Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
SLS зымыранына отын құю кезінде проблема туған. RS-25 қозғағыштары бірінің сутегі босату жүйесінің ақауы жөнделмей тұр. Artemis I бүгін ұшпайтыны анық, бірақ бұл әзірше ресми хабарланған жоқ.
👍1
2 қыркүйек 22:48
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мехазилла робоқолының Super Heavy B7 прототипін көтеріп, старт тағанына қоюы. Прототиптің биіктігі 68 м, диаметрі 9 м, құрғақ массасы 180 т. Оған барлық 33 Raptor 2 қозғағышы орнатылған.
Starbase ғарыш кешені, Бока-Чика, Техас.
👍1🥰1
Artemis I ұшырылымы сенбі, 3 қыркүйектен жексенбі, 4 қыркүйекке қараған түнге шегерілді. Алматы уақытымен 00:14-те (Батыс уақытымен 23:14-те) ашылатын ұшыру терезесі — 2 сағат.
🙏2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 39-шы ұшырылым
31 тамыз 11:40. Ванденберг, SLC-4E. Starlink-3.4 миссиясы — 46 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1063.7 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
👍2
INGENUITY ҚЫСТАП ШЫҒЫП, 30-ШЫ РЕТ ҰШТЫ

Марстан жағымды жаңалық! Қыстан аман шыққан Ingenuity тікұшағы 30-шы рет әуеге көтерілді. 33 секундтық ұшуда 5 метрге көтерілген дрон екі метр жерге барып қонды. Бұл оның жабдықтарын тексеруге және күн панеліне жиналған шаңды сілкіп тастауға көмектесті.

Езеро кратерінде қыста ауа –86°C-қа дейін суиды екен. Бұл қысқа арнайы дайындалмаған дронға елеулі қиындық әкелді. Аккумулятор зарядының жетпеуінен оның режимі өзгертілді. Түнімен өшіп тұрған дрон, таңертең жылынып, зарядталып алып, компьютерін қайта қосатын. 6 маусымда түнгі суықтың кесірінен, ұшар алдындағы бағдарлауға жауапты инклинометр істен шықты. Оның міндетін атқару инерциялық өлшеуіш модульге жүктелді.

Алдағы апталарда көне өзен атырауына сапар жалғасады. Күн ұзарып, батарея заряды артқан соң, "Тапқырлық" алысырақ ұша алады. Болашақта ол ішкі жылытқыштарын түні бойы қосып, электроникасын түнгі суықтан сақтар деген үміт бар. Қыркүйекте дронның бағдарламасы да жаңартылмақ.

Credit: NASA/JPL-Caltech
УЭББ БІРІНШІ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ЭКЗОПЛАНЕТА КЕСКІНІН АЛДЫ!

Уэбб ғарыштық телескопы өзінің бірінші тікелей экзопланета кескінін түсірді. Жасы 20 миллион жылға жетпейтін HIP 65426 b газды алыбы Юпитерден 5–10 есе ауыр.

Credit: NASA/ESA/CSA, A Carter (UCSC), the ERS 1386 team, and A. Pagan (STScI)
2
SPACEX ХҒС-ҚА ТАҒЫ БЕС ЭКИПАЖ ЖӨНЕЛТЕДІ

НАСА 2010 жылы ХҒС-қа ғарышкер жеткізетін жекеменшік кемелер жасауға ынталандыру мақсатында Commercial Crew Development (CCDev) бағдарламасын ашты. Агенттік 2014 жылы конкурстың қос жеңімпазы — Boeing және SpaceX компанияларымен келісімшарт жасасты. Әр компания НАСА үшін алты толыққанды ұшқышты миссиядан жасауы тиіс. Қазір SpaceX ұшырған төртінші толық экипаж стансада жүрсе, Boeing ұшқышты сынақ миссиясын да әлі орындаған жоқ.

НАСА 2021-дің желтоқсанында SpaceX-пен келісімшартты ұзартып, тағы 3 ұшқышты миссия (Crew-7, 8, 9) өткізуге уағдаласты. Енді міне, НАСА Масктің компаниясына 2030-ға дейін ұшатын тағы 5 миссияға (Crew-10–14) тапсырыс беретін болды. Жаңа келісімшарт құны — $1,4 млрд. Алдыңғы шарттарды қоса есептегенде, SpaceX-ке 14 миссия үшін жалпы $4,9 млрд төленеді. Ал Boeing бастапқы 6 миссия үшін-ақ $5,1 млрд алатыны белгілі.
😁1😱1
ARTEMIS I ЖОЛАУШЫЛАРЫ: БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕР

Artemis I — ұшқышсыз миссия, бірақ бұл Orion кабинасы бос деген сөз емес. Командир креслосына Капитан Муникин Кампос атты манекен жайғасады. Ол киген Орион тіршілік қамтамасыз ету костюміне екі радиация сенсоры орнатылған.

Муникиннің жанында Хельга мен Зоар атты белден жоғары екі манекен отыр. НАСА, Герман әуеғарыш агенттігі және Израиль ғарыш агенттігі өткізетін Matroshka AstroRad экспериментінің (MARE) мақсаты — ғарыштық сәулеленудің адам организміне әсерін зерттеу. Басты назар радиацияның әйел ағзасына ықпалын анықтауға аударылмақ. Бұл түсінікті, өйткені Artemis III миссиясы аясында Ай бетіне тарихтағы тұңғыш әйел қонуы тиіс. Манекендердің жасанды органдарына дозиметрлер қойылған. Зоарға Astrorad арнаулы қорғаныш жилеті кигізіліпсе, Хельгада ол жоқ. Кабинада екі салмақсыздық индикаторы да ұшады: НАСА-дан — Снупи төбет, ЕҒА-дан — Шон атты тоқты.

Кеме бортында тірі ағзалардың төрт түрі бар. Zea эксперименті Орион планетааралық кеңістікке шығысымен басталады. Сублимацияланған ашытқы салынған пакеттерге сұйықтық құйылып, олардың өсуіне жағдай туғызады. Капсула Жерге оралған соң, радиацияның ашытқы ДНҚ-сына қалай әсер еткені талданады.

Ашытқыдан басқа, ғарышқа Таль ақшешекшесі тұқымдары, Аспергилл қара дейтін зең саңырауқұлағының төрт штаммы, Рейнхардт хламидомонадасы фотосинтездеуші балдыры ұшады. Биологтар тұқымдарға ғарышқа ұшу қалай ықпал еткенін және саңырауқұлақ пен балдыр геніне радиацияның әсерін зерттемек.
Кескіндер:
1. Хельга мен Зоар манекендері. Credit: StemRad
2. Снупи төбет. Credit: NASA
3. Шон тоқты. Credit: ESA
Artemis I кейінге қалдырылды. Зымыранға отын құю барысында байқалған сыртқа ағуды тоқтату мүмкін болмады.
ARTEMIS I МИССИЯСЫ ҚАЗАНҒА ШЕГЕРІЛДІ

НАСА SLS зымыраны қайтадан Тік жинау ғимаратына енгізілетінін хабарлады. Шешім отын құю кезінде туындаған проблемаларды жою үшін қабылданды. Демек, Artemis I миссиясы Айға ұшуға қолайлы келесі кезең басталатын 17 қазаннан ерте ұшырылмайды деген сөз.

3 қыркүйектегі екінші ұшыру әрекеті зымыранның негізгі сатысына жалғанған шлангтан сутегі ағуы себепті тоқтатылды. Мамандар ақауды жоюға үш рет талаптанса да, бұл қолдан келмеді. Бір қызығы, дәл осы проблема бас жаттығу кезінде де орын алған. Алайда НАСА бұған қарамастан, бас жаттығу сәтті өтті деп есептеп, зымыранды бәрібір ұшыруды шешкені белгілі.

29 тамыздағы алғашқы әрекет кезінде температуралық сенсор негізгі сатыдағы №3 қозғағыш нормадан 15–30 градусқа жылы екенін көрсеткен. RS-25D криоген қозғағыштары старт алдында –250 градусқа дейін суытылады. Бұл оған құйылатын осындай суық сұйық оттегі агрегатты істен шығармас үшін қажет. НАСА сенсордың өзі бұзылғанын анықтап, оның көрсеткішіне назар аудармауды жөн санады. Сөйтіп, агенттік миссияны Айға жөнелтуге тағы бір әрекет жасамақ болған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 40-шы ұшырылым
5 қыркүйек 08:09. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.20 миссиясы — 51 Starlink v1.5 жерсерігі мен Sherpa LTC-2 платформасын төмен жермаңы орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1052.7 1-сатысы JRTI платформасына қонды
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА — 150 ЖЫЛ

ДҮНИЕ КӨЛЕМДІГІ

Бұрын адам баласы бірнеше қабат көк, бірнеше қабат жер бар деп түсінген. Бұл күнде алыс жұлдыздарды да көрсететін телескоп деген құрал бар. Ең алыс көретін телескоппен кереге сықылданып, жарланып тұрған көкті көрдік делік, бірақ керегенің ар жағында тағы бос көлемдік болу керек емес пе? Ол керегені өте алысқа әрман итерелік. Сонда да оның ар жағында бос көлемдік болуға тиіс. Сонымен, дүние көлемдігінің шеті, ақыры бар деуге келмейді. Бір нәрсенің ақыры, шеті, шегі жоқ десек, сол нәрсе — дүниенің көлемдігі. Дүние көлемдігінің ұшы-қиыры, шегі жоқ.

Жұлдыздар тұрған көлемдік қандай? Телескоп көрсетуіне қарағанда жұлдыздар мөлшерлі көлемдікте тұр. Ол мөлшерлі көлемдік шегінен әрі асқан соң, жұлдыз жоқ, ешнәрсе көрінбейді; жұлдыздар бар жерде ғана жарық бар, жұлдыздардан әрі өткен соң жарық бар. Жарық көлемдігі шегінің арғы жағында басқа дүние бар шығар; ол дүние біздің дүниемізге я ұқсас, я ұқсас емес шығар. Үйткені, көлемдіктің сірә, шеті жоқ қой, бірақ жұлдыздар мен біздің дүниеміз тұрған көлемдіктің шеті болғанмен кішкене екен деп ойламаңдар. Ол көлемдіктің кеңдігін оқымыстар бұл күнде есептеп шығарған. Күн сәулесі бір минутта 300 мың шақырым жүреді. Сол сәуле жұлдыздар тұрған келемдіктің ол шеті мен бұл шетіне 30 мың жылда жетпекші. Көк көлемдігін шақырымдап өлшемейді. Шақырым — тым уақ сан, сондықтан бір жылда ететін сәуленің арасын өлшеу мөлшеріне алады, мұны «сәуле жылы» дейді. Қолдарың бос, қағаздарың мол болса, сәуле жылына қанша шақырым жүретінін есептей қойыңдар!

Күн мен Жердің арасы орташа салғанда 150 миллион шақырым. Күн сәулесі Жерге 8 минут шамасы жүріп келеді. Ең жақын жұлдыздардың сәулесі бізге төрт жарым жылда жетеді. Бұл не деген сөз? Бұл, егер бүгін ең жақын жұлдыз сөне қалса, оның сөнгенін біз төрт жарым жыл өткен соң білеміз деген сөз.

Міне, дүниенің көлемдігі! Міне, жұлдыздар тұрған дүниенің көлемдігі! Көкте жұлдыз бар, планета бар. Жұлдыз деп жарық нәрсені айтады. Күн де жұлдыздың біреуі және бізге жақын жұлдыз. Планета деп сөнген, қараңғы қатты нәрселерді, жұлдыздарды айтады. Мәселен, Ай, Жер планетаға қосылады. Күніміз сөне қалса, планета аталады. Сөнбей тұрғанда жұлдыз есебіне кіреді.

Ахмет Байтұрсынұлы, Телжан Шонанұлы. «Оқу құралы». Қызылорда. 1926-1927 жж.

Байтұрсынұлы Ахмет. Алты томдық шығармалар жинағы. — Алматы: «Ел-шежіре», — 2013.
👏1