This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 35-ші ұшырылым
10 тамыз 08:14. КҒО, LC-39A. Starlink-4.26 миссиясы — 52 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару

🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1073.3 1-сатысы ASOG платформасына қонды
🔥1
STARSHIP ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҰШЫРЫЛУЫ МҮМКІН
Бұл құжат — ұшуға рұқсат емес, прототиппен байланысқа АҚШ Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) берген рұқсат. Онда "Starship сынақ прототипінің Техас штаты, Бока-Чикадан эксперименттік орбиталық демонстрациялық ұшуы және қону сынағы" деп көрсетілген. Құжат 1 қыркүйектен 2023 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.
SpaceX компаниясы ұшуға дейін:
— тиісті тұтандыру сынақтарын өткізіп, техникалық дайындықты қамтамасыз етуі;
— АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) міндеттеген 75 экологиялық шараны жүзеге асыруы;
— Starship жүйесінің орбиталық ұшырылымдарына лицензия алуы;
— орбитаға алғашқы ұшуға рұқсат алуы қажет.
Starship орбитаға алғаш рет, Илон Маск жақында айтқандай, қыркүйекте көтерілер деп үміттенеміз. НАСА-ның SLS аса ауыр зымыранының алғашқы ұшырылымы 29 тамызға жоспарланып отырғаны белгілі.

👏2❤1
12/13 ТАМЫЗ — ПЕРСЕИДТЕР МЕТЕОР АҒЫНЫ
2022 ж. тамыздың 12-нен 13-не қараған түні Персеидтер метеор ағыны шыңына жетеді. Бақылауға ең қолайлы уақыт — түн ортасы ауғаннан таң атқанша. Биыл Ай дәл осы түні толатындықтан, бақылауға елеулі кедергі келтіреді.
Ағынның зениттік сағаттық саны (ZHR — радиант тастөбеде болғанда, көру қабілеті идеал адам тасқараңғы жерден бір сағатта бақылайтын метеор саны) = 110. Іс жүзінде минутына бір аққан жұлдыз көрінсе құп. Жылдам (60 км/сек), жарық, ақ метеорларларды Жердің 109/Свифт-Таттл кометасы қалдықтарымен соқтығысуы туғызады.
Әрине, қалада аққан жұлдыз көп көрінбейді, сол себепті мүмкіндік болса, далалық жерден, не таудан бақылаған жөн. Тамызда түн салқын болуы мүмкін, жылы киім алыңыз. Фара не қолшам жақпауға тырысыңыз, олар көзді қарықтырып, әлсіз метеорларды көруге кедергі келтіреді, қызыл қолшам пайдаланыңыз.
Ағынның радиантына (метеорлар ұшып шыққан тәрізденетін нүкте) — Персей шоқжұлдызына қарау міндетті емес. Көзіңізді қараңғыға үйретіп алған соң, жайланып шалқаңыздан жатыңыз да, аспанның көкжиектен 30°-тан жоғары кез келген тұсына көз тігіңіз.

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 36-шы ұшырылым
13 тамыз 03:40. Ванденберг, SLC-4E. Starlink-3.3 миссиясы — 46 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару

👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1061.10 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
SH B7: ҰЗАҚ ТҰТАНДЫРУ СЫНАҒЫ
Бока-Чикада Super Heavy үдеткішінің B7 прототипінің келесі тұтандыру сынағы өтті. Бұл жолы бір қозғағыш 21 секундқа қосылды. Мақсат — бактардағы қысымды сақтап тұратын автомат жүйені тексеру.
Енді SH B7 старт тағанынан түсіріліп, өндірістік алаңға апарылмақ. Қалған 13 Raptor 2 орнатылған соң, ол 33 қозғағышпен сыналады.

14 ТАМЫЗ 2022 — САТУРННЫҢ ҚАРСЫ ТҰРЫСЫ
2021 жылы 14 тамызда, Алматы уақытымен 23:07-де Сатурн Жердің тура Күнге қарама-қарсы жағында орналасады. Сақиналы ғаламшар бұл кезде Жерге барынша жақындайды (1,325 млн км).
Сатурнды түні бойы оңтүстік-шығыстан, жарқыраған Юпитер мен Айдың оң жағындағы Тауешкі шоқжұлдызынан көре аламыз. Сарғыш планетаның жарықтығы +0,2 ж.ш.
Ал телескоппен қарасаңыз, қарсы тұрысқа дейінгі және кейінгі бірнеше күнде Сатурн сақиналары ерекше жарық болып көрінеді. Зелигер эффекті деп аталатын құбылысқа сақиналарды құрайтын мұз кесектерінің тіке түскен күн сәулесін толық шағылдыруы себепші.
Скриншот: timeanddate com / NASA Eyes

👍1🔥1
M91 — «ҮЛГІЛІ» ГАЛАКТИКА
Мына кескінді Хаббл ғарыштық телескопының WFC3 камерасы алған. Онда M91 спираль галактикасы бейнеленген. Бұл нысан Жерден 55 млн жарық жылы қашықтықта, Береника Шашы шоқжұлдызында орналасқан.
M91 галактикасы «үлгі» ретінде жиі қолданылады. Өйткені ол Құс Жолына салыстырмалы түрде жақын және өте сәтті бұрышпен орналасқан. Соның арқасында біз M91-дің құрылымын егжей-тегжейлі көре аламыз. Оның орталық аймағы мен жұлдыз шоғырларына толы спираль салалар шығып жатқан қосқышы анық байқалады. Құс Жолы сияқты, M91 ядросында да «құбыжық» жасырынып жатыр: ондағы аса ауыр қара құрдымның массасы 9,6–38 миллион Күн массасы деп бағаланады.
Хаббл бұл суретті ALMA радиотелескоптар кешенімен бірлесіп жүргізілетін ғылыми бағдарлама аясында түсірген. Оның мақсаты — жас жұлдыздар мен олар түзілетін суық газ бұлттары арасындағы байланысты айқындау. Хаббл телескопы бұл үшін галактикаларды көрінетін және ультракүлгін диапазондарда бақылайды.
Credit: ESA/Hubble & NASA, J. Lee and the PHANGS-HST Team

ARTEMIS I ҰШЫРУ АЛАҢЫНА 17 ТАМЫЗ, 7:00-ДЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ
НАСА Artemis I миссиясын ұшыратын Space Launch System зымыраны мен оған орнатылған Orion ғарыш кемесін ұшыру алаңына жоспарланғаннан екі күн ерте, 16 тамызда, кешкі 9-да шығаратын болды. Бұл Алматы уақытымен 17 тамыз, таңғы 7:00-ге сәйкес.
Зымыран тұрған жылжымалы ұшыру платформасын Кеннеди Ғарыш орталығындағы Тік жинау ғимаратынан LC-39B ұшыру алаңына ST-2 шынжыртабанды транспортері жеткізеді. NASA TV арнасындағы тікелей эфир 4 сағат бұрын басталуы тиіс.
https://youtu.be/21X5lGlDOfg

YouTube
NASA Live: Official Stream of NASA TV
UPDATE: Our 24/7 NASA TV broadcast is being phased out as of Aug. 28, 2024. We *will continue* to stream live events and share new videos on our YouTube account—please subscribe to our channel to make sure you get the latest updates!
We'll also continue…
We'll also continue…
👍3🔥1
SLS ҰШЫРУ АЛАҢЫНА ШЫҒАРЫЛДЫ!
2022 жылы 17 тамызда, 17:30 шамасында НАСА-ның SLS мегазымыраны мен Orion ғарыш кемесі LC-39B ұшыру алаңына келді. Жылжымалы ұшыру платформасын Тік жинау ғимаратынан стартқа жеткізуге 10 сағат кетті. Artemis I миссиясы 29 тамызда ұшырылады деп жоспарланған. Миссияның құрамдас бөліктеріне шолу арнамызда 18 тамызда, 20:00-де жарияланады.
Credit: NASA

🔥2
ҚЫТАЙЛЫҚ ҚҰПИЯ КОСМОПЛАННЫҢ ӨЛШЕМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Хэнань провинциясының өкіметі Чанчжэн-2F зымыранының Жерге түскен жүктеме қақпағын көрмеге қойды. Зымыран 4 тамызда көп мәрте ұшырылатын құпия ғарыш кемесін перигейі 346 км, апогейі 593 км, көлбеулігі 50° орбитаға шығарған еді. Қытай бұл кеменің фотосын не техникалық сипаттамаларын жариялаған емес. Бірақ күтпеген жерден ол жайлы аз-мұз білуге мүмкіндік туды.
Шолушылар қытайлық құпия космоплан АҚШ ӘӘК-нің X-37B орбиталық ұшағына ұқсауы мүмкін деп топшылайтын. Чанчжэн-2F жүктеме қақпағының өлшемдері мен ұшақ қанаттары үшін арнайы жасалған шығыңқы жерлер бұл болжамды растап отыр. Америкада кем дегенде екі X-37B бар. Олардың бірі 2020 жылдың мамырынан бері орбитада. Екі космоплан, жалпы алғанда, ғарышта 2700 тәулік өткізген.
Кескін: Чанчжэн-2F жүктеме қақпағы мен X-37B ұшқышсыз космопланын салыстыру
Дереккөз: CNSpaceflight

😁1
ТОЛҒАН АЙ МЕН ПЕРСЕИДТЕР
2022 жылы 13 тамызда Персеидтер метеор ағыны шыңына жеті. Жер планетасы Свифт-Таттл кометасынан қалған сынықтар жолағын басып өткенде, солтүстік аспанда аққан жұлдыздар жауды. Дәл сол түні толған Ай да ең жарық метеорларды тасалай алған жоқ.
Көптеген қысқа экспозициядан құрастырылған кескінде ең жарық персеидтер бейнеленген. Олар Испаниядағы Сант-Льоренс-де-ла-Муга қыстағы маңындағы ортағасырлық мұнара фонында аққан. Орта ғасырдағы католиктер Персеидтерді Әулие Лаврентийдің көз жасы деп атаған екен. Толған Ай секілді, бұл кезде Күнге тура қарама-қарсы орналасқан Сатурн оң жақ жоғарыда жарқырап тұр.
Image Credit & Copyright: Juan Carlos Casado (Starry Earth, TWAN)