Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Мынадай #қазақшаинфографика аударған екенбіз кезінде
👍3
SPACEX 440 ЖҮКТЕМЕ ҚАҚПАҒЫН ҚАЙТА ҚОЛДАНҒАН

SpaceX компаниясы Falcon зымырандарының жүктеме қақпақтарын судан шығарып алып, қайта пайдаланатыны мәлім. Компания бастапқыда оларды кемеге жайылған тормен қағып алуға тырысатын (бейнероликте), кейін мұның тиімсіздігі түсінікті болды.

Бейресми дерек бойынша, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін шамамен 440 зымыран қақпағы қайта қолданылды. Falcon 9 барлығы 369 рет ұшырылды, оның 47-сі Dragon кемелерін ұшырды. Қалған 322 миссияға 644 қақпақ керек еді десек, солардың 68%-і бұрын қолданылған болып тұр! Дүние жүзіндегі ешбір басқа зымыран операторы жүктеме қақпақтарын қайта қолданбайды.
👍2
NEW GLENN ЗЫМЫРАНЫНЫҢ 2-САТЫСЫ СЫНАҚҚА ШЫҚТЫ

Blue Origin компаниясы жаңа New Glenn зымыранының қайта қолданылатын 1-сатысын белсенді сынап жатқаны белгілі. Енді Канаверал базасындағы LC-36 ұшыру алаңына зымыранның 2-сатысы қойылды. Оның тұтандыру сынағы жақын күндері өтеді. Салыстыру үшін, фотоға Falcon 9 зымыранының 2-сатысы (оң жақта) қосылған.
Credit: Blue Origin
👍2
NEW GLENN ЗЫМЫРАНДАРЫ ҚОНАТЫН ПЛАТФОРМА КАНАВЕРАЛҒА КЕЛДІ

Blue Origin компаниясының жүзбе платформасы Франциядан Канаверал портына жеткізілді. Оған Джефф Безостың анасының құрметіне Jacklyn деген ат қойылған. New Glenn зымыранының 1-сатылары осы платформаның палубасына қонады.

SpaceX платформалары сияқты, саты қонған кезде бұл кемеде де адамдар болмайды. New Glenn-нің қазанның ортасына жоспарланған алғашқы ұшырылымында-ақ сатыны қондыруға әрекет жасалмақ.
👍2
Blue Origin-нің баржасы SpaceX платформаларынан екі еседей ұзын, бірақ зымыран қонатын палубаның өлшемі шамалас.
👍2
STARBASE ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Бірінші мұнарадағы Мехазилла қармауыштарына амортизациялық жастықтар орнатылды. Дәлірек айтқанда, олар ұзын рельстердің ішкі жағына бекітілді. Мамандар рельстерді кешегі сынақ барысында көтеріп те көрді.
👍21
STARLINER ХҒС-ТАН АЖЫРАДЫ

2024 жылғы 7 қыркүйекке қараған түні, Алматы уақытымен 3:04-те ұшқышсыз, бос Boeing CST-100 Starliner ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажырады. Операция қалыпты өтті, Старлайнер, кейбіреулер қауіптенгендей, стансаға қайта соғыла қойған жоқ. Екі астронавты жеткізген кеме ХҒС құрамында 3 ай болған еді. Оның Нью-Мексико штатындағы Аққұм полигонына қонуы 9:03-ге жоспарланған.

Көліксіз қалған Бутч пен Суни, стансада төтенше жағдай туа қалса, Crew-8 Dragon кемесінің жүк қоятын жерін паналайды. Және олардың бірінің скафандры да жоқ! Алпысқа келгенде бөтен кеменің босағасын сағалатып қойған Боингке бұл екеуінің өкпесі қара қазандай шығар 😕. Қос ардагерді Жерге қайтаратын Crew-9 Dragon кемесі осы айдың 24-не ұшуы тиіс.
#хғс

Скриншот: NASA / YouTube
👍1😁1
БОС STARLINER КЕМЕСІ ЖЕРГЕ ҚОНДЫ

2024 жылғы 7 қыркүйекте, Алматы уақытымен 9:03-те ұшқышсыз Boeing Starliner ғарыш кемесі Нью-Мексико штатындағы White Sands полигонына сәтті қонды. Ол Boe-CFT ұшқышты сынақ миссиясы аясында Халықаралық ғарыш стансасында болып қайтқан еді. Бірақ кеменің бағдарлау қозғағыштары жүйесінен гелий ағып тұруына байланысты, ғарышкерлер Барри Уилмор мен Сунита Уильямс стансада қалды.

Стансадан ажыраған соң қозғағыштар, күн панельдері, басқа да жабдықтар орналасқан қызметтік бөлім экипаж капсуласынан бөлініп, атмосферада жанып кетті. Сондықтан гелий жіберіп тұрған тефлон тығыздауыштарды Жерде зерттеу енді мүмкін емес. Капсула төмендей келе қосалқы парашюттер көмегімен негізгі үш парашют ашылды. Капсула астындағы үрмелі жастықтардың арқасында құрлыққа жұмсақ қонды. АҚШ-тың барлық басқа ұшқышты кемелері суға қонатыны белгілі.

Старлайнер, басқа-басқа, қонуға шебер. 2019 жылғы ХҒС-қа жете алмай, орбитадан қайтқан 1-ші сынақ та, 2022 жылғы стансаға ұшқышсыз барып келген 2-ші сапар да, экипажбен барып, бос оралған бұл миссия да Жерге ойдағыдай қонумен аяқталды.
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МЕХАЗИЛЛА ҚАРМАУЫШТАРЫ ТАҒЫ ЖАТТЫҚТЫ

2024 жылғы 5 қыркүйекте Starbase кешенінде Мехазилла робоқолдарының кезекті сынағы жасалды. Видео тездетілмеген, қалыпты жылдамдықта.

Starship IFT-5 миссиясының негізгі міндетінің бірі — Super Heavy үдеткішін Мехазилла робоқолымен қармау екені белгілі. Бесінші сынақ қыркүйектің басында өтеді делінетін, енді "күзде" деген сөз қолданыла бастады.
👍2
POLARIS DAWN ЕРТЕҢ ҰШУЫ МҮМКІН

Polaris Dawn миссиясы 10 қыркүйек, Алматы уақытымен 12:38-ден ерте аттанбайтын болды. Кеме қонатын аймақтағы қолайлы ауа райын күтіп жалыққан экипаж мүшелері старт алаңы мен Канаверал мүйісі үстінен тағы ұшып өтті.
👍1😁1