This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 39-шы ұшырылым
31 тамыз 11:40. Ванденберг, SLC-4E. Starlink-3.4 миссиясы — 46 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1063.7 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
👍2
INGENUITY ҚЫСТАП ШЫҒЫП, 30-ШЫ РЕТ ҰШТЫ
Марстан жағымды жаңалық! Қыстан аман шыққан Ingenuity тікұшағы 30-шы рет әуеге көтерілді. 33 секундтық ұшуда 5 метрге көтерілген дрон екі метр жерге барып қонды. Бұл оның жабдықтарын тексеруге және күн панеліне жиналған шаңды сілкіп тастауға көмектесті.
Езеро кратерінде қыста ауа –86°C-қа дейін суиды екен. Бұл қысқа арнайы дайындалмаған дронға елеулі қиындық әкелді. Аккумулятор зарядының жетпеуінен оның режимі өзгертілді. Түнімен өшіп тұрған дрон, таңертең жылынып, зарядталып алып, компьютерін қайта қосатын. 6 маусымда түнгі суықтың кесірінен, ұшар алдындағы бағдарлауға жауапты инклинометр істен шықты. Оның міндетін атқару инерциялық өлшеуіш модульге жүктелді.
Алдағы апталарда көне өзен атырауына сапар жалғасады. Күн ұзарып, батарея заряды артқан соң, "Тапқырлық" алысырақ ұша алады. Болашақта ол ішкі жылытқыштарын түні бойы қосып, электроникасын түнгі суықтан сақтар деген үміт бар. Қыркүйекте дронның бағдарламасы да жаңартылмақ.
Credit: NASA/JPL-Caltech

SPACEX ХҒС-ҚА ТАҒЫ БЕС ЭКИПАЖ ЖӨНЕЛТЕДІ
НАСА 2010 жылы ХҒС-қа ғарышкер жеткізетін жекеменшік кемелер жасауға ынталандыру мақсатында Commercial Crew Development (CCDev) бағдарламасын ашты. Агенттік 2014 жылы конкурстың қос жеңімпазы — Boeing және SpaceX компанияларымен келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін алты толыққанды ұшқышты миссиядан жасауы тиіс. Қазір SpaceX ұшырған төртінші толық экипаж стансада жүрсе, Boeing ұшқышты сынақ миссиясын да әлі орындаған жоқ.
НАСА 2021-дің желтоқсанында SpaceX-пен келісімшартты ұзартып, тағы 3 ұшқышты миссия (Crew-7, 8, 9) өткізуге уағдаласты. Енді міне, НАСА Масктің компаниясына 2030-ға дейін ұшатын тағы 5 миссияға (Crew-10–14) тапсырыс беретін болды. Жаңа келісімшарт құны — $1,4 млрд. Алдыңғы шарттарды қоса есептегенде, SpaceX-ке 14 миссия үшін жалпы $4,9 млрд төленеді. Ал Boeing бастапқы 6 миссия үшін-ақ $5,1 млрд алатыны белгілі.

😁1😱1
ARTEMIS I ЖОЛАУШЫЛАРЫ: БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕР
Artemis I — ұшқышсыз миссия, бірақ бұл Orion кабинасы бос деген сөз емес. Командир креслосына Капитан Муникин Кампос атты манекен жайғасады. Ол киген Орион тіршілік қамтамасыз ету костюміне екі радиация сенсоры орнатылған.
Муникиннің жанында Хельга мен Зоар атты белден жоғары екі манекен отыр. НАСА, Герман әуеғарыш агенттігі және Израиль ғарыш агенттігі өткізетін Matroshka AstroRad экспериментінің (MARE) мақсаты — ғарыштық сәулеленудің адам организміне әсерін зерттеу. Басты назар радиацияның әйел ағзасына ықпалын анықтауға аударылмақ. Бұл түсінікті, өйткені Artemis III миссиясы аясында Ай бетіне тарихтағы тұңғыш әйел қонуы тиіс. Манекендердің жасанды органдарына дозиметрлер қойылған. Зоарға Astrorad арнаулы қорғаныш жилеті кигізіліпсе, Хельгада ол жоқ. Кабинада екі салмақсыздық индикаторы да ұшады: НАСА-дан — Снупи төбет, ЕҒА-дан — Шон атты тоқты.
Кеме бортында тірі ағзалардың төрт түрі бар. Zea эксперименті Орион планетааралық кеңістікке шығысымен басталады. Сублимацияланған ашытқы салынған пакеттерге сұйықтық құйылып, олардың өсуіне жағдай туғызады. Капсула Жерге оралған соң, радиацияның ашытқы ДНҚ-сына қалай әсер еткені талданады.
Ашытқыдан басқа, ғарышқа Таль ақшешекшесі тұқымдары, Аспергилл қара дейтін зең саңырауқұлағының төрт штаммы, Рейнхардт хламидомонадасы фотосинтездеуші балдыры ұшады. Биологтар тұқымдарға ғарышқа ұшу қалай ықпал еткенін және саңырауқұлақ пен балдыр геніне радиацияның әсерін зерттемек.

Кескіндер:
1. Хельга мен Зоар манекендері. Credit: StemRad
2. Снупи төбет. Credit: NASA
3. Шон тоқты. Credit: ESA

ARTEMIS I МИССИЯСЫ ҚАЗАНҒА ШЕГЕРІЛДІ
НАСА SLS зымыраны қайтадан Тік жинау ғимаратына енгізілетінін хабарлады. Шешім отын құю кезінде туындаған проблемаларды жою үшін қабылданды. Демек, Artemis I миссиясы Айға ұшуға қолайлы келесі кезең басталатын 17 қазаннан ерте ұшырылмайды деген сөз.
3 қыркүйектегі екінші ұшыру әрекеті зымыранның негізгі сатысына жалғанған шлангтан сутегі ағуы себепті тоқтатылды. Мамандар ақауды жоюға үш рет талаптанса да, бұл қолдан келмеді. Бір қызығы, дәл осы проблема бас жаттығу кезінде де орын алған. Алайда НАСА бұған қарамастан, бас жаттығу сәтті өтті деп есептеп, зымыранды бәрібір ұшыруды шешкені белгілі.
29 тамыздағы алғашқы әрекет кезінде температуралық сенсор негізгі сатыдағы №3 қозғағыш нормадан 15–30 градусқа жылы екенін көрсеткен. RS-25D криоген қозғағыштары старт алдында –250 градусқа дейін суытылады. Бұл оған құйылатын осындай суық сұйық оттегі агрегатты істен шығармас үшін қажет. НАСА сенсордың өзі бұзылғанын анықтап, оның көрсеткішіне назар аудармауды жөн санады. Сөйтіп, агенттік миссияны Айға жөнелтуге тағы бір әрекет жасамақ болған.

2022 жылғы 40-шы ұшырылым
5 қыркүйек 08:09. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.20 миссиясы — 51 Starlink v1.5 жерсерігі мен Sherpa LTC-2 платформасын төмен жермаңы орбитаға шығару
5 қыркүйек 08:09. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.20 миссиясы — 51 Starlink v1.5 жерсерігі мен Sherpa LTC-2 платформасын төмен жермаңы орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1052.7 1-сатысы JRTI платформасына қонды
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА — 150 ЖЫЛ
ДҮНИЕ КӨЛЕМДІГІ
Бұрын адам баласы бірнеше қабат көк, бірнеше қабат жер бар деп түсінген. Бұл күнде алыс жұлдыздарды да көрсететін телескоп деген құрал бар. Ең алыс көретін телескоппен кереге сықылданып, жарланып тұрған көкті көрдік делік, бірақ керегенің ар жағында тағы бос көлемдік болу керек емес пе? Ол керегені өте алысқа әрман итерелік. Сонда да оның ар жағында бос көлемдік болуға тиіс. Сонымен, дүние көлемдігінің шеті, ақыры бар деуге келмейді. Бір нәрсенің ақыры, шеті, шегі жоқ десек, сол нәрсе — дүниенің көлемдігі. Дүние көлемдігінің ұшы-қиыры, шегі жоқ.
Жұлдыздар тұрған көлемдік қандай? Телескоп көрсетуіне қарағанда жұлдыздар мөлшерлі көлемдікте тұр. Ол мөлшерлі көлемдік шегінен әрі асқан соң, жұлдыз жоқ, ешнәрсе көрінбейді; жұлдыздар бар жерде ғана жарық бар, жұлдыздардан әрі өткен соң жарық бар. Жарық көлемдігі шегінің арғы жағында басқа дүние бар шығар; ол дүние біздің дүниемізге я ұқсас, я ұқсас емес шығар. Үйткені, көлемдіктің сірә, шеті жоқ қой, бірақ жұлдыздар мен біздің дүниеміз тұрған көлемдіктің шеті болғанмен кішкене екен деп ойламаңдар. Ол көлемдіктің кеңдігін оқымыстар бұл күнде есептеп шығарған. Күн сәулесі бір минутта 300 мың шақырым жүреді. Сол сәуле жұлдыздар тұрған келемдіктің ол шеті мен бұл шетіне 30 мың жылда жетпекші. Көк көлемдігін шақырымдап өлшемейді. Шақырым — тым уақ сан, сондықтан бір жылда ететін сәуленің арасын өлшеу мөлшеріне алады, мұны «сәуле жылы» дейді. Қолдарың бос, қағаздарың мол болса, сәуле жылына қанша шақырым жүретінін есептей қойыңдар!
Күн мен Жердің арасы орташа салғанда 150 миллион шақырым. Күн сәулесі Жерге 8 минут шамасы жүріп келеді. Ең жақын жұлдыздардың сәулесі бізге төрт жарым жылда жетеді. Бұл не деген сөз? Бұл, егер бүгін ең жақын жұлдыз сөне қалса, оның сөнгенін біз төрт жарым жыл өткен соң білеміз деген сөз.
Міне, дүниенің көлемдігі! Міне, жұлдыздар тұрған дүниенің көлемдігі! Көкте жұлдыз бар, планета бар. Жұлдыз деп жарық нәрсені айтады. Күн де жұлдыздың біреуі және бізге жақын жұлдыз. Планета деп сөнген, қараңғы қатты нәрселерді, жұлдыздарды айтады. Мәселен, Ай, Жер планетаға қосылады. Күніміз сөне қалса, планета аталады. Сөнбей тұрғанда жұлдыз есебіне кіреді.
Ахмет Байтұрсынұлы, Телжан Шонанұлы. «Оқу құралы». Қызылорда. 1926-1927 жж.
Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. — Алматы: «Ел-шежіре», — 2013.

👏1
КҮН
Бізге жарық беретін — жалғыз Күн. Күн біздің үлкен шамымыз. Жерге жылу беретін, Жерді қыздыратын жалғыз Күн. Жылу болмаса өсімдік өспейтінін, жәндік тұра алмайтынын білеміз. Күніміз — барлық тіршіліктің қожасы. Күнсіз Жер үстінде тіршілік жоқ. Күннің маңызы зор болған соң, бұрынғылар құрметтеп, Күнге табынған.
Сол Күніміз қандай нәрсе? Бұл күнде аспандағы жұлдыздарды, Айды, Күнді ірілендіріп, анық көрсететін телескоп сияқты құралдар бар. Алыста тұрса да, жарығына қарай бір нәрсенің ішінде не зат барлығын білетін спектроскоп сықылды машиналар ұсталады. Солармен осы кезде Күннің не екенін оқымыстар білді.
Күн жанып, балқып, қайнап тұрған өте зор домалақ. Зор нәрсенің қайнағанда қызуы да өте күшті болмақ. Мәселен, кішкене шырпымен ағаш отынды зорға тұтатасың; ағаш үй жанып жатса, маңындағы ағаш үйлерге су сеуіп тұрмаса, бірге жанып кетеді. Қатты қызса не нәрсе болса да балқып, еріп, сұйық болады я бу мен газ болады. Мәселен, суды қатты қыздырсаң сұйылып, балқиды. Қатты қызса, құм да, саз да сұйылып балқиды. Сондықтан лаулап жанып тұрған Күннің ішіндегі нәрселері де бу мен газ күйінде Күннің қарамын мынадан байқауға болады: Жердің ішін жара кіндігі арқылы тартқан екі шетін қосатын сызықты «диаметр» дейді. Жер диаметрінің ұзындығы 12800 километрдей (шақырым шамасы). Күн диаметрі мұнан 109 рет ұзын, сағатына 100 шақырым алатын от арба Күнді 5 жылда айналып болар еді. Міне, сондай зор газ бен будан тұрған домалақ Күніміз жан-жағына мәңгі заманнан бері жарық пен қызу таратып келе жатыр. Егер Күнді бір миллион бөлімге тілсек, әр бөлімі Жерден үлкен болар еді.
* * *
Күн бізден алыс па? Күн бізден өте алыс. Сымсыз телеграмма Жерді 2 секундта айналып болады. Егер біз Күнге сымсыз телеграммамен хабар жіберсек, 8 минутта жетер еді. Сағатына 50 шақырым жүретін от арба кідірмегенде, Жерді 30 күнде айналып болады. Сол от арба тоқтамай жүре берсе Айға 166 күнде, Күнге 300 жылда жетер еді. Сондай алыс жерде тұрған Күннің қызуы сонша күшті, кейде адамға күн өтіп өледі. Жақындаған сайын Күннің қызуы арта береді. Күннің қызуына шыдарлық нәрсе жоқ, сондықтан Күн ішіндегі нәрсенің бәрі де бу мен газ күйінде. Әлгі біздің от арбамыз да Күнге жетпей, өртеніп кетер еді.
* * *
Күннің қызуының күші қандай? Қызуды «термометр» деген құралмен өлшейді. Жер үстінде 43-45 градус қызу болса, ыссы дейміз. Электрика пештер ішінде зорлықпен 4000 градус қызу жасауға болады. Оқымыстар есебінше, Күннің қызуы 6000-15000 градусқа барады. Егер Жер осындай қызса, жанды нәрселер түгіл теңіздер, тастар демде газ болып кетер еді. Олай болса, Күн бетінде жанды нәрсе жоқ. Күннің жалыны жан-жағына әлденеше мың шақырым жерге тарап, жетіп тұрады.
Күн Жерден қашықтаса не болар еді? Егер Күн Жерден қашықтап, ең жақын жұлдыз тұрған жердей араға бара қалса, Жер бетін қараңғылық жауып, тірі жәндік қалмас еді. Егер Жерде бір тірі жан сол кезде қалады десек, Күн бұған титтей ғана жұлдыз болып көрінер еді.
Күн қозғала ма? Күн өз шүлдігінен үйіріледі, бірақ Күн Жерден әлденеше рет зор. Сондықтан, Жер өз шүлдігін бір күнде — 24 сағатта үйіріліп шықса, Күн өз шүлдігін 26 күнде үйіріліп болады. Жер өз шүлдігінен үйірілгенде күн мен түн болады. Күн өзін-өзі жарық қылған соң, шүлдігінен үйірілсе де, күн мен түн болмайды.
Күн де, Күн қосшылары планеталар да, Ай да, Жер де бірыңғай бір бағытпен айналады. Соған қарағанда Ай, Жер, Күн, планеталардың заты, төркіні бір деуге болады.
Күн сөнер ме? Әрине сөнеді, бірақ сөнеді деп қорқудың керегі жоқ. Күн сөнгенше талай миллион жылдар өтпек. Ол заман қашан болатыны белгісіз. Күн, Жер, Ай — бәрінің тегі бір. Осы күні Ай Күннен де, Жерден де салқын; Жер Күннен салқын; үйткені, бәрінен Ай кішкене зат, кішкене ерте суынады. Күн үлкендігінен әлі суымақ түгіл салқындап та жеткен жоқ.

🤔1
Күннің бізге не керегі бар? Жер үстіндегі күштің түбі — Күн. Жарығы, қызуы және басқа сырларының арқасында барлық тіршілікті ұстап тұрған Күн. Өзендерді, жауындарды, бұлттарды шығаратын Күн. Өсімдікке жем беретін Күн. Өсімдікті біз жейміз, сондықтан бізді асырайтын — Күн. Біздің бұлшық етімізге, көзімізге, ойлайтын миымызға жұмыс қылдыратын — Күн. Күннен күшті нәрсе жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы, Телжан Шонанұлы. «Оқу құралы». Қызылорда. 1926-1927 жж.
Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. — Алматы: «Ел-шежіре», — 2013.
Ахмет Байтұрсынұлы, Телжан Шонанұлы. «Оқу құралы». Қызылорда. 1926-1927 жж.
Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. — Алматы: «Ел-шежіре», — 2013.
🤔1
45 ЖЫЛ БҰРЫН ВОЯДЖЕР-1 ҒАРЫШ АППАРАТЫ ҰШЫРЫЛДЫ
Жерден ең алыс ұзаған адам қолының туындысы қазір планетамыздан 23,55 миллиард километрде. Оның сигналы бізге 21 сағат 49 минутта жетеді. Тарихи аппараттың бортында әлі төрт ғылыми аспап жұмыс істеп тұр.
Credit: NASA Eyes

УЭББ: БҮЙІ ТҰМАНДЫҒЫНЫҢ ЖАҢА КЕСКІНІ
Уэбб телескопы Алтын Балық шоқжұлдызынан бақыланатын Бүйі (NGC 2070) тұмандығының кескінін алды. Бүйі тұмандығы бізден 161 000 жарық жылында, Құс Жолының серігі Үлкен Магеллан Бұлты галактикасында орналасқан. Бүйі — Жергілікті галактикалар тобындағы ең үлкен және ең жарық жұлдызтүзілу облысы. NIRCam камерасы алған мозаикалық кескінде бейнеленген жұлдызтүзілу аумағының ені 340 жарық жылы.
Ал тұмандықтың толық диаметрі 1000 жарық жылынан асады. Бүйінің жалпы жарықтығы сонша, ол Жерге Орион тұмандығындай жақын орналасқанда, әркімнің және әр нәрсенің екінші көлеңкесі пайда болар еді. Бүйіде Әлемдегі ең жарық белгілі жұлдыз — R136a1 орналасқан. Күннен 8,7 миллион есе жарық бұл жұлдыз, 4 секундта Күннің бір жылда шығаратын энергиясын өндіреді.
Бүйі тұмандығының астрономдарды ерекше қызықтыратыны, оның химиялық құрамы Әлемнің жасы бірнеше миллиард жыл болған шақтағы алып жұлдызтүзілу облыстарына ұқсайды. Біздің Галактикадағы осындай облыстар жас жұлдыздарды мұншалықты қарқынды өндірмейді, химиялық құрамы да басқа. Сондықтан бұл тұмандық жас Әлемде сансыз жұлдыздар өте белсенді түзілген заман жайлы білуге көмектеседі.

🤩1