Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
POLARIS DAWN СТАРТЫ 28 ТАМЫЗ, 12:38-ГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Polaris Dawn миссиясының ұшырылымы тура бір тәулікке, 28 тамыз, Алматы уақытымен 12:38-ге шегерілді. Бұған ұшыру қондырғысының тез алынатын қосқышындағы шлангокабельден гелий ағуы себеп.
👍3
Polaris Dawn миссиясын көтеретін Falcon 9 B1083.4 зымыранының тұтандыру сынағынан көріністер.
👍3
POLARIS DAWN ЭКИПАЖЫ

Командир — Джаред Айзекман, 41 жаста, миссияның тапсырыс берушісі және идея авторы. 2021 жылғы Inspiration4 толық жекеменшік ғарыш миссиясының командирі ретінде ғарышта 3 күн өткізген. Shift4 электрон сауда компаниясының атқарушы директоры, миллиардер. Джаред — аэронавтика бакалавры, тәжірибелі ұшқыш, 7000 сағаттан астам ұшып, 100-ден аса авиашоуға қатысқан, Жерді айнала ұшу жылдамдығы бойынша бірнеше әлем рекордын жасаған. Ол жекеменшік ұшқыштар мектебі мен МиГ-29 жойғыш ұшағының иесі.

Айзекман — танымал филантроп (қайырымдылық жасаушы), St. Jude Children Research Hospital балалар ауруханасы базасындағы медициналық зерттеу орталығының құрушысы әрі бас демеушісі. Үйленген, 2 баласы бар.

Polaris Dawn миссиясы барысында Джаред ашық ғарышқа шыққан бірінші әуесқой ғарышкер атануы тиіс. Ол сондай-ақ Crew Dragon кемесімен ғарышқа 2 рет ұшқан алғашқы адам болмақ.

Ұшқыш — Скотт Потит, 50 жаста, әскери ұшқыш, сынаушы-ұшқыш, доғарыстағы ӘӘК подполковнигі. Ұшақ штурвалында 3200 сағат өткізген (5 жауынгерлік операцияда 400 сағат). Қазір Айзекманның ұшқыштар мектебінің директоры, Shift4 компаниясының стратегия бойынша вице-президенті. Триатлоншы, 15 Ironman жарысына, 4 әлем чемпионатына қатысқан. Үйленген, 3 баласы бар.

Миссия маманы — Сара Гиллис, 30 жаста, SpaceX компаниясының жетекші инженері. Компания астронавтарын үйретеді, мысалы Demo-2, Crew-1, Inspiration4 экипаж мүшелерін дайындаған. Dragon кемелері миссияларының диспетчері міндетін атқарған. Күйеуі де SpaceX қызметкері. Сара Гиллис осы сапар барысында ашық ғарышқа шығуы тиіс.

Миссия маманы / дәрігер — Анна Менон, 38 жаста, SpaceX компаниясының жетекші инженері. Миссиялар директоры және диспетчері, Demo-2, Crew-1, 3, 4, Axiom-1, CRS-22, 23 миссияларының диспетчері болған. 7 жыл НАСА-ның биомедициналық диспетчері болып істеген, әуесқой ұшқыш. Анна — SpaceX-тің бұрынғы бас дәрігері, қазіргі НАСА астронавты Анил Менонның әйелі, екі балалары бар.
👍2
Credit: John Kraus / Polaris
👍3
ТАРИХИ LC-39A ҰШЫРУ АЛАҢЫ ӘУЕДЕН

Polaris Dawn экипажы мүшелерінің НАСА-ның Кеннеди ғарыш орталығы үстімен ұшып өтуі, 22 тамыз 2024.
Олар 28 тамыз күні Алматы уақытымен 12:38-де SpaceX жалға алып отырған мына тарихи LC-39A ұшыру алаңынан ғарыш сапарына шығуы тиіс.

Apollo миссиялары Айға аттанған, алғашқы Спейс Шаттл самғаған бұл тарихи алаңнан осы күнге дейінгі барлық Crew Dragon кемелері де ұшқан еді. Өздеріңіз білетіндей, қыркүйекке жоспарланған Crew-9 миссиясы алғаш болып Ғарыш күштерінің Канаверал базасындағы SLC-40 алаңынан көтеріледі.

Credit: John Kraus / Polaris
👍2
POLARIS DAWN 30 ТАМЫЗДАН ЕРТЕ ҰШПАЙТЫН БОЛДЫ

Dragon кемесі апатты жағдайда суға қонуы тиіс аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты Polaris Dawn миссиясы бүгін-ертең ұшпайтын болды. Флорида жағалауындағы ауа райы қадағалануда, старттың жаңа уақыты кейін хабарланады.
👍2
SPACEX ЗЫМЫРАН САТЫСЫН 23-ШІ РЕТ ҚОЛДАНДЫ — ЖАҢА РЕКОРД! БІРАҚ...

SpaceX компаниясы 2024 жылғы 28 тамызда үш Falcon 9 зымыранын ұшыруды жоспарлаған.

Кеннеди ғарыш айлағынан 12:38-де аттануы тиіс Polaris Dawn миссиясы кем дегенде екі тәулікке шегерілді. Бұған Crew Dragon ғарыш кемесі бірнеше күннен кейін қонатын айдындағы қолайсыз ауа райы себеп болды. Азық-түлік, ауа мен су қоры мол ХҒС-та ауа райының оңалуын бірнеше күн күтуге мүмкіндік бар, ал жеке ұшатын кемедегі ресурс есептеулі.

12:48-де Канаверал базасынан Starlink-8.6 миссиясы ұшырылды. Ол 21 Starlink v2 Mini жерсерігін (13-і Direct to Cell) төмен жермаңы орбитаға шығарды. Зымыранның B1062 нөмірлі 1-сатысы 23-ші рет қолданылып отыр — жаңа әлем рекорды 🏆

Рекордшы үдеткіш ASOG платформасына қонысымен бір жағына ауып, құлап түсті. Оның тіреулерінің бірі омырылып кеткен сияқты. SpaceX 2021 жылдың ақпанынан бері қатарынан 267 үдеткішті сәтті қондырған еді 🏆

Үдеткіштің құлау себебін анықтау қажеттігінен, 14:58-де Ванденбергтен ұшады делінген Starlink-9.5 миссиясы белгісіз мерзімге шегерілді. Бұл инцидент Polaris Dawn миссиясына да әсер етуі ықтимал.
#зымыранұшыру
👍2
САТУРН МЕН АЙДЫҢ ТОҒЫСЫ

21 тамыз 2024 жыл.
Фото авторы: Damian Peach
#астрокүнтізбе #фотокөрме
👍2
САТУРН МЕН АЙДЫҢ ТОҒЫСЫ

2024 жылғы 21 тамызда Айдың Сатурнды тұтқаны Англиядан жақсы бақыланды.
Фото авторы: Tom Williams
#астрокүнтізбе #фотокөрме
👍2
29 ТАМЫЗ, 18:00-ДЕ 107 КМ СУБОРБИТАҒА 6 АДАМ ҰШАДЫ

2024 жылғы 29 тамызда, Алматы уақытымен 18:00-де Blue Origin компаниясы New Shepard суборбиталық кемесін сегізінші рет экипажбен ұшырады. Бұл биылғы екінші ұшқышты миссия.

NS-26 миссиясының экипажы: Nicolina Elrick, Rob Ferl, Eugene Grin, Dr. Eiman Jahangir, Karsen Kitchen, Ephraim Rabin. Тікелей эфирге сілтеме.
👍2
CREW-9 ЭКИПАЖЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ

НАСА Crew-9 миссиясының жаңартылған құрамын жариялады:
Командир — Ник Хейг (NASA) 🇺🇲
Ұшқыш — Александр Горбунов (Роскосмос) 🇷🇺

Бұлармен бірге дайындалған Зина Кардман мен Стефани Уилсоннің келесі миссияларға тағайындалуға құқы бар. Александр Горбунов Crew Dragon кемесін басқаратын алғашқы ресейлік болмақ, Роскосмос өкілдері бұрын миссия маманы ретінде ұшатын.

Crew-9 2024 жылғы 24 қыркүйектен ерте ұшпайды. Келесі жылдың ақпанында Хейг пен Горбуновпен бірге НАСА астронавтары Бутч Уилмор пен Сунита Уильямс Жерге оралады. Олар ХҒС-қа маусымның басында Staliner ғарыш кемесімен келген еді.
#хғс
👍1