Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
C/2023 A3 кометасы, 28 қыркүйек, Касл-Пойнт шамшырағы, Жаңа Зеландия
Фото авторы: Con Stoitsis
#үлкенкомета2024
🤯1
C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы, 28 қыркүйек 2024 жыл, Аустралия
Фото авторы: Rusty Mcgrath
#үлкенкомета2024
🔥1
Юрий Белецкийден тағы бір фото. 27 қыркүйек, Чили
Фото авторы: Yuri Beletsky
#үлкенкомета2024
👍1🔥1
C/2023 A3 кометасының Аустралиядан және бір көрінісі, 27 қыркүйек
Фото авторы: Alex Cherney
#үлкенкомета2024
👍1🔥1
C/2023 A3 (Tsuchinshan–ATLAS) кометасы Starbase үстінде
Фото авторы: Jack Beyer
#үлкенкомета2024

Қытайша жақсы білетін оқырмандар болса, Zǐjīn Shān / 紫金山 / Цзыцзиньшань деген сөз қазақша қалай дыбысталады? Аудармасы емес, дыбысталуы керек, Зыжыңшаң деген сияқты.
👍2🥰1
2 ҚАЗАН 2024 — КҮННІҢ САҚИНА ТӘРІЗДІ ТҰТЫЛУЫ

2024 жылғы 2 қазанда Күннің сақина тәрізді тұтылуы бақыланады. Тұтылудың ең үлкен фазасы 0,93 — Алматы уақытымен 23:46-да. Отты сақина Чили мен Аргентинаның оңтүстігінен көрінсе, Оңтүстік Американың біраз бөлігі мен Антарктидадан, сондай-ақ Тынық, Атлант мұхиттары айдынынан жартылай тұтылу бақыланады.

Тікелей эфир
Инфографика: Star Walk
#астрокүнтізбе
👍3😱1
СОҢҒЫ ЖЕТІ ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ҚУАТТЫ X9.1 КҮН ЖАРҚЫЛЫ!

2024 жылғы 3 қазанда, Алматы уақытымен 17:26 шамасында Күнде X9.1 класты жарқыл тіркелді. Бұл — үстіміздегі 25-ші күн цикліндегі әзірше ең қуатты оталыс. Жарқыл №3842 күн дақтары тобынан байқалды. Ол тура Күн—Жер сызығының бойында болғандықтан, аса көп мөлшерде атылған тәж заты Жерге бағытталуы әбден мүмкін.

Алдын осы циклдегі ең күшті жарқыл болып 14 мамырдағы X8.8 оқиға саналып келген еді. 2 қазанға қараған түнгі X7.1 оталыс үшінші орынға жылжыды. Жоғарыда айтылған №3842 дақтар тобында болған бұл жарқыл қазанның 4-нен 5-не қараған түні G3 деңгейлі күшті геомагниттік дауыл соқтырады. Топ әлі белсенді, демек тағы айтары тағы бар шығар.

Бүгінгі жарқылдан күштірек оталыс жеті жыл бұрын, өткен күн циклінде тіркелген еді: 2017 жылдың 6 қыркүйегіндегі X9.3. Төрт күннен кейін X8.2 жарқыл бақыланған. Бұл екі жарқыл жайлы арнамызда жеке роликтер бар. Ал Күн жарқылдары, олардың жіктелуі және Жерге әсері жайлы толығырақ — бейнероликте.

Credit: SDO/AIA
#күнциклі
👍2👀1
3. C/2024 S1 (ATLAS) КОМЕТАСЫ КҮНГЕ ҚҰЛАМАЙДЫ, ОЛ 28 ҚАЗАНДА КҮНДІЗ ЖӘНЕ ҚАРАШАДА ТАҢДА КӨРІНУІ МҮМКІН

Кіші планеталар орталығы (MPC) Гавайдағы ATLAS автотелескопы 2024 жылы 27 қыркүйекте ашқан A11bP7I кометасы жайлы ресми циркуляр жариялады. Аспан денесіне C/2024 S1 (ATLAS) деген ресми ат берілді және оның орбитасы нақтыланды. Оның Крейц күнмаңы кометалары тобына жататыны анық болды, бұлар 1106 жылы қираған ірі кометаның бөлшектері деп саналады.

C/2024 S1 (ATLAS) кометасы перигелиіне 28 қазанда Алматы уақытымен 16:02 шамасында жететіні есептелді. Бұл сәтте ол Күн бетінен небәрі 500 000 километрде өтеді екен, яғни Күнге құламайды. Кометаның перигелийдегі жарықтығы –5...–7 жұлдыздық шама деп бағаланып отыр, демек ол күндізгі аспанда Күн дискінің қасынан көрінуі мүмкін! Ол C/1965 S1 (Икея-Сэки) кометасындай ұзын имек құйрық өсіруі ықтимал, бұл жағдайда комета жақсырақ байқалар еді.

Әрине, Күнге осынша жақын баратын комета ыдырап кетуі әбден мүмкін, онда ғарыштағы күн телескоптары бұл керемет шоуды бізге анықтап көрсетеді. Ал егер C/2024 S1 (ATLAS) кездесуден аман өтсе, оның ерекше жарық ұзын құйрығы қарашаның алғашқы аптасында таңғы аспанның сәнін келтіріп қалар. Құйрықты жұлдыз біздің ел аумағынан таңда оңтүстік-шығыс көкжиектен сәл жоғарыдан көрінбек. Оны қазанның екінші жартысында кешкі аспаннан байқалатын C/2023 A3 (Цзыцзиньшань — ATLAS) кометасымен шатастырмаған жөн.
#үлкенкомета2024
👍2
118. «КАССИНИЛЕНГЕН ПЛУТОН»

Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсы.
Инновациялық кескінге арналған Энни Маундер сыйлығының қысқа тізіміне енген — Серхио Диас Руис.

Cassinified Pluto by Sergio Díaz Ruiz
Spain
Astronomy Photographer of the Year 2023
#астрофото2023
👍2
4 қазан, 15:00 — ULA Vulcan зымыранының екінші сертификациялық ұшырылымы
👍2🔥1
VULCAN CENTAUR ЗЫМЫРАНЫ ЕКІНШІ ЖОЛЫ ДА СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 4 қазанда, Алматы уақытымен 16:25-те ULA ұшыру операторы Канаверал базасындағы SLC-41 ұшыру алаңынан Vulcan Centaur ауыр зымыранын екінші рет ұшырды. Ол 1500 кг-дық массалық имитаторды Жер орбитасының сыртына, яғни гелиоцентр орбитаға шығарды. ULA ұшырылым сәтті өтті деп хабарлады, дегенмен кілтипан бар.

Vulcan Centaur бұл жолы да VC2S нұсқасында, яғни қапталдағы қатты отын жағатын екі үдеткішпен ұшырылды. Солардың бірінің шүмегі қирап, аспанға керемет ұшқындар шашқан үдеткіш мерзімінен ерте сөніп қалды. Алайда 1-сатыдағы екі Blue Origin BE-4 метан-оттегі қозғағышы зымыранды орбитаға тартып шықты.

Жаңа зымыран 4 қаңтардағы ізашарында Astrobotic Peregrine лендерін Айға ойдағыдай аттандырған. Оның Айға қона алмай қайтып келгеніне тасығыш кінәлі емес. Екінші стартта Sierra Space компаниясының Dream Chaser жүк кемесі алғаш рет ХҒС-қа жөнелтілуі керек еді. Алайда кеме әлі дайын болмағандықтан, ULA макет ұшыруды ұйғарды. Өйткені әскери жүктеме көтеруге сертификат алу үшін, зымыран екі сәтті миссия орындауы тиіс.

Қайта қолданылмайтын Vulcan Centaur нарықта Falcon 9-бен бәсекелесе алмайды, бірақ АҚШ Қарулы күштері бір операторға тәуелді болып қалмас үшін балама тасығыш болғанын қалайды. Vulcan Centaur мұндай балама рөлінде даңқты Atlas V машинасын алмастырмақ. Боинг пен Локхид Мартин ULA-ны саудаға шығарғаны белгілі, бірақ мына түрлерімен сата алмайтын сияқты.
#зымыранұшыру
👍2
ҚАЗАННЫҢ 5-НЕН 6-НА ҚАРАҒАН ТҮНІ ЖАРЫҚ ПОЛЯР ШҰҒЫЛАСЫ КӨРІНУІ МҮМКІН

Осы айдың басында Күн бетіндегі №3842 дақтар тобы X7.1 және X9.1 деңгейлі екі бірдей күшті жарқыл бергенін білесіздер. Бұл топ күн дискінің орта меридианында тұрғандықтан, атылған тәж заты тура Жерге бағытталды. 2 қазан, 3:10-дағы жарқылдың заты кеше, 4 қазанда 15:00 — 19:00 арасында жетіп, орташа G2 геомагниттік дауыл тұрғызды.

Ал 3 қазан, 17:20-дағы оталыс кезінде атылған плазма 5-нен 6-на қараған түні келіп жетуі тиіс. Бұл атылыс қуаттырақ болғандықтан, G4 деңгейлі күшті геомагнит дауыл тұрғызуы мүмкін. Кейбір мамандардың айтуынша, Жер магнитосферасы бірінші дауылдан қызыңқырап тұр, демек G5 деңгейлі төтенше дауыл да басталуы мүмкін. Және күн теңелуі кезінде геомагнит дауылдар күшейеді, ал күзгі теңелу жақында ғана болды.

Күшті геомагнит дауыл салдарынан бүгін түнде поляр шұғыласы орта ендіктерден де бақылануы ықтимал. Ерекше құбылыс Қазақстанның солтүстік, мүмкін, тіпті орталық аймақтарынан көрінер деп үміттенеміз. Жаңа туған Ай бақылауға еш кедергі келтірмейді.
#күнциклі
👍2👀1