Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
РЕКОРДШЫ 1-САТЫНЫҢ ҚАЛДЫҒЫ КАНАВЕРАЛ ПОРТЫНДА

ASOG платформасын сүйреген буксир 23 рет қолданылып, әлем рекордын жаңартқан B1062 нөмірлі 1-сатының қалдығын Канаверал портына жеткізді. Рекордшы үдеткіш қона сала омырылып кеткен еді. Зымыранның корпусы суға құлағанда, қозғағыштар блогы баржада қалған екен. Қону тіреулерінің бөлшектері де бар, бұл олардың бірінің сыну себебін анықтауға көмектесер. Кезінде рекордты 19-ға жеткізген Falcon 9 B1058 1-сатысы портқа қайтар жолда JRTI баржасынан құлап кеткен еді.
👍2🤨1
SPACEX САҒАТ АРАЛАТЫП ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ

2024 жылғы 31 тамыз, Алматы уақытымен 12:43-те Канавералдағы 40-шы алаңнан Starlink-8.10 миссиясы ұшырылғанын білесіздер. Ал 13:48-де Ванденбергтегі SLC-4E алаңынан Starlink-9.5 миссиясы көтерілген (фотода). Сонда екі ұшырылымның арасынде небәрі 1 сағат 5 минут өтті — SpaceX компаниясының жаңа рекорды 🏆 Бұрынғы жетістік 1 сағат 51 минут еді.

Тағы 42 Старлинктің ұшырылуымен олардың орбитадағы саны 6400-ге жақындады. SpaceX осымен қатарынан 15-ші миссияны сәтті орындап отыр — 27 шілдеден бастап! Және қатарынан екі 1-саты дұрыс қондырылып, жаңа серия басталды. 😜

Компанияның келесі старты — 4 қыркүйекте. Ал 6 қыркүйекке екі миссия жоспарланған, соның бірі — көптен күткен Polaris Dawn (12:38-де).

Credit: SpaceX
#зымыранұшыру
👍1
БҮГІН 21:39-ДА ЖЕРГЕ АСТЕРОИД ҚҰЛАЙДЫ

2024 жылғы 4 қыркүйекте, Алматы уақытымен 21:39-да (±1 минут) Филиппиннің солтүстігінде, Лусон аралы үстінде "CAQTDL2" деген уақытша атау берілген аспан денесі 17 км/сек жылдамдықпен Жер атмосферасына енеді. Оның диаметрі небәрі 1 метр, сондықтан еш қатер жоқ. Астероид затының 90%-і 100-ден 50 км-ге дейінгі биіктікте жанып кетеді, Жер бетіне ұсақ сынықтар ғана түсуі ықтимал.

Оқиға астероид атмосфераның жоғарғы қабаттарына енетін орыннан 700 км радиуста бақыланады. Бұл сәтте дененің айналасында түзілетін плазма бұлтының жарқырауы –13 жұлдыздық шамаға, яғни толған Айдың деңгейіне жетеді. Сондықтан Филиппин тұрғындарынан көптеген әдемі бейнероликтер күтеміз.

Негізі, өлшемі 1 сантиметрден 10 метрге дейінгі денелерді метеороид деп атаған дұрыс. Дене 10 метрден үлкен болса, астероид аталады. "CAQTDL2" метеороиды бүгін, 10:43-те ашылды. Астрономия тарихында осымен небәрі 9-шы астероидтың құлауы ғана алдын-ала болжанып отыр.
👍1
UPDATE: Кіші планеталар орталығы метеороидқа 2024 RW1 деген тұрақты атау берді. Оған қатысты 9 обсерваториядан 36 рет астрометриялық өлшеу жүргізілді. Аспан денесі 21:03-те Жер көлеңкесіне кіріп, бақыланбай қалды.
👍1
Мынадай #қазақшаинфографика аударған екенбіз кезінде
👍3
SPACEX 440 ЖҮКТЕМЕ ҚАҚПАҒЫН ҚАЙТА ҚОЛДАНҒАН

SpaceX компаниясы Falcon зымырандарының жүктеме қақпақтарын судан шығарып алып, қайта пайдаланатыны мәлім. Компания бастапқыда оларды кемеге жайылған тормен қағып алуға тырысатын (бейнероликте), кейін мұның тиімсіздігі түсінікті болды.

Бейресми дерек бойынша, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін шамамен 440 зымыран қақпағы қайта қолданылды. Falcon 9 барлығы 369 рет ұшырылды, оның 47-сі Dragon кемелерін ұшырды. Қалған 322 миссияға 644 қақпақ керек еді десек, солардың 68%-і бұрын қолданылған болып тұр! Дүние жүзіндегі ешбір басқа зымыран операторы жүктеме қақпақтарын қайта қолданбайды.
👍2
NEW GLENN ЗЫМЫРАНЫНЫҢ 2-САТЫСЫ СЫНАҚҚА ШЫҚТЫ

Blue Origin компаниясы жаңа New Glenn зымыранының қайта қолданылатын 1-сатысын белсенді сынап жатқаны белгілі. Енді Канаверал базасындағы LC-36 ұшыру алаңына зымыранның 2-сатысы қойылды. Оның тұтандыру сынағы жақын күндері өтеді. Салыстыру үшін, фотоға Falcon 9 зымыранының 2-сатысы (оң жақта) қосылған.
Credit: Blue Origin
👍2
NEW GLENN ЗЫМЫРАНДАРЫ ҚОНАТЫН ПЛАТФОРМА КАНАВЕРАЛҒА КЕЛДІ

Blue Origin компаниясының жүзбе платформасы Франциядан Канаверал портына жеткізілді. Оған Джефф Безостың анасының құрметіне Jacklyn деген ат қойылған. New Glenn зымыранының 1-сатылары осы платформаның палубасына қонады.

SpaceX платформалары сияқты, саты қонған кезде бұл кемеде де адамдар болмайды. New Glenn-нің қазанның ортасына жоспарланған алғашқы ұшырылымында-ақ сатыны қондыруға әрекет жасалмақ.
👍2