САТУРН МЕН АЙДЫҢ ТОҒЫСЫ
2024 жылғы 21 тамызда Айдың Сатурнды тұтқаны Англиядан жақсы бақыланды.
Фото авторы: Tom Williams
#астрокүнтізбе #фотокөрме

👍2
29 ТАМЫЗ, 18:00-ДЕ 107 КМ СУБОРБИТАҒА 6 АДАМ ҰШАДЫ
2024 жылғы 29 тамызда, Алматы уақытымен 18:00-де Blue Origin компаниясы New Shepard суборбиталық кемесін сегізінші рет экипажбен ұшырады. Бұл биылғы екінші ұшқышты миссия.
NS-26 миссиясының экипажы: Nicolina Elrick, Rob Ferl, Eugene Grin, Dr. Eiman Jahangir, Karsen Kitchen, Ephraim Rabin. Тікелей эфирге сілтеме.

CREW-9 ЭКИПАЖЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ
НАСА Crew-9 миссиясының жаңартылған құрамын жариялады:
Командир — Ник Хейг (NASA) 🇺🇲
Ұшқыш — Александр Горбунов (Роскосмос) 🇷🇺
Бұлармен бірге дайындалған Зина Кардман мен Стефани Уилсоннің келесі миссияларға тағайындалуға құқы бар. Александр Горбунов Crew Dragon кемесін басқаратын алғашқы ресейлік болмақ, Роскосмос өкілдері бұрын миссия маманы ретінде ұшатын.
Crew-9 2024 жылғы 24 қыркүйектен ерте ұшпайды. Келесі жылдың ақпанында Хейг пен Горбуновпен бірге НАСА астронавтары Бутч Уилмор пен Сунита Уильямс Жерге оралады. Олар ХҒС-қа маусымның басында Staliner ғарыш кемесімен келген еді.
#хғс

👍1
114. «УЛЫ ЖАҢБЫР»
Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.
16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Фергуа Касболт.
Poison Rain by Feargus Casbolt
Astronomy Photographer of the Year 2023
Nellim, Lapland, Finland, 15 February 2023
Equipment used: Canon EOS 20D camera, 18 mm f/4, ISO 1600, 1 x 10-second exposure
#астрофото2023

FALCON 9 ҚАЙТА ҰША БАСТАДЫ
28 тамызда Falcon 9 зымыранының кезекті 1-сатысы жүзбе платформаға қона сала бір тіреуі сынып, суға құлап түскен еді. Осылайша, қатарынан 267 үдеткіштің 3,5 жылға созылған сәтті қону сериясы жалғаспай қалды. SpaceX компаниясы ертеңіне-ақ ұшырылымдарды жалғастыруға дайын екенін FAA-ға хабарлады. Рұқсат 30-на берілді, 30 тамыздан 31-на қараған түні (бізше 31-і 12:43-те) Starlink-8.10 миссиясы ұшырылды. Оны орындаған B1069.18 1-сатысы JRTI платформасына сәтті қонды.
#зымыранұшыру

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ҚАРАҒАН ТҮНІ АУРИГИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫ ШЫҢЫНА ЖЕТЕДІ
28 тамыз — 5 қыркүйек арасында көрінетін Ауригидалар метеор ағыны биыл шыңына 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні жетеді екен. Жаздың соңғы, күздің бірінші түні сағатына 10 метеорға дейін байқалуы мүмкін. Небәрі 6%-тік Ай дискі бақылауға еш кедергі жасамайды.
Ағынның радианты — солтүстік-шығыста өрлейтін Auriga, яғни Жетекші шоқжұлдызында. Радиант көтерілген сайын метеор саны да арта түседі. Сондықтан аққан жұлдыздарды тамашалауға қолайлы мезгіл — түнгі 1-ден таң атқанша. Бірақ тура радиантқа қарау міндетті емес, метеордың көбі радиант пен тастөбенің арасынан байқалады.
МЕТЕОР АҒЫНЫН ҚАЛАЙ БАҚЫЛАҒАН ЖӨН
Жұлдыз жауынын толыққанды тамашалау үшін ауылға не тауға, ең болмаса қаладан алысырақ жерге барған жөн. Қала ішінде парк сияқты салыстырмалы түрде қараңғы, бірақ қауіпсіз орын табыңыз.
Кемі жарты сағаттай көзді қараңғыға үйретіп алу керек, сол себепті фара, қолшам жақпаңыз, телефонға да үңілмеңіз. Олардың жарығы көзді қарықтырып, әлсіз метеорларды көруге кедергі келтіреді. Керек болса, қызыл қолшам пайдаланыңыз.
Радиантқа көз тігу міндет емес, шалқалап аспанға қарап жатса болады. Түн салқындады, жылы киініңіз.
#астрокүнтізбе

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ АЭС-СІЗ ДАМУЫ МҮМКІН БЕ?
Пікірталасқа қазақстандық энергетик Әсет Наурызбаев пен ресейлік атомшы Борис Марцинкевич қатысты. Бейнеролик Sputnik Казахстан ВК-сынан алынды.
#атом_ел_қанаты

FALCON 9, CREW DRAGON, АЙ, МАРС, ЮПИТЕР
Канаверал базасындағы SLC-40 кешенінен Starlink-8.6 миссиясының ұшырылуы, 28 тамыз 2024 жыл. Бер жақта — Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңында тұрған зымыран үстіндегі Crew Dragon ғарыш кемесі. Онымен аттанбақ Polaris Dawn миссиясының жаңа ұшу уақыты әлі белгіленбеді.
Фото ұзақ экспозициямен түсірілген. Сондықтан Айдың оң жағынан қызыл Марс пен жарқыраған Юпитер сызған тректер байқалады.
Миссияны атқарған Falcon 9 зымыранының B1062 нөмірлі 1-сатысы қайта қолданылу рекордын 23-ке жеткізген еді. Алайда SpaceX компаниясы мұхиттағы платформаға қону кезіндегі сәтсіздік кесірінен рекордшы үдеткіштен айрылып қалғаны белгілі.
Credit: SpaceX
#фотокөрме

FALCON 9-ДЫҢ БАСҚА FALCON 9 ФОНЫНДА САМҒАУЫ
Ал мына фото, керісінше, 40-шы алаң жақтан түсірілген. Онда 2024 жылғы 27 шілдеде 39-шы алаңнан Starlink-10.9 миссиясын көтерген зымыранның жолы бейнеленген. Бергі пландағы SLC-40 алаңында басқа Falcon 9 ұшуға дайын тұр. Қызмет көрсету мұнарасындағы ғарышкерлер кемеге мінетін дәліз де анық байқалады.
Credit: SpaceX
#фотокөрме #зымыранұшыру

Физика және Ғарыш pinned «Біздің негізгі жобамыз — 2017 жылы ашылған «Физика және Ғарыш» YouTube-арнасы. Қазір онда 63 ойнату тізіміне топтастырылған 600-дей бейнеролик бар. https://www.youtube.com/channel/UCwNHFCovo35NWAjV2dmiP4A»
IRBIS GPT — ҚАЗАҚШАҒА БЕЙІМ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛДІК МОДЕЛІ
Армениялық Армен Атаян қазақшаға арнайы бейімделген Irbis GPT жасанды интеллект тілдік моделін жасаумен айналысады. Маусымда ресми жарияланған түпнұсқа коды ашық өнімді 35 000+ қолданушы жүктеп алған. Тілдік модельдің қазақшаға қалай бейімделіп, қалай үйретілгенінің техникалық жай-жапсары мына мақалада айтылған.
Португалия, Сербия, Грузия, Таиланд, Ресей мен Қазақстанда тұратын 15 шақты адамнан құралған команданың жұмысын Бахт Ниязов, MOST Holding және Арменнің өзі қаржыландырып отыр. Толығырақ Digital Business сайтында жарияланған интервьюде айтылады.
ЖИ-ді үйрету үшін қазақ тіліндегі көптеген сапалы мәтіндер қажеті түсінікті. Алайда, Атаянның сөзінше, Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы ақпаратты ыңғайлы форматта бермей қойыпты. Сондықтан датасетті Уикипедия тегін ашық энциклопедиясынан және басқа да ашық ресурстардан алуға тура келген. Ол жерлердегі мәтіндердің сапасы ала-құла екені жақсы мәлім.
Irbis GPT моделін 3,9 млрд теңге мемлекет қаржысына жасалатын KazLLM тілдік моделімен шатастырмаңыздар.
#қазақстанғылымы

115. «ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ОТТЕГІ ЖАЛЫНЫ»
16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Эллиот Молина.
A Flame of Oxygen Between the Stars by Elliot Molina
Astronomy Photographer of the Year 2023
Générac, Occitanie, France, 17 February 2023
Equipment used: Sky-Watcher Newton 250/1200 telescope, Optolong L-extreme2" GPU coma corrector 4 elements lens, Sky-Watcher EQ6 Pro mount, Canon, EOS 6D camera, 1200 mm f/5, ISO 1000, 75 x 5-minute exposures

РЕКОРДШЫ 1-САТЫНЫҢ ҚАЛДЫҒЫ КАНАВЕРАЛ ПОРТЫНДА
ASOG платформасын сүйреген буксир 23 рет қолданылып, әлем рекордын жаңартқан B1062 нөмірлі 1-сатының қалдығын Канаверал портына жеткізді. Рекордшы үдеткіш қона сала омырылып кеткен еді. Зымыранның корпусы суға құлағанда, қозғағыштар блогы баржада қалған екен. Қону тіреулерінің бөлшектері де бар, бұл олардың бірінің сыну себебін анықтауға көмектесер. Кезінде рекордты 19-ға жеткізген Falcon 9 B1058 1-сатысы портқа қайтар жолда JRTI баржасынан құлап кеткен еді.

👍2🤨1