Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Polaris Dawn миссиясының ұшырылымынан көріністер, 10 қыркүйек 2024 жыл
#зымыранұшыру
👍31
POLARIS DAWN: БІРІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Falcon 9 зымыранымен сәтті ұшырылғаннан кейін экипаж скафандрларын шешіп, миссияның үшінші күніне жоспарланған ашық ғарышқа шығуға екі күндік дайындықты бастады. Дайындық кезеңінде Crew Dragon Resilience кемесіндегі қысым баяу төмендетіледі, ал кабина ауасындағы оттегінің үлесі арта береді. Бұл ашық ғарышқа шыққан кезде декомпрессия ауруына шалдығу тәуекелін азайту үшін жасалады.

Кеме Жердің магнит өрісі әлсіздеу, демек жоғары энергиялы ғарыштық бөлшектер Жерге жақынырақ жететін Оңтүстік Атлантика аномалиясы үстімен бірінші рет ұшып өтті. Старттан шамамен 2 сағат өте, экипаж алғаш рет орбитада тамақтанды, сосын 3,5 сағат бойы ғылыми зерттеулер мен Старлинк лазерлік байланысын сынаумен айналысты. Crew Dragon 190 х 1200 км орбитамен 8 айналым жасаған соң, апогейін 1216 км-ге дейін көтерді.

Тәулік ортасында, экипаж ұйқыға кеткенде, кеме Draco қозғағыштарын қосып, апогейін одан әрі көтерді. Сөйтіп, ол Жер бетінен 1400,7 км биіктікке шықты! Миссия міндеттерінің бірі орындалды. Тарихтағы жермаңы ұшқышты миссиялар арасындағы биіктік рекорды жаңартылды 🏆 Бұрынғы рекорд 1966 жылы 1369 км биіктікке көтерілген Gemini 11 экипажына тиесілі еді. Apollo ай миссияларына қатысушылар ғана Жерден алысырақ ұзаған. Сара Гиллис пен Анна Менон әйелдер арасындағы ең алыс ғарыштық сапар рекордын жасады 🏆

Ұшу сапарының екінші күні экипаж негізгі зерттеулер бағдарламасын орындауы тиіс. Апогейі 1400 км орбитамен 6 айналым жасаған соң, кеме 190 х 700 км орбитаға түседі. Экипаж басты міндетіне — тарихтағы жеке компания ұйымдастырған алғашқы ашық ғарышқа шығу операциясына дайындалуда. Оған Джаред Айзекман мен Сара Гиллис қатысады. Ашық ғарышқа шығу 12 қыркүйек, Алматы уақытымен 11:23-ке жоспарланып отыр. Тікелей эфир бір сағаттай алдын басталады. Қосалқы дата — 13 қыркүйек, 11:23.
#ғарыштарихы
👍3🍾1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Resilience кемесінің орбитасын 1400 км-ге дейін көтеруі
👍2
POLARIS DAWN МИССИЯСЫНЫҢ КЕМЕСІ ЖЕРДЕН 1400 КМ БИІКТІККЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгінгі тарихи жетістікке тағы бір жеке пост арнасақ та артық болмас. 2024 жылғы 11 қыркүйекте Polaris Dawn миссиясының Crew Dragon Resilience ғарыш кемесі апогейі 1400 км орбитамен Жерді алты рет айналып шықты. Сөйтіп, жермаңы ұшқышты миссиялар арасындағы биіктік рекорды жаңартылды! 🏆

Бұрынғы рекорд 1966 жылы 1369 км биіктікке көтерілген Gemini 11 экипажына тиесілі еді. Apollo ай миссияларына қатысушылар ғана Жерден алысырақ ұзаған. Соңғы ай миссиясы 1972 жылғы желтоқсанда өткенін ескерсек, кейінгі жарты ғасырда адамзат баласы туған планетасынан мұншалық қашықтап көрген емес.
#ғарыштарихы
👍2
БАЙҚОҢЫРДАН СОЮЗ МС-26 ҒАРЫШ КЕМЕСІ ҰШЫРЫЛДЫ

Роскосмос 2024 жылғы 11 қыркүйекте, Алматы уақытымен 21:23-те Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан «Союз-2.1а» зымыранымен «Союз МС-26» ғарыш кемесін сәтті ұшырды. Кеме бортында командир — Алексей Овчинин (Роскосмос, 3-ші ғарыш сапары), бортинженерлер Иван Вагнер (Роскосмос, 2), Дональд Петит (НАСА, 4) бар. Аса қысқа схемамен ұшқан кеме 12 қыркүйек, 00:32-де Халықаралық ғарыш стансасы ресейлік сегментінің «Рассвет» модуліне түйісті.

Жаңа экипаж ХҒС-тың 72-ші ұзақ мерзімді экспедициясы ретінде 202 күн жұмыс істеуі тиіс. Ресей космонавтары ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, «Прогресс МС-29», «Прогресс МС-30» жүк кемелерін қабылдап алады.

«Союз-2.1а» зымыраны осымен 70-ші рет, «Союз» типті ғарыш кемелері — 176-шы рет ұшырылып отыр. Ресей 2024 жылы әзірге небәрі 10 зымыран ұшырса, оның алтауы Байқоңырдан көтерілді.

Фото: Роскосмос
#зымыранұшыру #хғс
👍1
ҒАРЫШТА 19 АДАМ ЖҮР — ЖАҢА ТАРИХИ РЕКОРД!

2024 жылғы 11 қыркүйекте космонавтика тарихына тағы бір үлкен жетістік жазылды. 21:23-те Байқоңырдан ұшырылған Союз МС-26 кемесі бірнеше минуттан кейін ғарыш кеңістігіне шықты. Оның бортында үш ғарышкер болды.

Бұл сәтте Халықаралық ғарыш стансасында 9 адам бар еді: Crew-8 миссиясының төрт мүшесі, Союз МС-25 кемесінің үштігі және Starliner-мен келіп, әзірше кемесіз қалған екеу. Бұларға Тяньгун ғарыш стансасындағы Шэньчжоу-18 экипажының үш мүшесін және Жерді эллипс орбитамен айналып жүрген Polaris Dawn миссиясының төрт астронавтын қоссақ, бір мезгілде ғарышта 19 адам бар деген сөз. Бұл — ғарышты игеру тарихындағы жаңа рекорд! 🏆

Бұрынғы рекорд 2023 жылғы 30 мамырда тіркелген еді. Сол күні жермаңы орбитада бір мезгілде 17 ғарышкер болған (ХҒС — 11, Тяньгун — 3, Шэньчжоу-16 — 3). 2021 жылғы 16 қыркүйектегі рекордтық көрсеткіш 14 адам болатын (ХҒС — 7, Тяньгун — 3, Inspiration4 — 4).
#ғарыштарихы
👍2
POLARIS DAWN: ЕКІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Polaris Dawn экипажы ұшу сапарының 2-ші күнін 1400 км биіктікке жетумен бастағанын білесіздер, 1972 жылдан бері адамдар Жерден мұншама алыстап көрмеген еді. Апогейі 1400 км орбитамен 6 айналым жасаған соң, Resilience кемесі қозғағыштарын бірнеше рет қосып, 190 х 737 км орбитаға түсті. Кабинадағы қысым одан әрі төмендетіліп жатыр. Экипаж бірнеше сағатқа скафандр киіп, олардың герметикалығын тексерді.

Сонымен қатар, көптеген зерттеулер жүргізілді. Ғарышкерлер микрогравитация әсерінен көз ішіндегі қанның қозғалысы қалай өзгеретіні бақылады, адам ағзасы орбитада дәрілерді қалай сіңіретінін талдады. Бірқатар қайырымдылық шаралары да өткізілді. Күн соңында экипаж мүшелері Старлинк байланысы көмегімен отбасыларымен хабарласып, жұртшылыққа арнайы үндеу дайындады. Содан соң олар ұйқыға кетті. Бүгін экипажды жауапты міндет күтіп тұр, толығырақ келесі поста.
👍2
12 ҚЫРКҮЙЕК 14:58-ДЕ POLARIS DAWN ЭКИПАЖЫ АШЫҚ ҒАРЫШҚА ШЫҒАДЫ

Бүгін Polaris Dawn экипажы ашық ғарышқа шығу операциясын жасамақшы. Тарихта алғаш рет оны мемлекеттік ғарыш агенттігі емес, жекеменшік компания ұйымдастырмақ. Бұл сәтте Crew Dragon Resilience ғарыш кемесі Жерден шамамен 700 км биіктікте ұшып жүреді.

Джаред Айзекман мен Сара Гиллис кеме тұмсығындағы люк пен басқыштар арқылы кеме сыртына шығады. Бірақ кемеде шлюз болмағандықтан, оның ішкі герметизациясы жойылып, Джек Потит пен Анна Менон да ашық ғарыш жағдайында болады. Төртеуі де ашық ғарышқа шығуға арналған SpaceX EVA скафандрын киіп, соның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі көмегімен тыныстайды.

Ашық ғарышқа шығу біздің уақытпен 14:58-ге шегерілді. Трансляция 13:55-те басталады. Сілтемелер төменде.
Рендер: SpaceX
👍2
POLARIS DAWN МҮШЕЛЕРІ АШЫҚ ҒАРЫШҚА ОЙДАҒЫДАЙ ШЫҚТЫ

Сонымен, 2024 жылғы 12 қыркүйекте Polaris Dawn миссиясына қатысушылар ашық ғарышқа шықты. Алдымен Crew Dragon Resilience кемесінің ішіндегі қысым біртіндеп төмендетіліп, ақыры нөлге дейін түсті. Сөйтіп экипаждың төрт мүшесі де салмақсыздықта әрі вакуумда, яғни ашық ғарыш жағдайында болды. Бұл де өзінше тарихи оқиға 🏆 Кезінде Спейс Шаттлдың үш бірдей ғарышкері ашық ғарышқа шығып, жерсерікті ұстап алуға тырысқан еді. Ал ХҒС-тан сыртқа бір мезгілде екі адамнан шығады.

Polaris Dawn астронавтарының скафандрындағы қысым қалыпты атмосфералық қысымның 32%-тейіндей болды. Бұл олардың тыныстауына зиян тигізбеді, өйткені скафандр ауамен емес, таза оттегімен толтырылғандықтан, жұтылатын оттегі мөлшері кемімеді.

Кеменің тұмсығындағы қақпақ орбитаға шығысымен-ақ ашылған еді. Ал командир Джаред Айзекман ішке қарай серпілетін ішкі люкті ашты. Біраздан соң ол басқыш арқылы белуардан кеме сыртына шықты. Оны қақпаққа орнатылған шам жарықтандырып, камералар түсіріп тұрды. Джаред сыртқа шыққанда, кеме 737 км биіктікте болатын. Apollo астронавтарының Ай бетіндегі саяхаты мен қайтар жолда ашық ғарышқа шыққандарын санамағанда, адам баласы ешқашан мұндай биік жермаңы орбитада ашық ғарышқа шықпаған! 🏆

Командир ішке енгеннен кейін, екінші болып Сара Гиллис жартылай тысқа шықты. Бұл кезде кеме Жердің түнгі жағына өтіп, планетамыз көрінбей қалды. Тынық мұхит үстінде кемемен байланыс болмай, Сараның қайта кіруі мен люктің жабылғанын да көрмедік.

Бірінші рет ашық ғарышқа шығу әрекетін кәсіби емес ғарышкерлер жекеменшік ғарыш кемесінен және жеке компания жасаған скафандр көмегімен жүзеге асырды. Бүгінге дейін мұндай жауапты істі тек мемлекеттік ғарыш агенттіктері өткізетін. Дегенмен бүгінгі сынақ SpaceX компаниясы өз скафандрын әлі көп жетілдіруі керегін көрсетті.
#ғарыштарихы
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Джаред Айзекман ашық ғарышта
👍4👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Джаред Айзекманның шлемінен қарағанда
👍4