Физика және Ғарыш
105 subscribers
3.47K photos
709 videos
13 files
1.02K links
Ғарышты зерттеу және игеру туралы. Астрономия, космонавтика жаңалықтары. Күрделі физикалық теориялар қарапайым тілмен.

YouTube-арна: https://www.youtube.com/@phyandspace

Facebook-парақша: https://www.facebook.com/phyandspace/
Download Telegram
Курск Халық Республикасынан бір фото болсын😉
Курск қаласы (51°43′ с.е.)
👍1
POLARIS DAWN ЭКИПАЖЫ ДАЙЫНДЫҚТЫ ТӘМАМДАДЫ

Polaris Dawn ғарыш миссиясы экипажының мүшелері Джаред Айзекман (командир), Скотт Потит (ұшқыш), Сара Джиллис пен Анна Менон (миссия мамандары) дайындығын аяқтап, ұшуға сертификат алды. Миссия 26 тамызда ұшырылып, 31-не дейін созылады деп жоспарланып отыр.

Кеменің биік эллипс орбитасының апогейі бастапқыда 1400 км-ге жетіп, Ван Аллен радиациялық белдеуінің бір бөлігін кесіп өтеді. Бұл ғарыштағы радиацияның адам ағзасына әсерін зерттеу үшін әдейі жасалады. Apollo бағдарламасы аяқталғалы бергі 52 жылда адам баласы Жерден мұншалық алыстап көрген емес. Кейін орбита 190 х 750 км-ге дейін түсіріледі. Миссия соңына таман Айзекман мен Джиллис ашық ғарышқа шыққан тарихтағы алғашқы әуесқой ғарышкерлер атануы тиіс.

Credit: Polaris Dawn
👍2
SLC-40 КЕШЕНІНЕН 200-ШІ FALCON 9 КӨТЕРІЛДІ, АЛ ЖАҚЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҒАРЫШКЕРЛЕР ҰШПАҚ

Maxar 2 миссиясы АҚШ Ғарыш күштерінің Канаверал базасындағы SLC-40 ұшыру алаңынан SpaceX компаниясы жасаған 200-ші ұшырылым болды. 1965–2005 жылдары АҚШ Әскери-Әуе күштері 55 Titan зымыранын самғатқан бұл алаңды 2007-де SpaceX жалға алған еді. Компания оны Falcon 9 зымыранымен ХҒС-қа Dragon жүк кемелерін аттандыратын кешенге айналдырды. Жаңа старт құрылғысы, зымыранды тік жинау ғимараты соғылып, Transporter-Erector тасымалдау-тіктеу жүйесі орнатылды. Алаң 2013-те Falcon 9 v1.1 нұсқасына бейімделіп қайта жабдықталған соң, одан жерсеріктер де көптеп ұшырыла бастады.

2016 жылғы 1 қыркүйекте, израильдік Amos-6 жерсерігін ұшыруы тиіс зымыранға отын құю кезінде жарылыс болып, тасығыш пен жүктеме жойылып кетті. Қатты зақымдалған старт кешеніне 2017-нің желтоқсанына дейін күрделі жөндеу жасауға тура келді. Әрине компания кешенді тек қалпына келтіріп қоймай, ұшу аралығын қысқарту үшін елеулі жетілдірді. SLC-40 Falcon 9 зымыранын ұшыратын басты алаңға айналды (365 старттың 200-і, басқа екі алаңнан — 165).

Қарқынды қолданылып жатқанына қарамастан, кешен одан әрі жетілдірілуде. Қызмет көрсету мұнарасына ғарышкерлер ұшқышты кемеге мінетін құрылғы орнатылды. Сөйтіп, Crew Dragon ғарыш кемесінің қыркүйектің соңына жоспарланған Crew-9 миссиясы 40-шы алаңнан аттанатын алғашқы ұшқышты сапар болмақ! Crew Dragon әзірге тек Кеннеди ғарыш орталығындағы тарихи LC-39A алаңынан аттанып жүр.

#зымыранұшыру #ғарыштарихы
👍2
SPACEX ЖЫЛ СОҢЫНДА FRAM2 ПОЛЯР ҒАРЫШ МИССИЯСЫН ҰШЫРАДЫ

26–31 тамызға межеленген Polaris Dawn миссиясы ғарышкерлері дайындықты аяқтағанда, SpaceX биылғы 4-ші тоқсанда тағы бір жекеменшік ғарыш сапарын ұйымдастыратыны жарияланды! Fram2 — орбитасы Жер полюстері үстінен өтетін тарихтағы алғашқы ұшқышты ғарыш миссиясы. Ол даңқты поляр зерттеушісі Фритьоф Нансеннің "Фрам" шхунасының құрметіне аталған.

Миссияны мальталық криптовалюталық кәсіпкер әрі саяхатшы Чун Ван басқарады. Crew Dragon ғарыш кемесінде сондай-ақ норвег режиссеркасы Яннике Миккельсен (кеме командирі), аустралиялық поляр зерттеушісі Эрик Филипс (ұшқыш), неміс робототехник-ғалымы Рабеа Патрисия Рогге (миссия маманы) болады. Төртеуі де ғарышқа алғаш ұшайын деп отыр. Олар қысқа, қарқынды дайындықты бастап кетті.

Falcon 9 зымыраны кемені биіктігі 425–450 км, көлбеулігі 90° поляр орбитаға шығарады. Миссия 3–5 күнге созылады. Crew Dragon Endurance кемесінің тұмсығына бұрын Inspiration4 миссиясында қолданылған мөлдір күмбез орнатылады. Экипаж поляр шұғыласына ұқсас STEVE секілді жарық құбылыстарын зерттеп, алғаш рет адамды ғарышта рентгенге түсіреді, ғарыш сапарының мінез-құлық саулығына әсерін зерделейді.

Fram2 Crew Dragon кемесімен аттанатын 6-шы жекеменшік миссия болмақ. Axiom Space компаниясының Ax-1, 2, 3 миссияларында Axiom-ның кәсіби ғарышкері әр жолы үш жолаушыдан ХҒС-қа апарып қайтса, SpaceX-тің өзі өткізетін сапарларға тек туристер шығады. Fram2 құрамында алғаш рет бірде-бір америкалық жоқ.
👍2
19/20 ТАМЫЗ 2024 — ТОЛҒАН АЙ

Дәл қазіргі Толған Айды кейбір басылымдар Суперай ретінде сипаттап жатыр, өйткені серік Жерге 361,9 мың километрге жақындап тұр. Бірақ көптеген астросайттар 361,8 мың километрден жақын Толған Айды ғана Суперай санайды. Бұл көзқарас бойынша, биыл екі-ақ Суперай — 18 қыркүйек пен 17 қазанда — бақыланады. Қосымша ақпарат бейнероликте.

Фото: Ока өзені үстіндегі Ай, Қасимов қаласы
Автор: Олег Милованов
#астрокүнтізбе
👍2
ПОСЕЙДОН ҒИБАДАТХАНАСЫ МЕН СУПЕРАЙ

НАСА да кешегі Толған Айды Суперай деп атап, мына әдемі фотоны жариялады.

Image Credit: Alexandros Maragos
#nasa_apod #фотокөрме
2👍1
Галат мұнарасы үстіндегі Толған Ай, Ыстамбұл, Түркия. 19 тамыз 2024 жыл
Фото: Umit Bektas / Reuters
👍1
МЕХАЗИЛЛА ҚОЛДАРЫНЫҢ СЫНАҒЫ

SpaceX компаниясы Starbase кешеніндегі мұнараға орнатылған Мехазилла робоқолының жұмысын алты рет сынады. Үдеткіш орнына B14.1 тестілік багы қолданылды. Мехазилла үдеткішті барынша жұмсақ әрі дәл қағып алуы тиіс. Қармауыштар өте ұзын әрі ауыр екенін, және зымыранға жанасқан соң кері серпілетінін ескерсек, бұл оңай міндет емес. Масктың бағалауынша, қыркүйектің басына межеленген 6-шы ұшырылымда үдеткішті сәтті қағып алу ықтималдығы — 50%.

Видеолар 2 есе тездетілген.
Credit: NSF
👍2🔥1
БОЛАШАҚ МАРС МИССИЯСЫН ЖОБАЛАУҒА ҚАТЫСҚАН СЫМБАТ

United Space School бағдарламасы аясында НАСА-да тағлымдамадан өтіп келген алматылық оқушы жайлы естіген шығарсыздар. Сымбат Барсағазы НАСА-да қандай жобаға атсалысқаны жөнінде Digital Business басылымына кеңірек айтып беріпті.

Фото Сымбаттың жеке архивінен
#қазақстанғылымы
👍41
СТАРБЕЙСТЕГІ ЕКІНШІ МҰНАРА

SpaceX компаниясының Starbase кешенінде екінші қызмет көрсету мұнарасы құрастырылып бітті. Енді оған жүкшығыр, отын құятын шланг, толып жатқан басқа да жабдықтар орнатылады. Жаңа мұнарадағы Мехазилла робоқолдары бірінші мұнарадағыдан қысқалау, демек ебедейлірек болмақ.
👍2
ҚОС МҰНАРА
👍2
ТАРИХТА АЛҒАШ РЕТ ҒАРЫШ АППАРАТЫ ҚОСАР ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ МАНЕВР ЖАСАДЫ

2024 жылғы тамызында еуропалық JUICE ғарыш аппараты космонавтика тарихында алғаш болып қосар гравитациялық маневр жасады. 19 тамызда кешке ол Ай бетінен 750 километрде өтсе, бір тәуліктен астам уақыттан кейін Жер бетінен 6850 километр биіктікте ұшып өтті. Қосымша үдеу алған станса траекториясын 100 градусқа иіп, Шолпанға бет алды. Келесі жылғы тамыздың соңғы күні ол Шолпан тұсында маневр жасайды. Содан соң JUICE-ті Жер тұсындағы тағы екі гравитациялық маневр күтіп тұр (29 қыркүйек 2026, 18 қаңтар 2029).

Осы маневрлер нәтижесінде алған үдеу аппаратқа Юпитерге аттануға мүмкіндік береді. Ол Юпитер маңындағы орбитаға 2031 жылы шілдеде шығуы тиіс. 2034 жылдың желтоқсанында JUICE Юпитердің серігі Ганимедті айнала бастайды. Миссия 2035 жылдың соңында Ганимед бетіне құлаумен аяқталады.

Ай тұсынан өткен кезде JUICE бортындағы 11 ғылыми аспаптың бәрі, ал Жер маңынан өткенде — сегізі қосылды. Алынған деректер олардың функционалдығын тексеруге қажет. 2023 жылғы көкекте ұшырылған миссия жайлы толығырақ — арнамыздағы бейнероликте.

#ғарыштарихы
👍2