Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
POLARIS DAWN ЕРТЕҢ ҰШУЫ МҮМКІН

Polaris Dawn миссиясы 10 қыркүйек, Алматы уақытымен 12:38-ден ерте аттанбайтын болды. Кеме қонатын аймақтағы қолайлы ауа райын күтіп жалыққан экипаж мүшелері старт алаңы мен Канаверал мүйісі үстінен тағы ұшып өтті.
👍1😁1
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Starbase ғарыш кешенінің қызметкерлері старт тағанының тіреулерін сырлап қойды. Біздің елде бұл жоғарыдан комиссия келе жатыр дегенді білдіреді. Ал SpaceX компаниясының космодромына Трамп келетін шығар. Өзінің ниеттесі Маскпен бірге Старшиптің 5-ші сынағын тамашалап, 5 қарашадағы сайлау алдында ұпай жинау үшін. Қалжыңсыз айтсақ, тіреулер, әрине, металл конструкцияны тоттан қорғау үшін сырланды.
👍1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Polaris Dawn экипажының Канаверал мүйісі үстінен ұшып өтуі. Джаред Айзекманның ұшағы кабинасынан көрініс. Polaris Dawn миссиясын ұшыру әрекеті — бүгін, 12:38-де.
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Polaris Dawn экипажы кемеге мініп, орындарына жайғасты.
👍21
POLARIS DAWN СӘТТІ ҰШЫРЫЛДЫ

2024 жылғы 10 қыркүйекте Алматы уақытымен 14:23-те Кеннеди ғарыш орталығындағы LC-39A ұшыру алаңынан Polaris Dawn миссиясы сәтті ұшырылды. SpaceX Falcon 9 зымыраны Crew Dragon C207.3 Resilience ғарыш кемесін 190 х 1200 км төмен жермаңы орбитаға шығарды. Кемеде Джаред Айзекман (командир, 2-ші ғарыш сапары), Скотт Потит (ұшқыш, 1), Сара Гиллис пен Анна Менон (миссия мамандары, 1) бар. Зымыранның B1083.4 нөмірлі бірінші сатысы JRTI баржасына аман-есен қонды.

Миссияның бірінші күні кеменің биік эллипс орбитасының апогейі 1400 км-ге жеткізіліп, Ван Аллен радиациялық белдеуінің бір бөлігін кесіп өтеді. Бұл ғарыштағы радиацияның адам ағзасына әсерін зерттеу үшін әдейі жасалады. 1972 жылғы Apollo 17 миссиясынан бері адам баласы Жерден мұншалық алыстап көрген емес. Айға ұшпаған кемелер арасындағы биіктік рекордын (1369 км) 1966 жылы Gemini 11 жасаған еді.

Кейін орбита 190 х 750 км-ге дейін түсіріледі. Миссия соңына таман Айзекман мен Гиллис ашық ғарышқа шыққан тарихтағы алғашқы әуесқой ғарышкерлер атануы тиіс. Бұл SpaceX EVA жаңа буын скафандрының алғашқы сынағы болмақ. Миссия барысында 31 серіктес үшін 36 медициналық зерттеу өткізіледі. St. Jude балалар ауруханасының пайдасына қайырымдылық шаралары да жоспарланған.

Кеме ажырасымен, 2-саты орнықты жағдайда қалып, Жер мен Күн фонында ақырын алыстаған Resilience-тің өте әдемі көрінісін хабарлап тұрды. Мұндай ұзақ түсірілім алғаш жасалып отыр. Бұлтты аспан фонындағы таңғы старт та тамаша болды.
#зымыранұшыру #ғарыштарихы
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
3. B1083.4 1-сатысының JRTI баржасына қонуы
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
4. Crew Dragon C207.3 Resilience ғарыш кемесінің 2-сатыдан ажырауы
👍3🥰1
POLARIS DAWN ЭКИПАЖЫ

Polaris Dawn мүшелерін таныстырған едік, одан бері біраз уақыт өтіп кетті, тағы бір қайталап қояйық.

Командир — Джаред Айзекман, 41 жаста, миссияның тапсырыс берушісі және идея авторы. 2021 жылғы Inspiration4 жекеменшік ғарыш миссиясының командирі ретінде ғарышта 3 күн өткізген. Shift4 электрон сауда компаниясының атқарушы директоры, миллиардер. Джаред — аэронавтика бакалавры, тәжірибелі ұшқыш, 7000 сағаттан астам ұшып, 100-ден аса авиашоуға қатысқан, Жерді айнала ұшу жылдамдығы бойынша бірнеше әлем рекордын жасаған. Ол жекеменшік ұшқыштар мектебі мен МиГ-29 жойғыш ұшағының иесі.

Айзекман — танымал филантроп (қайырымдылық жасаушы), St. Jude Children Research Hospital балалар ауруханасы базасындағы медициналық зерттеу орталығының құрушысы әрі бас демеушісі. Үйленген, 2 баласы бар.

Осы миссия үшін SpaceX-ке ақыны Айзекман төлеп отыр. Тұрақты клиент ретінде және SpaceX-тің екі маманын алып ұшқаны үшін оған жеңілдік берілген шығар деп ойлаймыз. Polaris Dawn миссиясы барысында Джаред ашық ғарышқа шыққан бірінші әуесқой ғарышкер атануы тиіс.

Ұшқыш — Скотт Потит, 50 жаста, әскери ұшқыш, сынаушы-ұшқыш, доғарыстағы ӘӘК подполковнигі. Ұшақ штурвалында 3200 сағат өткізген (5 жауынгерлік операцияда 400 сағат). Қазір Айзекманның ұшқыштар мектебінің директоры, Shift4 компаниясының стратегия бойынша вице-президенті. Триатлоншы, 15 Ironman жарысына, 4 әлем чемпионатына қатысқан. Үйленген, 3 баласы бар.

Миссия маманы — Сара Гиллис, 30 жаста, SpaceX компаниясының жетекші инженері. Компания астронавтарын үйретеді, мысалы Demo-2, Crew-1, Inspiration4 экипаж мүшелерін дайындаған. Dragon кемелері миссияларының диспетчері міндетін атқарған. Күйеуі де SpaceX қызметкері. Сара Гиллис осы сапар барысында ашық ғарышқа шығуы тиіс.

Миссия маманы / дәрігер — Анна Менон, 38 жаста, SpaceX компаниясының жетекші инженері. Миссиялар директоры және диспетчері, Demo-2, Crew-1, 3, 4, Axiom-1, CRS-22, 23 миссияларының диспетчері болған. 7 жыл НАСА-ның биомедициналық диспетчері болып істеген, әуесқой ұшқыш. Анна — SpaceX-тің бұрынғы бас дәрігері, қазіргі НАСА астронавты Анил Менонның әйелі (Анил әлі ғарышқа ұша қойған жоқ), екі балалары бар.
👍3
Солдан оңға қарай: Сара Гиллис, Кид Потит, Джаред Айзекман, Анна Менон
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Polaris Dawn ғарыш кемесінің зымыранның 2-сатысынан ажырауы, ұзағырақ видео
👍2🥰1
Polaris Dawn миссиясының ұшырылымынан көріністер, 10 қыркүйек 2024 жыл
#зымыранұшыру
👍31
POLARIS DAWN: БІРІНШІ КҮННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Falcon 9 зымыранымен сәтті ұшырылғаннан кейін экипаж скафандрларын шешіп, миссияның үшінші күніне жоспарланған ашық ғарышқа шығуға екі күндік дайындықты бастады. Дайындық кезеңінде Crew Dragon Resilience кемесіндегі қысым баяу төмендетіледі, ал кабина ауасындағы оттегінің үлесі арта береді. Бұл ашық ғарышқа шыққан кезде декомпрессия ауруына шалдығу тәуекелін азайту үшін жасалады.

Кеме Жердің магнит өрісі әлсіздеу, демек жоғары энергиялы ғарыштық бөлшектер Жерге жақынырақ жететін Оңтүстік Атлантика аномалиясы үстімен бірінші рет ұшып өтті. Старттан шамамен 2 сағат өте, экипаж алғаш рет орбитада тамақтанды, сосын 3,5 сағат бойы ғылыми зерттеулер мен Старлинк лазерлік байланысын сынаумен айналысты. Crew Dragon 190 х 1200 км орбитамен 8 айналым жасаған соң, апогейін 1216 км-ге дейін көтерді.

Тәулік ортасында, экипаж ұйқыға кеткенде, кеме Draco қозғағыштарын қосып, апогейін одан әрі көтерді. Сөйтіп, ол Жер бетінен 1400,7 км биіктікке шықты! Миссия міндеттерінің бірі орындалды. Тарихтағы жермаңы ұшқышты миссиялар арасындағы биіктік рекорды жаңартылды 🏆 Бұрынғы рекорд 1966 жылы 1369 км биіктікке көтерілген Gemini 11 экипажына тиесілі еді. Apollo ай миссияларына қатысушылар ғана Жерден алысырақ ұзаған. Сара Гиллис пен Анна Менон әйелдер арасындағы ең алыс ғарыштық сапар рекордын жасады 🏆

Ұшу сапарының екінші күні экипаж негізгі зерттеулер бағдарламасын орындауы тиіс. Апогейі 1400 км орбитамен 6 айналым жасаған соң, кеме 190 х 700 км орбитаға түседі. Экипаж басты міндетіне — тарихтағы жеке компания ұйымдастырған алғашқы ашық ғарышқа шығу операциясына дайындалуда. Оған Джаред Айзекман мен Сара Гиллис қатысады. Ашық ғарышқа шығу 12 қыркүйек, Алматы уақытымен 11:23-ке жоспарланып отыр. Тікелей эфир бір сағаттай алдын басталады. Қосалқы дата — 13 қыркүйек, 11:23.
#ғарыштарихы
👍3🍾1