УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ МАРСҚА АЛҒАШ КӨЗ ТІКТІ
5 қыркүйекте Уэбб ғарыштық телескопы бірінші рет Марсты бақылады. Ұсынылған кескіннің сол жағындағы көріністі NIRCam аспабы қысқалау (2,1 мкм) инфрақызыл толқында алған. Одан Гюйгенс кратері, Үлкен Сирттың күңгірт жанартаулық жыныстары және ашық түсті Эллада бассейні сияқты Марс бедері ерекшеліктері байқалады.
Оң жақтағы ұзынырақ (4,3 мкм) толқындағы суретте NIRCam жылулық сәулеленуді — планета суығанда шығаратын жарықты тіркеген. Ең жарық аймақ — Күн тастөбеде тұрған жер, өйткені ол әдетте барынша ысиды. Жарқырау күн сәулесі азырақ түсетін полюстер маңына қарай азаяды және Солтүстік жартышарда қазір қыс болғандықтан, ол күңгірттеу.
Уэбб деректеріндегі Марс бұрынғы көзтаныс кескінге неге мүлдем ұқсамайды? Уэбб телескопы қиырдағы алыс галактикалардың әлсіз жарығын тіркеу үшін жасалған, сондықтан аспандағы ең жарық нысанның бірі — Марсты бақылау оған өте қиын! Марстың мол инфрақызыл жарығы JWST аспаптарын қарықтырмас үшін, ғалымдарға түрлі әдіс-амал қолдануға тура келді.

БАХРЕЙННІҢ КЕҢЕЮІ ЛАНДСАТ ЖЕРСЕРІКТЕРІ КӨЗІМЕН
Мына екі кескінді Landsat бағдарламасы жерсеріктері 35 жыл аралатып түсірген. Олардан Парсы шығанағындағы Бахрейн аралында орналасқан аттас мемлекет аумағының өсуі байқалады.
Алғашқы сурет түсірілген 1987 жылы Бахрейн халқы 400 мыңдай болса, 2022 жылға қарай 1,5 миллионға жетті. Жердің жетпеуіне байланысты, ел билігі жасанды аралдар жасауды қолға алды. Соның арқасында Бахрейн ауданы 665 шаршы километрден 780-ге дейін артты.
#геодерек

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 42-ші ұшырылым
19 қыркүйек 06:18. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.34 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
19 қыркүйек 06:18. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.34 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1067.6 1-сатысы JRTI платформасына қонды
23 ҚЫРКҮЙЕК — КҮЗГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ
2022 жылы 23 қыркүйекте Алматы уақытымен 07:03-те Күн аспан экваторын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтті. Жер терминаторы (күн мен түнді бөлетін сызық) полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасып тұр. Әдетте Дүниежүзілік уақыт бойынша 22–23 қыркүйекте болатын бұл құбылысты астрономдар қыркүйектегі күн теңелуі деп атайды, өйткені бұл сәтте Солтүстік жартышарда астрономиялық күз келсе, Оңтүстік жартышарда көктем туады.
Бұл датада күн мен түн тең, яғни 12 сағаттан болады деп саналады. Алайда күннің шығуы мен батуы оның центрінің емес, жиегінің көкжиектен көтерілуі / түсуі бойынша анықталатындықтан және атмосферадағы күн сәулесінің сынуы (атмосфералық рефракция) әсерінен, күндіз түнге қарағанда ұзағырақ болады.
Теңелу датасының басты ерекшелігі — Күннің тура шығыстан шығып, батыста батуында. Бүл жайлы толығырақ — арнадағы жаңа роликте: https://youtu.be/QMZsHBzURrQ

YouTube
22 қыркүйек — Күзгі күн теңелуі
Қыркүйекте Күн аспан экваторын — Жер экваторының үстіндегі аспандағы ойша сызықты солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Бұл күні Жерге ғарыштан қарасақ, Жер терминаторы (күн мен түнді бөлетін сызық) полюстер арқылы өтіп, экваторға перпендикуляр орналасады.…
КҮНШЫҒАРДАҒЫ КӨЛЕҢКЕЛЕР
2022 жылы 23 қыркүйекте, Алматы уақытымен 07:03-те Күн аспан экваторын оңтүстікке қарай кесіп өтті. Қыркүйектегі күн теңелуі деп аталатын құбылыс Солтүстік жартышарда астрономиялық күз, ал Оңтүстік жартышарда көктем басталғанын паш етті.
Бұл датаның басты ерекшелігі — күн мен түннің теңелуі ғана емес, Күннің тура шығыс көкжиектен көтеріліп, дәл батыста ұясына қонуы.
Күншығарда және күнбатарда ымырт сәулелерін көруге болады. Фото Жерорта теңізі жағалауында, Италияның Петаччато қыстағында түсірілген. Бұлттардың күңгірт көлеңкесі мен теңіз бетінен шағылған алтын жолақ аспан көрінісіне ерекше түр береді.
Image Credit & Copyright: Donato Lioce

😍1
DELTA IV HEAVY БАТЫС ЖАҒАЛАУДАН СОҢҒЫ РЕТ САМҒАДЫ
Delta IV Heavy ауыр зымыраны жүк көтергіштігі бойынша қазір қолданыстағы тасығыштар арасында Falcon Heavy-ден кейінгі екінші орында. Зымыран төмен жермаңы орбитаға 28 790 кг, геоөтпелі орбитаға 14 220 кг, геостационарға 6750 кг пайдалы жүктеме шығара алады. Бірінші сатыдағы үш RS-68A, екінші сатыдағы RL-10-B-2 және қапталдағы қос үдеткіште орнатылған RS-68A қозғағыштарының бәрі сұйық сутегі мен сұйық оттегін жағады. Зымыранның массасы 733 т, биіктігі 72 м, диаметрі 5 м, үдеткіштермен қоса алғандағы ені 15 м.
Өте сирек, шамамен жылына бір қолданылатын ауыр машинаны Boeing корпорациясы жасаса, ғарышқа ULA кәсіпорны ұшырады. 2004 жылы 21 желтоқсандағы алғашқы ұшырылым ішінара сәтсіз болғанымен, кейінгі 13-і сәтті өтті. Delta IV Heavy негізінен АҚШ Ұлттық әскери-ғарыштық барлау басқармасының (NRO) жерсеріктерін ұшыруға қолданылады. Тек екі миссия азаматтық болды: 2014 ж. 5 желтоқсандағы Орион ғарыш кемесінің сынағы және 2018 ж. 12 тамызда Паркер күн зондын сары жұлдыз маңына аттандыру. Зымыран Ғарыш күштерінің Канаверал базасындағы SLC-37B және Ванденберг базасындағы SLC-6 ұшыру алаңдарынан көтеріледі. Бір ұшырылым құны — 440 миллион доллар.
2022 жылы 25 қыркүйекте, Алматы уақытымен 4:25-те 14-ші Delta IV Heavy Ванденбергтен бесінші және соңғы рет ұшырылды. Ол NROL-91 миссиясын төмен жермаңы орбитаға шығарды. Дельта 4 Хэвидің соңғы екі старты 2023 және 2024 жылдарға жоспарланған. Болашақта оны Vulcan ауыр зымыраны алмастырады. 2002-ден бастап 29 рет сәтті ұшырылған Delta IV Medium орта зымыраны соңғы рет 2021 жылы самғағаны белгілі.

🔥1🐳1
27 ҚЫРКҮЙЕК 2022 — ЮПИТЕРДІҢ ҰЛЫ ҚАРСЫ ТҰРЫСЫ
Бүгін түнде Юпитер Жерге 591 млн 292 мың км-ге дейін жақындап, көрінетін диаметрі 49 бұрыштық секундқа, ал жарқырауы −2,9m жұлдыздық шамаға жетеді. Бұл Есекқырғанның бізге соңғы 59 жылдағы барынша жақындауы.
Юпитер кеш түсе шығыстан, ерекше жарық «жұлдыз» түрінде бірден байқалады. Түн ортасында ол тура оңтүстікте, 47°-қа дейін көтеріледі. Дүрбімен оның Галилей ашқан басты төрт серігін: Ио, Европа, Ганимед пен Каллистоны көруге болады.
Толығырақ — арнадағы жаңа роликте: https://youtu.be/7C-5V6_LemM

27 қыркүйек 2022 — Юпитердің ұлы қарсы тұрысы
Әр 13 ай сайын Юпитер мен Күн Жердің қарама-қарсы жақтарында орналасады. Бұл астрономиялық оқиға Юпитердің қарсы тұрысы деп аталады. Қарсы тұрыс кезінде планетаны түні бойы, қараңғы түскеннен таң атқанша бақылауға болады. Алып ғаламшар Жерге біршама жақындайтықтан…
🥰1
ОСЫ ТҮНДЕ! DART ЗОНДЫНЫҢ АСТЕРОИДҚА СОҒЫЛУЫН УЭББ, ХАББЛ ЖӘНЕ ЛЮСИ БАҚЫЛАЙДЫ
НАСА-ның DART зонды Дидим астероидының серігі Диморфқа 27 қыркүйекке қараған түні, Алматы уақытымен таңғы 5:14-те соғылады. Италиялық LICIACube кубсаты оқиғадан 3 минуттан соң соққы орнының суретін алуы тиіс. Дегенмен зертеушілер дәл соққы сәтін көргісі келетіні түсінікті.
Бұл үшін Күн—Жер жүйесінің L2 Лагранж нүктесіндегі Уэбб ғарыштық телескопы мен астероидтар белдеуіне бара жатқан Люси ғарыш аппаратының мүмкіндіктері пайдаланылмақ. Ал жермаңы орбитадағы Хаббл ғарыштық телескопы, соққы сәтінде Жер тасасында болатындықтан, бақылауға 15 минут кеш қосылады.
Бұл аппараттар мүлде басқа мақсатта жасалған, сондықтан ғалымдар олардың не көрерін болжай да алмай отыр. Мамандар соққы сәтін дәл ұстау қолдан келе қоймас деп топшылайды, бірақ бәрібір әрекеттеніп көрген жөн. Қалай болғанда да, болашақта бұл үшеуі Диморфқа анда-санда көз тігіп, соққы оның траекториясын қалай өзгерткенін қадағалап тұрады. Олар жинаған ақпарат Жердегі телескоптар мен кубсат берген мәліметтерді толықтырады.
НАСА арнасындағы тікелей эфир 27 қыркүйек, 03:30-да басталады. Көрермендер DART зонды бортындағы DRACO камерасы хабарлайтын бейнені көре алады.
https://youtu.be/-6Z1E0mW2ag

Watch a Live Feed from NASA’s DART Spacecraft on Approach to Asteroid Dimorphos
NASA’s Double Asteroid Redirection Test (DART) has one single instrument onboard – the Didymos Reconnaissance and Asteroid Camera for Optical Navigation, aka the DRACO camera. DRACO serves as the spacecraft’s eye and will guide DART to its final destination:…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
DART ЗОНДЫ ДИМОРФ АСТЕРОИДЫНА СОҒЫЛДЫ!
НАСА-ның DART зонды Дидим астероидының серігі Диморфқа, жоспарланғандай, 2022 жылы 27 қыркүйекте, Алматы уақытымен таңғы 5:14-те соғылды. Зонд астероидқа құлағанға дейін, оның DRACO камерасы секунд сайын бір сурет түсіріп, Жерге хабарлап отырды. Олар НАСА арнасындағы тікелей эфирде таратылды. Назарларыңызға миссияның соңғы жарты минутын ұсынып отырмыз.
Соққы нәтижесінде, Диморф траекториясы проценттің миллиондаған бөлігіндей өзгереді. Есептеулер бойынша, Диморф Дидимге жақындап, айналу периоды 10 минуттай тездеуі тиіс. Үлкендігі шамалас қауіпті астероид алдын-ала ашылған жағдайда, планетамызға төнетін қатердің бетін қайтаруға осы өзгерістің өзі жеткілікті болмақ.
НАСА планета қорғанысының алғашқы сынақ миссиясы сәтті жүзеге асырылды! DART зондын жасаған Джонс Хопкинс университеті Қолданбалы физика зертханасы мен НАСА тағы бір тамаша жетістікке қол жеткізді.
Credit: NASA

🔥2
LICIACUBE КУБСАТЫ АЛҒАН АЛҒАШҚЫ КЕСКІНДЕР
DART зондының соғылуы нәтижесінде Диморф астероидынан ұшқан шаң мен ұсақ тастар үлкендеу Дидим астероиды айналасында арка түзді.
Credit: ASI/NASA