Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1062.9 1-сатысы ASOG платформасына қонды
🔥1
Credit: NASA, ESA, CSA, Jupiter ERS Team, Judy Schmidt
🥰3
УЭББ ЮПИТЕРДІҢ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ МЕН САҚИНАЛАРЫН КӨРДІ

Уэбб деректері бойынша жасалған Юпитердің құрама инфрақызыл кескінінде биігірек нәрселер ақшылырақ түспен белгіленген. Планетадағы көптеген алып дауылдар бұлтын ақ жолақ түрінде көреміз. Үлкен Қызыл Дақ пен экватор үстін қалың тұман мен бұлт басып жатыр. Ал күңгірттеу облыстардағы бұлт жамылғысы жұқа.

Кескінге газды алыптың бірнеше серігі, поляр шұғыласы, тіпті әдетте көрінбейтін сақиналары да түсіп қалған. Инфрақызыл диапазондағы кескіндер Юпитердің, оның сақиналары мен серіктерінің динамикасы мен химиясын алғаш рет осыншама анық көрсетіп тұр.
🤯1
ЧАНЧЖЭН ЗЫМЫРАНДАРЫН СӘТТІ ҰШЫРУ РЕКОРДЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

20 тамызда Қытайдың Сичан ғарыш айлағынан көтерілген Чанчжэн-2D зымыраны жерсеріктер тобын орбитаға шығарды. Бұл Чанчжэн (Ұлы Жорық, Long March, CZ) сериялы тасығыш-зымырандардың қатарынан 103-ші рет сәтті ұшырылуы еді.

1996–2011 жж. аралығында жасалған алдыңғы рекорд қатарынан 102 сәтті ұшырылым болатын. Жаңа рекордқа 2020 жылдың 5 мамырынан бастағанда, небәрі 27 ай кетті. 103 ұшырылымда ғарышқа 200-ден астам аппарат, соның ішінде жаңа ғарыш стансасының "Тяньхэ" негізгі модулі мен "Вэньтянь" зертханалық модулі, "Чанъэ-5" ай зонды, "Тяньвэнь-1" марс зонды, "Шэньчжоу" ұшқышты ғарыш кемелері ойдағыдай шығарылды.

Қытай Зымыран техникасы зерттеу институты жасаған CZ-5/5B ауыр тасығышы қуаты жағынан, әзірге ұшырылған зымырандар арасында Falcon Heavy мен Delta IV Heavy-ден кейінгі 3-орында тұр. Қолданыста сондай-ақ CZ-2C, 2D, 2F, CZ-3A, 3B, 3C, CZ-4B, 4C, CZ-6, CZ-7, CZ-8, CZ-11 жеңіл, орта зымырандары бар. CZ-9 аса ауыр зымыранының бірнеше, соның ішінде, қайта ұшырылатын нұсқасы жасалып жатқанын жазғанбыз.
👍1
Фото: Жэньмин Жибао
👍2🔥1
DART ЗОНДЫ АСТЕРОИДҚА 27 ҚЫРКҮЙЕКТЕ СОҒЫЛАДЫ

НАСА былтыр қарашада ұшырылған DART зонды Диморф астероидына 27 қыркүйекте, Алматы уақытымен 05:14-те соғылатынын хабарлады. Дидим жермаңы қосар жүйесі диаметрі 780 метр Дидим астероиды мен оның 160 метрлік серігі Диморфтан тұрады. DART 6,6 км/с жылдамдықпен Диморфқа соғылып, оның бағытын сәл өзгертеді.

Сынақтың мақсаты — Жерге қатер төндіруі ықтимал астероид жақындаса, оның бағытын осылай өзгертуге болатынын тексеру. Мамандар соқтығысу салдарын Жерден бақылап отырады. Соқтығысуды DART-тан ажырайтын италиялық LICIACube кубсаты камераға түсіреді.

Егер есептеулер дұрыс болса, Диморф Дидимге жақындап, айналу периоды 10 минуттай тездеуі тиіс. Үлкендігі шамалас қауіпті астероид алдын-ала ашылған жағдайда, планетамызға төнетін қатердің бетін қайтаруға осы өзгерістің өзі жеткілікті болмақ.

https://youtu.be/l6BZ0aNGO7Q
👍1
ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ ҮСТІНДЕГІ ҚҰС ЖОЛЫ МЕН МЕТЕОР

Мұқият жоспарланған бұл астрофото осы тамызда, Персеидтер метеор ағыны жауған түні түсірілген. Франциядағы Ле-Драмон жағалауы пейзажы Толған Ай туып, түнгі аспанды жарқыратып жібергенше алынуы тиіс еді. Әдемі алдыңғы план ретінде Жерорта теңізінің тастақ жағажайы таңдалса, Иль д'Ор аралы Құс Жолының жалпақ жолағын тіреп тұрғандай.

Ауа райы тұрақталып, құрал-жабдық сайланысымен, фотографтың сюрреалистік түнгі пейзажды түсіруге 15 минут уақыты болды. Жағалауға онымен бірге келген әкесі суретте жоқ. Ол кісі қазіргі астрофотография техникасын меңгермесе де, кезінде баласына аспанды бақылауды үйреткен екен. Сіз де перзентіңізге астрономия әліппесін ұстатқыңыз келсе, біздің жобаның «Балаларға ғылым туралы» арнасынан бастаңыз, сілтеме келесі жазбада.

Image Credit & Copyright: Julien Looten
1👍1
RS-25 — СПЕЙС ШАТТЛ МҰРАСЫ

Rocketdyne компаниясы жасаған RS-25 зымыран қозғағышы Space Shuttle ғарыш кемесінің бас қозғағышы (SSME) ретінде белгілі. Ол алғаш рет 1981 жылы 12 көкекте STS-1 миссиясында қолданылды. Криоген, яғни қатты суытылған сұйық сутегі және сұйық оттегімен істейтін қозғағыш 1859 кН тартым өрбітеді. Шаттлдағы үш RS-25 отынды сыртқы бактан алатын. Шаттл Жерге оралған соң, қозғағыштар тексеріліп, жөнделіп, басқа миссияда қайта пайдаланылатын.

НАСА-ның жаңа Space Launch System зымыранының негізгі сатысында төрт RS-25D қозғағышы орнатылған. Қайта қолданылмайтын SLS-тің алғашқы төрт ұшырылымында Спейс Шаттл бағдарламасынан қалған агрегаттар кәдеге жаратылады. Бұлар таусылғасын, бір мәрте қолданылатын RS-25E және RS-25F нұсқалары жасала бастайды.

Қуатты қозғағыш жұмысын көп жыл үзілістен соң, 29 тамызда, ұшқышсыз Orion кемесін Айға жөнелтетін Artemis I миссиясы ұшырылымында көреміз. Бірлесе 910 тонна тартым өрбітетін төрт RS-25D 8,5 минут жұмыс істеп, қапталдағы үдеткіштермен бірге, Орионға сағатына 27360 километр (7,6 км/с) жылдамдық береді.

29 тамызда ұшырылатын Artemis I миссиясы құрамдастары мен олардың сипаттамасы жайлы толығырақ — бейнероликте: https://youtu.be/mLnGp9umFeI
Кескіндер:
1. RS-25 зымыран қозғағышының жұмыс схемасы
2. Атлантис шаттлының үш RS-25D қозғағышы STS-110 миссиясын ұшыру кезінде
3. SLS зымыраны негізгі сатысының төрт RS-25D қозғағышы
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 38-ші ұшырылым
28 тамыз 09:41. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.23 миссиясы — 54 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
1-сатыны қайтара отырып, орбитаға 16,7 т жүктеме шығарылды — жаңа рекорд 🏆 (бұрынғы рекорд 16,2 т)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1069.2 1-сатысы ASOG платформасына қонды
ARTEMIS I БҮГІН ҰШЫРЫЛАДЫ: МИССИЯ ЖОСПАРЫ

Алматы уақытымен 18:33-те Кеннеди ғарыш орталығының LC-39B ұшыру алаңынан SLS зымыраны көтерілуі тиіс. Ұшу терезесі екі сағат ашық, яғни старт әлдебір себеппен сол екі сағатта болмаса, қосалқы датаға — 2 немесе 5 қыркүйекке шегеріледі. Зымыран ол күндері де ұша алмаса, қайтадан Тік жинау ғимаратына тасымалданады.

Старттан 2 минут 12 секунд өткенде негізгі тартым берген қапталдағы қос үдеткіш жұмысын аяқтап, ажырайды. T+00:03:30-да апаттық құтқару жүйесі бөлінеді. 8,5 минуттан соң зымыранның негізгі және жоғарғы сатылары ажырап, Orion ғарыш кемесін көтерген екінші саты бастапқы орбитаға шығады. Үдеткіштер мен негізгі саты мұхитқа құлайды. Олар енді қайта қолданылмайды, сол себепті парашютпен қонбайды және ауланбайды.

T+00:51:00-де екінші сатының қозғағышы 20 секундқа қосылып, орбитаны көтереді. T+01:37:00-ден бастап, 18 минутқа созылатын екігші импульс кемені Айға бағытталған траекторияға шығарады. Старттан 2 сағат 5 минут өткенде, 3738 км биіктікте, Орион ғарыш кемесі жоғарғы сатыдан ажырап, Айға бет алады. Ұшудың 3–8 сағаттары аралығында кемеден 10 шағын кубсат бөлінеді. Кейбірі жермаңы орбитада қалып, кейбірі Айға, ал біреуі астероидқа аттанатын кубсаттар жайлы арнайы поста әңгімелейміз.

Алты күнде Айға жеткен Орион, периселенийде Ай бетінен 111 километрде ұшып өтеді де, оның айналасында алыс ретроград орбитаға шығады. Кеменің осы орбитамен Айды екі айналуы кезінде оның барлық жүйелері сыналып, тексеріледі. Содан соң Ай үстімен тағы бір ұшып өткен Orion қайтар жолға шығады. Кеменің Тының мұхит айдынына қонуы 10 қазанға жоспарланған. Artemis I миссиясы 42 күн, 3 сағат, 20 минутқа созылады.
SLS зымыранына отын құю кезінде проблема туған. RS-25 қозғағыштары бірінің сутегі босату жүйесінің ақауы жөнделмей тұр. Artemis I бүгін ұшпайтыны анық, бірақ бұл әзірше ресми хабарланған жоқ.
👍1