12 мамырда Құс Жолы орталығындағы Мерген A* аса ауыр қара құрдымының алғашқы кескіні жарияланғаны есіңізде ме? Ал осы галактика ядросы аспанның қай тұсында? Арнамыздағы жаңа роликтен біліңіз: https://youtu.be/_PJfvv4qidM
YouTube
Мергендегі Шәйнек астеризмі көмегімен Құс Жолының орталығын табу
Шілдеде аспан қараңғы болса, жұлдыздар және тозаң мен газ бұлттары тығыз ұйысқан Құс Жолы орталығын оңтүстіктен көруге болады. Ал Құс Жолы көріне қоймайтын қалада тұрсақ, бізге Мергендегі Шәйнек ретінде танымал бір топ жұлдыз көмектеседі.
Шәйнек — көзге…
Шәйнек — көзге…
👍2
Мына ғаламат суреттерді Хаббл ғарыштық телескопы түсірген. Одан 100 есе қуатты Уэбб не көрсетер екен?!
12 ШІЛДЕ 20:30
12 ШІЛДЕ 20:30
👍2
КҮН ЖАРЫҒЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ЖЕР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 99%-ІНЕ ТҮСКЕН
Жылына бір рет Жер тұрғындарының 99%-і бір мезгілде не тіке түскен, не атмосферада шашыраған Күн жарығын көретін сәт болады екен. 2022 жылы бұл оқиға 8 шілдеде UTC бойынша 11:15-те (Алматы уақытымен 17:15-те) тіркелген. Жерлестеріміздің 83%-і, яғни 6,440 млрд адам үшін бұл кезде күндіз болса, тағы 16% (1,248 млрд адам) іңірдің үш кезеңінің бірін көрген.
Бірақ ақиқатын айтсақ, олардың 443 миллионы навигациялық, 257 миллионы астрономиялық іңір кезеңінде тұрғандықтан, түннен пәлендей айырмашылықты байқамаған да шығар. Тағы 80 млн Жер тұрғыны бұл сәтті нағыз түн құшағында өткізген екен.
Сондықтан айтылған сәтте Жердің күндізгі жағында тұрған 6440 млн адамға, азаматтық іңірдегі 548 млн-ды және навигациялық іңірдегі 443 млн-ның жартысын қоссақ, шын мәнінде Күн жарығын сезінген 7,2 млрд жанды аламыз. Бұл — планета тұрғындарының 93%-і, яғни өте үлкен сан.
Астрономиялық қызық фактты екі жағдайдың ұштасуы туғызады:
1. Жер құрлықтарының көбі планетаның бір бетінде орналасқандықтан, осы жақта күндіз болатын уақыт;
2. Солтүстік жартышарда жарық күні ұзаратын маусымдағы күн тоқырауынан 17 тәуліктен соң, Күн оңтүстікке жылжып, халықтың көбі тұратын Солтүстік жартышарға қосымша, Индонезия мен Филиппин архипелагтарына да нұрын төккен.
#астродерек #геодерек

УЭББ АЛҒАН БІР КЕСКІН ОСЫ ТҮНДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ!
11 шілдеде жергілікті уақытпен 17:00-де (Алматы уақытымен 12 шілде, 03:00) АҚШ президенті Джо Байден Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы суреттердің бірімен таныстырады. Тікелей эфир — NASA TV арнасында. Кескін сол сәтте НАСА сайтында жарияланады.
«Уэбб ғарыштық телескопы: миссияға кіріспе» атты бейнероликті еске түсірейік.
https://youtu.be/tYhzjhaMVYw

Уэбб ғарыштық телескопы: миссияға кіріспе
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы (JWST), оның миссиясы және онда қолданылған керемет технологиялармен танысыңыз.
Тарихтағы ең үлкен, ең қуатты және ең қымбат ғарыштық телескоп астрономияда теңдесі жоқ жаңалықтар ашады деп болжанып отыр. Соңғы отыз жылдағы…

🔥2
УЭББТЫҢ АЛҒАШҚЫ НЫСАНАЛАРЫ
2022 жылы 12 шілдеде Уэбб телескопы алған алғашқы толықтүсті суреттер мен спектрограмма жарияланатыны белгілі. НАСА қандай ғарыш нысандары түсірілгенін айтты.
1. Киль Тұмандығы (NGC 3372) — аспандағы ең үлкен және жарық тұмандықтың бірі, Киль шоқжұлдызының Эта жұлдызы маңында. Жерден 7600 жарық жылы қашықтықта.
Тұмандықтың Хаббл телескопы 2010 жылы алған кескініндегі бір аймақ Жұмбақтау немесе Ғарыштағы салт атты деп аталады. Түзіліп жатқан жұлдыздар шығарған газ ағыстары айналадағы газ бен тозаң бұлттарымен әсерлесіп, ғаламат көрініс туғызған. Ұстынның биіктігі 3 жарық жылындай (28,5 трлн км).
2. Оңтүстік Сақина Тұмандығы (Сегіз жарқыл Тұмандығы, NGC 3132) — ең жақын планетар тұмандықтың бірі. Желкен шоқжұлдызында орналасқан, бізден 2000 жарық жылында. Диаметрі 1 жарық жылындай.
Тұмандықты қосар жұлдыздың әлсіз сыңары — ыстық ақ ергежейлі (Хаббл түсірген суретте — оң жақ жоғарыда) лақтырып тастаған. Тұмандықты жарқыратып тұрған да оның ультракүлгін сәулеленуі.
3. Стефан Квинтеті — Пегас шоқжұлдызындағы бес галактика. Сары түсті төртеуі (NGC 7319, NGC 7318A, NGC 7318B, NGC 7317) — бізден 290 млн жарық жылы қашықтықтағы өзара әсерлесетін галактикалар тобын құрайды. NGC 7318B мен NGC 7318A-ның соқтығысқан жерінде орасан зор мөлшерде молекулалық сутегі түзілуде.
NGC 7320 — оларға қатысы жоқ, беріректегі галактика. 40 млн жарық жылында, Hubble кескінінде көк түсті.
4. SMACS 0723 — бер жақтағы ауыр галактикалар шоғыры әрідегі нысандардың жарығын ұлғайтып, бұрмалайды. Осындай гравитациялық линзаның арқасында төтенше алыс, сондай-ақ жарығы әлсіз галактикаларды көруге мүмкіндік бар.
5. WASP-6b (спектрограмма) — Көнектегі WASP-6 жұлдызын айналатын экзопланета, газды алып. Юпитерден үлкен, бірақ массасы одан екі еседей жеңіл. Жұлдызға жақын болғандықтан (6 млн км), беті өте ыстық, 1600 градустай деп болжанады. Айналу периоды 3,4 тәулік, транзит әдісімен 2014 жылы ашылған. Жерден 1150 жарық жылы қашықтықта.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2022 жылғы 29-шы ұшырылым
11 шілде 07:39. Ванденберг, SLC-4E. Starlink-3.1 миссиясы — 46 Starlink v1.5 жерсерігін 560 км гелиосинхрон поляр орбитаға шығару
50-ші Starlink миссиясы!

👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Falcon 9 B1063.6 1-сатысы OCISLY платформасына қонды.
Жүзбе платформаға қонған жүзінші саты!
Жүзбе платформаға қонған жүзінші саты!
АЛҒАШҚЫ КЕСКІН!
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы кескін — Әлемнің тарихтағы ең терең әрі айқын инфрақызыл кескіні. SMACS 0723 галактикалар шоғырының суреті Уэббтың Алғашқы терең шолуы деген атқа ие болды. Мыңдаған галактикалар, соның ішінде инфрақызыл диапазонда бұрын-сонды бақыланған ең бұлыңғыр нысандар, алғаш рет Уэббтың көзқарас аясына ілікті. Алып Әлемнің осы кішкене аймағы аспанның созған қолдағы құм түйіршігіндей бөлігін қамтиды.
Credits: NASA, ESA, CSA, and STScI

🤯2
УЭББТЫҢ БІРІНШІ ТЕРЕҢ ШОЛУЫ
Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы алған алғашқы терең шолуға үңілейік. Алты сәулелі жарық жұлдыздарға назар аудармаңыз — бұлар біздің Құс Жолы галактикасының жұлдыздары. SMACS 0723 галактикалар шоғырының осыдан 4,6 миллиард жыл бұрынғы көрінісін жарық ақ галактикалар қалыптастырады. Ортадағы өте жарық ақ эллипс галактиканы және бүкіл кескіндегі кішілеу ақ галактикаларды тауып алыңыз — қашық нысандар пішінін бұрмалайтын осылар.
Бұлардың зор жалпы гравитациясы әріректе жатқан әлдеқайда алыс галактикалар жарығын ұлғайтып әкеліп, иіп, созып. қисайтып жіберген. Бұл алыс галактикалар ортадағы қызғылт ұзын доғалар түрінде көрініп тұр. Бергі галактикалардың тарту күші туғызған "ұлғайтқыш шыны" болмағанда, бұлардың әлсіз жарығы бақыланбас та еді. Құбылыс гравитациялық линза деп аталады.
Шолу Уэббтың NIRCam таяу инфрақызыл камерасы 12,5 сағат жинаған кескіндерден құрастырылған. Десе де ол Хаббл телескопы апталап жасаған шолулардан терең. Бұл кескіндегі көптеген алыс галактикалар алғаш рет бақыланып отыр. Олар әлі ресми тізбелерге енгізілмегендіктен, аттары да жоқ.
Уэбб телескопы Әлемнің қазіргі таңдағы ең терең көрінісін назарымызға ұсынды — ондағы жаңа ақпарат бастан асады. Алдағы бірнеше жылда Уэбб галактикалардың қалай түзіліп, дамығаны жайлы білімімізді өзгертеді. Уэбб планеталар мен алыс жұлдыздардан ғарыштың бастауына дейінгі Әлем туралы түсінігімізді өзгертеді.
УЭББ ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ!

WEBB VS. HUBBLE
Жерден бір түйіршік құм алыңыз да, қолыңызды созып, аспанға қараңыз. Түйіршік көктің қанша бөлігін жауып тұр? Уэббтың Бірінші терең шолуы аспанның осынша кішкене аймағын қамтиды. Уэбб алған кескінде, алтысәулелі жұлдыздардан басқаның бәрі — галактика. Ғарыштағы жаңа телескоп кішкентай аумақтан мыңдаған галактика тапты. Олардың әрбірінің жарығы — галактиканы құрайтын жүздеген миллиард жұлдыздың бірлескен нұры.
Салыстыру үшін, дәл осы аумақтың Хаббл телескопы түсірген кескіні ұсынылып отыр (оң жақта). Жаңа телескоп Хаббл көре алмаған көптеген галактиканы байқады. Мұның бірнеше себебі бар. Уэбб айнасы Хабблдікінен бірнеше есе үлкен болғандықтан, анағұрлым көп жарық жинайды. Уэбб ортадағы газ бен тозаң тұтпайтын инфрақызыл диапазонның әрірек бөлігінде бақылау жүргізеді. Уэббтың ғылыми аспаптары әлдеқайда жетілдірілген және өте төмен температурада жұмыс істейді. Нәтижесінде, Уэббтың Әлемге көзқарасы әлдеқайда терең: кеңістікте де, уақыт бойынша да.

👍4
УЭББ ЭКЗОПЛАНЕТАДАН СУ ТАПТЫ
WASP-96b — Феникстегі WASP-96 жұлдызын айналатын экзопланета, газды алып. Жерден 1150 жарық жылы қашықтықта. Жұлдызға жақын болғандықтан, беті өте ыстық, 1000 градустай деп болжанады.
Уэбб алған спектрограмма Күнге ұқсас қызыл алыпты айналатын экзопланета атмосферасында су барын анық көрсетті, сондай-ақ тұман мен бұлттың айғағын тапты.
Image credits: NASA, ESA, CSA, STScI

❤1👍1