Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
ЧИКАГОХЕНДЖ НЕМЕСЕ КҮЗГІ КҮН ТЕҢЕЛУІ

Чикаго қазіргі заманның Стоунхенджіне ұқсайды. Бұл қаладағы ұзын көшелер торы экватор бойынша тураланған. Бүгін, наурыз бен қыркүйектегі әр күн теңелуі датасындағындай, бүкіл жер жүзінде Күн дәл батыста батады. Чикагода жылына екі рет бақыланатын мұндай оқиғаны чикагохендж деп атайды. 2017 жылғы қыркүйек теңелуі кезінде түсірілген мына фотода Аппер-Уэкер Драйв көшесінің бір бөлігі бейнеленген.

Тура батыстан шығысқа қарай созылып жатқан осындай көшелер әлемнің кез келген қаласында бар. Картадан өз қалаңыздағы осындай көшені тауып алыңыз да, 2024 жылғы 22 қыркүйектің кешінде фотодағыдай көрініске куә болыңыз. Қосымша ақпарат — жоғарыдағы бейнероликте.

Image Credit & Copyright: Anthony Artese
#астрокүнтізбе #nasa_apod
👍1
22 ҚЫРКҮЙЕК 2024 — АЙДЫҢ ҮРКЕРМЕН ТОҒЫСЫ

2024 жылғы 22 қыркүйекте, Алматы уақытымен 15:17-де Ай Үркер жұлдыз шоғырын жауып қалды. Құбылыс Солтүстік Америкадан бақыланды. Ал біздің елде Ай мен Үркердің ауыл-үй қонғанын, яғни аспанда жақындасқанын көре аламыз. Бүгін кешке Ай мен Үркердің тоғысын, сондай-ақ жарық планеталар Юпитер мен Марсты тамашалайық.
#астрокүнтізбе
👍2
ҚЫТАЙЛЫҚ ПРОТОТИП 10 КИЛОМЕТРГЕ КӨТЕРІЛІП, КЕРІ ҚОНДЫ

Жер жүзінде бірінші болып отыны метан зымыранмен орбитаға пайдалы жүктеме шығарған Landspace компаниясы 1-сатысы кері қайтарылатын ауыр тасығыш жасап жатқаны белгілі. Компания қаңтарда болашақ ZhuQue-3 машинасының прототипін 350 метрге көтеріп, аман-есен қондырған еді.

Ал 2024 жылғы 11 қыркүйекте Цзюцюань жерсерік ұшыру орталығында өткен сынақта ZhuQue-3 10002 метрге көтеріле алды! 200 секунд ұшқан прототип старттан 3,2 км қашықтықтағы арнайы алаңға 1,7 метр дәлдікпен жұмсақ қонды.

Landspace жаңа зымыранның орбиталық сынақтарын 2025-те бастамақ. Ал 1-сатыларды қайта қолдану 2026 жылға жоспарланған. Landspace — тік қонатын зымыран сатысын сынаған төртінші қытайлық өндіруші.

Болашақ ZhuQue-3 зымыранының сипаттамасы:
— Көп мәрте қолданылатын 1-саты тоғыз метан/оттегі қозғағышымен, торкөз рульдермен және қону тіреулерімен жабдықталады;
— Бактары тот баспайтын темірден жасалады;
— Төмен жермаңы орбитаға 1-саты құрлыққа қонған жағдайда 11 т, платформаға қонса — 16,5 т, қайтарылмаса — 20 т шығара алады.

Credit: Landspace
#ҚытайҒарышта
👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ZhuQue-3 прототипінің 10 000 метрге көтерілуі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ZhuQue-3 прототипінің қонуы
SH B12 ҮДЕТКІШІ STARSHIP S30 КЕМЕСІМЕН БІРІКТІРІЛДІ

Starbase ғарыш кешеніндегі ұшыру алаңында Starship S30 кемесінің прототипі Super Heavy B12 үдеткіші үстіне орнатылды. Бұл зымыран Старшиптің бесінші орбиталық сынағын жүзеге асыруы тиіс. 🚀
Видео — төменде
#жұлдызкеме
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СОЮЗ МС-25 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ХҒС-ТАН АЖЫРАДЫ. ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ҚОНУ — 17:00-ДЕ

2024 жылғы 23 қыркүйек, Алматы уақытымен 13:36-да «Союз МС-25» ғарыш кемесі ХҒС-тың ресейлік сегментінің «Причал» модулінен ажырады. Кемеде Олег Кононенко, Николай Чуб (Роскосмос) және Трейси Дайсон (НАСА) бар. «Союз МС-25» стансаға дәл 6 ай бұрын, 23 наурызда түйіскен еді. Бірақ Ресейлік ғарышкерлер стансаға алдыңғы «Союз МС-24» кемесімен былтырғы 15 қыркүйекте келген.

Кеше Олег Кононенко ХҒС командирі міндетін НАСА астронавты Сунита Уильямсқа өткізді. «Союз МС-25» кемесінің капсуласы Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығыстағы далаға 16:58 шамасында қонуы тиіс.
#хғс
СОЮЗ МС-25 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ОРАЛДЫ

2024 жылғы 23 қыркүйекте, Алматы уақытымен 16:59-да Союз МС-25 ғарыш кемесінің қону капсуласы Жезқазған маңындағы жоспарлы орынға аман-есен қонды. Онымен Роскосмос космонавтары Олег Кононенко, Николай Чуб және НАСА астронавткасы Трейси Дайсон Жерге оралды. Жылдық миссияға былтыр күзде Союз МС-24 кемесімен аттанған Кононенко мен Чуб ғарышта 374 тәулік болып қайтты, бұл ХҒС бағдарламасы аясындағы ең ұзақ сапар! 🏆 Бұрынғы рекорд — 370 тәулік — 2023-те оралған Прокопьев, Петелин, Рубио экипажына тиесілі еді.

Ал тарихтағы ең ұзақ ғарыш сапарын ресейлік Валерий Поляков жасаған. Ол 1994–1995 жылдары ғарышта үздіксіз 437 тәулік 17 сағат 58 минут болған еді. Екінші орында — оның отандасы Сергей Авдеев (379 тәулік). Бұлар Мир стансасына ұшқан. Ал үшінші орынды енді бүгін оралған екеу бөліседі. Бірінші рет ұшып отырған Николай Чуб алғашқы ғарыш сапарының ұзақтығы бойынша рекордты жаңартты. 🏆

Бірақ айтылған жетістіктер бүгінгі ең басты рекорд емес. Бесінші ұшу сапарынан оралған Олег Кононенко ғарышта жалпы 1111 тәулік өткізді — тарихи рекорд! 🏆🏆🏆
Екінші орындағы ресейлік Геннадий Падалканың көрсеткіші — 878 тәулік.

184 күндік сапардан оралған Трейси Дайсон үш ұшу кезінде ғарышта жалпы 373 тәулік болды. Бұл әйелдер және америкалық астронавтар арасындағы рекордшы Пегги Уитсонның нәтижесіне (675 тәулік) жетпегенімен, өте елеулі көрсеткіш.
#ғарыштарихы
ОЛЕГ КОНОНЕНКО: ҒАРЫШТАҒЫ 1111 ТӘУЛІК
КОСМОНАВТИКА РЕКОРДТАРЫ

2024 жылы 23 қыркүйекте бесінші ұшу сапарынан оралған Роскосмос космонавты Олег Кононенко ғарышта өткізген жалпы уақыт рекордын 1111 күнге жеткізгенін жаздық. Өте әдемі сан, дегенмен дәл көрсеткіш 1110 тәулік 14 сағат 57 минут екен. Кононенко — ғарышта 1000 тәуліктен артық және толық үш жыл болған жалғыз адам.

Бұрынғы рекордшы Геннадий Падалка бес ғарыш сапарында жалпы 878 тәулік 11 сағат 29 минут 48 секунд өткізген. 2015 жылы жасалған осы жетістікті Халықаралық авиация федерациясы (FAI) әлем рекорды ретінде бекіткен.

Әйелдер арасындағы рекордшы Пегги Уитсон ғарышта жалпы 675 тәулік 3 сағат 50 минут 13 секунд болған (4 миссия). Бұл сондай-ақ АҚШ астронавтары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Кононенко, Падалка мен Уитсон барлық сапарларын Халықаралық ғарыш стансасына жасады.

ЕҢ ҰЗАҚ ҒАРЫШ САПАРЫ

Бір үздіксіз орбиталық сапар ұзақтығының рекорды ресейлік Валерий Поляковтың еншісінде — 437 тәулік 17 сағат 58 минут 17 секунд (1994–1995 жж., Мир стансасы). Екінші орында — оның отандасы Сергей Авдеев (379 тәулік 14 сағат 51 минут, 1994-1995 жж, Мир).

Әйелдер арасында ең ұзақ ұшу рекордын америкалық Кристина Кук жасады: 328 тәулік 13 сағат 58 минут 37 секунд (2019–2020 жж., ХҒС). Ғарышта 370 тәулік 21 сағат 22 минут (2022–2023 жж., ХҒС) болған Фрэнк Рубио АҚШ астронавтары арасындағы бір орбиталық сапар рекордына ие.

АШЫҚ ҒАРЫШТА

Ашық ғарышқа бір шығудың ұзақтығы рекордын 2001 жылы 11 наурызда НАСА астронавтары Джеймс Восс пен Сьюзен Хелмс жасады — ХҒС сыртындағы 8 сағат 56 минут. Ал ашық космоста өткізген жалпы уақыт бойынша Анатолий Соловьев көш басында. Ол 1990–1998 жылдары Мир стансасының сыртына 16 рет шығып (әлем рекорды), ашық ғарышта 78 сағат 46 минут болған. Әйелдер арасында тағы да Пегги Уитсон алда — 10 шығу, 60 сағат 19 минут.

ЕҢ ЖАС, ЕҢ ЕГДЕ...

Ең жас ғарышкер — Герман Титов (КСРО). Ол 1961 жылы 6 тамызда тарихта екінші болып, Восток-2 кемесімен ғарышқа ұшқанда 25 жас 10 ай 26 күн жасаған еді. Космосқа шыққан ең қарт адам — америкалық Джонн Гленн. 1998 жылғы 29 қазанда Discovery шаттлымен өзінің екінші миссиясына аттанғанда тарихтағы №3 ғарышкер 77 жастан 3 ай 11 күн асқан-тұғын.

Ең жас және ең егде әйел ғарышкерлер — Валентина Терешкова (КСРО, Восток-6, 1963 ж. 16 маусым, 26 жас 3 ай 11 күн) мен Пегги Уитсон (АҚШ, 2023 ж. 22 мамыр, 63 жас 3 ай 14 күн). Пегги өзінің 4-ші сапарына Axiom 2 миссиясының командирі ретінде шыққан еді. Титов пен Терешкова екінші қайтып ғарышқа ұшпады.

#көбәріп #ғарыштарихы
🔥1🤯1