ТАРИХИ LC-39A ҰШЫРУ АЛАҢЫ ӘУЕДЕН
Polaris Dawn экипажы мүшелерінің НАСА-ның Кеннеди ғарыш орталығы үстімен ұшып өтуі, 22 тамыз 2024.
Олар 28 тамыз күні Алматы уақытымен 12:38-де SpaceX жалға алып отырған мына тарихи LC-39A ұшыру алаңынан ғарыш сапарына шығуы тиіс.
Apollo миссиялары Айға аттанған, алғашқы Спейс Шаттл самғаған бұл тарихи алаңнан осы күнге дейінгі барлық Crew Dragon кемелері де ұшқан еді. Өздеріңіз білетіндей, қыркүйекке жоспарланған Crew-9 миссиясы алғаш болып Ғарыш күштерінің Канаверал базасындағы SLC-40 алаңынан көтеріледі.
Credit: John Kraus / Polaris

👍2
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 23-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД! БІРАҚ...
SpaceX компаниясы 2024 жылғы 28 тамызда үш Falcon 9 зымыранын ұшыруды жоспарлаған.
Кеннеди ғарыш айлағынан 12:38-де аттануы тиіс Polaris Dawn миссиясы кем дегенде екі тәулікке шегерілді. Бұған Crew Dragon ғарыш кемесі бірнеше күннен кейін қонатын айдындағы қолайсыз ауа райы себеп болды. Азық-түлік, ауа мен су қоры мол ХҒС-та ауа райының оңалуын бірнеше күн күтуге мүмкіндік бар, ал жеке ұшатын кемедегі ресурс есептеулі.
12:48-де Канаверал базасынан Starlink-8.6 миссиясы ұшырылды. Ол 21 Starlink v2 Mini жерсерігін (13-і Direct to Cell) төмен жермаңы орбитаға шығарды. Зымыранның B1062 нөмірлі 1-сатысы 23-ші рет қолданылып отыр — жаңа әлем рекорды 🏆
Рекордшы үдеткіш ASOG платформасына қонысымен бір жағына ауып, құлап түсті. Оның тіреулерінің бірі омырылып кеткен сияқты. SpaceX 2021 жылдың ақпанынан бері қатарынан 267 үдеткішті сәтті қондырған еді 🏆
Үдеткіштің құлау себебін анықтау қажеттігінен, 14:58-де Ванденбергтен ұшады делінген Starlink-9.5 миссиясы белгісіз мерзімге шегерілді. Бұл инцидент Polaris Dawn миссиясына да әсер етуі ықтимал.
#зымыранұшыру

САТУРН МЕН АЙДЫҢ ТОҒЫСЫ
2024 жылғы 21 тамызда Айдың Сатурнды тұтқаны Англиядан жақсы бақыланды.
Фото авторы: Tom Williams
#астрокүнтізбе #фотокөрме

29 ТАМЫЗ, 18:00-ДЕ 107 КМ СУБОРБИТАҒА 6 АДАМ ҰШАДЫ
2024 жылғы 29 тамызда, Алматы уақытымен 18:00-де Blue Origin компаниясы New Shepard суборбиталық кемесін сегізінші рет экипажбен ұшырады. Бұл биылғы екінші ұшқышты миссия.
NS-26 миссиясының экипажы: Nicolina Elrick, Rob Ferl, Eugene Grin, Dr. Eiman Jahangir, Karsen Kitchen, Ephraim Rabin. Тікелей эфирге сілтеме.

CREW-9 ЭКИПАЖЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ
НАСА Crew-9 миссиясының жаңартылған құрамын жариялады:
Командир — Ник Хейг (NASA) 🇺🇲
Ұшқыш — Александр Горбунов (Роскосмос) 🇷🇺
Бұлармен бірге дайындалған Зина Кардман мен Стефани Уилсоннің келесі миссияларға тағайындалуға құқы бар. Александр Горбунов Crew Dragon кемесін басқаратын алғашқы ресейлік болмақ, Роскосмос өкілдері бұрын миссия маманы ретінде ұшатын.
Crew-9 2024 жылғы 24 қыркүйектен ерте ұшпайды. Келесі жылдың ақпанында Хейг пен Горбуновпен бірге НАСА астронавтары Бутч Уилмор пен Сунита Уильямс Жерге оралады. Олар ХҒС-қа маусымның басында Staliner ғарыш кемесімен келген еді.
#хғс

👍1
114. «УЛЫ ЖАҢБЫР»
Гринуич обсерваториясы өткізген «Жыл астрофотографы-2023» конкурсының жүлдегер фотоларын жариялауды жалғастырайық.
16 жасқа дейінгі фотографтар арасында қысқа тізімге енген — Фергуа Касболт.
Poison Rain by Feargus Casbolt
Astronomy Photographer of the Year 2023
Nellim, Lapland, Finland, 15 February 2023
Equipment used: Canon EOS 20D camera, 18 mm f/4, ISO 1600, 1 x 10-second exposure
#астрофото2023

FALCON 9 ҚАЙТА ҰША БАСТАДЫ
28 тамызда Falcon 9 зымыранының кезекті 1-сатысы жүзбе платформаға қона сала бір тіреуі сынып, суға құлап түскен еді. Осылайша, қатарынан 267 үдеткіштің 3,5 жылға созылған сәтті қону сериясы жалғаспай қалды. SpaceX компаниясы ертеңіне-ақ ұшырылымдарды жалғастыруға дайын екенін FAA-ға хабарлады. Рұқсат 30-на берілді, 30 тамыздан 31-на қараған түні (бізше 31-і 12:43-те) Starlink-8.10 миссиясы ұшырылды. Оны орындаған B1069.18 1-сатысы JRTI платформасына сәтті қонды.

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ҚАРАҒАН ТҮНІ АУРИГИДАЛАР МЕТЕОР АҒЫНЫ ШЫҢЫНА ЖЕТЕДІ
28 тамыз — 5 қыркүйек арасында көрінетін Ауригидалар метеор ағыны биыл шыңына 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні жетеді екен. Жаздың соңғы, күздің бірінші түні сағатына 10 метеорға дейін байқалуы мүмкін. Небәрі 6%-тік Ай дискі бақылауға еш кедергі жасамайды.
Ағынның радианты — солтүстік-шығыста өрлейтін Auriga, яғни Жетекші шоқжұлдызында. Радиант көтерілген сайын метеор саны да арта түседі. Сондықтан аққан жұлдыздарды тамашалауға қолайлы мезгіл — түнгі 1-ден таң атқанша. Бірақ тура радиантқа қарау міндетті емес, метеордың көбі радиант пен тастөбенің арасынан байқалады.
МЕТЕОР АҒЫНЫН ҚАЛАЙ БАҚЫЛАҒАН ЖӨН
Жұлдыз жауынын толыққанды тамашалау үшін ауылға не тауға, ең болмаса қаладан алысырақ жерге барған жөн. Қала ішінде парк сияқты салыстырмалы түрде қараңғы, бірақ қауіпсіз орын табыңыз.
Кемі жарты сағаттай көзді қараңғыға үйретіп алу керек, сол себепті фара, қолшам жақпаңыз, телефонға да үңілмеңіз. Олардың жарығы көзді қарықтырып, әлсіз метеорларды көруге кедергі келтіреді. Керек болса, қызыл қолшам пайдаланыңыз.
Радиантқа көз тігу міндет емес, шалқалап аспанға қарап жатса болады. Түн салқындады, жылы киініңіз.
#астрокүнтізбе