Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
117. «ӘСЕРЛІ АЙ»

16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Бенджамин Лоулер.

Awesome Moon by Benjamin Lawler
Astronomy Photographer of the Year 2023
Tutbury, Staffordshire, UK, 23 February 2022
Equipment used: Celestron StarSense explorer LT 70AZ telescope, Sky-Watcher AZ GTI mount, ASI294MC camera, 900 mm, 70 mm, ISO 700, 100-millisecond total exposure
#астрофото2023
👍2👀1
2. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ ҚАЙТА ОРАЛДЫ!

Жыл басында 2024 жылдың басты астрономиялық оқиғасы ретінде жай көзбен көрінуі ықтимал C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасын атағанбыз. Жазда кометаның жақсы халде екенін хабарладық.

Енді міне, қыркүйекте, құйрықты жұлдыз Оңтүстік жартышардан бақылана бастады! 17-і күні аустралиялық атақты астроном, алты комета ашқан Терри Лавджой түсірген фотода оның жарқырауы 4,4, яғни бұл датаға болжанғаннан жарық болды. Содан кейін мұндай фотолар лек-легімен жариялана бастады...
(жалғасы бар)

Фото авторы: Terry Lovejoy
#үлкенкомета2024
👍2👀1
3. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ ТАМАША ДАМЫП КЕЛЕДІ!

C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасы бақылаушыларды одан әрі қуантып жатыр. 23 қыркүйектегі дерек бойынша, оның негізгі шаңды құйрығының ұзындығы 1,5 градусқа (3 толық Ай дискі) жеткен! Бұл дегеніміз 5 миллион километрдің шамасы! Комета өте шаңды болып шықты, ал тозаң — оның күн сәулесін шағылдыратын басты бөлігі, демек жарқырауы да күшті болар деген үміт бар.

Құйрықты жұлдыздың газ комасы 240 000 километрге, немесе 5 бұрыштық минутқа дейін үлкейді — Юпитердің аспанда көрінетін өлшемінен екі есе үлкен!

Екінші, әлсіз ионды құйрық негізгі құйрықпен қабаттасып тұрғандықтан оны байқау қиын. Бұлардан 120 градус бұрышпен үшінші, бұлыңғыр қосымша шаңды құйрық көрініп тұр.
(жалғасы бар)

Фото авторы: Michael Mattiazzo (Аустралия)
#үлкенкомета2024
👍4🔥1
4. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ ЧИЛИДЕН

24 қыркүйек күні таңда белгілі астроном, астрофотограф Юрий Белецкий Еуропа Оңтүстік обсерваториясы маңынан түсірген фото.
Фото авторы: Yuri Beletsky
#үлкенкомета2024
👍3
5. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕ

Юрий Белецкийдің 26 қыркүйектегі тағы бір фотосы
Фото авторы: Yuri Beletsky
#үлкенкомета2024
👍2👀1
6. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ: СЫН САҒАТЫ

2024 жылғы 27 қыркүйекте, Алматы уақытымен 22:47-де C/2023 A3 (Цзыцзиньшань—ATLAS) кометасы өз орбитасының перигелиінен, яғни Күнге барынша жақын нүктесінен өтеді. Құйрықты жұлдыз бұл сәтте Күнге 59 миллион километрге дейін жақындайды! Комета ядросының температурасы 250°C-қа жетеді. Ядро осы қызудың әсерінен ыдырап кетпесе (аман қалу ықтималдығы 98% деп бағаланып отыр), қазанның ортасында жарық кометаны көреміз!

Кейінгі екі аптада кометаның жарқырауы 10 есе артып, қазір +3 жұлдыздық шама болып тұр. Негізгі шаңды құйрықтың ұзындығы 3 градусқа (6 толық Ай дискі), команың өлшемі — 7 бұрыштық минутқа жетті. Кометаның жарықтығы тағы да арта түсуі тиіс, сөйтіп ол қазан айында кешкі аспаннан жақсы байқалар деген үмітіміз бар. Бастысы — оның алдағы сын сағаттан аман өтуі.

Фото: C/2023 A3 кометасы Халықаралық ғарыш стансасынан
Фото авторы: Александр Гребёнкин
#үлкенкомета2024
👍3🤯1
28 ҚЫРКҮЙЕК, 22:17-ДЕ CREW-9 ЭКИПАЖЫ ҰШЫРЫЛАДЫ

2024 жылғы 28 қыркүйекте, Алматы уақытымен 22:17-де Канаверал базасының SLC-40 ұшыру алаңынан SpaceX Crew Dragon C212.4 Freedom кемесімен кезекті Crew-9 миссиясы Халықаралық ғарыш стансасына аттанады. Оны ұшыратын Falcon 9 зымыранының B1085.2 1-сатысы LZ-1 алаңына қонуға тырысады.

Кемеде екі-ақ адам болады:
Командир — Ник Хейг (NASA) 🇺🇲
Миссия маманы — Александр Горбунов (Роскосмос) 🇷🇺
Өйткені 2025-тің ақпанында бұл кеме ХҒС-та қалып қойған Старлайнер астронавтары Бутч Уилмор мен Сунита Уильямсты алып қайтады.

Crew-9 миссиясының ерекшеліктері:
— SLC-40 алаңынан алғаш рет адам ұшпақшы;
— DM-2 сынақ миссиясынан кейін екінші рет Crew Dragon кемесі екі адаммен ұшады;
— алғаш рет Ресей космонавты қайта қолданылатын зымыран көмегімен ғарышқа көтерілмек, Crew 5–8 миссиялары Роскосмостың талабы бойынша жаңа зымырандармен ұшырылған еді;
— SpaceX алғаш рет басқа ғарыш кемесінің экипажын Жерге алып келеді.
👍4
CREW-9 ЭКИПАЖЫ

Бүгін, Алматы уақытымен 22:17-де ұшырылатын Crew-9 миссиясы мүшелерімен танысайық.

Командир — Ник Хейг (НАСА), 49 жаста, 2-ші ғарыш сапары, 3-ші миссия.

Әуе-ғарыш техникасы бакалавры (Әскери-Әуе академиясы) және магистрі (Массачусетс технологиялық институты). Сынаушы-ұшқыш, Әскери-Әуе академиясында оқытушы болған, Иракта қызмет еткен. АҚШ Ғарыш күштерінің полковнигі, ондағы соңғы қызметі — сынақтар директоры.

2013 жылдан НАСА-да. 2018 жылы 11 қазанда Алексей Овчинин мен Ник Хейг Союз МС-10 кемесімен Байқоңырдан ғарышқа аттанды, алайда Союз-ФГ зымыраны апатқа ұшырады. Бақытқа орай, кеменің апаттық құтқару жүйесі ғарышкерлер өмірін сақтап қалды. Олар 93 км суборбитаға көтеріліп барып, Жезқазғаннан 25 км жерге аман-есен қонды. Бұл инцидент жайлы кезінде бірнеше ролик жариялағанбыз.

2019 жылы Хейг Союз МС-12 кемесімен ХҒС-қа барып, 202 тәулік өткізді. Ашық ғарышқа 3 рет шығып, онда 19 сағат 56 минут болды. АҚШ ӘӘК, ҒК және НАСА-ның бірнеше медалімен, Ресейдің "Мужество" орденімен марапатталған.

Миссия маманы — Александр Горбунов (Роскосмос), 34 жаста, алғашқы ғарыш сапары.

Мәскеу авиация институтының түлегі, "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясында техник, кейін инженер болып қызмет еткен. 2018 жылдан ғарышкерлікке кандидат, ал 2020 жылы сынаушы-космонавт санатын алды.
👍2👏1
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ЕҢ ЖАРЫҚ КРЕЙЦ КОМЕТАСЫ АШЫЛДЫ!

C/2023 A3 (Цзыцзиньшань-ATLAS) кометасының Күн тұсынан аман өтуін күтіп отырғанда, жаңа кометалар қуатталатын парақтағы A11bP7I нысанының жарықтығы 15-ші жұлдыздық шамаға жетті. Ол C/1965 S1 (Ikeya-Seki) кометасынан кейінгі ең жарық Крейц кометасы болып шығуы ықтимал!

Крейц күнмаңы кометалары бірнеше ғасыр бұрын ыдырап кеткен ірі кометаның сынықтары саналады. Олардың өзара байланысын неміс астрономы Генрих Крейц алғаш көрсеткен. Бұлардың кейбірі тіпті күндіз Күн қасынан көрінетін үлкен кометаларға айналады. 1965 жылы пайда болған Икея-Сэки кометасы мыңжылдықтың ең жарық кометаларының бірі болды (1-ші фотода). Ол 1965 жылғы 21 қазандағы перигелиінде күндіз бүкіл Жер шарынан көрінді. C/1965 S1 (Ikeya-Seki) кометасының максимал жарқырауы −10...−17m деп бағаланған.

Одан бергі жылдары ашылған ең жарық Крейц күнмаңы кометасы C/2011 W3 (Лавджой) еді. Оның жарқырауы шыңында 0...−4m жұлдыздық шамаға жетті (2-ші фотода). Ал мына жаңа кометаның жарықтығы одан да асып кетуі мүмкін. Демек, биылғы Крейц 2024 жылғы 28 қазанда перигелиінен өткенде, −5m ж.ш. шамасында жарқырайды деген болжам бар. Сонда қазан айында бір емес, екі үлкен комета бақылануы мүмкін!
#астрокүнтізбе
👍2
C/1965 S1 (Ikeya-Seki) кометасы
👍2
C-2011 W3 (Lovejoy) кометасы
👍2
CREW-9 МИССИЯСЫ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 28 қыркүйекте, Алматы уақытымен 22:17-де Канаверал базасының SLC-40 ұшыру алаңынан Crew-9 миссиясының Crew Dragon C212.4 Freedom ғарыш кемесі ұшырылды. Кемеде екі адам бар: Ник Хейг (НАСА), Александр Горбунов (Роскосмос). 40-шы алаңнан адамдар бірінші рет ұшырылып отыр.

Falcon 9 зымыранының B1085.2 нөмірлі 1-сатысы LZ-1 алаңына сәтті қонды. Бірнеше минуттан кейін кеме зымыранның 2-сатысынан ажырап, 210 км тірек орбитаға шықты. Алдағы тәулікте кеме өз күшімен 410 км-ге дейін көтеріледі. Халықаралық ғарыш стансасына түйісу 30 қыркүйек, 2:27-ге жоспарланған. Тамаша видеолар — «Физика және Ғарыш» телеграм-арнасында.

Фото: John Kraus Photos
#зымыранұшыру
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
3. Кеменің орбитаға шығуы
👍2
7. C/2023 A3 КОМЕТАСЫ ПЕРИГЕЛИЙДЕН АМАН ӨТТІ

Жақсы жаңалықтан бастайық: C/2023 A3 (Цзыцзиньшань—ATLAS) кометасы 2024 жылғы 27 қыркүйек, 22:47-де өз орбитасының перигелиінен аман-есен өтті. Құйрықты жұлдыз Күнге 59 миллион километрге дейін жақындаған еді. Кейінгі бақылаушылар оның жарықтығы +2 жұлдыздық шамаға жетті деп бағалап отыр. Кометаның басты, шаңды құйрығының ұзындығы 7 градустан (14 толық Ай дискі) асты!

Жарқырау +1,5-тен артса, Күн сәулесінің комета тозаңынан тікелей шашырау эффекті жұмыс істей бастады деген сөз. Бұл жағдайда, C/2023 A3 кометасы 12 қазанда кешкі аспанда пайда болғанда, оның жарықтығы —2 шамасына жету ықтимал. Яғни комета қазіргіден 50 есе жарық болып, Юпитердей нұрланады.

Фото: C/2023 A3 кометасы, 28 қыркүйек, Англия
Фото авторы: Luke Ferguson
#үлкенкомета2024
👍2🔥1
2. ЖАҢА КРЕЙЦ КОМЕТАСЫ КҮНГЕ ҚҰЛАУЫ МҮМКІН

A11bP7I нысаны жайлы жаңа деректер хабарланды. Оны 27 қыркүйек, 16:48-де Гавай аралдарындағы Халеакала обсерваториясының "ATLAS" робот-телескопы ашқан екен. Бұлыңғыр дақтың тура Күнге қарай қозғалып бара жатқаны бірден белгілі болды, сөйтіп ол Крейц күнмаңы кометалары тобына жатқызылды. Ашылған сәтте оның жарықтығы +15 ж.ш. құраса, қазір +13 деп бағаланып отыр. Демек перигелийде жарқырау —6 деңгейіне жетуі ықтимал.

Комета 28 қазан, 20:46-да Күнге барынша жақындағанда, Күн центрінен небәрі 645 000 км-де өтетіні есептелді. Бірақ Күннің радиусы 690 000 км ғой, демек комета 20:35 шамасында Күнге құлап түседі. Дене Күнге оңтүстіктен жақындайды, сондықтан оны Оңтүстік жартышардан бақылау қолайлы. Дегенмен соңғы таңдарда оның құйрығы біздің Солтүстік жартышардан да көрініп қалуы мүмкін.

Кіші планеталар орталығы нысанға әлі ресми ат (C/2024 S1 (ATLAS) атанатын шығар) қойып, оның дәл орбиталық сипаттамаларын жариялаған жоқ. Сондықтан оның Күнге соғылмауы да ықтимал, бұл жағдайда жарық құйрықты жұлдызды тамашалап қалармыз.
👍2
C/2023 A3 кометасы, 28 қыркүйек, Касл-Пойнт шамшырағы, Жаңа Зеландия
Фото авторы: Con Stoitsis
#үлкенкомета2024
🤯1