Физика және Ғарыш
106 subscribers
3.48K photos
722 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
16 шілде 21:21. CRS-25 миссиясы — Cargo Dragon 2 C208.3 жүк кемесінің ХҒС-қа түйісуі
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 31-ші ұшырылым
17 шілде 20:20. Канаверал, SLC-40. Starlink-4.22 миссиясы — 53 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
2021 жылғы жылдық ұшырылым саны рекордын қайталау!
👍1🤩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1051.13 1-сатысы JRTI платформасына қонды
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 32-ші ұшырылым — жаңа рекорд 🏆
22 шілде 23:39. Ванденберг, SLC-4E. Starlink-3.2 миссиясы — 46 Starlink v1.5 жерсерігін 560 км гелиосинхрон поляр орбитаға шығару
1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1071.4 1-сатысы OCISLY платформасына қонды
👍2
SPACEX КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӘР ЖЫЛДАҒЫ ҰШЫРЫЛЫМДАРЫ

2006 — 1
2007 — 1
2008 — 2
2009 — 1
2010 — 2
2011 — 0
2012 — 2
2013 — 3
2014 — 6
2015 — 7
2016 — 8
2017 — 18
2018 — 21
2019 — 13
2020 — 26
2021 — 31
2022 — 32 (22 шілде күнгі дерек)

Фото: 22 шілде 2022. Жылдың рекордтық, 32-ші ұшырылымы — Starlink-3.2 миссиясы. Ванденберг, Калифорния. 33-ші старт — бүгін!
🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 33-ші ұшырылым
24 шілде 19:38. КҒО, LC-39A. Starlink-4.25 миссиясы — 53 Starlink v1.5 жерсерігін төмен жермаңы орбитаға шығару
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1062.8 1-сатысы ASOG платформасына қонды
ҚЫТАЙ ТЯНЬГУН ҒАРЫШ СТАНСАСЫНЫҢ ЕКІНШІ МОДУЛІН ҰШЫРДЫ

Вэньчань ғарыш айлағынан 2022 жылы 24 шілдеде, 12:22-де көтерілген Чанчжэн-5B ауыр зымыраны бірнеше минуттан соң Вяньтянь зертханалық модулін 393 км төмен жермаңы орбитаға шығарды. Модуль қытай ғарыш стансасының Тяньхэ базалық модуліне жақындасымен, ондағы Шэньчжоу-14 экипажы Вяньтянді стансаға түйістіріп алады.

Вяньтянь модулінің ұзындығы 17,9 м, диаметрі 4,2 м, массасы 22 тонна. Онда экипажға арналған тұрғынжай мен ашық ғарышқа шығатын шлюз бар. Модуль ішінде ғылыми эксперимент жүргізетін стендтер болса, сыртында әртүрлі аспаптар орнататын орындар дайындалған. Вяньтянь робоқол — манипулятормен де жабдықталған.

Үш модульді Тяньгун (Аспан сарайы) ғарыш стансасы осы жылдың аяғына дейін құрастырылып бітеді. Оның негізгі модулі 2021 жылы 29 көкекте ұшырылған еді. Мэнтянь зертханалық модулі биыл қазанда ұшырылады.

Негізгі Тяньхэ (Аспан гармониясы) модулінде үш адамдық тұрғынжай, тіршілік қамтамасыз ету, басқару, навигация және бағдарлау жүйелері бар. Вэньтянь (Аспанды іздеу) және Мэнтянь (Аспан туралы арман) зертханалық модульдері ғылыми жұмысқа арналған. 3 модуль + 3 ғарыш кемесінен тұратын стансаның массасы 100 тоннаға жетпек.

Болашақта станса қосымша модульдер қосу арқылы кеңейтілуі мүмкін. Кешен еңкеюі 41°, 340–450 км төмен жермаңы орбитасында кемінде 10–15 жыл жұмыс істеуі тиіс.

2023 жылдың аяғына қарай автономды модуль — Сюньтянь ғарыштық телескопын ұшыру жоспарланып отыр. Ол ғылыми аспаптарға қызмет көрсету не ауыстыру қажет болғанда стансаға жақындап, түйісе алады. Екі метрлік айнасы бар Сюньтяннің ажыратымы Хабблдікіндей, бірақ көзқарас аясы одан 300 есе кең болмақ!

Қытай бұған дейін Тяньгун-1 (2011–2018) және Тяньгун-2 (2016–2019) атты екі эксперименттік ғарыш стансасын орбитаға шығарған еді. Тяньгун (3 модуль, 66 тонна) — Мир (7 модуль, 124 тонна) мен ХҒС-тан (16 басты модуль, 440 тонна) кейінгі тарихтағы үшінші көпмодульді ғарыш стансасы болмақ. Ресей РОСС ұлттық ғарыш стансасын (5 модуль, 60 тонна) 2025-2035 жылдары құрастыруды жоспарлап отыр. Ай маңындағы LOP-Gateway стансасының жалпы массасы 15 тонна алғашқы 2 модулі 2024 жылы ұшырылуы мүмкін.
🔥2👍1
Вяньтянь зертханалық модулі
2👍1🔥1
РЕСЕЙ ХҒС ЖОБАСЫНАН 2024 ЖЫЛДАН КЕЙІН ШЫҒАДЫ

Ресей Халықаралық ғарыш стансасы жобасынан 2024 жылы шығу туралы шешім қабылдады. Роскосмостың жақында тағайындалған басшысы Юрий Борисов бұл жөнінде 26 шілдеде Владимир Путинге баян етті.

Ресей ұлттық РОСС ғарыш стансасын құрастырмақ. Алайда әзірге бұл стансаның бірде-бір элементі жоқ:
— оның базалық модулі болады деген Наука модулі ғарышқа 14 жыл кешігіп шықты да, 2021 жылы ХҒС құрамына енді;
— жаңа базалық модуль ретінде жоспарланып отырған Ғылыми-энергетикалық модульдің корпусы ғана дайын (2021 жылғы көктемдегі ақпарат бойынша);
— 10 жыл жасалған Причал тораптық модулі 2021 жылы ХҒС-қа енді;
— базалық модульді орбитаға шығаруы тиіс Ангара-А5М зымыраны 2024 жылы алғаш ұшырылады деп жоспарланған;
— шлюздік модуль жоба түрінде ғана бар.
👍3🔥1
ЖАҢА АЙДЫ ТАП

Жерорта теңізінің жағасы, Сан-Марти-д'Эмпуриес, Испания. Жердің табиғи серігі 2022 жылы 28 шілдеде Алматы уақытымен 23:54-те Жаңа Ай фазасына өтеді.

Image Credit & Copyright: Mohamad Soltanolkotabi
👍2
НАСА Artemis I ай миссиясын ұшыру әрекеті 2022 жылы 29 тамызда, 2 қыркүйекте немесе 5 қыркүйекте жасалатынын жариялады. НАСА-ның алғаш ұшырылғалы отырған Space Launch System (SLS) аса ауыр зымыраны ұшқышсыз Orion ғарыш кемесін Айға жөнелтеді. Айды ерекше ретроград орбитамен айналып келген кеме 25,5 тәуліктен соң Тынық мұхит айдынына қонуы тиіс. SLS астробиологиялық, сондай-ақ Айды, астероидтарды, күн желін зерттейтін 12 кубсатты да ғарышқа шығарады.

https://youtu.be/JWjgAHgi0vM
ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫ ЖАҢА ЗЫМЫРАНДЫ СӘТТІ ҰШЫРДЫ

Қытайлық CAS Space компаниясы 2022 жылы 27 шілдеде Цзюцюань ғарыш айлағынан Zhongke-1A зымыранын алғаш рет ұшырды. Ол орбитаға 6 микрожерсерік шығарды. SATech-01 жерсерігі гравитациялық толқындармен байланысты гамма-жарқылдарды тіркеуге арналған. Қалған микросеріктер магнит өрісін, атмосфера тығыздығын зерттеумен айналысып, тіпті кванттық байланысқа қатысты тәжірибелер жасайды. CAS Space ішінара Қытай Ғылым академиясының (CAS) меншігінде.

Zhongke-1A (ZK-1A немесе Lijian-1 деп те аталады) — төрт сатысы да қатты отын жағатын орташа зымыран. Ол гелиосинхрон орбитаға 1,5 тоннаға дейін жүктеме шығарады. DF-31 құрлықаралық баллистикалық зымыраны негізінде жасалған Жөңке-1-дің ұзындығы 31 м, диаметрі 2,6 м, бірінші сатысының тартымы 200 тонна-күш.

CAS Space қазір 1-нұсқаның орталық блогы мен қапталдағы қатты отынды екі үдеткіштен тұратын ZK-2 зымыранын дайындауда. Ол алғаш рет жыл соңында самғауы мүмкін. Компания сондай-ақ New Shepard тәрізді суборбиталық зымыран мен Falcon-9-ға ұқсас, бірінші сатысы қайта қолданылатын орбиталық зымыран жасап жатыр.
🥰1
CREW-5 ПЕН CREW-6 ЭКИПАЖДАРЫ БЕКІТІЛДІ

НАСА мен Роскосмос арасында ғарышкерлер алмасу жөнінде шарт жасалғаны белгілі. Алмасу Союз немесе Crew Dragon ғарыш кемелерінің ұшырылуында үзіліс туған жағдайда, америкалық немесе ресейлік сегмент қараусыз қалмауы үшін қажет.

Соынмен, 29 қыркүйекте ұшырылуы тиіс SpaceX Crew-5 экипажы мынадай құрамда аттанбақ: командир — Николь Манн (НАСА, ғарышқа 1-ші сапар), ұшқыш — Джош Кассада (НАСА, 1), миссия маманы — Коити Ваката (JAXA, 5), миссия маманы — Анна Кикина (Роскосмос, 1). Анна Crew Dragon ғарыш кемесімен ұшқан алғашқы ресейлік космонавт болмақ. Кезінде ресейліктер Спейс Шаттл экипаждары құрамында Мир және ХҒС стансаларына сапарлағаны мәлім.

ХҒС-қа 2023 жылы көкекте жөнелетін Crew-6 экипажы: Стивен Боуэн (НАСА, 4), Вуди Хобург (НАСА, 1), Сұлтан Әл Неяди (БАӘ, 1), Андрей Федяев (Роскосмос, 1). Келесі жылдың екінші жартысында ұшырылатын Crew-7 құрамында төмендегі ғарышкерлер бар: Жасмин Могбели (НАСА, 1), Андреас Могенсен (ЕҒА, Дания, 2), Сатоши Фурукава (JAXA, 2), Роскосмос космонавты.

Халықаралық ғарыш стансасындағы қазіргі құрам қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Бұлар — Crew-4 экипажы: Челл Линдгрен (НАСА, 2), Роберт Хайнс (НАСА, 1), Саманта Кристофертти (ЕҒА, Италия, 2), Джессика Уоткинс (НАСА, 1) және Союз МС-21 экипажы: командир Олег Артемьев (Роскосмос, 3), бортинженерлер Денис Матвеев (Роскосмос, 1), Сергей Корсаков (Роскосмос, 1).

21 қыркүйекте Байқоңырдан көтерілетін Союз МС-22 кемесінде Сергей Прокопьев (Роскосмос, 2), Дмитрий Петелин (Роскосмос, 1) және Франсиско Рубио (НАСА, 1) болмақ. 2023 жылы наурызда Союз МС-23 кемесі ұшырылады: Олег Кононенко (Роскосмос, 4), Николай Чуб (Роскосмос, 1), Лорел О'Хара (НАСА, 1).
🔥1
Фото: Crew-5 экипажы. Солдан оңға қарай: Анна Кикина, Джош Кассада, Николь Манн, Коити Ваката
Credit: NASA
👍3
АЛҒАШҚЫ BE-4 ҚОЗҒАҒЫШЫ ДАЙЫН!

Blue Origin BE-4 зымыран қозғағышының алғашқы ұшатын данасы жасалып бітіп, қабылдау сынағына жіберілді. Көп ұзамай екіншісі де дайын болып қалуы тиіс.

Сұйық метан мен сұйық оттегі жағатын BE-4 250 тонна-күш тартым өрбітеді. Ол ULA кәсіпорнының Vulcan зымыранында, сондай Blue Origin-нің өз New Glenn машинасында қолданылмақ.

Credit: Blue Origin
👍1
100-ШІ RAPTOR 2 — БОКА-ЧИКАДА

Алғашқы BE-4 дайын болып жатқан тұста, SpaceX компаниясы жүзден астам Raptor 2 қозғағышын жасап тастады (200 дана Raptor 1-ді санамағанда).

Бұл қозғағыш та сұйық метан + сұйық оттегімен жұмыс істейді, тартымы 230 тонна-күш. Super Heavy үдеткішінде 33 дана, Starship ғарыш кемесінде 6 дана Raptor 2 орнатылатыны белгілі.

Credit: Kevin Randolph
2🔥1
MSR ЖОБАСЫНА РОВЕР ОРНЫНА ЕКІ ТІКҰШАҚ ЕНГІЗІЛДІ

27 шілдеде НАСА Марстан топырақ үлгісін әкелетін Mars Sample Return (MSR) жобасын тағы өзгертті. Биыл көктемде бекіген жоспар бойынша, Perseverance ровері Марс бетіне тастап кеткен 30 сынауықты шағын ровер жинап алып, MAV (Mars Ascent Vehicle) зымыранына тиейтін. MAV Қызыл планета орбитасына көтеріліп, үлгілерді еуропалық ERO (Earth Return Orbiter) аппаратына беруі тиіс. Соңғысы 2033 жылы марс топырағын Жерге алып келеді. ERO 2027 жылы, ал ровер мен MAV-ты жеткізетін екі миссия 2028 жылы ұшырылады делінген.

Енді Марсқа сынауық жинайтын арнайы ровер жіберілмейтіні белгілі болды. MAV-қа үлгілерді Perseverance роверінің өзі жеткізеді. Егер ол онжылдық соңына дейін әлдебір себептен істен шықса, топырақты Ingenuity тәрізді екі тікұшақ тасиды. Олар Марсқа MAV-пен бірге аттанады. Сонымен, жоба аясында Марсқа үш емес, екі-ақ миссия ұшырылады. Олардың мерзімдері өзгеріссіз қалды.

Credit: NASA/JPL-Caltech
👍2👏1