Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
СТАРБЕЙСТЕГІ ЕКІНШІ МҰНАРА

SpaceX компаниясының Starbase кешенінде екінші қызмет көрсету мұнарасы құрастырылып бітті. Енді оған жүкшығыр, отын құятын шланг, толып жатқан басқа да жабдықтар орнатылады. Жаңа мұнарадағы Мехазилла робоқолдары бірінші мұнарадағыдан қысқалау, демек ебедейлірек болмақ.
👍2
ҚОС МҰНАРА
👍2
ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ ҒАРЫШ АППАРАТЫ ҚОСАР ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ МАНЕВР ЖАСАДЫ

2024 жылғы тамызында еуропалық JUICE ғарыш аппараты космонавтика тарихында алғаш болып қосар гравитациялық маневр жасады. 19 тамызда кешке ол Ай бетінен 750 километрде өтсе, бір тәуліктен астам уақыттан кейін Жер бетінен 6850 километр биіктікте ұшып өтті. Қосымша үдеу алған станса траекториясын 100 градусқа иіп, Шолпанға бет алды. Келесі жылғы тамыздың соңғы күні ол Шолпан тұсында маневр жасайды. Содан соң JUICE-ті Жер тұсындағы тағы екі гравитациялық маневр күтіп тұр (29 қыркүйек 2026, 18 қаңтар 2029).

Осы маневрлер нәтижесінде алған үдеу аппаратқа Юпитерге аттануға мүмкіндік береді. Ол Юпитер маңындағы орбитаға 2031 жылы шілдеде шығуы тиіс. 2034 жылдың желтоқсанында JUICE Юпитердің серігі Ганимедті айнала бастайды. Миссия 2035 жылдың соңында Ганимед бетіне құлаумен аяқталады.

Ай тұсынан өткен кезде JUICE бортындағы 11 ғылыми аспаптың бәрі, ал Жер маңынан өткенде — сегізі қосылды. Алынған деректер олардың функционалдығын тексеруге қажет. 2023 жылғы көкекте ұшырылған миссия жайлы толығырақ — арнамыздағы бейнероликте.

#ғарыштарихы
👍2
Credit: ESA / Juice / JMC
👍2
АЛҒАШ РЕТ БІР МЕЗГІЛДЕ ЕКІ CREW DRAGON КЕМЕСІ ҰШУҒА ДАЙЫН ТҰР

Олар — 27 тамыз, біздің уақытпен 12:38-ге шегерілген Polaris Dawn мен 24 қыркүйекке жоспарланған Crew-9 миссияларына арналған C207.3 Resilience пен C212.4 Freedom ғарыш кемелері. Crew-8 миссиясының C206.5 Endeavour кемесі қазір Халықаралық ғарыш стансасына түйісіп тұр. Желтоқсанда ұшуы мүмкін Fram2 миссиясы C210.4 Endurance кемесімен аттанады.

SpaceX компаниясының Dragon 2 кемелерінің нөмірлену реті:
• C — Dragon кемелеріне ортақ әріп
• "2" цифры — екінші буындағы Dragon 2 кемесін білдіреді
• келесі екі цифр — Crew Dragon ұшқышты кемесі немесе Cargo Dragon жүк кемесінің реттік нөмірі
• нүктеден кейінгі сан — капсуланың нешінші рет қолданылып тұрғанын көрсетеді
• Crew Dragon кемелерінің әрқайсына нөмірге қоса жеке ат қойылған

Жоғарыда айтылған төрт Crew Dragon-ға қосымша C213 ғарыш кемесі құрастырылып жатыр. Ол алғаш 2025 жылғы Crew-10 миссиясында қолданылады. Dragon 2 кемесінің C201–C203 прототиптері бастапқы сынақтарға пайдаланылды. 2019 жылы наурызда Demo-1 ұшқышсыз сынақ миссиясын атқарған C204 капсуласы кейін Жердегі сынақ барысында жарылып кетті. C205 кемесі апаттық құтқару жүйесінің ұшудағы сынағын жүзеге асырды.

Компанияның қолында қазір C208 (4 рет ұшып келді), C209 (4), C211 (2) нөмірлі Cargo Dragon жүк кемелері де бар. 2010–2020 жж. C101—C113 Dragon 1-ші буын жүк кемелері 2 сынақ пен 19 ХҒС-ты қамтамасыз ету миссиясын орындады, 1 миссия зымыран апаты кесірінен сәтсіздікке ұшырады. Cargo Dragon ХҒС-тан Жерге жүк қайтара алатын жалғыз кеме болып қалып отыр.

#ғарыштарихы
👍1
Фото: SpaceX
👍2
STARLINER ЭКИПАЖЫ ЖЕРГЕ CREW DRAGON КЕМЕСІМЕН ОРАЛАДЫ!

Теңдессіз, сенсациялық, бірақ бәрі күткен шешім қабылданды. Ол НАСА 2024 жылғы 24 тамызда өткізген брифиңде жарияланды. Баспасөз мәслихатында айтылған кейбір маңызды жәйттерді қысқаша баяндайық.

— НАСА директоры Билл Нельсон:
«НАСА Бутч пен Суни 2025 жылдың ақпанында Crew-9 миссиясымен бірге SpaceX Crew Dragon кемесімен қайтады деп шешті».

— Boeing Starliner ғарыш кемесі ХҒС-тан қыркүйектің басында ажыратылып, Жерге бос қайтарылады.

— Crew-9 миссиясы 24 қыркүйекте не кейін ұшырылады, экипаж құрамы кейінірек анықталады.

— Boe-CFT экипажының Старлайнермен қайтпауы жайлы шешім Challenger мен Columbia шаттлдарының қайғылы қазасынан алынған сабақтан туындады. «Бұл оңай шешім емес, бірақ ол абсолют дұрыс. Starliner кемесі қозғағыштарының істемей қалуы ықтималдығы тым жоғары».

— НАСА бақылау кеңесі шешімді бірауыздан қабылдады. Талқылау барысында мамандардың 15-20%-і экипаждың Starliner кемесімен қайтуын қолдады, алайда олар қорытынды пікірін өзгертіп, SpaceX кемесімен оралуды құптады.

— «Жалпы алғанда, Starliner өзін тек тамаша жағынан көрсетті. Миссия барысында көптеген нәтижеге қол жетті. Старлайнердің экипажсыз қайтуы жай "бақытсыз жағдай" болғаны ол Жерге қонғаннан кейін анықталады. Кемені сынақ ұшырылымға дайындауда қате жіберілгені анық, оларды түзетуге барымызды саламыз».

— Boeing корпорациясы Starliner-мен жұмысты жалғастырады, «ол ХҒС-қа тағы да адаммен ұшатынына 100% сенімдімін».

— Брифиңге Boeing өкілдерінің қатыспауына кеменің ұшқышсыз не экипажбен қайтуы туралы шешімді НАСА қабылдайтындығы себеп.

— «Қабылданған шешімге саясаттың еш әсері болған жоқ».

#хғс #ғарыштарихы көз алдымызда жазылып жатыр
👍3
Байқоңырдан Прогресс МС-28 жүк кемесін көтерген Союз 2.1а зымыранының старты, 15 тамыз 2024
Фото: Matthew Dominick, ХҒС бортынан

Кеме 2-кескінде нұсқағышпен көрсетілген
👍2👎1
POLARIS DAWN МИССИЯСЫНЫҢ ЗЫМЫРАНЫ СТАРТТА

Polaris Dawn миссиясының Crew Dragon C207.3 Resilience ғарыш кемесі мен Falcon 9 B1083.4 зымыраны Кеннеди ғарыш орталығының LC-39A ұшыру алаңына тік қойылды. Ұшырылым 27 тамыз, 12:38-ге жоспарланып отыр.

Кеменің жоғарғы жағындағы конус пішінді капсула парашюттер көмегімен суға қонып, қайта қолданылады. Қанаттары мен күн панельдері бар цилиндр пішінді қызметтік бөлім қайтар жолда одан ажырап, атмосферада жанып кетеді. Falcon 9 зымыранының 1-сатысы мұхиттағы платформаға немесе құрлыққа қонады да басқа миссияны ұшыруға дайындалады. Ал 2-саты пайдалы жүктемені орбитаға шығарған соң жанып кетеді. SpaceX компаниясы Starship аса ауыр зымыран жүйесін толық қайта қолдануға қол жеткізбекші.

Credit: SpaceX
👍3
POLARIS DAWN СТАРТЫ 28 ТАМЫЗ, 12:38-ГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Polaris Dawn миссиясының ұшырылымы тура бір тәулікке, 28 тамыз, Алматы уақытымен 12:38-ге шегерілді. Бұған ұшыру қондырғысының тез алынатын қосқышындағы шлангокабельден гелий ағуы себеп.
👍3