VULCAN CENTAUR ЗЫМЫРАНЫ ЕКІНШІ ЖОЛЫ ДА СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2024 жылғы 4 қазанда, Алматы уақытымен 16:25-те ULA ұшыру операторы Канаверал базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан Vulcan Centaur ауыр зымыранын екінші рет ұшырды. Ол 1500 кг-дық массалық имитаторды Жер орбитасының сыртына, яғни гелиоцентр орбитаға шығарды. ULA ұшырылым сәтті өтті деп хабарлады, дегенмен кілтипан бар.
Vulcan Centaur бұл жолы да VC2S нұсқасында, яғни қапталдағы қатты отын жағатын екі үдеткішпен ұшырылды. Солардың бірінің шүмегі қирап, аспанға керемет ұшқындар шашқан үдеткіш мерзімінен ерте сөніп қалды. Алайда 1-сатыдағы екі Blue Origin BE-4 метан-оттегі қозғағышы зымыранды орбитаға тартып шықты.
Жаңа зымыран 4 қаңтардағы ізашарында Astrobotic Peregrine лендерін Айға ойдағыдай аттандырған. Оның Айға қона алмай қайтып келгеніне тасығыш кінәлі емес. Екінші стартта Sierra Space компаниясының Dream Chaser жүк кемесі алғаш рет ХҒС-қа жөнелтілуі керек еді. Алайда кеме әлі дайын болмағандықтан, ULA макет ұшыруды ұйғарды. Өйткені әскери жүктеме көтеруге сертификат алу үшін, зымыран екі сәтті миссия орындауы тиіс.
Қайта қолданылмайтын Vulcan Centaur нарықта Falcon 9-бен бәсекелесе алмайды, бірақ АҚШ Қарулы күштері бір операторға тәуелді болып қалмас үшін балама тасығыш болғанын қалайды. Vulcan Centaur мұндай балама рөлінде даңқты Atlas V машинасын алмастырмақ. Боинг пен Локхид Мартин ULA-ны саудаға шығарғаны белгілі, бірақ мына түрлерімен сата алмайтын сияқты.
#зымыранұшыру

👍2
ҚАЗАННЫҢ 5-НЕН 6-НА ҚАРАҒАН ТҮНІ ЖАРЫҚ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ КӨРІНУІ МҮМКІН
Осы айдың басында Күн бетіндегі №3842 дақтар тобы X7.1 және X9.1 деңгейлі екі бірдей күшті жарқыл бергенін білесіздер. Бұл топ күн дискінің орта меридианында тұрғандықтан, атылған тәж заты тура Жерге бағытталды. 2 қазан, 3:10-дағы жарқылдың заты кеше, 4 қазанда 15:00 — 19:00 арасында жетіп, орташа G2 геомагниттік дауыл тұрғызды.
Ал 3 қазан, 17:20-дағы оталыс кезінде атылған плазма 5-нен 6-на қараған түні келіп жетуі тиіс. Бұл атылыс қуаттырақ болғандықтан, G4 деңгейлі күшті геомагнит дауыл тұрғызуы мүмкін. Кейбір мамандардың айтуынша, Жер магнитосферасы бірінші дауылдан қызыңқырап тұр, демек G5 деңгейлі төтенше дауыл да басталуы мүмкін. Және күн теңелуі кезінде геомагнит дауылдар күшейеді, ал күзгі теңелу жақында ғана болды.
Күшті геомагнит дауыл салдарынан бүгін түнде поляр шұғыласы орта ендіктерден де бақылануы ықтимал. Ерекше құбылыс Қазақстанның солтүстік, мүмкін, тіпті орталық аймақтарынан көрінер деп үміттенеміз. Жаңа туған Ай бақылауға еш кедергі келтірмейді.
#күнциклі

Telegram
Физика және Ғарыш
СОҢҒЫ ЖЕТІ ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ҚУАТТЫ X9 КҮН ЖАРҚЫЛЫ!
2024 жылғы 3 қазанда, Алматы уақытымен 17:26 шамасында Күнде X9 класты жарқыл тіркелді. Бұл — үстіміздегі 25-ші күн цикліндегі әзірше ең қуатты оталыс. Жарқыл №3842 күн дақтары тобынан байқалды. Ол тура Күн—Жер…

👍2👀1
8. C/2023 A3 — КЕЙІНГІ 13 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖАРЫҚ КОМЕТА
C/2023 A3 (Tsuchinshan–ATLAS) кометасының кешегі жарықтығы +0,4 жұлдыздық шама деп бағаланып, 2020 жылғы NEOWISE кометасынан асып түсті! Комета құйрығының бұрыштық өлшемі 15 градусқа жетті — бұл 30 толық Ай дискі! Ал құйрықтың сызықтық өлшемі 30 миллион километрден артық, немесе Күннен 20 есе үлкен!
Күн жарығының комета тозаңынан тікелей шашырау эффекті жұмыс істей бастады, демек алдағы 2–3 аптада жарқырау ерекше артуы мүмкін. C/2023 A3 XXI ғасырда Солтүстік жартышардан көрінген ең жарық комета атанатын сияқты!
Комета осылай дами берсе, 9 қазанда оның жарықтығы –5 жұлдыздық шамаға жетіп, ол күндізгі аспаннан көрінеді!
Ал 11 қазанда жалтырауы –3 ж.ш. комета Солтүстік жартышардан кешкі шапақ фонынан бақылана бастайды. Құйрықты жұлдызды көруге қолайлы жағдай 12-нен бастап (бұл күнгі жарықтығы –2 ж.ш.) қалыптасады. Оны қалай бақылау жайлы арнайы пост жариялаймыз.
Кейінгі 60 жылдағы ең жарық кометалар:
1965 жыл, Икея-Сэки кометасы = -10 ж.ш.
1975 жыл, Уэст кометасы = -3 ж.ш.
1997 жыл, Хейл-Бопп кометасы = -1 ж.ш.
2003 жыл, NEAT кометасы = -1 ж.ш.
*2007 жыл, МакНаут кометасы = -5 ж.ш.
*2011 жыл, Лавджой кометасы = -3 ж.ш.
2020 жыл, NEOWISE кометасы = +1 ж.ш.
*Оңтүстік жартышардан ғана бақыланды.

👍2🤯1
119. «КҮН-СЕЛФИ»
Инновациялық кескінге арналған Энни Маундер сыйлығының қысқа тізіміне енген — Виолетта Катаржина Кулиг.
SunSelfie by Wioletta Katarzyna Kulig
Poland
Astronomy Photographer of the Year 2023
#астрофото2023

👍1
БҮГІН ЕУРОПАЛЫҚ HERA АППАРАТЫ ДИМОРФ АСТЕРОИДЫНА АТТАНАДЫ
7 қазанда, Алматы уақытымен 19:52-де Канаверал базасындағы SLC-40 алаңынан Falcon 9 зымыранымен Еуропа ғарыш агенттігінің Hera аппараты ұшырылады. Ол 2026 жылдың желтоқсанында Дидим астероиды мен оның серігі Диморфқа жетіп, бұл жүйені жақсылап зерттеуі тиіс.
Осыдан екі жыл бұрын НАСА-ның DART аппараты Диморфқа соғылып, оның орбитасын өзгерткен еді. Hera миссиясы жайлы шағын роликті аударып отырмыз.
Кескін: ESA
#бейнеролик

HERA ЗОНДЫ СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ
2024 жылғы 7 қазанда, Алматы уақытымен 19:52-де SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны Еуропа ғарыш агенттігінің Hera аппаратын Диморф астероидына аттандырды. 23-ші рет қолданылып, рекордты қайталаған B1061 1-сатысы бар отынын планетааралық миссияға үдеу беруге жұмсап, қондырылған жоқ. Кейін ол мұхитқа құлап түсті.
Алдыңғы Crew-9 миссиясы барысында, ғарыш кемесін орбитаға шығарғаннан кейін 2-саты мұхиттағы есептелген орыннан сәл қиыс құлаған еді. Осыған байланысты FAA Falcon 9 зымырандарын ұшыруды тоқтатып қойған. Алайда Hera аппараты тым биікте ажырайтындықтан, оны көтерген 2-саты орбитада қалып қоюы керек. Сол себепті нақты осы миссияны ұшыруға рұқсат берілді.
Falcon 9 зымырандарын ұшыру биыл үшінші рет тоқтатылып отыр. Шілдеде Starlink-9.3 жерсеріктерін орбитаға шығара алмаған 2-саты ақауының себебін тапқанша 16 күн, тамызда рекордшы B1062 1-сатысы платформаға қона бергенде тіреуі сынып, суға құлап түскеннен кейін — 3 күн үзіліс болған.
НАСА-ның аса маңызды Europa Clipper флагмандық миссиясын Юпитер серігіне аттандыратын Falcon Heavy зымыранының старты 10 қазаннан 12-не жылжытылды. Ал келесі Falcon 9 қашан ұшатыны белгісіз.