын отыны таусылған немесе Марс көлеңкесіндегі маневр кесірінен батареясы отырып қалған шығар. Не болса да, 2 қазанда ISRO миссия аяқталғанын ресми мәлімдеді. Үндістан 2024 жылы Марсқа күрделірек аспаптармен жарақтанған MOM-2 миссиясын жіберуді жоспарлап отыр.

👏2
2022 ЖЫЛҒЫ НОБЕЛЬДІ КІМ АЛУЫ МҮМКІН?
Швед Корольдік ғылым академиясы физика саласындағы 2022 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарын сейсенбі, 4 қазанда, Алматы уақытымен 15:45 шамасында атайды.
Clarivate компаниясының болжамынша, биылғы сыйлықтан басты үміткер — Мюнхен университеті физигі Иммануэль Блох (Immanuel Bloch). Экспериментатор көпбөлшекті кванттық жүйелермен айналысады.
Тізімде екінші болып Стэнфорд университеті зерттеушісі Стивен Квейк (Stephen R. Quake) тұр. Ғалым физика мен биологияның тоғысындағы микрофлюидика саласына үлкен үлес қосқан.
Clarivate назарында жапон физиктері Такаси Танигучи (Takashi Taniguchi) мен Кенъи Ватанабэ (Kenji Watanabe) де бар. Олар бор нитридінің гексагонал модификациясын — тарихтағы графеннен кейінгі екінші екі өлшемді материалды алған.
#Нобель

СВАНТЕ ПААБО — ЕЖЕЛГІЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУШЫ
Сонымен, дүйсенбіде Нобель аптасы-2022 басталды. Физика саласындағы сыйлық бүгін беріледі, дегенмен оқырманымыздың сұрауы бойынша, басқа ғылым саласындағы лауреаттарды да қысқаша таныстырайық.
Дәстүр бойынша алғаш болып физиология немесе медицина саласындағы сыйлық берілді. 2022 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты — 67 жастағы швед биологы, палеогенетиканың негізін қалаушылардың бірі Сванте Паабо (Svante Pääbo). Ғалым қазіргі заманға жеткен болар-болмас ДНҚ қалдықтары бойынша ежелгі адамдардың геномын анықтау әдіс-тәсілдерін дамытқан. Оның жұмыстары адам эволюциясы мен миграциясын түсінуге үлкен пайдасын тигізді.
Паабо неандертал адамы геномының толық түрін анықтап, жариялаған. Ал 2008 жылы Алтайдағы Денисов үңгірінен ежелгі адамның шынашақ сүйегінің бір буыны табылады. Паабо осы үлгі бойынша бұрын белгісіз гоминидті — Денисов адамын ашты. Аталмыш екі гоминид пен Хомо сапиенс жүздеген мың жыл бұрын бөлініп кеткенімен, одан кейін де қатынасқа түскені белгілі болды. Қазіргі кез келген адамның геномында неандертал ДНҚ-сының ізі бар. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындарына 1–6% Денисов адамы гені мұраға қалған екен. Денисов адамының ашылуы жөнінде "Тас ғасырындағы секс" (Sex in the Stone Age) атты деректі фильм бар.
Сванте Паабоның әкесі, биохимик Суне Бергстрём 1982 жылы осы саладағы Нобель сыйлығын иеленген.

❤🔥2🔥2
2022 ЖЫЛҒЫ ФИЗИКАДАҒЫ НОБЕЛЬДІ КВАНТТЫҚ МЕХАНИКТЕР ИЕЛЕНДІ
4 қазанда Швед Корольдік ғылым академиясы 2022 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарын атады. Биылғы жүлде матасқан бөлшектермен жаңашыл эксперименттер өткізген ғалымдарға берілді. Олар алған нәтиже жаңа технологияларда қолданыла бастады. Қазіргі күні кванттық компьютерлер, кванттық желілер мен қауіпсіз кванттық шифрланған байланыс салалары қарқынды зерттеліп, дамуда.
Нобель сыйлығын, "матасқан фотондармен өткізген эксперименттері, Белл теңсіздігінің орындалмауын зерттегені және кванттық информатика саласындағы ізашар еңбектері үшін", француз Ален Аспе (Alain Aspect), америкалық Джон Клаузер (John F. Clauser) мен аустриялық Антон Цайлингер (Anton Zeilinger) иеленді. Бұл үшеуі кванттық физикаға қосқан іргелі үлесі үшін 2010 жылғы Вольф сыйлығымен де марапатталған еді.
Ален Аспе 1947 жылы туған, Париж-Сакле университеті мен Политехникалық мектептің профессоры. Джон Ф. Клаузер 1942 жылы дүниеге келген, зерттеуші-физик. Антон Цайлингер (1945) — Вена университетінің профессоры. Оларға Нобель медалі 10 желтоқсанда өтетін салтанатты рәсімде табысталады. Лауреаттар 10 миллион швед кронын тең бөліседі.
Кванттық механикада кванттық матасу деп аталатын ғажайып құбылыс бар екені белгілі. Матасқан екі не одан да көп бөлшек, шақырымдаған ара қашықтықта орналасса да, бір бүтін тәрізді әрекет етеді. Мысалы, матасқан фотонның бірінің спин спиральдігі оң екені өлшенсе, екіншісінікі міндетті түрде теріс болып шығады, және керісінше. Мұндай жұптың бір сыңарына жасалған әсер, одан алыс қашықтықтағы басқасының кванттық күйін дереу өзгертеді. Өзгеріс сол сәтте, жарық жылдамдығынан да тез беріледі, өйткені ақпарат тарамайтындықтан, салыстырмалылық принципі бұзылмайды.
Бұл құбылыс әдетте мына сияқты аналогия көмегімен түсіндіріледі: бір жұп аяқкиімнің кез келген сыңарын қарамай алып қалайық та, екіншісін, мысалы, Нептунға жіберейік. Жердегі қорапты ашып қарағанда оң аяққа киетін бәтеңке шықса, демек Нептунда — сол аяқтікі. Аналогия жарамсыз, өйткені бұл мысалда детерминизм бар. Яғни, оң аяққа арналған бәтеңкені алып қалсақ, оны енді ауыстыра алмаймыз. Ал кванттық құбылыстар анықталмаған, демек спиннің спиральдігі қандай екені алдын-ала белгісіз. Ол өлшенген сәтте ғана кездейсоқ оң немесе теріс мәнді қабылдауы мүмкін. Қашықтағы матасқан екінші бөлшек дәл сол сәтте автоматты түрде қарама-қарсы мәнді қабылдайды. Мұның өзі анықталмағандық принципін бұзатын сияқтанады: екінші бөлшекті өлшемей-ақ, оның кванттық күйін алдын-ала біліп қойдық. Мүмкін, матасқан бөлшектер ішінде жасырын айнымалылар — оларға экспериментте қандай нәтиже көрсетуді бұйыратын нұсқау бар шығар. 1960-жылдары Джон Стюарт Белл жасырын айнымалылар корреляциясын көрсететін математикалық теңсіздік ойлап тапты. Алайда кванттық механика заңдарына сәйкес, Белл теңсіздігі бұзылатын белгілі бір эксперимент типі болуы тиіс.
Джон Клаузер жасаған эксперименттер Белл теңсіздігі орындалмайтынын көрсетіп, кванттық механиканы қуаттады. Демек кванттық механиканы жасырын айнымалысы бар теориямен алмастыруға болмайды. Ален Аспе болса, Клаузер экспериментінің кейбір әлсіз тұстарын дамытып, оны орағытып өту жолдарын жапты. Антон Цайлингер жетілдірілген жабдықтар көмегімен ұзақ эксперименттер сериясын өткізді. Оның тобы бір бөлшектің кванттық күйін қашықтағы басқасына жеткізуге болатынын, яғни кванттық телепортация құбылысын көрсетті. Нобель комитеті лауреаттар еңбегі кванттық механика теориясына іргелі үлес қосып қоймай, нақты технологиялар түрінде де жеміс бере алатынын атап айтты.

🔥1👏1