Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Джаред Айзекман ашық ғарышта
👍4👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Джаред Айзекманның шлемінен қарағанда
👍4
POLARIS DAWN: ҮШІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Күннің басты оқиғасы 106 минутқа созылған ашық ғарышқа шығу операциясы болды. Экипаж скафандрларын киіп, тексерген соң, оларды герметизациялау, азотпен үрлеу мен таза оттегімен толтыру басталды. Кеменің кабинасы, керісінше, бейгерметизацияланып, ондағы қысым ғарыштық вакууммен теңесті. 732 км биіктіктегі кеме қызметтік бөлімін Күнге, ал тұмсығын Жерге қарай бағдарлады. Командир люкте ашқанда, экипаждың 4 мүшесі де ғарыш вакуумының әсеріне ұшырады.

Джаред Айзекман мен Сара Гиллис кезекпен кемеден шығып, скафандрдың икемділігін тексерді. Кид Потит пен Анна Менон скафандрдың шлангкабельдерін басқарып, телеметрияны қадағалап отырды. Люк жабылғаннан кейін кеме ішіндегі қысым қалпына келтірілді. Ауа шығып жатпағаны тексерілісімен Crew Dragon кемесінен алғашқы ғарышқа шығу әрекеті ресми тәмамдалды.

Жауапты жұмысты жақсы атқарған экипаж біраз демалып, түскі асын ішті. Олар Жерге Starlink байланысы арқылы хабар жіберіп, отбасыларымен сөйлескен соң, ұйқыға кетті.
👍4
12:35-ТЕ POLARIS DAWN МИССИЯСЫНЫҢ КЕМЕСІ ҚОНАДЫ

Polaris Dawn мисиясының экипажы отырған Crew Dragon Resilience ғарыш кемесі қонуға беттеді. Кеме капсуласы қызметтік бөлімнен ажырап, Аустралия үстінде Жерге қарай төмендеп келеді. Қону Алматы уақытымен 12:35 шамасына жоспарланған. Трансляцияларға сілтеме — төменде.
👍1
Crew Dragon Resilience ғарыш кемесі Флорида жағасына жақын айдынға ойдағыдай қонды
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
POLARIS DAWN МИССИЯСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

2024 жылғы 15 қыркүйекте бес күнге созылған Polaris Dawn миссиясы тәмамдалды. Crew Dragon Resilience ғарыш кемесі атмосфераның тығыз қабатына енісімен, екі тежеуіш парашют ашылды. Кейін негізгі төрт парашют жайылды. Алматы уақытымен 12:37-де Crew Dragon Resilience ғарыш кемесі Мексика шығанағы айдынына ойдағыдай қонды

Ұшқышты капсула Shannon теңіз кемесінің бортына көтеріліп қойылды. Біраздан соң люк ашылып, Анна Менон, Сара Гиллис, Кид Потит және ең соңғы болып командир Джаред Айзекман капсуладан шықты. Трансляция кадрларына қарағанда, ғарышкерлердің денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы сияқты.
👍1
POLARIS DAWN МИССИЯСЫНЫҢ ОРАЛУЫ

1. Polaris Dawn миссиясының Crew Dragon ғарыш кемесінің атмосфераға енуі, 15 қыркүйек 2024 жыл. ХҒС-тан көрініс
Credit: Don Pettit

2-3. Crew Dragon Мексика шығанағы үстінде
Credit: Polaris

4. Парашюттердің ашылуы
Credit: Polaris
👍1
ҒАРЫШ КЕМЕСІН СУДАН ШЫҒАРУ

1. Shannon құтқарушы кемесі
2. Ай нұры
3. Ғарыш кемесі теңіз кемесінің палубасына шығарылды
4. Тұғырда
5. Crew Dragon-ның люгі ашылғаннан кейінгі алғашқы фото
Credit: SpaceX
👍2