IRBIS GPT — ҚАЗАҚШАҒА БЕЙІМ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛДІК МОДЕЛІ
Армениялық Армен Атаян қазақшаға арнайы бейімделген Irbis GPT жасанды интеллект тілдік моделін жасаумен айналысады. Маусымда ресми жарияланған түпнұсқа коды ашық өнімді 35 000+ қолданушы жүктеп алған. Тілдік модельдің қазақшаға қалай бейімделіп, қалай үйретілгенінің техникалық жай-жапсары мына мақалада айтылған.
Португалия, Сербия, Грузия, Таиланд, Ресей мен Қазақстанда тұратын 15 шақты адамнан құралған команданың жұмысын Бахт Ниязов, MOST Holding және Арменнің өзі қаржыландырып отыр. Толығырақ Digital Business сайтында жарияланған интервьюде айтылады.
ЖИ-ді үйрету үшін қазақ тіліндегі көптеген сапалы мәтіндер қажеті түсінікті. Алайда, Атаянның сөзінше, Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы ақпаратты ыңғайлы форматта бермей қойыпты. Сондықтан датасетті Уикипедия тегін ашық энциклопедиясынан және басқа да ашық ресурстардан алуға тура келген. Ол жерлердегі мәтіндердің сапасы ала-құла екені жақсы мәлім.
Irbis GPT моделін 3,9 млрд теңге мемлекет қаржысына жасалатын KazLLM тілдік моделімен шатастырмаңыздар.
#қазақстанғылымы

👍2
115. «ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ОТТЕГІ ЖАЛЫНЫ»
16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Эллиот Молина.
A Flame of Oxygen Between the Stars by Elliot Molina
Astronomy Photographer of the Year 2023
Générac, Occitanie, France, 17 February 2023
Equipment used: Sky-Watcher Newton 250/1200 telescope, Optolong L-extreme2" GPU coma corrector 4 elements lens, Sky-Watcher EQ6 Pro mount, Canon, EOS 6D camera, 1200 mm f/5, ISO 1000, 75 x 5-minute exposures
#астрофото2023

РЕКОРДШЫ 1-САТЫНЫҢ ҚАЛДЫҒЫ КАНАВЕРАЛ ПОРТЫНДА
ASOG платформасын сүйреген буксир 23 рет қолданылып, әлем рекордын жаңартқан B1062 нөмірлі 1-сатының қалдығын Канаверал портына жеткізді. Рекордшы үдеткіш қона сала омырылып кеткен еді. Зымыранның корпусы суға құлағанда, қозғағыштар блогы баржада қалған екен. Қону тіреулерінің бөлшектері де бар, бұл олардың бірінің сыну себебін анықтауға көмектесер. Кезінде рекордты 19-ға жеткізген Falcon 9 B1058 1-сатысы портқа қайтар жолда JRTI баржасынан құлап кеткен еді.

👍2🤨1
SPACEX САҒАТ АРАЛАТЫП ЕКІ ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ
2024 жылғы 31 тамыз, Алматы уақытымен 12:43-те Канавералдағы 40-шы алаңнан Starlink-8.10 миссиясы ұшырылғанын білесіздер. Ал 13:48-де Ванденбергтегі SLC-4E алаңынан Starlink-9.5 миссиясы көтерілген (фотода). Сонда екі ұшырылымның арасынде небәрі 1 сағат 5 минут өтті — SpaceX компаниясының жаңа рекорды 🏆 Бұрынғы жетістік 1 сағат 51 минут еді.
Тағы 42 Старлинктің ұшырылуымен олардың орбитадағы саны 6400-ге жақындады. SpaceX осымен қатарынан 15-ші миссияны сәтті орындап отыр — 27 шілдеден бастап! Және қатарынан екі 1-саты дұрыс қондырылып, жаңа серия басталды. 😜
Компанияның келесі старты — 4 қыркүйекте. Ал 6 қыркүйекке екі миссия жоспарланған, соның бірі — көптен күткен Polaris Dawn (12:38-де).
Credit: SpaceX
#зымыранұшыру

👍1
БҮГІН 21:39-ДА ЖЕРГЕ АСТЕРОИД ҚҰЛАЙДЫ
2024 жылғы 4 қыркүйекте, Алматы уақытымен 21:39-да (±1 минут) Филиппиннің солтүстігінде, Лусон аралы үстінде "CAQTDL2" деген уақытша атау берілген аспан денесі 17 км/сек жылдамдықпен Жер атмосферасына енеді. Оның диаметрі небәрі 1 метр, сондықтан еш қатер жоқ. Астероид затының 90%-і 100-ден 50 км-ге дейінгі биіктікте жанып кетеді, Жер бетіне ұсақ сынықтар ғана түсуі ықтимал.
Оқиға астероид атмосфераның жоғарғы қабаттарына енетін орыннан 700 км радиуста бақыланады. Бұл сәтте дененің айналасында түзілетін плазма бұлтының жарқырауы –13 жұлдыздық шамаға, яғни толған Айдың деңгейіне жетеді. Сондықтан Филиппин тұрғындарынан көптеген әдемі бейнероликтер күтеміз.
Негізі, өлшемі 1 сантиметрден 10 метрге дейінгі денелерді метеороид деп атаған дұрыс. Дене 10 метрден үлкен болса, астероид аталады. "CAQTDL2" метеороиды бүгін, 10:43-те ашылды. Астрономия тарихында осымен небәрі 9-шы астероидтың құлауы ғана алдын-ала болжанып отыр.

UPDATE: Кіші планеталар орталығы метеороидқа 2024 RW1 деген тұрақты атау берді. Оған қатысты 9 обсерваториядан 36 рет астрометриялық өлшеу жүргізілді. Аспан денесі 21:03-те Жер көлеңкесіне кіріп, бақыланбай қалды.
👍1