УЭББ НЕПТУНДЫ, СЕРІКТЕРІ МЕН САҚИНАЛАРЫН КӨРДІ /УЭББ САҚИНАЛАРЫ-3/
Күн жүйесіндегі ең алыс планета Нептун — ең аз зерттелген ғаламшардың бірі. Мұзды алыптың тұсынан тек Вояджер-2 аппараты ұшып өтті, басқа бақылаудың бәрі Жердегі не орбитадағы телескоптармен жүргізілуде. 2022 жылы 21 қыркүйекте Уэбб ғарыштық телескопының NIRCam камерасы да Нептунды таяу инфрақызыл диапазонда бақылады.
Алынған кескіндерде Нептунның өзінен басқа, оның жұқа шаңды сақиналары және 14 серігінің жетеуі көрінеді. Серіктердің ең жарығы — мұзды қыртысы жарықты жақсы шағылдыратын Тритон. Суретке Құс Жолындағы бірнеше жұлдыз (оларды алтыбұрышты сәуле бойынша ажыратуға болады) бен алыс галактикалар да түсіп қалды.
Нептунның әдеттегідей көкшіл түске боялмауы оның атмосферасындағы метанның инфрақызыл жарықты күшті жұтуымен байланысты. Тек метан мұзынан түзілген биіктегі бұлттар ғана жарықты жақсы шағылдырады, Оңтүстік полюс маңындағы дауылдың көрінуіне де оны қоршаған биік бұлттар себеп. Астрономдар сондай-ақ экватор тұсындағы жарық жіңішке сызықты байқады, ол жаһандық атмосфералық циркуляция туғызуы ықтимал.
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI, Joseph DePasquale

🔥1😍1
АСТЕРОИДҚА СОҒЫЛУ HUBBLE МЕН WEBB ТЕЛЕСКОПТАРЫ КӨЗІМЕН
Хаббл және Уэбб ғарыштық телескоптары алғаш рет бір мезгілде аспандағы бір нысанды бақылады. Бұл, әрине, Дидим астероидының серігі Диморф еді. 27 қыркүйекте оған НАСА-ның DART зонды құлады. Телескоптар соққыны әртүрлі толқын ұзындықтарында бақылады: Хаббл — көрінетін жарықта, Уэбб — инфрақызыл диапазонда. Осылайша ғалымдар Диморфтан ұшқан зат бұлтындағы бөлшектердің мөлшері мен таралуын, яғни онда үлкен кесектер әлде ұсақ тозаң бөлшектері көбірек болғанын біле алады.
Уэбб соққыға дейін бір, және соққыдан соң бірнеше бақылау жасады. Оның NIRCam камерасы жалпы бес сағат ішінде 10 сурет алды. Астероид Уэббтың әдеттегі жылдамдық шектеуінен үш есе тез жылжитындықтан, бұл жұмыс бірнеше апта дайындықты талап етті. Дидим қосар астероид жүйесі алдағы айларда Уэббтың MIRI аспабы және NIRSpec спектрографымен бақыланады. Спектроскопия көмегімен астероидтың химиялық құрамы анықталады.
Хаббл қосар астероидқа соққыға дейін, және соққыдан 15 минуттан соң көз тікті. Телескоп жалпы алғанда 8 сағат ішінде 45 сурет түсірді. Кең ауқымды камера көрінетін жарықта алған кескіндерде соққыдан шашылған зат астероидтан тараған сәулелер сияқты байқалады. Хаббл алдағы үш аптада Дидим-Диморф жүйесіне 10 рет қарап, тозаң бұлтының жайылуы мен жоғалуын қадағаламақ.
Credits: NASA, ESA, Jian-Yang Li (PSI); Alyssa Pagan (STScI)
Credits: NASA, ESA, CSA, Cristina Thomas (Northern Arizona University), Ian Wong (NASA-GSFC); Joseph DePasquale (STScI)

👍1🤩1
‼️
Алматы уақытымен 2:30-да басталатын мәслихатқа НАСА-ның ғылыми директоры Томас Зурбухен, НАСА директорының ұшқышты миссиялар жөніндегі орынбасары Кэти Людерс, Хаббл телескопы бағдарламасының менеджері Патрик Кроуз, SpaceX-тің клиенттермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Джессика Дженсен және Polaris Dawn миссиясының жетекшісі Джаред Айзекман қатысады.
Хаббл телескопы мен SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесімен ұшатын Polaris Dawn миссиясы жайлы маңызды жаңалық хабарлануы мүмкін.

🔥1🤔1
SPACEX ХАББЛ ТЕЛЕСКОПЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЗАРТАДЫ
Кешегі мәслихатта не айтылды?
НАСА мен SpaceX Хаббл ғарыштық телескопының орбитасын Dragon кемесі көмегімен көтеру идеясын талдау жөнінде келісімге келген екен. Идеяны SpaceX пен Polaris бағдарламасы бірлесіп ұсынған. Миссияны SpaceX өзі қаржыландырады, НАСА-дан шығын шықпайды. Талдау алты айға созылуы мүмкін. Телескопқа қалай қауіпсіз жақындау, онымен түйісу және орнықты орбитаға көтеру мәселелері қарастырылады. Dragon кемелерінің ХҒС-қа түйісу тәжірибесі де пайдаланылады.
1990 жылы ұшырылған Хаббл Жерді 539 км биіктікте айналады, орбита уақыт өте біртіндеп төмендеуде. Кроуздың айтуынша, телескопты 600 км биіктікке көтеру оның жұмысын 15–20 жылға ұзартар еді. Идея жүзеге аспаса, НАСА 20-шы жылдардың аяғында, телескопты орбитадан түсіріп, атмосферада қауіпсіз жою үшін басқа миссия жөнелтеді.
Миллиардер Джаред Айзекман былтыр Inspiration4 жекеменшік миссиясын басқарып, Crew Dragon кемесімен ғарышқа ұшып қайтқан еді. Осы жылдың аяғында ол Polaris Dawn миссиясының командирі ретінде тағы ұшады. Айзекман Polaris бағдарламасы үшін SpaceX-тан тағы 3 ғарыш сапарын сатып алғаны белгілі, соның бірі Хабблға бағытталуы мүмкін. Хаббл орбитасын ұшқышсыз автоматты миссия көтеруі де ықтимал. SpaceX пен Polaris талдауы эксклюзив емес, НАСА басқа ғарыш компанияларын да ұсыныс беруге шақырып отыр.

🔥1
JUNO ЕВРОПА БЕТІНЕН 352 КМ-ДЕ ӨТТІ
2022 жылы 29 қыркүйекте НАСА-ның Juno ғарыш аппараты Юпитердің серігі Европа бетінен небәрі 352 километр биіктікте ұшып өтті. Бұл 2000 жылы Галилео аппараты жасаған рекордтан бір-ақ километр жоғары. Juno ұшу барысында Европа бетін пикселіне 1 км ажыратыммен суретке түсіріп, серіктің ішкі құрылымы мен экзосферасы жайлы мәлімет жинады. Ұшып өту аппаратқа Юпитерді айналу периодын 43-тен 38 тәулікке дейін азайтуға да мүмкіндік берді.
Алынған кескіндерден серіктің жарықтар, жоталар мен ойыстар басқан мұзды беті көрінеді. Бір суреттегі дөңгелек құрылым бұзылған соққы кратері болуы мүмкін. Европа бетінде кратерлердің аздығы оның геологиялық тұрғыдан жас екендігін білдіреді.
Диаметрі 3122 км Европа біздің Айдан сәл кіші. Қойнауында жаһандық су мұхиты бар серік астробиологтарды ерекше қызықтырады. Мұхиттың қатпауына Юпитер гравитациясы туғызған толысу күштерінің әсері себеп. Су жарықтар арқылы Европа бетіне шығып, гейзерлерден шашылады. Мұхит суының қасиеті онда тіршіліктің, мысалы, бактериялардың жасауына жарамды деп болжанады.
Сондықтан жақын болашақта оны зерттеуге бірнеше ғарыш аппараты жіберіледі. НАСА-ның Europa Clipper миссиясы 2024-тің қазанында ұшырылып, Европа орбитасына 2030 жылы көкекте шығады деп жоспарланған. Europa Lander аппараты SLS зымыранымен 2025-те ұшырылса, Юпитер жүйесіне 2030-да жетіп, мұзды серік бетіне 2032 жылы қонуы мүмкін. Ал 2023-ке шегерілген еуропалық JUICE миссиясы басты назарын Ганимедке аударып, Европа тұсынан 2032 жылы екі-ақ рет ұшып өтеді. НАСА сондай-ақ SWIM жобасы аясында, Европаның жерасты мұхитына жүзетін микророботтар үйірін түсіруді ойластыруда. Олар мұхитқа мұзды ерітетін криобот көмегімен жетеді.

SPACEX VS. ҚАЛҒАН ӘЛЕМ — 2:1
BryceTech мәліметінше, SpaceX компаниясы 2022 жылдың 2-тоқсанында орбитаға шығарған ғарыш аппараттарының жалпы массасы 158 666 кг болған екен. Бұл БҮКІЛ дүние жүзіндегі мемлекеттік ғарыш агенттіктері мен басқа ғарыш компаниялары шығарған ЖИЫНТЫҚ массадан ЕКІ ЕСЕ АРТЫҚ!
Басқаша айтқанда, 2-тоқсанда дүние жүзі бойынша орбитаға шығарылған пайдалы жүктеменің үштен екісін бір ғана жекеменшік ғарыш компаниясы көтерген.
#космодерек

🤯1
SOFIA ӘУЕ РАСЫТХАНАСЫ СОҢҒЫ РЕТ ҰШТЫ
2022 жылы 28 қыркүйекте SOFIA (Stratospheric Observatory for Infrared Astronomy) стратосфералық инфрақызыл обсерваториясы соңғы рет көкке көтерілді. НАСА мен Герман әуе-ғарыш орталығы (DLR) жарақтандырған ұшақ ғылыми жұмысын 2010 жылы бастаған. Тарихтағы екінші стратосфералық расытхана енді мұражайға, Койпер әуе обсерваториясының жанына қойылады.
SOFIA — бортына 2,7 метрлік инфрақызыл телескоп пен жеті ғылыми аспап орнатылған Boeing 747 SP ұшағы. Ол ИҚ-сәулеленуді жұтатын атмосферадағы су буының көп бөлігінен жоғарырақ, 11–13 км биіктікке көтеріліп, бақылау жүргізетін. Соның арқасында спектрдің бұл диапазонының 85%-ін көруге мүмкіндік бар.
SOFIA Әлемдегі бірінші молекула — HeH+ иондарының ғарыш кеңістігінде барын дәлелдеді. Обсерватория белсенді жұлдызтүзілу аймақтарын, супержаңа қалдықтары мен Құс Жолы орталығын зерттеп, қара құрдымдарды іздеді. SOFIA Күн жүйесі денелерін де бақылады. Атап айтқанда, ол Марс атмосферасын зерттеді, комета құйрықтарының химиялық құрамын талдады және Айдың бергі бетіндегі кратерден су молекуласын тапты.
Жоба қымбаттығы мен тиімсіздігі себепті жабылып отыр. НАСА SOFIA жұмысына жылына 85 млн доллар жұмсайды, бұл Хабблдан басқа кез келген астрофизикалық миссиядан көп. Алайда обсерваторияның ғылыми өнімділігі аз болды. Және оның міндетін енді Уэбб ғарыштық телескопы атқара алады.

FIREFLY ALPHA ЗЫМЫРАНЫ АЛҒАШ РЕТ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2022 жылы 1 қазанда, Алматы уақытымен 13:01-де Firefly Aerospace компаниясы өзінің Alpha зымыранын алғаш рет сәтті ұшырды. Ванденберг ғарыш айлағының SLC-2W ұшыру алаңынан көтерілген зымыран екі 3U-кубсатты және бес 8P-покеткуб салынған PicoBus платформасын төмен жермаңы орбитаға шығарды.
Бұл — компанияның екінші ұшырылым әрекеті, 2021 жылы қыркүйекте зымыран 1-саты жұмысы кезеңінде жарылып кеткен еді. Сөйтіп, Firefly Aerospace орбитаға пайдалы жүктеме шығара алған бесінші америкалық жекеменшік ғарыш компаниясы болды. Келесі старт 29 қарашаға жоспарланған. 2023 жылы Alpha тағы бес рет ұшырылады. Ал 2024 жылы компания қуатты Beta зымыранын алғаш ұшырмақ. Сол жылы Firefly Aerospace НАСА-ның CLPS бастамасы аясында Айға Blue Ghost лендерін жөнелтуі тиіс. Қайта қолданылатын Gamma зымыраны осы онжылдық біткенше сыналып қалар.
Ұзындығы 29 м, диаметрі 1,82 м, массасы 54 т Alpha — аса жеңіл екі сатылы зымыран. 1-сатыда керосин-сұйық оттегін жағатын төрт Reaver қозғағышы, 2-сатыда бір Lightning қозғағышы тұр. Тасығыш төмен жермаңы орбитаға 1170 кг, ал гелиосинхрон орбитаға 745 кг пайдалы жүктеме шығара алады. Компания 1 кг жүк шығаруға нарықтағы ең төмен баға — 15 000 000 доллар — сұрап отыр. Жеті Miranda қозғағышымен жабдықталатын Beta зымыраны бұл орбиталарға сәйкесінше 13 000 кг және 11 600 кг шығаруы мүмкін.

👏1
МАНГАЛЬЯН МАРС ОРБИТЕРІ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ
Жердегі стансалар Қызыл планета орбитасындағы Мангальян аппаратымен байланысты жоғалтып алды. Бұл миссияның аяқталғанын білдіреді. Үндістан ғарыш зерттеулері ұйымы (ISRO) өкілдерінің мәлімдеуінше, байланысты қалпына келтіру енді мүмкін емес.
Mangalyaan (Mars Orbiter Mission, MOM) — Марсқа жөнелтілген алғашқы үнді аппараты. Ол 2013 жылы 5 қарашада ұшырылып, Марс айналасындағы орбитаға келесі жылы 24 қыркүйекте шыққан. Алты айға есептелген орбитер тура сегіз жыл жұмыс істей алды. Құны 55 миллион доллар, құрғақ массасы 482 кг аппарат қуатты күн панелінен алатын. Оның бортында жалпы массасы 15 кг бес ғылыми аспап орнатылған: атмосферадағы метан концентрациясын анықтайтын аспап, түсті фотокамера, экзосфера бөлшектерін талдаушы масс-анализатор, спектрометр, атмосферадағы сутегі мөлшерін өлшейтін фотометр. Миссия пәлендей маңызды ғылыми жаңалық ашқан жоқ, үнді ғалымдары мұны аспаптардың аздығымен түсіндірді. Мангальян Марстың бүкіл дискін бір-ақ суретке түсіретін және Деймостың Марстан көрінбейтін арғы бетінің кескінін алатын жалғыз орбитер еді.
Байланыс 2022 жылы 27 қыркүйекте жоғалды. Бұған не себеп болғаны белгісіз. Аппараттың маневр жасайтын отыны таусылған немесе Марс көлеңкесіндегі маневр кесірінен батареясы отырып қалған шығар. Не болса да, 2 қазанда ISRO миссия аяқталғанын ресми мәлімдеді. Үндістан 2024 жылы Марсқа күрделірек аспаптармен жарақтанған MOM-2 миссиясын жіберуді жоспарлап отыр.

👏2