Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Ұлыбритания патшайымы Элизабет ІІ (1926–2022) Гринуич Корольдік обсерваториясында, 1960 жыл.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 14-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД

Falcon 9 зымыранының B1058 нөмірлі бірінші сатысы 14-ші рет ұшырылды — бұл жаңа әлем рекорды! 🏆

2022 жылы 11 қыркүйекте SpaceX компаниясы Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңынан Starlink 4.2 миссиясын ұшырды. Мақсат — кезекті 34 дана Starlink v1.5 пен AST SpaceMobile компаниясының Blue Walker 3 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару. Бұл үшін зымыранның екінші сатысын 5 рет қосуға тура келді — компания рекорды 🏆

Миссия сандары:
— 14-ші ұшырылым — Falcon 9 B1058 сатысы 🏆
— 41-ші ұшырылым — 2022 жылғы
— 60-шы Starlink миссиясы 🔔
— 67-ші рет қатарынан үдеткішті сәтті қондыру
— 112-ші қайта қолданылған жүктеме қақпағы
— 112-ші рет сатыны платформаға сәтті қондыру
— 141-ші рет сатыны сәтті қондыру
— 150-ші қатарынан сәтті ұшырылым 🔔
— 175-ші ұшырылым — Falcon 9 зымыраны
— 183-ші ұшырылым — SpaceX компаниясы

Starlink:
— 3293 жерсерік ұшырылды
— 3025 аппарат орбитада 🔔
— 2470 жерсерік қолданыста
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
B1058.14 1-сатысы бұл жолы да Атлант мұхиты айдынындағы A Shortfall of Gravitas платформасына сәтті қонды
BLUE WALKER 3 ЖЕРСЕРІГІ МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОНМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСАДЫ

Бүгін Falcon 9 зымыраны AST SpaceMobile компаниясының 1500 килограмдық Blue Walker 3 жерсерігін биіктігі 400 км, еңкеюі 53,2° орбитаға шығарды. Ол енді күн панельдері мен 64,4 м² (8 x 8 м) алып антеннасын жаяды. Аппарат жай көзбен кешке 20–40° солтүстік ендіктерде және таңда 0–30° оңтүстік ендіктерде көрінуі тиіс.

Мұндай үлкен антенна мобильді телефондармен базалық стансасыз, тікелей байланысуға мүмкіндік береді. BlueWalker 3 әлемдік мобильді байланыс операторларымен бірлескен сынақтан өтеді, олардың арасында AT&T, Vodafone, Orange, Rakuten Mobile бар. Жерсеріктің құны $70 млн, ұшырылым ақысы — $22 млн

AST SpaceMobile SpaceX көмегімен 2023 жылы BlueWalker 3-ке ұқсас бес BlueBird жерсерігін ұшырмақ, ал келесі буын аппараты 450 м² антеннаға ие болады! Компания 20 жерсерік арқылы экватор бойындағы 49 елдің 1,6 млрд тұрғынына мобильді байланыс қызметін көрсете алады.
🤯1
LICIACUBE КУБСАТЫ DART ЗОНДЫНАН АЖЫРАДЫ

Италия ғарыш агенттігі (ASI) LICIACube кубсатының 12 қыркүйекте DART зондынан сәтті ажырап, Жермен байланысқа шыққанын хабарлады. LICIACube (Light Italian Cubesat for Imaging of Asteroids) — 6 юниттік кубсат (10 x 20 x 30 см), массасы 14 кг. Ол қуатты күн панельдерінен алады. Кубсат екі камерамен жабдықталған.

Кішкене аппарат DART зондының Диморф астероидына соқтығысуын түсіруге арналған. LICIACube соққы сәті мен оның нәтижесінде түзілген затты 1000 км қашықтықтан таспаға тартады. Үш күннен соң италиялық кубсат Диморф бетінен 55 километрде ұшып өтіп, соқтығысу түзген кратердің фотосын алады. Бұл деректерді Жерге хабарлауға бірнеше апта кетпек.

DART Дидим астероидының серігі Диморфқа 27 қыркүйекте, Алматы уақытымен таңғы 5:14-те соғылады. НАСА зонды қауіпті аспан денелері орбитасын кинетикалық соққы арқылы өзгертуге болатынын осылайша тексереді. Бұл сәтте Дидим мен Диморф Жерден 11 млн километрде болады.

Credit: ASI
CAPSTONE ҚАУІПСІЗ РЕЖИМГЕ ӨТТІ

8 қыркүйек күні кеште (Қазақстанда 9 қыркүйек) CAPSTONE кубсаты траекториясын төртінші түзету маневрін жасады. Маневрдің соңына қарай, әлдебір проблема туып, ғарыш аппараты қауіпсіз режимге (safe mode) өткен. НАСА бұл жайлы 11-не хабарлады.

Миссия командасы кубсаттың жағдайы мен статусынан толық хабардар. Аппаратпен байланыс бар, проблеманы шешуге әрекет істеліп жатыр.
NS-23 МИССИЯСЫНЫҢ АПАТЫ: КАПСУЛА АМАН ҚОНДЫ

2022 жылы 12 қыркүйекте, Алматы уақытымен 20:26-да Blue Origin компаниясы New Shepard суборбиталық капсуласын 23-ші рет ұшырды. Капсула 105 км биіктікке бұл жолы ғарыштық туристерді емес, 36 ғылыми жүктемені апарып қайтуы тиіс еді. NS3.9 RSS H. G. Wells капсуласы да, үдеткіш зымыран да 9-шы рет қолданылды.

Старт ойдағыдай өткенмен, ұшудың екінші минутының басында, шамамен 8,5 км биіктікте, бірінші саты істен шықты. Капсуланың апаттық құтқару жүйесі көзді ашып-жұмғанша оны үдеткіштен ажыратып, қауіпсіз қашықтықта алып кетті. Кеме бірнеше минуттан соң үш парашютпен старт маңына аман-есен қонды. Үдеткіш, бейресми ақпаратқа сәйкес, құлап, жойылып кеткен.

New Shepard 2021–2022 жж. алты рет экипажбен ұшып, суборбитаға 32 адамды шығарған. Олардың бәрі NS4 RSS First Step капсуласымен ұшқан еді. Бұл жолы, абырой болғанда, капсулада адам болмады, дегенмен апаттық құтқару жүйесінің жоспардан тыс сынағы оның сенімділігін дәлелдеді. Мұның өзі жақсы жаңалық.
МИЧИГАН ШТАТЫНДАҒЫ STEVE ҚҰБЫЛЫСЫ

Мичигандық фотограф Айзек Динер Steve дейтін өте сирек құбылыстың фотосын 2022 жылы 5 қыркүйекте түсіріп алған. Поляр шұғыласын түсірумен жеті жылдан бері шұғылданатын фотограф "Стивті" небәрі екінші рет көрген екен. Айзектің айтуынша, Steve кенет пайда болады, оны болжау мүмкін емес.

STEVE — аспандағы ұзын жарық жолақ түріндегі атмосфералық құбылыс. Күлгін түсті жолақты кейде тақтай шарбаққа ұқсас жасыл шұғыла қостайды. Ені 25–30 км, ұзындығы 100-ден 1000 километрге дейін жететін жолақ шығыстан батыcқа қарай созылады. Құбылыс Солтүстік жартышарда ақпаннан қазанға дейін бақыланады.

"Стивті" 2017 жылы Канаданың Альберта провинциясындағы поляр шұғыласын бақылаған әуесқой Крис Ратцлафф ашты. Құбылысты протондық поляр шұғыласы деп ойлаған Крис оны "протон доғасы" деп атады. Алайда протон шұғыласы көрінбейтінін білетін Калгари университетінің профессоры Эрик Донован сол күнгі еуропалық Swarm жерсерігі деректерін талдап, құбылысты 25 километрлік ыстық газ лентасы туғызғанын анықтады. 3000 °C-қа дейін қызған газ 300 км биіктікте батысқа қарай 6 км/с жылдамдықпен қозғалған екен (салыстыру үшін — лентадан тыс аумақта жылдамдық 10 м/с болған).

Over the Hedge мультфильмі кейіпкерлеріне еліктеген Крис, қалжың ретінде, белгісіз нәрсеге енді "Steve" деген ат қойды. БАҚ бұл атауды іліп әкетіп, "Стив" құбылысы жайлы жарыса жаза бастады. НАСА қызметкері Лиз МакДоналд STEVE (Strong Thermal Emission Velocity Enhancement), яғни "Жылулық сәулелену жылдамдығының қатты артуы" деген бэкроним ұсынды.
ЭЙНШТЕЙН САҚИНАСЫ /УЭББ САҚИНАЛАРЫ-2/

Уэбб ғарыштық телескопы түсірген Юпитер сақиналары суреті есіңізде ме? Кейін Уэбб мүлде басқа сақинаны көрді. Мына тамаша кескін телескоптың MIRI аспабы алған деректер бойынша жасалған. Оны бояған u/Spaceguy44 есімді Reddit қолданушысы.

Эйнштейн сақинасы галактика не жұлдыз жарығы бізге жақынырақ басқа галактика немесе ауыр дене арқылы өткенде байқалады. Ауыр нысанның гравитациясы жарықты майыстырып, гравитациялық линза түзеді. Нәтижесінде алыс галактика жарығы мінсіз сақина түрінде көрінеді.

Уэбб Жерден 12 млрд жарық жылы қашықтықтағы SPT-S J041839-4751.8 галактикасын бақылаған. Біз оның бер жақтағы галактиканы айналып өткен жарығын көріп тұрмыз.

Credit: STScI / Spaceguy44
УЭББ ТЕЛЕСКОПЫ МАРСҚА АЛҒАШ КӨЗ ТІКТІ

5 қыркүйекте Уэбб ғарыштық телескопы бірінші рет Марсты бақылады. Ұсынылған кескіннің сол жағындағы көріністі NIRCam аспабы қысқалау (2,1 мкм) инфрақызыл толқында алған. Одан Гюйгенс кратері, Үлкен Сирттың күңгірт жанартаулық жыныстары және ашық түсті Эллада бассейні сияқты Марс бедері ерекшеліктері байқалады.

Оң жақтағы ұзынырақ (4,3 мкм) толқындағы суретте NIRCam жылулық сәулеленуді — планета суығанда шығаратын жарықты тіркеген. Ең жарық аймақ — Күн тастөбеде тұрған жер, өйткені ол әдетте барынша ысиды. Жарқырау күн сәулесі азырақ түсетін полюстер маңына қарай азаяды және Солтүстік жартышарда қазір қыс болғандықтан, ол күңгірттеу.

Уэбб деректеріндегі Марс бұрынғы көзтаныс кескінге неге мүлдем ұқсамайды? Уэбб телескопы қиырдағы алыс галактикалардың әлсіз жарығын тіркеу үшін жасалған, сондықтан аспандағы ең жарық нысанның бірі — Марсты бақылау оған өте қиын! Марстың мол инфрақызыл жарығы JWST аспаптарын қарықтырмас үшін, ғалымдарға түрлі әдіс-амал қолдануға тура келді.
Credit: NASA, ESA, CSA, STScI, Mars JWST/GTO team
БАХРЕЙННІҢ КЕҢЕЮІ ЛАНДСАТ ЖЕРСЕРІКТЕРІ КӨЗІМЕН

Мына екі кескінді Landsat бағдарламасы жерсеріктері 35 жыл аралатып түсірген. Олардан Парсы шығанағындағы Бахрейн аралында орналасқан аттас мемлекет аумағының өсуі байқалады.

Алғашқы сурет түсірілген 1987 жылы Бахрейн халқы 400 мыңдай болса, 2022 жылға қарай 1,5 миллионға жетті. Жердің жетпеуіне байланысты, ел билігі жасанды аралдар жасауды қолға алды. Соның арқасында Бахрейн ауданы 665 шаршы километрден 780-ге дейін артты.

#геодерек
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 42-ші ұшырылым
19 қыркүйек 06:18. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.34 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1067.6 1-сатысы JRTI платформасына қонды