Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
POLARIS DAWN МИССИЯСЫНЫҢ ОРАЛУЫ

1. Polaris Dawn миссиясының Crew Dragon ғарыш кемесінің атмосфераға енуі, 15 қыркүйек 2024 жыл. ХҒС-тан көрініс
Credit: Don Pettit

2-3. Crew Dragon Мексика шығанағы үстінде
Credit: Polaris

4. Парашюттердің ашылуы
Credit: Polaris
👍1
ҒАРЫШ КЕМЕСІН СУДАН ШЫҒАРУ

1. Shannon құтқарушы кемесі
2. Ай нұры
3. Ғарыш кемесі теңіз кемесінің палубасына шығарылды
4. Тұғырда
5. Crew Dragon-ның люгі ашылғаннан кейінгі алғашқы фото
Credit: SpaceX
👍2
NEW GLENN-НІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ҚАРАШАҒА ҚАЛДЫ

Blue Origin компаниясының New Glenn зымыраны 13 қазандағы алғашқы стартында НАСА-ның екі ESCAPADE аппаратын Марсқа жөнелтуі тиіс еді. Жақында бұл миссияның 2025-тің көктеміне шегерілгені хабарланды.

Жаңа тасығыштың дебюті енді биылғы қарашаға межеленіп отыр. Пайдалы жүктеме ролін Blue Origin-нің өзінің Blue Ring көпмақсатты ғарыш платформасы атқарады. Бұл NSSL миссиялары аясындағы сертификациялық ұшырылым болмақ.

Credit: Blue Origin
👍2
17/18 ҚЫРКҮЙЕК 2024 — СУПЕРАЙ ӘРІ АЙ ТҰТЫЛУЫ

2024 жылғы 18 қыркүйекте, Алматы уақытымен 7:34-те Ай толады. Бұл — timeanddate сайтының нұсқасы бойынша биылғы бірінші Суперай, яғни Айдың толуының оның Жерге жақындауымен сәйкес келуі. Назарларыңыздағы карта сол сайттан алынып отыр.

Сонымен бірге, 18 қыркүйекте таңғы 7:13 – 8:16 аралығында Ай жартылай тұтылады (ең үлкен фазасы 0,09 — 7:44). Теория жүзінде, Айдың титімдей көлегейленгені Қазақстанның батыс қиырынан (БҚО мен Атырау облыстарының батыс аудандары) батыс көкжиектен сәл биікте байқалуы тиіс. Еліміздің көп бөлігінен тек алакөлеңкелік тұтылу бақыланады, алайда бұл құбылысты әдеттегі Толған Айдан ажырату оңай емес.

#астрокүнтізбе
👍1
Polaris Dawn экипажы өздері ішінде ғарышқа сапарлап келген Crew Dragon Resilience кемесінің қасында
👍2
ФОТО: СУПЕРАЙДЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ТҰТЫЛУЫ

Өткен түндегі Айдың жартылай тұтылуы Қазақстанда байқалмағанымен, батысымыздағы елде кәдімгідей көрінген екен. Төмендегі фотолардың бәрі Мәскеу облысынан түсірілген.

Ал Ай қазір де толық дерлік (Ф= 0,99-), және ол бүгін, 18 қыркүйек, 18:28-де өз орбитасының перигейінен өткендіктен әдеттегіден үлкенірек. Жерге 357 283 км дейін жақындаған серігіміздің бұрыштық диаметрі 33 минут 27 секунд болып тұр. Айдың толуының оның Жерге барынша жақындауымен сәйкес келуі Суперай деп аталатыны белгілі.

Фото авторлары: 1. Александр Мананников
2. Елена Фита
3. Илья Сафрошин
4. Ксения Бурлакова
#астрокүнтізбе
ТВЕРЬДЕ ЖЕР СІЛКІНІП, АЙ ТҰТЫЛДЫ

2024 жылғы 18 қыркүйекте, Алматы уақытымен 5:56-да Ресейдің Тверь облысында магнитудасы 2,8 жер сілкінісі тіркелген. Жалпы осы облыста 24 сағат ішінде магнитудасы 2-ден жоғары 17 сілкініс болған. Шығыс Еуропа жазығында орналасқан өңір үшін теңдессіз сейсмикалық белсенділікті антропоген себеп, яғни Торопец қаласындағы артиллериялық арсеналдағы күшті жарылыстар сериясы туындатқан.

Сол таңда Тверь қаласының өзінен түсірілген мына фотоның айтылған оқиғаға қатысы жоқ. Онда Айдың жартылай тұтылуының 7:44-тегі ең үлкен фазасы бейнеленген.

Фото авторы: Сергей Травкин
#астрокүнтізбе
👍2
АЙ МЕН САТУРН

2024 жылғы 17 қыркүйекте, Алматы уақытымен 15:00-де Ай (Ф= 0,99+) Сатурнды (+0,6 m) тұтты. Астрономиялық оқиға Солтүстік Америка мен Аустралиядан бақыланды. Ай мен Сатурн қазір де біршама жақын көрініп тұр.

Бұл түсінікті де, өйткені Ай толғанда, Жердің Күнге қарама-қарсы жағына шығады. Ал 9 қыркүйекте ғана қарсы тұрыста болған Сатурн да аспанның осы маңында орналасады. Осы қарсы тұрысқа дейінгі және кейінгі апталар — Сатурнның биылғы ең жақсы көрінетін кезеңі.
#астрокүнтізбе
👍3
116. «ҚҰС ЖОЛЫ»

16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Куш Чандария.

The Milky Way by Kush Chandaria
Astronomy Photographer of the Year 2023
Okavango Delta, Botswana, 16 July 2022
Equipment used: Sigma Art 40 mm telescope, Sky-Watcher Star Adventurer Pro mount, CanonEOS Ra camera, 40 mm f/1.4, ISO 1600, 10 x 10-second exposures
#астрофото2023
👍2
СТАРШИПТІҢ БЕСІНШІ СЫНАҒЫ 22 ҚАРАШАҒА ШЕГЕРІЛДІ

Polaris Dawn миссиясы мен астрономиялық оқиғаларға көбірек назар аударамыз деп, Starship жайлы көптен жазбадық. Негізі көңіл көншітер жаңалық жоқ. АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) көпе-көрнеу қолбайлау жасауы салдарынан 5-ші орбиталық сынақ 22 қарашадан ерте өтпейтін болды. Жаңартылған лицензияны алу үшін SpaceX компаниясы тағы бірнеше экологиялық талапты орындауы тиіс екен.

Бұл жөнінде Илон Маск ашына айтып-айтып тастады)) Мысалы, Старшиптің төртінші сынағы кезінде старт тағанын сумен салқындату жүйесі су шашқанын көрдік, иә. Су бүріккіштер бітеліп қалмас үшін, мұхиттың тұзды суы емес, тұщы су шашылады екен. Осы ауыз суды жерге төккенге бола АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігі (EPA) SpaceX-ке 140 000 доллар айыппұл салған, және ол судың ысырабы үшін емес, экологияға келтірілген залал үшін салыныпты.

Маск айтады: Starbase орналасқан тропикте күн сайын аспаннан тұщы су жерге селдетіп жатыр, ол зиян емес екен де, біз төккен тұщы су залал келтіре қалыпты! Экологтар төгілген судан табиғатқа зиян келмегенін мойындады, бірақ енді оның рұқсатсыз төгілгенін желеу етіп отыр. FAA болса, айыппұл төленбейінше келесі ұшырылымға рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

Бұл аздай, 17 қыркүйекте FAA SpaceX-ке жалпы сомасы $633 009 тағы үш айыппұл салатынын хабарлады. Олар Falcon 9 бен Falcon Heavy зымырандарының 2023 (!) жылғы ұшырылымдары кезінде кейбір лицензия талаптарының орындалмағаны үшін салынған. Маск FAA өз өкілетін асыра пайдаланды деп санайтындықтан, компания сотқа арызданатынын айтты. Бір қызығы, Старлайнердің "ғажайыптары" үшін Boeing бірде-бір айыппұл алмаған екен.

— FAA түбегейлі реформаланбаса, адамзат ешқашан Жерден шыға алмайды! — деп қорытты SpaceX басшысы. Оның Марсты игеруге қатысты кейінгі батыл бағдарламасын келесі поста қысқаша баяндаймыз.
👍1